Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет237/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

consciousness
) оның еш айырмасы жоқ. Бірақ дəл мына жағдайдың
өзгешелігі сол – бұл сана-сезім маған ашық, мені қуана қарсы алады. Өзіне
терең үңілуіме рұқсат етеді. Тіпті бұған дейін құлақ естімеген кеңдікпен
өзінің ойлап-сезінгенін сезінуге һəм ұғуға мұрсат береді.
«Теңдессіз» дедім. Бірінші рет теңдессіз «объектінің» ғайып болуы жүзеге асты. Қолыма
ұстаған кітап қайда? Ол əлі де қолымда, бір жағынан, ол жоқ, еш жерде де емес. Металдан не
фарфордан жасалған дүниелер секілді бар болғандықтан, кітап та объект – тұтасымен қағаздан
жасалған зат. Енді ол объекті саналмайды. Жоқ дегенде, оқып жатқан кезімде тіршілігі тоқтаған
болымсыз күйге енеді. Өйткені кітап енді материалды ақиқат емес. Ол – сөз. Образ жəне идеялар
сериясы, өз кезегінде олар да тіршілік етуін бастайды. Бұл жаңа тіршілік иелері кімдер? Қайда
өмір сүреді? Қалай болғанда да, қағаздан құралған объектіде емес. Бұл жаңа тіршілік иелері үшін
жалғыз ғана мекен бар: ол – менің ішкі «менім».
Сонда қалай болғаны? Бұл жағдай қандай жолмен, кімнің қолдап,
араласуымен жүзеге асты? Ой-санамды оған толықтай қалай ашып берем?
Оның сыртында не болып жатыр, өзі? Білмеймін. Мен тек оқып жатып,
өздерін осы үйде жасап шыққан көптеген ұғымдарды санамда сезем.
Олардың əлі объектілер екені шүбəсіз: ой-санамдағы кескіндер, идеялар,
сөздер мен объектілер. Əйтсе де, осы тұрғыдан алғанда, мұнда
айтарлықтай айырмашылық бар. Кітап құмыра мен мүсін секілді сыртқы
əлемде өмір сүретін объектілер арасында болды. Мұны тек өз қоғамы
жайғасқан əлем немесе менің ойымды керек етпейтін, əркім өз ойымен өзі
болатын əлем десе де болады. Ал мұндай уақытта ішкі əлемдегі сөз, кескін
мен идеялар аквариумдағы балықтай маңызын жойып алады. Бұл енді
менталды болмыстарға айналып, тіршілік ету үшін панаға мұқтаж болады,
сондықтан оларды менің сана-сезіміме тəуелді деп санаймын.
Бұл тəуелділік, бір жағынан, кемшілік болса, бір жағынан, артықшылық.
Бұған дейін байқағанымдай, сыртқы объектілердің артықшылықтары
сананың ешбір араласуына кедергі келтірмей тарала береді. Бар болғаны,
олар тек жалғыз қалуды ғана қалайды. Бірақ дəл осы қағиданы ішкі
объектілерге қатысты қолданған дұрыс болмайды. Анықтама бойынша,
олар өз табиғатын өзгертіп, материалдық сипатынан айырылады. Олар


образға, идеяға, сөзге, яғни таза менталды объектілерге айналады. Тұтастай
алғанда, менталды объекті ретінде тіршілік ету үшін олар нақты объекті
кейпінде өмір сүруден бас тартуы тиіс.
Бұл, бір жағынан, өкінішке алып келеді. Өйткені ақиқатты тікелей
қабылдауымды кітап сөздерімен алмастырған сəттен бастап, құдіреті
жойқын қиял күшіне қол-аяғыммен маталып мойынсұнамын. Жоқ нəрсеге
деген сенімімді көрсету үшін бар дүниелермен қош айтысам. Мен өзімді
ойдан шығарылған болмыстармен қоршаймын, тілдің құрбанына айналам.
Мұның тұтқынынан аман қалу мүмкін емес. Тіл мені осы жалған қырымен
қоршап алады.
Бір жағынан, шындық тілі арқылы ойдан шығарылған балама күйге
трансмутациялану теңдессіз артықшылыққа ие. Қиял-ғажайып əлемі
объективті ақиқат əлеміне қарағанда, шексіз икем мен бейімделгіш
қасиетке ие болып келеді. Ол кез келген қолданысқа икемді; сананың
телігіш беймаза күйіне деген қарсылығы болымcыз. Оның барлық
артықшылықтарының ішіндегі ең тартымдысы, менің пайымдауымша,
тілмен өрнектелген ішкі əлемі. Бұл, басқалар ойлағандай, маған
соншалықты кереғар емес. Олардың өзім сөз арқылы байқайтын объективті
көрініс болудан шеттетілмеген менталды формаларым екені де күмəнсіз.
Бірақ олар жайлы ойланатын менің санаммен салыстырғанда, табиғи емес
сияқты. Бұлар объектілер, бірақ субъектіге айналған объектілер. Қысқасы,
мұның бəрі тілдің араласуының арқасында санамның бір бөлшегіне
айналғандықтан, субъект пен оның объектілері арасындағы қарсылық
айтарлықтай əлсіреген. Сондықтан əдебиеттің ең басты артықшылығы
мынау 
– 
мен 
сана-сезімім 
мен 
оның 
объектілері 
арасындағы
сəйкессіздіктен туатын алаң көңілден арылғанмын.
Бұл – менің ішкі əлемімде оқу əрекеті арқылы жүзеге асқан таңғажайып
трансформация. Бұл, оқып жатқан кітабымды қоса алғанда, мені айнала
қоршаған физикалық объектілердің жойылуына ғана жеткізбейді, сонымен
бірге ол менің сана-сезіміммен бірігіп, осы сыртқы объектілерді менталды
объектілер шоғырына айналдырады. Дегенмен қазір осы объектілеріммен
бірге өмір сүру мүмкіндігі маған қиындықтар туғызады. Олардың ішіндегі
ең қызығы мынадай – мен өз ойындағы объектілер сияқты болу қолынан
келетін біреумін. Бұл – ойлар мен оқитын кітаптардың бөлшегі, түптеп
келгенде, осы ойлардың өзі басқа біреудің ойынан туған дүниелер болып
шығады. Бұл ойлар басқа біреудікі, бірақ бəрібір де мен олардың
субъектісімін. Жағдай жоғарыдағыдан да күрделі һəм таңғаларлық. Мен


басқа біреудің ой-пікірі жайлы ойланамын. Əрине, егер мұны басқа
біреудің ойы деп ойласам, таңғалуға ешқандай да себеп болмас еді. Бірақ
мен мұны дəл бір өз ойымдай көрем ғой. Бұл жерде өзін ойында (осы ойлар
ағысын қабылдаған сəтте) сезінетін «мен» бар, бұл ойлар басқа жақтан
келген болуы мүмкін, бірақ ол ойларды ойлаған сəтте өзінікі сияқты
қабылдайды. Дидроның «Менің ойларым – менің сайқалдарым» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет