интеллектімен сəулеленуін жалғастыра береді.
Мен оның мұндай критицизмді жазғыратын бір ғана қателігін айтар едім.
Ол – өзі жарқыратып көрсеткісі келген дүниеге тым оңай жолмен кірігуі.
Əдеби шығармаларда орнығып өмір сүретін ойлар ғана көзге
шалынатындықтан, расында да, Старобинскийдің
сыны солардың
қалыбымен
қабаттаса
жүріп
отырады.
Онда
жоғарыдан
қарап
менсінбеушілік деген жоқ. Орта жолда қалып қою деген де болмайды.
Оның ықпалымен əдеби туындылар қайсыбір ертегілердегі сарай
қамалдарының сүреңсіз күйге түскеніндей, өзінің мөлдір емес, берік һəм
өзіне тəн объективті өлшемінен айырылып қалады. Идеалды сын
шығарманың өзіндік мəні саналатын объекті
мен сана арасындағы белгілі
бір байланысты тұтас қамту (һəм қайта баяндауы) керегі рас болса, сынның
барысы бұл қатынас шарттарының (полярлы) бірін басып-жаныштай
отырып, қалай жетістікке жете алады?
Сондықтан мен осы қарым-қатынас тіршілік ететін сынды іздеуді
тоқтатпауым керек. Бəлкім, бұл сын Марсел Реймонд пен Жан Руссенікі
болар? Реймондтың сыны əрдайым екі түрлі
ақиқаттың барын, яғни бірі
менталды, екіншісі формалды болатынын қабылдайды. Ол бір мезгілде
ішкі тəжірибе мен кемел формаға ұласуға тырысады. Бір жағынан алып
қарағанда, ешкім дəл
осылай барлығын ұмытып, өзге біреудің ой əлеміне
толықтай сіңіп, шомып кетуге батылы бармайды. Өзгенің ойы ең жоғары
сатыда емес, ең түсініксіз, ең тұманды нүктеде, яғни оның көңілін аулап
тұрған болмысқа əрең сезілетіндей, болмашы нүктеде қабылданады дегенді
білдіреді бұл. Мұндайда сыншының көзі өзгенің санасындағы аймаққа
енуге көмектесетін жалғыз ғана қолжеткізу құралы сияқты көрінеді.
Бірақ Реймондтың сыны сыншының ойын сыналып жатқан оймен мидай
араласып, бірегейлікке кереғар келетін тағы бір қырын аңғартады. Расында
да, дəл осы кезде формалды ақиқатты рефлективті түрде ұғыну
шығарманың өзі болып шығады. Əдеби
туынды сыни ақылдың
Достарыңызбен бөлісу: