қарама-қарсы функцияны атқарады. Бұл, шынымен де, əдеби шығарма
арқылы жеткізілген менталды əлем мен сыни сананың бірігуіне алып
келеді. Əйтсе де, ол шығарма арқылы жүзеге асады. Ақырында, барлығы
бостық əлемнің бір шегінде толықтай жалғыздықта болатын, кез келген
объектіден, жоғары сыншыл санадан ажыраған сананың үстемдігіне барып
қосылады.
Осы гипер-сынды Морис Бланшоның сыни ойы деп айтудың қажеттілігі
бола қоймас...
Мұны Ричардтың сынын Бланшоның сынымен салыстыру пайдалы болар
деген оймен келтіріп отырмын. Өйткені бұл салыстырудан мен сыншының
тілдік аппараты өз таңдауына сəйкес қарастырылып жатқан еңбекке
жақындауға немесе белгісіз бір уақытқа шейін оны шығарып тастай
алатынын да үйренемін. Қалауына қарай, ол сыншының тілін шығарманың
сезімдік
қырларына
бойлататын
сөздік
мимикалардың
көмегімен
қарастырылып отырған шығармаға өте жақын баруы мүмкін. Ол – тілді
таза кристалдандырушы құрал; абсолютті мөлдірлікпен субъект жəне
объект арасында тіршілік ету үшін субъектінің танымдық күшін көрсетуіне
көмектеседі. Сонымен қатар бір уақытта объектінің субъектіден
қаншалықты шексіз ұзақтықта болуын білдіретін сипаттарын да танытады.
Бұл екі жағдайдың біріншісінде сын таңғажайып
Достарыңызбен бөлісу: