309
«ШАНШАР» ЖУРНАЛЫ ТУРАЛЫ
Бұл мақала 1925 жылы «Таң» журналының 3 санында жариялан-
ды. Мақала соңына «М» деп қол қойылған. Мақаланы осы журнал-
дан алып, 1967 жылы «Лениншіл жас» (11 ақпан) газетінде филология
ғылымдарының докторы, профессор Керімбек Сыздықов жариялады.
Осыдан кейін мақала жиырма томдық шығармалар жинағының 15-то-
мына («Жазушы», 1984, 54–59-беттер) енді. Елу томдық академиялық
толық басылымға алдыңғы жарияланымдары салыстырылып барып,
жиырма томдықтағы нұсқасы жіберіліп отыр.
Өзінің ғылыми-сын еңбектерінің тізімі көрсетілген 1945 жылғы
жазбасында «О народном юморе и юмористическом журнале» (крити-
ческая статья напечатанная в журнале «Тан» 1924 г.» (папка № 271, 24
бет) дегендері бар. Мұнда, әрине, «1924 жыл» деп жаңылыс жазылған,
себебі, «Таң» журналының алғашқы саны 1925 жылдың наурыз айын-
да шығып, төрт саны жарық көргеннен кейін тоқтап қалған. Жазушы
1924 жылы Ленинград университетінің
бірінші курсын бітіріп елге
келгенде, үкімет орындарының өтінішімен бір жыл оқуына бармай
қалып қояды. Осы кезде Семей ҚазПед техникумы мен губерниялық
партия мектебінде сабақ берумен қатар «Таң» журналын шығаруға ат-
салысады. Журналдың редакторлығы қызметін атқарады (ЛГАОРСС,
фонд № 240, опись № 7, дело № 119).
Журналдың беті мен бағыты: қандай
болмақтығы жөніндегі та-
лабын мына бір ойларының өзі-ақ көрсете алады: «Оқушының ойы
мен сезімін күлкісіз салқын түспен отырып тәрбиелейтін баспасөздің
ішінде күлкі журнал болып шықса, тәуір сөздің тұздығы сияқты бо-
лады. Бұл да тәрбиеші, бұл да ой сезімді бастайтын жетекші, басшы,
бірақ бұның өзгелерден әдісі бөлек
.
Бұның өзгеден айырмасы сыртқы
пішінінде ғана. Күлкі журнал да ойды жетілтіп, сезімді ұстартпақ.
Сондықтан ол күле отырып, біле отыр дейді. Ойнап отырып, ойлап
отыр, біреудің мініне күлсең, өзіңді сол міннен арши отыр дейді».
Күлкі
сөздің қиқы-шойқылығынан, оспадарлығынан,
қай-қайдағы
былғаныш, былапыт сөздерді үйіп-төгіп тоғытудан тумайтынын, күлкі
істелген іс пен болған жағдай шынайы жеткізілуінен туындайтынын
310
еске салады. Журналдағы: «Ағза не нәрсе? – Адамның бір мүшесі»,
«Көшпелі не нәрсе? – Қазақ», «Магнит не нәрсе? – Сұлу әйел болса
керек» дегендерді де сәттілік, тапқырлық деп білмейді. Сұрақ-жауап
түрінде берілген мұндай сөздердің ішінде ұтымдылары да, арзан,
салмағы төмендері де бар деп біледі. Жалпы осы мақаласы арқылы
әзіл-сықаққа құрылған журналға деген ой-көзқарасы көрінді.
1. 10-бет.
Достарыңызбен бөлісу: