МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
71
3.
Каменец нұсқасы (1575)
– Вена Мхитаристтер кітапханасында (Австрия) 468 нөмірмен
тіркелген [15].
2003 жылы «Армян Төре бітігінің қыпшақ-поляк версиясы және армян-қыпшақ сот ісін
жүргізу кодексі» қазақ және орыс тілдерінде жарияланды, еңбек авторлары белгілі ғалым А.Н.
Гаркавец пен тарихшы, ғалым, ҚР ҰҒА академигі Ғ. Сапарғалиев. Кітаптың бірінші бөлімінде
Вроцлав нұсқасының жазбаша аударма мәтіні және орыс тіліне аудармасы,
екінші бөлімінде
Париж және Вена нұсқалары салыстырмалы түрде ұсынылған.
Сондай-ақ Львовта туу туралы куәлік, діни істер, сот істері секілді түрлі тақырыпты
қамтитын акт құжаттарындағы жазбалар
армян-қыпшақ тілімен қоса, поляк, латын, итальян,
украин тілдерінде жүргізілген. Ал Каменец-Подольскіде көбіне-көп сот істері құжаттары
қыпшақ тілінде жүргізілген, соңғы құжат 1663 жылғы 20 наурызда тіркелген
(Центральный
государственный исторический архив Украины в Киеве, ф.39, оп. 1, ед.хр. 42, л.266).
Соңғы
құжат ретінде танымалысы – Симон Харахаш
әйелі Зосидің өсиетхаты, бұл хат шамамен
1118/1669 жылғы 8/18 желтоқсанда жазылған
(Библиотека Академии наук во Львове, ф. Баво-
ровских, рукопись 1660 III, лл. 6-9).
Бұдан ертерек жазылған қолжазбаларға Львовтағы шіркеуде
жазылған құжаттарды жатқызуға болады, бұл құжаттар Венадағы Мхитаристтер кітапха-
насында 440 нөмірлі қолжазба ретінде тіркелген.
Львов қаласындағы кітапханалар мен мұрағаттар қорларында сақталған (Львов қаласы,
Украина мемлекеттік мұрағаты) бірсыпыра құжаттардың ішінен 1627 жылғы 15
ақпанда
Язловецта жазылған католикос Мелхиседектің хаты және 1957 жылы 6 тамыздағы Тохатта
католикос Филиппостің губернаторы вартабед Йовганестің хатының мәні зор. Бұл екі қолжаз-
баны Я. Дашкевич пен Е. Слушкевич латын және поляк тілдеріндегі аудармаларымен, мазмұны-
мен жариялаған [16].
Львов Украина мемлекеттік кітапханасында Эдирнеден (1609) және Львовтан (1615) армян-
қыпшақ тілінде жазылған екі борыштық міндеттеме құжаты да табылған, олардың бірі – Львов
армян саудагері Стецка Огановичтің борыштық міндеттемесі. Бұл міндеттеме 1609 жылы
Эдирнеде константинопольдық Абраамның ұлы Йосиф үшін армян-қыпшақ тіліне түзетілген.
1620 жылы поляк тіліне аударылып, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде мәтіннің түпнұсқа-
сымен бірге Львов армян-поляк сот мекемесіне берілген. Екіншісі – 1615 жылғы 24 сәуірде
Львовта армян саудагері Шимка Кеворовичтің, сондай-ақ, армян саудагері Андрей Торосович
үшін жасалған армян-қыпшақ тіліндегі борыштық міндеттеме. 1618 жылы қолтаңба мен борыш-
тық міндеттеменің поляк тіліне аудармасы жасалып, 1618 жылы 28 мамыр түпнұсқасымен бірге
Львов армян-поляк сот мекемесіне берілген. Бұл екі қолжазба да
поляк және орыс тіліндегі
аудармаларымен бірге Я. Дашкевич пен Э. Трыярский тарапынан жарияланды [17].
Қазіргі уақытта армян-қыпшақ тілінде жарияланған 40 акт кітабы ғалымдар тарапынан
анықталып отыр және армян-қыпшақ жазбалары бар бұл құқықтық құжаттардың жалпы көлемі
18 мың беттен асады: үш қолжазба жоғалған, оларды тек қана ғалымдар тарапынан жарияланған
үзінділеріне сәйкес қандай құжаттар екенін анықтау мүмкін:
Т.И. Грунин 1967 жылы Киев көне қолжазбалар орталық мұрағатында сақталған №4386
Каменец-Подольск (1559-1567) армян сот мекемесінің ең көне акт кітабының 298 жазбасын
жариялады
[18].
Дәл осы қолжазбаның төрт мәтінін Х.И. Кучук-Иоаннесова және Ф.Е. Корш
қолжазба көшірмесі негізінде 1976 жылы И. Абдуллин жариялады
[19].
Акт кітабының 1585 жылға қатысты 2 жазбасын №4395 нөмірлі қолжазба түрінде
мұрағатта сақталған құжат негізінде 1830 жылы М. Бжшкянц жариялады. Сонымен қатар
ол Львов армян діни соты кітабынан 1521 жылға тиесілі армян-қыпшақ тіліндегі жазбаның
үзіндісін жариялаған болатын.
Армян-қыпшақ тілінде жазылған қалған 37 акт кітабы Киев, Вена, Венеция, Польша
мұрағаттарында сақтаулы, олар:
Украинаның орталық мемлекеттік тарихи мұрағатындағы 39-қордың 1-тізімдемесінде
Каменец-Подольск қаласының 1572-1663 жылдарға тиесілі армян-қыпшақ сотының 28 кітабы
(сегіз мың беттен аса);
«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
72
Вена армян мхитаристтер конгрегациясы кітапханасында №440 нөмірлі Львов шіркеуінің
1636-1736 жылдар аралығындағы метрикалық жазбалары (120 бет), №444 нөмірлі Львов
армян-қыпшақ сот ісінің екі кітабы, №446 апостол Павелдың екінші жолдауы, №452 нөмірлі
Львов армян-қыпшақ сот ісінің 1598-1637 жылдарды қамтитын кассалық кітабы, №441, №447
Львов армян діни сотының 1572-1630, 1643-1667 жылдарда жазылған акт кітаптары.
Э. Трыярский №446 нөмірлі қолжазба – апостол Павелдың екінші жолдауын 1976 жылы
жариялаған болатын
[20].
Ал Э. Шютц №441, №447 нөмірлі қолжазба ретінде сақталған
Львов армян діни сотының акт кітаптарын 1971 жылы жариялады
[21].
Венециядағы армян мхитаристтер конгрегация кітапханасында №1788 нөмірлі қолжазба
түрінде 1630-1642 жылдар аралығын қамтитын Львов армян діни сотының акт кітабы
(179 бет) сақталған.
Сондай-ақ Польшадағы жеке тұлғаларда, көп жылдар бойы шығыс, армян-қыпшақ жазба
ескерткіштерін, микрофильмдер мен фотокөшірмелерді зерттеп-жинақтаумен айналысатын
Мариан Левицкийдің ұрпақтарының жеке қорында екі еңбек сақтаулы, олар: 1) 1625-1630
жылдарды қамтитын, 48 беттен тұратын Львов армян сот мекемесінің акт кітабы
(қолжазбаның жалғасы Венадағы армян мхитаристтер конгрегация кітапхана қорында);
2) Львов армян архиепискобының туу туралы жазбалар кітабы.
Достарыңызбен бөлісу: