МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
69
1) готикалық көне шрифтімен жазылған ескерткіштер (XIII-XIV); 2) араб әрпімен жазылған
мұралар (XI-XIV); 3) армян жазуымен берілген материалдар (XV-XVI); 4) орыс алфавитімен
жазылып қалған деректер (XI-XIII); 5) Шығыс Еуропа аймағын мекендейтін кейбір
халықтардың тілінде сақталып қалған және сол елдердің өзіндік жазу үлгілерімен берілетін
сөздер (кісі есімдері, жер-су аттары, т.б.)
[2].
Сонымен қатар Ә.Құрышжанов қыпшақ жазба ескерткіштерін төмендегідей жіктейді:
1) қараханид түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер; 2) орта Азия түріктерінің тілінде
жазылған ескерткіштер; 3) көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер; 4) шағатай тілінде
жазылған ескерткіштер.
Ескерткіштер белгілі бір саяси-әкімшілік орталықтарда туып,
солардың талап-тілектеріне сай жазылып отырғандықтан, шартты түрде мынадай топтарға бөліп
те қарастырылады:
құман қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, половец
қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Орта Азия
қыпшақтарының тілінде
жазылған ескерткіштер, Алтын Орда
қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер,
мамлюк қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, армян колониясының тілінде
жазылған ескерткіштер
[3].
Орта ғасырларда жазылған ескерткіштерді зерттеп, құнды пікірлер айтқан ғалымдардың
тұжырымдарын басшылыққа алған М.Сабыр қыпшақ ескерткіштерін мынадай екі үлкен топқа
бөліп қарастырады:
а) көне қыпшақ ауызекі сөйлеу тілінде жазылған ескерткіштер; ә) көне
қыпшақ жазба ескерткіштері
[4].
Армян-қыпшақтар
– бүгінгі таңда тарихшылар да, тілді зерттеушілер де «армян-қыпшақ»
терминін ұстанатын, өз дәуірінде христиан дінінің армян-григорян бұтағын діні ретінде
қабылдаған қыпшақтар. Деректер көрсеткендей, армян-қыпшақ тілін таратушылар өз тілдерін
«хыпчах тілі», «біздің тіл», «татарша»
деп көрсеткен. Қазіргі
уақытта әлі де толық сыры
ашылмаған армян-қыпшақ тілінде жазылған, 1521-1669 жылдарға тиесілі 112 жазба ескерткіш,
шамамен 25-30 мың беттен тұратын көлемді жазбалардың жиынтығын қалыптастыруда.
Қазіргі таңда армян-қыпшақ жазба ескерткіштері
Киевте
(Каменец-Подольск армян сот
істерінің акт кітаптары және Андрей Торосовичтың «Философ тасының құпиясы» шығармасы),
Львовта
(1 армян-қыпшақ сөздігі және 26 жеке құжаттар),
Ереванда
(3 христиандық және
филологиялық мазмұндағы қыпшақ ескерткіштері және 6 қыпшақ тіліндегі армян жазбалары),
Санкт-Петербургте
(армян-қыпшақ сөздігі, Псалтырь),
Венада
(3 армян-қыпшақ сөздігі және
13 христиандық және сот ісі мазмұнындағы қолжазбалар – Төре бітігі, акт кітаптары,
Псалтырьлар, дұғалық кітаптар, 3 пірәдір Антонның өсиет кітаптары),
Венецияда
(10 қолжазба
– Псалтырьлар,
дұғалық кітапшалар, акт кітаптары, жылнамалар),
Краков, Варшава, Вроцлав
қалаларында
(Псалтырь, дұғалық кітап, күнтізбе, 1528-1604 жылдардағы Сот ісі кітабын қоса
есептегенде 11 қолжазба),
Парижде
(4 қолжазба – Псалтырь, күнтізбе, Төре бітігі және «Дана
Хикар туралы аңыз» бен жылнамалардан тұратын жинақ),
Герлада
(Арменополис, Шамошувар
– Румыния – Псалтырь) және
Лейденде
(1 дұға кітабы) сақталған.
Армян-қыпшақ тіліндегі орта ғасыр жазба ескерткіштері көлемі жағынан ауқымды,
жанрлық тұрғыда сан алуан, оларды тақырыптық жүйеге негіздей отырып, 6 топқа
бөліп
қарастыруға болады:
1) тарихи жылнамалар; 2) заң кодекстері және акт құжаттары; 3) фи-
лологиялық еңбектер; 4) діни еңбектер; 5) көркем шығармалар; 6) жаратылыстану ғылыми
еңбектері.
Достарыңызбен бөлісу: