«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
70
бірінші қыпшақ жазбасы 1611 жылдың қаңтарындағы Каменецте
армян қауымының войт
сайлануына арналса, соңғысында 1622 жылы 12 мамырда Замостьеде кафалық вартабед
Месробтың дүниеден өткені баяндалған.
«Каменец жылнамасы» қысқаша және кеңейтілген нұсқаларда жазылған.
Қазіргі кезеңде
аталмыш еңбектің нұсқалары Париж ұлттық кітапханасында №194 қолжазба түрінде (қысқа
нұсқасы) және Венециядағы әулие Лазарь аралы мхиттаристер кітапхана қорында №1700
қолжазба түрінде (кеңейтілген нұсқасы, 169 бет) сақталып отыр.
Жылнаманың Париж нұсқасының латын тіліндегі транскрипциясын Жан Дени жариялап,
француз тіліне «Lʼarméno-coman et les «Ephémérides» de Kamieniec» деген атаумен аударып,
басылымды сөздікпен толықтырған. «Жылнама» мәтінінде 1060 (1611) жылғы қаңтардан – 1062
(1613) жылғы 3 (13) қарашаға дейінгі жазбалар кездеседі [5]. Ал жылнаманың Венецияда
сақталған нұсқасын Г. Алишан армян графикасымен толық мәтінін 1896 жылы жариялайды [6].
Бұл қолжазбадағы қыпшақ мәтіндерін, атап айтқанда Цецор түбі шайқасы мен Хотин соғысы
сипатталған бөлігін 1968 жылы Э. Шютц ағылшын тіліне аударып, аударма сөздікпен, көлемді
алғы сөз, түсініктемелермен бірге ұсынған [7].
Э. Шютц пен Ж. Денидің еңбектерін ағылшын аудармасы және транслитерациясымен бере
отырып, есімдер мен жағырапиялық атаулар көрсеткіштері және глоссарийлермен толықтырып,
1969 жылы И. Вашари өз еңбегін «Armeno-Kipchak Parts from the Kamenets Chronicle»
тақырыбында жариялаған [8].
«Венеция жылнамасы»
және
«Поляк ұлысы жылнамасы»
(Польша жылнамасы) Париждегі
Ұлттық кітапхана қорында қолжазба түрінде
сақталған, екеуі де Г. Алишан тарапынан
жарияланған [9].
«Венеция жылнамасының» үзінділерін Ж. Дени 1957 жылы жариялаған еңбегінде келтірген
болатын. Польша жылнамасын 1981 жылы Я. Дашкевич пен Э. Трыярский Г. Алишан жарияла-
нымдарын негізге ала отырып, тыңғылықты зерттеп, қайта басып шығарды [10].
Екі жылнама да армян әліпбиімен қыпшақ тілінде жазылған, көлемі қысқа және Иса пай-
ғамбардың туылған кезеңінен бастап 1537 жылға дейінгі және 1530 жылғы оқиғалар баяндала-
ды. Бұл екі қолжазба әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес. «Каменец жылнама-
сының» Венецияда сақталған нұсқасының Э. Шютц пен И. Вашари жарияланымдары негізінде
қыпшақ нұсқасын А. Гаркавец өз еңбегінде орыс тіліндегі аудармасымен жариялаған [11].
Дегенмен үзінділердің толық берілмеуі не оқиғалар желісінің бір-бірімен
тығыз байланыста
дамымауы қолжазба құндылығын жоғалтпайды. Бұл Каменец пен Львовтағы армян-қыпшақ
колонияларының қызметі және Украинадағы армян-григорян шіркеуі туралы қызықты мәлімет-
тер екені анық.
Достарыңызбен бөлісу: