Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет234/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

априори
шарттары бар сіздің аңдауыңыздың формасы ғана…
Олай болмаса, сыртқы объектілерге қатысты синтетикалық 
априори
тұрғысынан ештеңе белгілей алмас едіңіз. Сондықтан бұл жай ғана
ықтималдық емес, кеңістік пен уақыт бүкіл ішкі-сыртқы тəжірибенің
қажетті шарты ретінде жалпы аңдауымыздың жай субъективті шарттары
болады. Сонымен бірге осы шарттардың қарым-қатынасында объектілердің
барлығы айқындалып, сыртқы көрінісін береді. Əйтсе де, көрініс бере тұра,
осы шарттар аясында тіршілік ететін заттардың барлығының өзіндік мəнге
ие зат күйіндегі сипатын бізге танытпайды. Сол себепті, құбылыстың
формасына қатысты 
априори 
туралы көп дүние айтуға болғанымен, осы
құбылыстардың негізінде жатқан өзіндік зат жайлы ешқандай да кесімді
сөз айта алмаймыз.
II. Ішкі жəне сыртқы сезімдердің, яғни құбылыс ретіндегі сезімнің барлық
объектілерінің идеалдығы туралы келесі жайттар осы теорияның жақсы
дəлелі бола алады. Біздің танымымыздағы аңдауға қатыстының бəрі
(білімнің мəнін құрамайтын рақат пен ауырсынуды, ерік-жігерді
қоспағанда) тек қана қатынастан, нақтылап көрсеткенде аңдаудағы
орынның 
қатынасы 
(созылыс), 
орынның 
өзгеруінің 
қатынасынан
(қозғалыс) жəне осы өзгерістерді анықтайтын заңдардан (қозғаушы
күштер) тұрады.
Осы немесе басқа жерде, яғни белгілі бір мекенде бар болудан я болмаса
орын өзгертуден заттардың өзіндік қалпының қандай екені аңдау арқылы


білінбейді. Бұдан былай өзіндік мəні бар зат қарапайым қатынас арқылы да
байқалмайды. Нəтижесінде сыртқы сезім бізге қарым-қатынастан басқа
ештеңе де бермейді деп батыл ой түюге болады. Бұл сезім объектінің
өзіндік ішкі ерекшелігін емес, тек қана қандай да бір объектінің
субъектімен қатынасын ғана білдіреді. Бұл, бұған қоса, санамызда орын
тепкен 
сыртқы 
сезімдердің
көріністері, 
тиісті 
түсінік-ақпарды
қалыптастырғаны үшін ғана емес, ішкі сезімге қатысты алғанда да дұрыс
болады дегенді білдіреді. Өйткені санада өздігінен тəжірибе жолымен
бұрыннан орын тепкен, тəсіл атаулының формалды шарты саналатын əрі
осы шартты миымызда қалыптайтын көріністерді қалыптастырған
кезімізде, көріністердің өзі [тек қана] сабақтастық қарым-қатынасына ие
болады. Бір-бірімен біте қайнасып, бір уақытта тіршілік ету қатынасына
кіреді. Енді көрініс ретінде, кез келген түсіну əрекетінің бұрыннан бар
қалыбы бола алатын қандай да бір дүние аңдауға айналады. Онда қарым-
қатынастан өзге еш нəрсе болмаса, оны аңдаудың формасы дейміз. Өйткені
ол санада орын тепкен формадан басқа еш нəрсені білдірмейді. Ол
ақылдың əрекет етуі (анығырақ айтқанда, көрінісінің орнығуы) арқылы
əсерлену əдісін ғана білдіреді. Басқаша айтқанда, сезімнің формасына
қатысты алғанда, ішкі сезімнен басқа ештеңе емес. Бір жағынан, сезім
арқылы қабылданғанның бəрі əлі күнге əрдайым көрініс болып қала береді.
Демек, біз не ішкі сезімнің бар екенін мойындаудан бас тартуымыз керек;
ал субъект өз аңдауын белсенді, яғни интеллектуалды деп есептесе, ондай
жағдайда, сезімнің объектісі саналатын субъектінің сезім арқылы сыртқы
көріністі қарастыра алатынын алаңдамай қабылдауымыз қажет. Бұл жердегі
бар қиындық субъектінің аңдау тұрғысынан өзін қалай бағыттай
алатындығында болып тұр. Бұл қиындық барлық теория атаулыға ортақ.
Өз-өзін саналы сезіну (апперцепция) – «Мен» туралы қарапайым түсінік.
Ал субъектідегі күллі саналуандық осы 
мендік белсенділік 
арқылы берілсе,
ішкі аңдау интеллектуалды болған болар еді. Адам бойындағы осы секілді
сана-сезім субъектіде бұрыннан орныққан саналуандықты іштей түйсінуді
талап етеді. Мұндай саналуандықтың санаға берілу əдісі кенеттен емес,
сезімдік жолмен жүзеге асуы тиіс. Егер өзін сезіну қабілеті санада бар
нəрсені іздеуде (қабылдау) жатса, ол санаға əсер етуі керек. Тек солай ғана
ол өзіндік аңдаудың бастауы бола алады. Бірақ санада бұрыннан бар
аңдаудың бұл түрі уақыттың көрінісі ішінде саналуандықтың санада бірге
болу тəсілін анықтайды, өйткені ол өзін елестеткеніндей сезінбейді. Егер
кенеттен өздігінен белсенді бола қалса, өзін бар қалпында емес, өзіне-өзі


ықпал еткендей əрі өзін-өзі қалай қабылдаса, солай сезінеді.
III. Сыртқы объектілерді аңдау мен жанның өз-өзін аңдауы екеуі бірдей
кеңістік пен уақыт ішіндегі объектілер мен сананы қарастырады дегенде,
мен бұлардың бəрі жай ғана 
иллюзия
дегенді айтып тұрғаным жоқ. Олар
біздің сезімдерімізге əсер етеді, яғни сезімімізде пайда болатындығын
пайымдауды меңзеймін. Құбылыс сыйпатындағы объектілер тіпті оларға
біз таңатын қасиеттер əрқашан нақты дүние ретінде қарастырылады. Əйтсе
де мұндай қасиеттер субъектінің аталған объектіні аңдау тəсілінен
туындайды. Бұл жағдайда құбылыспен һəм өзіндік мəнге ие объектінің
бөлектігін ажырата білгеніміз жөн. Алайда кеңістік пен уақыттың сапасы,
сондай-ақ олардың барлығы туралы сөз қозғағанымда, бұл денелер де, өз
жаным да өзіндік мəнге ие объектілерде емес, менің аңдауымның
қатпарларында жатыр деп санаймын. Бұл денелер менен тысқары, ал
жаным тек сана-сезімімде орныққан сыңайлы деп айтпаймын. Егер
құбылыс ретінде қарауға тиіс нəрсені жай ғана иллюзия деп санасам,
мұным əрине ағаттық болар еді.
1
 
Барлық сезімдік аңдаудың идеалдығы
туралы біздің қағидамыз бұған əкелмейді. Керісінше, елестетудің аталған
формаларын объективті шындыққа жатқызсақ, онда бəрі қарапайым
көзбояушылыққа 
айналады. 
Шындығында, 
кеңістік 
пен 
уақытта,
мүмкіндігіне сай өзіндік мəнге ие затта кездесетін қасиеттер бар деген
күннің өзінде, осы тəріздес субстанция да шынымен оларға тəн бір нəрсе
болып саналмайды. Соған қарамастан тіршілік ететін, тіпті барлық
заттардың тіршілік етуінің қажетті шарты болуы, күллі заттар жойылса да
қалуы тиіс екі шексіз зат туралы бүкіл мəн-мағынасыз пайымдарды жіпке
тізсек, онда қадірменді Берклиді денені қарапайым елес деңгейіне түсіргені
үшін жазғыруға дəтің бармайтыны да анық.
Одан қалса, уақыттың өзіндік шындығы бар деген жөнсіздікке
бағындырылған біздің болмысымыз да онымен бірге (уақытпен) таза елес-
сандыраққа (осы кезге дейін осы көзқарасты қорғағаны үшін ешкім
жазықты болмаған) айналған болар еді.
IV. Табиғи теологияда бізге ешқашан аңдау объектісі бола алмайтын,
болмақ түгіл, тіпті өзіне қатысты сезімдік аңдаудың нысаны да бола
алмайтын объект (Құдай) жайлы ойланғанда, біз оны аңдаудан кеңістік пен
уақыт шартын алып тастауға тырысамыз. Себебі оны танудың кез келген
жолы əрдайым шекараларды анықтауға ұмтылатын ойлау түрінде емес,
аңдау түрінде болуы керек. Алайда, егер біз алдын ала кеңістік пен
уақытты өзіндік мəнге ие заттардың формалары, оған қоса, тіпті заттардың


өзі жойылған жағдайда да, олардың тіршілік етуінің априорлық шарты
ретіндегі формалар деп мойындасақ, мұны қандай негізде жасай аламыз?
Тұтас тіршілік атаулының шарты болған жағдайда (болса), олар тіпті
Құдайдың бар болуының (болмысының) да шарты болуға тиіс еді.
Уақыт пен кеңістікті барлық заттардың объективті формалары ретінде
мойындағымыз келмесе, онда оның жалғыз балама жолы – оларды сезімдік
деп аталатын аңдауымыздың сыртқы жəне ішкі тəсілінің субъективті
формалары ретінде қарастыруымыз. Өйткені ол бастапқы емес. Сонымен
қатар ол аңдау объектісінің бар болмысы берілген тəсіл де болып
есептелмейді (аңдаудың мұндай тəсілі бастапқы мəнге ғана тəн болуы
мүмкін). Керісінше объектінің болмысына тəуелді, яғни субъектінің
елестету тəсілі объект тарапынан əсерге ұшырайды.
Кеңістік пен уақыт шегіндегі аңдау иірімі адамның сезімімен
шектелмейді. Бəлкім, ойлана алатын барша тіршілік иелері түгелімен осы
мəселеде адаммен міндетті түрде келісетін болар. Дегенмен дəл солай
болады деп шешім шығара алмаймыз. Бірақ бұл қабылдау тəсілі қанша
жерден əмбебап болғанымен, сезімдік болуын тоқтатпайды. Бұл – бастапқы
аңдау (
intuitus originarius
) емес, туынды аңдау (
intuitus derivativus
)
,
сондықтан 
интеллектуалды 
аңдау 
болмайды. 
Жоғарыда 
айтылған
себептерге байланысты көрсетілген объектілерге қатысты мұндай
интеллектуалды аңдау бастапқы мəнге ғана тиесілі болса керек. Алайда,
тіршілігі мен аңдауы үшін өзгеге тəуелді болмысқа ешқашан тиесілі бола
алмайды
2
 
(өйткені оның тіршілік етуі аталған объектілерге қатынасы
арқылы анықталады). Дегенмен соңғы астын сызып көрсеткен бұл
дүниелер дəлелдердің бір бөлігі сияқты емес, эстетикалық теориямыздың
иллюстрациясы ретінде ғана қарастырылғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет