Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет231/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

The Implied Reader»
, 1974)
əдебиеттің оқырманға бағытталатынын, сондай-ақ оқырманның мəтін
ішінде 
орны 
бар 
екенін 
айтқан 
болатын. 
Бірбеткей
 
(радикал)
феноменология өкілі Стэнли Фиш «Осы топта мəтін бар ма?» (
«Is There a
Text in This Class?»
1980)
 
атты еңбегінде əдеби мəтін оқырман санасында
жанданғанға дейін жасырын күйде қалатынын атап көрсетті. Былайша
айтқанда, оқылмаса мəтін тұл, ол өмір сүрмейді деген сөз. Ханс Роберт
Джаусс («Эстетиканы қабылдау жолында» (
«Towards an Aesthetic of
Reception»,
1982) мəтіннің қабылдануының əлеуметтік жəне тарихи
салмағын атап өтті. Мəтіннің мағынасы заманына қарай өзгеріп отырады,
өйткені оларды əр кезең оқырманы өз көзқарасы тұрғысынан əртүрлі
оқиды. Пьер Бурдье («Айырмашылық: əлеуметтік сынға қатысты пайым
талғамы» (
«Distinction: A Social Critique of the Judgment of Taste»,
1984)
атты еңбегінде əртүрлі əлеуметтік топтар өнерді түрліше жүзеге
асыратынын айтты. Жоғары əлеуметтік топтағы көзі қарақты, жоғары
білімді оқырман сапаны формалды экспериментпен қатар қойса, білімі


таяздау оқырмандар мен көрермендер нақты реализмді өмір үшін шынайы
деп бағалап, оны іс жүзінде пайдалы санайды. Бурдье Канттың эстетиканы
мақсатсыз табандылық мəселесі деп таныған идеясын белгілі бір
əлеуметтік топқа ғана қолдануға болады деп көрсетті. Оның танымында
өнер жайлы пікірлер – білім мен табыс деңгейінің рефлекстері.
Феноменологияны, қабылдау мен этиканы бірге қарастырдық, өйткені
біздің əдеби мəтіндермен жəне əдеби кейіпкерлермен қарым-қатынасымыз
этикаға арналған сынақ əрі оқу алаңы болғанын алға тартуымызға болады.
Ақылдың ой тезінен шығарған мағынасы, яғни əдебиетпен қалай
əрекеттесетіні – эмпатияны дамытудың маңызды жолы. Этика үшін
маңыздысы – өзгелерге қамқорлық һəм өзгелердің өмірін өзінікіндей етіп
елестету қабілеті. Бұл енді, жалпы айтқанда, аз да болса, оқырманның
романды өз өмірі суреттелгендей əсермен оқып шыққанына ұқсайды.


ЕКІНШІ ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет