Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет239/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

usurper
) кім? Сана-сезімімді өздігінен толтырып тастайтын бұл
қандай сана? 
Мен
деген кезімде шынымен 
Мен
болатын кім?»
Бұл сұраққа нақты жауап бар. Əрі-беріден соң, өте жеңіл жауап. Кітапты
оқыған сəтте менің ішімде ойлап тұрған 
Мен
– кітапты жазған адам. Мен
Бодлер мен Расинді оқыған кездегі ойлайтын, сезетін һəм өзін менің ішімде
оқуға рұқсат ететін, шынымен де Бодлер немесе Расин. Осылай ой түйер
болсақ, кітап – тек кітап қана емес, сол арқылы автордың өз идеяларын,
сезімдерін, түсі мен өңінің өтіп жатқан иірімін сақтайтын құрал. Ендеше,
бұл – оның өз тұлғасын өлімнен сақтап қалудың да құралы. Оқу процесінің
дəл осы түсіндірмесі жалған болмайды. Тіпті мұны көбіне əдеби
мəтіндердің 
биографиялық интерпретациясы
деп айтуды ақтап алатындай
көрінеді. Шынында да, əдебиеттің əрбір сөзі оны жазған адамның
санасынан қайнап шыққандай. Ол бізді осыны оқуға мəжбүрлеген кезде
автордың ойлағаны мен сезінгенінің аналогін туғызады. Əдеби туындыны
түсіну – оны жазған адамның біздің ішімізде өзін ашуына мүмкіндік беру
деген сөз. Бұл еңбекті ұқтыратын биографиядан гөрі сол биографияны
ұғуға кейде мүмкіндік беретін туындыға көбірек ұқсайды.
Бірақ биографиялық интерпретация кейде өтірік жəне адамды
адастырады. Автордың туындысы мен өз өмірінде бастан кешкен
оқиғалардың арасында ұқсастықтардың болуы мүмкін. Туындыларды
өмірдің жартылай көшірмесі ретінде де қарастыруға болады. Бұған қоса,
бір автордың барша еңбектерінің арасында жүретін бұдан да маңызды
аналогия бар. Əр еңбекті оқыған кезімде əрқайсысы менің ішімде өз
өмірімен тіршілік етеді. Кітап – оқу арқылы маған ашылатын субъектінің
кез келген біреуі ғана. Автордың сыртқы тəжірибесінің ретсіз жиынтығы
да, 
керемет 
ұқыптылықпен 
ұйымдастырылған 
əрі 
бір 
жерге


шоғырландырылған тұтастығының көрінісі болмайды. Дегенмен еңбекті
басқаратын субъект тек туындының ішінде ғана өмір сүре алады. Əрине,
еңбекті түсіну үшін де, мен үшін де биографиялық, библиографиялық,
мəтіндік жəне жалпы сыни ақпараттың маңызын ештеңе алмастыра алмасы
анық. Сондай-ақ бұл білім еңбектің ішкі білімімен сəйкес келмейді. Маған
Бодлерден немесе Расиннен алған мəліметтердің құны қандай болса да
бəрібір. Олардың данышпандық ойымен қаншалықты жақын қатынаста
өмір сүре алған болсам да, бұл үлесімнің (
apport
)
 
кемелдік қалпын өзінің
ішкі мəнінде жеткізуім үшін мардымсыз. Оларды оқу мені қазір түгелдей
өзіне сіңіріп бара жатқан Бодлердің немесе Расиннің белгілі бір еңбегін
санамда тірілтетін субъективті принцип үшін жеткіліксіз екенін де білемін.
Осы сəтте ішкі тереңдікте, туындымен белгілі бір бірегейлікте,
шығармамен оңаша қалып өмір сүру өте маңызды. Əйтпесе қиын болады.
Бұл кітаптан тыс ештеңе де дəл осы туындының маған көрсеткен айрықша
əсерін бөлісе алмайды. Ол мені өзінен тысқары, авторына я болмаса оның
басқа шығармаларына қарай кері қайтармайды, керісінше, назарымды
толықтай өзіне байлап алады. Қаламгердің осы еңбегі менің ішкі əлемімде
дəл осы сана-сезімнің өзін айқындауына септесетін шекараны іздеп табады.
Маған менталды объектілер шоғырын үйіп-төгетін осы туынды менің
ішімде сөздер торабын түзеді. Сондықтан да дəл қазір басқа менталды
объектілерге яки сөздерге орын табылмайды. Əрі-беріден соң сана-
сезімімнің мазмұнындағы анықтамаларға көңілі толмаған осы шығарма
санамды меңгереді. Оны иеленіп алады да, оқып жатқан дүниемді басынан
аяғына дейін 
Мен 
етеді. Өзім оқып жатқан дəл осы шығарманың өрбуіне де
жетекшілік жасайды.
Сондықтан да шығарма менің санамды толтыратын уақытша менталды
субъектіні қалыптастырады. Бұған қоса, бұл сана-сезім, яғни 
Мен-
субъект
өзіңді шығарманың ішінде танытудың қандай екенін əрдайым сезіндіреді.
Санамды соның еркіне беріп, өмір сүруге итермелейтін əрбір шығармаға
тəн жағдай, міне, осындай. Мен оған тек өмір сыйлап қана қоймаймын,
өзінің тіршілік етіп жатқанын сезіну ерекшелігін де тарту етем. Сондықтан
қанаттана жан бітіп, оқу əрекеті арқылы шабыт алған кезде əдеби туынды
(өз өмірі тоқтап қалатын оқырман арқылы) «адамзаттың біріне
айналатынын» жалтақтамай мойындауым қажет. Ендеше, менің ішімде өзін
сезінетін һəм өз бітімін құрайтын бұл сана-сезім өз объектілерінің
субъектісі секілді десе де болады.


II
Еңбек менің ішімде өз бетінше өмір сүріп, тіршілік етеді. Белгілі бір
деңгейде өзі ойланады, ол аз десеңіз, мені мағынамен де толықтырады.
Шығарманың мені бұлай ығыстыруын бұдан əрі тереңдетіп зерттеуге
болады. Ол əрі қызықтырақ болуы мүмкін.
Қаламгердің туындысы менің ішімде «өзі ойланатынын» қалай түсінсек
екен? Бұл мен санамнан толықтай ажыраған кезімде, бейсана жағдайымды
пайдаланып, менің ішіме ойланушы өзге бір жаратылыс кіреді дегенді
білдіре ме? Ол маған толғануға мүмкіндік бермей, өзі бөлек ойланатын
болғаны ма сонда? Əрине, жоқ. Санамды бөгде біреудің (өзге бір шығарма)
еркімнен тыс иемденуі менің ешқандай да санасынан айырылып,
құрбандыққа шалынған біреу екенімді білдірмейді. Бəрі керісінше. Мен
оқыған кітабымның құрбаны болған сəттен бастап-ақ, өз санамды осы
шығарманың өзегінде орналасқан яки өзім анықтауға тырысқан осы саналы
субъектімен, яғни «тіршілік иесімен» бөлісе бастаймын. Ол екеуміз ортақ
санаға иелік ете бастаймыз. Бұл сезім одағында əрқайсымыз ойнайтын
рөлдер бір деңгейде емес. Шығармадағы сана белсенді əрі қуатты. Ол
алдыңғы орында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет