Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет229/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

closural slot
) ақшаның сатып алу үстемдігіне арналған ескертпе үшін бос


қалдырды. 
Оның 
оқиғасы чектің транзакциялық құнымен аяқталады –
ақшамен жаңа өмір сатып алуға болады. Ол сый немесе пара болсын, бұл
жағы маңызды емес. Манро Грейстің өмірге деген құштарлығына тіпті
оның драматизмдік талғамына да қайтып оралмайды. Бірақ Грейстің орта
мектепте оқытылатын пəндерден бөлек кітаптарды оқығанына айналып
соғады. Себебі Грейс «адамға тегін оқып үйренуге болатын дүниенің бəрін
білгісі келді» (166). Бұл – оппортунизмнің бір түрі, дəл солай, сонымен
қатар табан тірескен үнемділік. Грейстің ақшаны қайтарып беруге
«қабілетсіздігі» оның моральдық тұғырының құрылымдық жағынан əлсіз
болуынан емес (бірақ олай болуы да мүмкін), драматизмді тани білу
қабілетінің əлі шыңдалмағанынан да емес. Ол – жаратылысынан
интеллектуалды жəне эмоциялық тұрғыдан отбасын асыраушы. Грейсте
жоқ-жітіктің құнын өлшейтін көңіл таразысы бар. Бұл – өз қамын ойлаудан
гөрі əдеттегі құнттылық (еңбексүйгіштік).
Бұрын мен оқырмандардың шағын əңгімені құрауда қалыптасқан
үлгілерге қаншалықты əуестенгенін байқадым. Оқиғаны қайта құруда олар
əңгімені «диалогпен» ашып, соңын «ақыр аяғында» деп аяқтағысы келді.
Олар іс-əрекеттегі шағын əңгімені қабылдаудың графикалық нұсқасын құп
көрді. Оқырмандардың түйсігі оларды тура жолдан адастырған жоқ.
Макродеңгейде Манро, расында да, жолайрығын білдіретін классикалық
əңгімені, яғни көпке таныс баяндау типологиясын ұсынады. Бірақ оның
микродеңгейдегі таңдауын мұқият қарастырыңыз: айталық, соңғы
сөйлемдерді орналастырудың екі тəсілі арасында мəтін бөлек бір оқиғаны
əңгімелейді; 
композициялық 
«оқырман» 
реттілігі 
мен 
Манроның
таңдауындағы реттілікті салыстырған кезде, біз түпнұсқа мəтіннің екі
жерде нормативті орын тəртібінен түбегейлі ауытқып кеткенін бірден
байқаймыз; ол жерде оқырмандар өз тұспалына сенімді болған. Мұнда
Манро өзі үйіріп əкететін сценарийлерді ойнақы пайдаланған секілді.
3
Əрине, мен бұл жайында нақты ештеңе айта алмаймын. Керісінше,
өзімнің де, өзгелердің де баяндау тəжірибесі кез келген алдын ала кесіп-
пішілген, бекітілген нұсқауға қарсы дəлел ұсынады. Ұлы жазушылар
сценарий жасамайды, бірақ олар сценарийде саналы əрі бейсана түрде
дүмпу тудырады, оны иеді, бұзады. Сайып келгенде, жазушылар да
оқырманның өзі. Олар да оқырман секілді, ақпарат тармағын баяндау
реттілігіне сай ұйымдастырудың, дəл солай танымдық (когнитивті) жəне
мəдени жолдарымен шектелген.
4
Қазіргі уақытта шағын əңгіме формулаға
бейімделген жанр ретінде қарастырылады. Бұл таңғаларлық дүние емес,


өйткені оның тамыры пропптық (
Proppian
)
 
фольклордан бастау алып,
«жылтыр тегіс» түрлі түсті журналдарда кеңінен жайылды. Бірақ
Манроның жағдайында, таныс типологиялардың түпкі жаратылысы шектеу
емес, дұрысы, ресурс дегім келеді. Менің оқу тəжірибемде қолдан келер
нəрсе – қойнауда жатқан дүниені жарыққа алып шығу. Оның жарқындығын
(
salience
) бағалау, оларды екшеп алып, барынша жүйелі түрде тексеру.
Əңгімеге жасалған талдауларымда кемшіліктер мен субъективті пікір болса
да, олар материалды оқшаулауда орашолақтық (
ungainly
) танытса да, басты
мақсат автордың өз көзқарасын ашып көрсетуінде жатыр; оқырманның
қабылдау тəсілі тұрғысынан, əңгімелік моделдің əдісі бойынша жанама
түрді табуында деп білем.
Мен осы тəжірибе шағын əңгіме жазудың шебері Манроны түсінуге,
оның еңбегін «беллетристикалық» деп тапқан баяндау теоретиктерінің
автордың «күрделілігінің сырын» ұғынуына жəне орта тұсында үзігі бар
«Құштарлық»
əңгімесі нарратив ретінде қалай бірігетінін түсінуге септігін
тигізер деп ойладым. Екі сұрақтың жауабы да бір-біріне тəуелді екеніне
таңғалатын түк те жоқ.Менің тəжірибесіз, бірақ жаттыққан оқырмандарым
маған 
«Құштарлықтағы»
Манроның өзіндік стилін, оның оқиға мен
шешімдер реттілігін қарсы шығу реңкімен беруі, арасында тастап кетуі,
қайта құруы сынды ерекшеліктерін көрсетіп берді. Мұның бəрі, өз
кезегінде бойынан 
«Құштарлық»
аңқитын, əбден екшелген сөйлемдерден
құралған тəрбиелік роман (
bildungsroman
) жанрын толықтыруға болатынын
байқауыма көмектесті.
Менің бастапқы абзацқа жазылған ұластырушыларды зерттеуім
Манроның жолайрықты типологияны бастау үшін өткелдер мен
тосқауылдар 
образын 
қаншалықты 
табандылықпен 
қолданатынын
түсінуіме жол ашты. Əңгіменің аяғына шығып, оқырмандардың түйсігін
автор 
шеберлігімен 
салыстыра 
отырып, 
орын 
тəртібі 
жөнінде
микродеңгейде басқарылатын шешімдерді байқадым.
Манро метапроза жазбайды, бірақ ол дəстүрлі сюжет əдістерін оларға
қарсы шығып та, мақұлдап та ұтқыр пайдаланады. Бұл нəрсеге аңғал
оқырмандарым кездейсоқ көзімді жеткізді. 
«Құштарлықтың»
ауылы жай
əңгімеден алыс, бірақ ол «роман» да емес. Ол кейіпкерді ашу үшін шағын
əңгіменің үлгілерін пайдалану жəне жетілдіре түсу арқылы шығарма əсерін
күшейте түседі.
Грейс қандай адам жəне ол қай жолмен бағыт алды? Бұл – шағын
əңгімелердегі сөйлемдердің орын тəртібі, басталуы мен аяқталуы туралы


һəм басы мен аяғы арасындағы жол карталары туралы сұрақтар. Ақыр
соңында, мен Грейсті жүргізуші де, жолаушы да емес, шытырман өмір
жолында алға бет алған, əрбір қашықтықты галлонмен өлшеген, алдынан
шыққан əрбір бұрылысты айналып шығатын көлік құралының өзі деп
білдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет