Оқу феноменологиясы
Жорж Пуле
XVIII ғасырдағы ең ықпалды философтардың бірі Иммануил Кант ақыл-ой әлемге сезім
арқылы енетін, сан алуан сезімдік тебіреністерді қалыптастыратын және реттейтін қабілет
береді деп түйді. Ол ақыл-ой осындай туабітті реттеушілік қабілетінсіз қызмет ете алмайды деп
тұжырымдады. XX ғасырдың басында Эдмунд Гуссерль Канттың түсінігін тереңдетуге ұмтылды,
ол «феномен» деп атаған объектілер әлемінде объектіні білдіретін менталды нысандарды
ақыл-ойдың қалай тәжірибеден өткізетінін зерделеді. Әлемдегі және өмірдегі барлық
тәжірибеміз осындай құбылыстардан тұрады. Күнделікті тәжірибе ағыны толассыз жүріп жатқан
кезде ақыл мен оның объектілері қандай жолмен өзара әрекеттесіп, бір-бірімен байланысқа
түседі деген мәселе феноменологияның немесе ғылымның саналы тәжірибені қарастыруының
бір нұсқасы болар еді. Бірақ білім осы ағынмен ғана шектеліп қалса, қандай да бір ақиқат
ешқашан орнығуға үмітті бола алмайды. Гуссерль ой-сана күнделікті тәжірибенің барлық
контингентті әрі кездейсоқ элементтерін тежей отырып, өзінің тәжірибелік идеяларын тазартуға
қабілетті деген ойды алға тартты. Нәтижесінде объект жайлы тұрақты идея пайда болды. XX
ғасырда Жорж Пуле мен Роман Ингарден сынды еуропалық әдебиеттанушылар
оқырмандардың әдеби туындыға қатысты тәжірибесін зерттеді, ал Құрама Штаттарда Стэнли
Фиш басқарған «Оқырман жауабы» деген сын мектебі пайда болды.
Жорж Пуле Джон Хопкинс университетінде француз əдебиетінің
профессоры болды, бұдан соң Цюрих пен Ницце университеттерінде дəріс
оқыды. Ол 1950–1960 жылдардағы француз əдебиетінің
əдебиет сыны
жəне Женева
əдебиет сыны
мектебінің (жаңа критицизм саласы) маңызды
тұлғасы болды. Пуле – «Адам уақыты шеңберіндегі зерттеу» (
Studies in
Human Time,
1956)
,
«Шеңбер метаморфозалары» (
Metamorphoses of the
Circle,
1966) мен «Белгісіз ой» (
La Pensée indéterminée, vols.
1–3 (1985–90)
деген еңбектердің авторы.
Малларменің «Игитур»
(Igitur)
атты аяқталмаған əңгімесінің бастапқы
бөлігінде бос бөлменің ортасындағы үстелде ашылған кітап жатқанын
суреттейтін жері бар. Бұл біреу келіп оқи бастағанша əр кітаптың басында
болатын жағдай сияқты көрінеді.
Кітаптар дегеніміз – объектілер. Үстелде, кітап сөрелері мен дүкен
сөрелерінде олар біреу келіп, өздерін материалдық тұрпатынан һəм
əрекетсіздіктен құтқарады деп күтеді. Оларды экраннан көрген кезде
шағын торлардың ішінде сатылымға шығарылып, алушыдан үміттеніп
тұрған тіршілік иесін көргендей боламын. Өйткені сол тіршіліктің тағдыры
адамның араласуына тəуелді екені, сондықтан да объекті ретінде
қарастырылу мүмкіндігінен ада екені белгілі. Оған күмəн жоқ. Олай болса,
мұның кітаптарға да қатысты екені анық. Қағаз бен сия көмегімен
жазылған олар біреудің қызығушылығы оянған сəтке дейін қойған жерінде
жатады. Кітаптар күтеді. Қызық. Олар адам əрекеті кенеттен өмірін өзгерте
алатынын білетіндей, біртүрлі үмітпен жарқырап, сəулеленетін сияқты.
Мені оқыңыз деп айтқысы келетін сияқты. Олардың тілегіне қарсы тұру
маған қиынға соғады. Жоқ. Мен оны елеусіз қалдыра алмаймын. Ендеше
бұл рухани қазыналар басқа дүниелер арасындағы болмашы объект қана
емес.
Кітаптар сыйлаған осындай сезім кейде менде басқа заттарға қатысты да
оянады. Мысалы, менде құмыралар мен мүсіндер бар делік. Тігін
машинасына жақын бару немесе тақтаның астына үңіле қарау ешқашан
ойыма келмеген. Олардың маған көрінген осы түр-сипатына əбден
разымын. Бірақ мүсіндер өздеріне қызыға айнала қарауымды, құмыралар
қолыма алуымды өтінгендей, мəжбүрлегендей болады. Неліктен олай екені
түсініксіз. Бұл, басқа қырынан қарағанда, көре алуым мүмкін бірдеңенің
бар екенін аңдатып тұрған олардың иллюзиясы емес пе? Құмыра да,
мүсіндер де беткі қабатындағы үздіксіз периметрі арқылы толықтай
ашылмайды. Осы беткі қабатына қосымша интерьері болуы керек. Ол
интерьер қандай болуы мүмкін деген ой өз-өзінен назарымды аударып,
мазасыз күйге түсіреді. Тіпті құпия камераға кіретін есікті іздегендей,
оларды айнала қарауыма мəжбүрлейді. Бірақ ондай есік жоқ (гүлді салуға
қажетті құмыра ернеуін есепке алмағанда, ол шағын ғана кеңістік
болғандықтан, шынайы кіру есігі саналмайды). Сондықтан құмыра мен
мүсінге «кіру» жолы жабылды. Олар мені сыртта қалуға итермелейді.
Біздің арамызда шынайы қарым-қатынас орнауы мүмкін емес. Осы нəрсе
менің көңілімді алаңдатады.
Мүсіндер мен құмыралар жайлы көп айттық. Кітаптар оларға ұқсамайды
деп үміттенемін. Құмыра сатып алыңыз, оны үйге əкеліп, үстелге немесе
терезе алдына қойсаңыз, біраз уақыт өткен соң ол үйіңіздегі бір мүлікке
айналады. Кем дегенде, жай ғана құмыра боп қалады. Олай болса, кітапты
қолыңызға алып, оны ашқан сəтте де ерекше бір тартымдылыққа тап
боласыз. Кітаптың дəл осы ашықтығын мен ерекше əсерлі деп білем.
Кітаптың сұлбасы жабылмаған, қамал ішінде отырғандай сезінбейсіз. Ол
өзінен тыс өмір сүруден басқа немесе сізге өзімен бірге тіршілік етуге
рұқсат етуден басқа ештеңені керек етпейді. Қысқасы, кітапқа қатысты
айрықша дəйек мынау – сіз бен оның, яғни екеуіңіздің араңыздағы
кедергілердің жойылуы; бұдан былай ешкім іште де, тыста да қалмайды.
Кітапты қолыма алып, оқи бастаған сайын туындайтын бастапқы
феномен осындай. Көз алдымда маған ашылған объектіні, ақыл-ойым
жеткен бірнеше ұғымдарды сыртына шығып қараған сəтімде, қолыма
ұстаған дүниенің жай ғана объект емес, қарапайым тіршілік иесі екенін
түсінем. Мен рационалдық болмысты, сана-сезім иесін көрем. Өзім тап
болған əрбір адам болмысынан жазбай танып, қабыл ететін сана-сезімнен
(
Достарыңызбен бөлісу: |