Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет72/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106
Жылай отырып, 
өлеңмен сөйлейді.
)
Дариға дәурен өтті, күнім бітті,
Оқ тиді, ұшырадық – қарғыс жетті, 
Бұл күнде сор қамаған қаралы боп,
Көңілді қайғы басып зар еңіретті.


301
Лашын ем құйқылжыған, дерт күйзелтті,
Айырылдым асық жардан күн сәулетті.
Семген гүл, өлген бұлбұл қайғысынан 
Қайырылып қос қанатым, ажар кетті.
Қарагөз аңырып, өңі қашып, қарап қалған.
Мен келдім зарға толып, күнім, саған,
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған?
Жылайын, жырлайын да тілейін мен,
Көзімде жас қалмасын ағызбаған.
Бұлбұлдай сайрауменен өтейін мен,
Сор басып, айықпаса қара тұман.
Бір кезде сері болсам ерке бұлан,
Бұл күнде қайғы оралды қара жылан.
Қ а р а г ө з (
Сырымға төніп, үні әлсіреп қалады
)
.
Иә, иә... 
Осылай... осылай болатын.
С ы р ы м (
Қарагөздің қолын сүйіп, көзіне басып
)
.
Боялсын омырауым етек толып,
Қайғыдан мен де өртендім, міне, солып.
Тілеймін маған дағы сол күн келсін,
Тоғайда сондай қара түні болып!
Қ а р а г ө з (
қатты шошынып, айқайлап
)
.
А... тоғай, 
Сы рым... Түн... ән... әне – әжем шақырады... шақырады... 
(
Шалқасынан сіресіп жығылады. Сырым шошып отырып 
қалады.
)
Т о й с а р ы . Өңі бұзылып кетті ғой. Қарагөз бейшараның 
әлі құрыды ғой деймін. Енді қинамасақ та болатын ба, немене?..
Н а р ш а (
төсегінен басын көтеріп
)
.
Құдай-ау, үзіліп ба-
рады ғой! (
Жылап.
) Бір ауыз жылы сөз... жалғыз ауыз ғана 
«кештім» деген сөзді естімей қалғаным ба?
Талықсып жығылады. Қарагөз үзіліп бара жатады. Тойсары иман айтады.
Т е к т і (
ақырын жылап
)
.
Сорлы, шын-ақ сорың қалың, сор 
маңдай екенсің ғой. Маңайыңда жыламаған жан қалдырмағаның 
не? Я, Құдай, әлде осының қарғысына ұшырадым ба?
Т о й с а р ы . Үзілді... Қарагөз қайтпас жолға сапар шекті.
С ы р ы м (
үндемей түнеріп отырған қалпынан қозғалып 
келіп, Қарагөздің басын құшақтап
)
.
Сәулем, есіңнен айырылған 
күнде де тілеуің менде екен ғой. «Басымда Сырым отыратын 
күнге жеткіз!» деп тілек тілеген бе едің? Мен де ақтайын енді 


302
тілегіңді. Өмір бақи мен де «бір сен» деген тілеумен өтейін! Ду-
лат, сен менің қару-сайманымды ал да, теңіздегі елге қайт! Үміт 
үзіліп, тілеу кесіліп, белім сынған күйімді айт! Әлде тірінің 
қатарында жоқ болармын. Ал егер адам боп қатарға қосылсам – 
табар елім сол болар! Бүгін мені қуған жау енді мені Қарагөз 
қабірінің басынан табады. Енді Қарагөзде ешкімнің ортағы 
жоқ, Қарагөз менікі! (
Еңіреп жылап, үстіне жығылады.
)
Н а р ш а (
шұғыл түршігіп, қозғала беріп
)
.
Неге?! Неге?! 
Неге олайша дедің сен, Сырым!? Ортағы жоқ! Бәсе, ортағы 
жоқ ешкімнің? Тек саған ба, маған ба? Жетпеп пе еді?.. Енді 
де менен бөлмек пе ең? Жетті!.. Же... (
Ұмтыла беріп, булығып 
жастыққа сұлқ құлайды.
)
Шымылдық.
Жетінші сурет
Кеш батқан бейуақ, Анда-санда алыста күн жарқылдайды. Елсізде жалғыз 
мола – терт құлақты бейіт. Бейіт ішінде жалғыз қабір.
С ы р т т а н д а у ы с :
Жасымда шешемді алдың қуат берген,
Өмірде бір жетімдік – барым көрген.
Қуанышым, жан серігім, Қарагөзім,
Сүйенішім оны да алдың жаныма ерген.
Арманда күнім өтті қайғы-зармен,
Қалған жоқ жанда қуат, бойда дәрмен.
Бейуақытта түн жамылып тілейтінім –
Өлейін, орын берші қара жерден!
Бейіттің есігі ашылады, Келген – Сырым.
С ы р ы м (
жүдеп сарғайған, жалаң бас, есіктен қарап 
бірталай тұрып
)
.
Қырық күн!.. Қаралы қайғымен, жылаумен 
қырық күн өтті. Әлдеқашан өлермін... ит өмірден кетермін деп 
едім, әлі күнге мен арсыз тірімін... Кімді күтем, нені медеу 
қылам, не тілеймін? (
Бейіттің ішіне кіреді.
) Баяғы қабір, әлі 
де баяғыдай нық басып бітеуленіп жатырсың. Бір топырағың 
шашылған жоқ. Бір жеріңе жік түсіп, жалғызымның бір тыр-
нағын көрсеткен жоқсың. Өткеніне жеті күн толғанда түсімде 
көріп ем. Енді белгі беретін күні бүгін шығар... Қырқы толған 
күні бір рет ескермес пе екен! Өтті дәурен... Тарқады той. Той 


303
үстіндегі әннің арты қаралы дауысқа айналды. Сен көтере 
алмадың, кештің! (
Қабірді құшақтап жығылып.
) Жарығым, 
енді мен қайтейін?.. Қайтейін, бірдеме десеңші! Міне, екі үзіліп 
бүктеліп жатқан жатысым. Бүгін таңда бірдеме айтпасаң, осы 
қалыпта қабіріңді құшақтап жатып аштан қатып өлемін. Бар 
тілегім – өшемін!
Қабірді құшақтап жабысып жатып қалады. Ұйықтап кетеді. Түсіне Қарагөз 
кіреді.
Қ а р а г ө з (
баяғы сау, сұлу қалпында. Нажағай, күн 
күркірейді
)
.
Ей, Сырым!.. Жалғыз-ақ сөз тапсырамын. Сен 
еркексің. Еркек бол да, екеуміздің басымызды ақта! Сенің 
бойыңда оған жетер қуат бар. Сен жалындаған жанды сөздің 
иесісің. Көңіліңді бекітіп, күйіңе түссең, сенің аузыңнан 
өрттей ыстық сөз шыққалы тұр. Бу беліңді бекемірек!.. Шеш 
күрмелген тіліңді! Мені де, өзіңді де ақта! Тапсырамын осы-
ны! Сынған ер жамалады, сыны біткен көңіл қайғысын сөзбен 
жазады. Сенің дауысың биік қалың тоғайдың басын теңселткен 
қатты дауылдай аңқып ессін! Сенің бетіңе тура қарар жау бол-
мас. Дауыл мен жауында жай ұшырған жапырақтай болып 
өшеді, жоғалады. Шеш тіліңді! Оян, серпіл! Сөйле!.. Сөйле!.. 
(
Жоғалып кетеді. Сырым ұйқыдан оянған. Түс айыққан. Бірақ 
күңірене толқып отырып.
)
С ы р ы м . Рас па, күнім, рас па? Жалғызым!... (
Көтеріліп.

Айтқан сөзің ем болар ма? Күздің суық қара түнінде ішімде күн 
туғандай болғаны қалай? Жаз исі шығып, қара тастай қатып-
семген көңлім, мұз боп қатқан жүрегім жібігені қалай?.. Бо-
йым балқып игендей, жас жанымның қайғысы қаралы жүзімен 
ағарғандай! Діріл қағып, елбіреген домбыраның шегіне 
ілінген күйдей болып, ішімде қайғылы, мұңды күй оянғаны 
қалай?.. Қара түнде қара жыландай қайғы оралып, қара көрді 
тілегенімде, алды-артымда шам жанып, басыма кеп сөз қатты. 
(
Өлеңмен сөйлей бастайды.
)
Көк сөгіліп от төкті,
Жай отымен нұсқар ма
Баратұғын сол бетті?
Сен жарық ең, мен – көлеңкең,
Құдірет қуып сорлы етті!
(
Серпіліп түрегеліп.
)


Құйыл сөзім, құйыл сөзім, қиылмай,
Таудан аққан тас бұлақтың суындай.
Ортқып ойнап, көбіктен де аспанда,
Ішін тартып аласұрған құйындай.
Жалыныңдай түндегі өрттің жаланшы,
Жансың жаным, ақсын қаным тыйылмай.
(
Қабірге қарап
)
.
Қара түнде қабіріңнің басында 
Ант етемін бұлт басқан айыма.
Сертім осы, куә болшы, суық көр,
Енді өлмеймін тіпті қарап жайыма!
Кепілім бол, кереметті қуанышым,
Қару ұстап аттанамын жауыңа!!
... Менің қамшым оқ жыланнан өрілген,
Қолда найзам жай отымен үштелген,
Кесілгенше, кесілгір тіл, сөйлеп бақ!
Құдіретім, қылығыма куә болшы, суық көр.
Енді өлмеймін тіпті қарап жайыма!
Кепілім бол, кереметті қуанышым,
Қару ұстап аттанамын жауыңа!!
... Менің қамшым оқ жыланнан өрілген,
Қолда найзам жай отымен үштелген.
Кесілгенше, кесілгір тіл, сөйлеп бақ!
Құдіретім, қылығыма куә бол!!!
Есеңгіреп, шалқайып барып бейіттің қабырғасына сүйеніп, сәл тұрып 
қалады. Аз тым-тырыстан соң шығып кетеді.
Шымылдық.
Соңы
304


Ғылыми 
түсініктемелер



307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет