Трансценденталды эстетикадан шығатын жалпы қорытынды
Біз мұнда априорлы синтетикалық қағидалардың қалай мүмкін болатыны
жайлы трансценденталды философияның жалпы мəселесін шешудегі
қажетті сəттердің бірі, яғни нақтылап айтқанда, таза априорлық
пайымдауды – кеңістік пен уақытты таптық. Оларда біз априорлық
пайымдауда аталған ұғымдардың шегінен шығуды қаласақ, онда
априорлық
тұрғыдағы ұғымда емес, керісінше, соған сай аңдауда жəне сол ұғыммен
синтетикалық байланыста болуы мүмкін болатынды табамыз. Дегенмен,
нақ сол себепті, ондай пайымдаулар сезімдік заттардың шегінен ешқашан
шықпайды əрі ықтимал тəжірибедегі заттар үшін ғана күшінде (жарамды)
болады.
Ескертпе
1.
Құбылыстың предикаттарын, біздің сезімімізге қатысты сөз болып тұрса, объектінің өзіне
таңуға болады; мысалы раушан гүлінің қызғылт реңкі мен иісі сияқты; [иллюзиялық
дүниелер объектіге предикат ретінде ешқашан таңыла алмайды, өйткені ондай жағдайда,
өзіндік мəнге ие объектіге, сезімге немесе жалпы алғанда субъектіге қатысты тұрғыда ғана
тəн сол нəрсені əуелі Сатурнге таңылған екі құлақшадай таңған болар едік].
(Бұл жерде
автор Сатурн планетасының сыртындағы шеңбер секілді құбылыс көріністі меңзеп отыр.
–
Ред.)
Құбылыс өзіндік мəнге ие объектіде ешқашан болмайды, керісінше оның субъектіге
қатынасында əрқашан кездеседі жəне ол
(құбылыс) туралы түсініктен ажырамайды; бұл
мағынада кеңістік пен уақыт предикаттарының сезім объектілеріне таңылуы өте дұрыс,
қалай болғанда да, бұл жерде де иллюзия жоқтың қасы. Егер де заттардың субъектілерге
белгілі бір қатынасына мəн бермей, өз пайымымды осы қатынаспен шектемей, өзіндік мəнге
ие раушан гүліне қызғылт реңкті, Сатурнге екі құлақшаны, сыртқы заттарға өзіндік мəнге ие
созылысты таңсам, онда осы жағдайда ғана иллюзия пайда болады. (Тік жақша ішінде
берілген мысалдар негізгі аргументтермен қайшылыққа түседі жəне жүйесіз қойылған
кейінгі толықтырулар болса керек).
2.
(Бұдан да еркін түрде былайша аударылуы мүмкін: Осы аңдаудың арқасында өзінің тіршілік
ететінін аталған заттарға қатынасы тұрғысынан ғана саналы түрде сезіне алады.)
ҮШІНШІ ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |