«ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗАҚСЫЗ ҚАЛАДЫ...» Бұл мақала Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивінен
алынып, тұңғыш рет жазушының шығармалар жинағына енгізіліп отыр.
Басылымға ұсынылып отырған хаттамадағы бұл сөздің М. Әуезовтің
өмірінде алатын маңызы ерекше. 1921 жылы қараша айынан бастап
қазақ даласында жаппай ашаршылықтың белгісі біліне бастайды.
Қазақ атқару комитетінің, жауапты хатшысы міндетін атқарып жүрген
М. Әуезов үкіметтің алдына шұғыл шара қолдану туралы арнайы
мәселе қояды. Жергілікті жердегі жағдаймен толық
танысып шығу
мақсатымен ол Орал облысына аттанады. Ондағы ашаршылықтың өте
кең жайылып, халықтың жаппай қырылып қалуы қаупі төнгендігіне
көзі жетеді. Облыстық партия комитеті мен Қазаткомның төтенше
жиналысын шақыру жөнінде ұсыныс жасайды. Бұл мәселе бойынша
1921 жылдың 10 желтоқсан күні Өлкелік облыстық партия комитеті
мен Қазаткомның мәжілісі өтеді. М. Әуезов сонда баяндама жасап:
1. Ашаршылықты жою және оның зардаптарын шешу үшін қазақ
қызметкерлерін өкімет ісіне белсенді түрде тартуды; 2. Жергілікті жер-
лерге арнайы адамдар жіберіп, нақты көмек көрсетуді жүзеге асыруды;
3. Ашаршылық орнаған аудандарды анықтап, оған үкімет тұрғысынан
азық-түлік жіберуді ұйымдастыруды ұсынды. Ашаршылықтың түпкі
себептерін ашып, Ресейдегі ашаршылыққа ұшыраған аудандардың
халі бұдан гөрі тәуір екендігін, соған қарамастан Қазақстаннан
жиылған азық-түлікті, малды ішкеріге жіберу науқаны тыйылмай
отырғандығын әшкереледі. Осы кездегі оның қайраткерлігі кейіннен
ұлтшыл-контрреволюционерлік қастандық ретінде бағаланып, түрмеге
қамалды. «Коммунистік-колони заторлық» саясатпен келіспеген
М. Әуезов 1922 жылы қызметті тастап, біржола шығармашылық-
ұстаздық жолға бет бұрды. Осы сөзден кейін ашаршылықтың зарда-
бын жою туралы арнайы қаулы қабылданды.
Т. Жұртбай, филология ғылымдарының кандидаты