«Mes
pensées sont mes catins»
)
деген мəлімдемесін қалай қабылдау керектігінің
жауабы да осы. Яғни олар авторына тиесілі болудан айнымай жүріп те,
əркіммен бір «төсектес» бола береді. Дəл осы мысалда барлығы өзгеше.
Біреудің ой-пікірімен менің тұлғалық болмысыма бір қызық жолмен басып
кіргендіктен, мен өзіне жат ойларды ойлау тəжірибесі берілген жанмын.
Мен өзімнің ойларымнан басқа ойлардың субъектісімін. Менің сана-
сезімім өзін бейне бір басқа біреудің сана-сезіміндей ұстайды.
Бұл ой жүгіртуге лайық. Белгілі бір мағынада идеяның менікі емес екенін
мойындауым керек. Идеялар ешкімдікі де емес. Олар біреудің ақыл-ойынан
екінші біреудікіне қолдан-қолға өткен тиын монеталар сияқты үздіксіз
алмаса береді. Осыған сəйкес, сана-сезімді ол айтқан немесе қабылдаған
идеялармен анықтауға талпынудан артық өтірік əрекет болмас еді. Бірақ
бұл идеялар қандай болса да, түпнұсқамен байланысы қаншалықты күшті
болса да, менің санама өтуі құбылмалы болып, оларды қабылдау
барысында өзімді осы идеялардың субъектісі санаймын; мен əлі де идеялар
предикат ретінде ұсынылып тұрған субъективті принциппін. Тіпті бұл
субъективті принципті ешқашан тартысуға себеп болатын мəселе, талқы,
предикация секілді қарастыра алмайды. Бұл жерде мен ойланам, мен
қорытам, мен мұны талқыға салып əңгімелеймін. Қысқасы, ешқашан
Ол
болмайды, мұның бəрі –
Мен
.
Қазір кітапты оқысам, нендей жағдай болады? Онда мен
өзімнің
предикаттарым саналмайтын көптеген басқа предикаттардың субъектісіне
айналам ба? Бұлай болуы мүмкін еместей. Тіпті қайшылық көзге ұрып тұр.
Мен бір нəрсені ойлаған сəттен-ақ осы дүние түсініксіз жолмен менікіне
айналады. Не ойласам да, бұл –
менің
менталды əлемімнің бөлшегі. Бəрібір
де, бұл жерде мен басқа біреудің менталды əлеміне тиесілі ой туралы ойлап
тұрмын. Тіпті бұл ой, мен өмір сүрмесем де, менің ішімдегі ойға себепші
болып өмір сүрер еді. Қазірдің өзінде бұл түсінік ақылға қонымсыз. Бір
жағынан, осы жайлы ойланғаным өте маңызды сияқты. Өйткені əрбір
ойдың субъектісі болуы тиіс, бұл
ой
менің ішімде болса да, маған бөтен.
Ендеше, сол ойға қоса, менің ішімде маған бөтен
субъект
болуы да мүмкін
ғой. Сөйтіп, бұдан соң ой, оқу əрекеті арқылы менің ішімде өзімен бірге
маған жат субъектіні сый түрінде алады. Оқыған сайын мен іштей
Мен
дегенді айтам, əйтсе де, бұл
Мен
өзім емеспін. Бұл тіпті романның басты
кейіпкері үшінші жақта берілсе де солай болады. Тіпті кейіпкер де толғану
мен пайымдаудан басқа ештеңе болмаған күннің өзінде де солай болмақ.
Өйткені бір дүние
ой
ретінде қарастырылған кезде, жоқ дегенде, дəл осы
сəтте, өзімді ұмыта отырып, өзімді жатсына отырып, өзім де сонымен
теңесетін ойланушы субъект болуым тиіс. Артур Рембо «JE est un autre»
(«Мен өзгемін») деген. Мені алмастырған өзге
Мен
жəне ол мен оқыған
сайын осылай жасауын тоқтатпайды. Оқу дегеніміздің өзі – тек көптеген
бөтен сөз, образдар мен идеяларға жол беру ғана емес, соларды айтып,
соларды бетперде ететін бөтен принциптерге де бойсұну.
Феноменді түсіндіру, шынымен де, қиын; тіпті елестетудің өзі ауыр.
Дегенмен ол мойындалған сəттен-ақ бұдан да түсініксіз боп көріне
алатынын ұқтырады. Ішкі қазынам саналатын субъективті болмысымды
осылай жаулап алған, тіпті сол арқылы түсініп қана қоймай, оқыған
дүниемді сол арқылы
сезінетін
таңғаларлық осы құралсыз мен қалай оны
өзгеге ұқтыра алам. Мен лайықты түрде, яғни менталды кедергісіз күйге
түсем. Қорытынды ойдан азат қалпымды сақтауға деген ешқандай қалауым
да жоқ. Кез келген оқырманға ауадай қажет толық жауапкершілікпен
кітапқа үңілген сəтімде менің ұғынуым интуитивті сипат табады. Əрі маған
ұсынылған кез келген сезім дереу менікіне айналады. Басқаша айтқанда,
бұл жерде қарастырылып отырған ұғыну түрі белгісізден белгіліге,
бөтеннен жақынға, сырттан ішке қарай қозғалыс емес. Мұны феномен деп
атауға болады, соның арқасында менталды объектілер сана-сезімнің
түбегейлі мойындалуы үшін жарыққа шығады. Бір жағынан, еш
қайшылықсыз оқу субъектінің ойы секілді түсініп жатқанымды тікелей
білдіретін, өзімде бар апперцепцияға (бұрынғы түсінік негізінде қабылдау)
ұқсас дүниені білдіреді (бұл жағдайда ол мен емес). Басымнан өткізіп
жатқан өзімді жатсыну процесі қандай сипатта болса да, оқу менің субъект
ретіндегі белсенділігімді ашып түсіндіре алмайды.
Осылайша оқу арқылы өзім
Мен
деп санайтын субъективті принциптің
өзгергені соншалық – бұдан былай, шындығын айтқанда, оны өзімдікі деп
айтуға қақым жоқ. Мен басқа біреуге қарыздармын, ал ол басқаны
ойлайды, сезеді, қайғырады əрі менің ішкі əлемімде əрекет етеді. Феномен
өте айқын һəм өзім көбіне «мені баурап алды» деп айтатын, оқудың ең
қарабайыр формасы саналатын триллер арқылы туған «дуалар» сияқты өте
аңғал кейіпте пайда болады. Өзгенің иелігіне өту күйі тек объективті ой
деңгейінде ғана жүзеге аспайтынын, яғни маған оқу əрекеті сыйлайтын
образ, сезім мен идеялар арқылы ғана емес, субъективті күйімнің
деңгейінде де жүзеге асатынын ескерте кету артық болмас жəне бұл
маңызды. Оқуға қатты берілген уақытта мен үшін ойланып-сезетін екінші
бір дүниені өзіме меншіктеп аламын. Сонда қалай? Қандай да бір кідіріске
мəжбүр болып, бұл иеленушілікке үнсіз куə болуым керек пе? Мен одан
қандай да бір жайлылық яки, керісінше, өзінше бір қиындық сеземін бе?
Қалай болғанда да, біреу əлі де сахнаның ортасын иеленіп тұрған сыңайлы.
Өзін зорлап таңып жатқан бұл жағдайларға байланысты өзіме қойылуға
тиіс сұрақтар мынадай: «Бұл жерде бірінші орынды иеленіп тұрған басып
алушы (
Достарыңызбен бөлісу: |