көптің жел сөзіне, өсегіне, түрлі жалаға т.б. айналар еді. Сонымен қатар
басқалардың біз жайлы не айтатынын, өмірімізде психологиялық тұрғыдан
алатын маңызын ескеру керек. Бұл сөздердің интерпретациялануы мен
түсінікті болуы да (күнделікті өмірдегі) біз үшін аса маңызды.
Мұндай мотивтің маңыздылығы күнделікті қарым-қатынастың жоғары
жəне жақсы ұйымдастырылған салаларында еш азаймайды. Əрбір əңгімеде
өзге біреудің сөздерін жеткізу мен интерпретациялау жеткілікті. Аяқ басқан
сайын бір адам айтқан «дəйексөз» яки «сілтеме» кездеседі. «Адамдар
айтады» немесе «бəрі айтады» дегенге, сөйлескен адамның сөздеріне
немесе оның алдыңғы сөздеріне, газетке, ресми жарлыққа, құжатқа, кітапқа
т.б. сілтеме беріліп отырады. Біздің ақпаратымыз бен пікірлеріміздің басым
бөлігі «менің естуімше», «əдетте осылай саналады», «осылай сияқты» т.б.
нақты анықталмаған ортақ ақпарат көзі болып, жеке өзіміздікі ретінде тура
жеткізіле бермейді. Күнделікті өмірде ең көп кездесетін жағдайлардың
бірін, мəселен, қандай да бір ресми кездесу жөніндегі əңгімелерді алып
көрсек... Əңгімелердің барлығы да түзетулерде қабылданған, əртүрлі
ауызша орындалуға берілген шешімдерді бағалау мен түсіндіріп жеткізуге
бағытталған. Əңгіме сөйлеуші адамдар мен олардың төңірегіне тараған
сөздері жөнінде болмақ. Бұл мотив қайталанып келе береді немесе
күнделікті өмірдегі басқа да тақырыптардың өрбуіне септеседі, негізгі
тақырып болып, əңгіменің арқауына айналады...
Идеологиялық əлемді санамыз меңгергеннен кейін, санамыздағы
идеологиялық əрекеттерде сөйлеуші адамның тақырыбы мүлдем өзгеше
сипатта. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның идеологиялық
қалыптасуы басқалардың сөздерін іріктеп меңгеру процесі десек те болады.
Мектептердегі тіл жəне əдебиет пəндерінде біреудің сөзін (мəтін, ереже,
мысал) бір уақытта жеткізу мен иемденудің (
Достарыңызбен бөлісу: