Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет265/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

антикартезиандық
(Декарттың тұжырымдарына қарсы) сəт ретінде
көрінеді.
Гегель шексіздіктің позитивті сипатына қолдау көрсеткен кезде оның ойы
Декартпен бір жерден шығады, бірақ ол шексіздіктің алуандығын
терістейді, шексіздік құбылысы өзімен байланыс орнатып, осылайша өзін
шектеуге тырысатын кез келген «Басқаны» жоққа шығарады деп ұйғарады.
Шексіздік тек барлық қарым-қатынасты қамтуы мүмкін. Ол Аристотельдің
құдайы сияқты, тіпті тарихтың соңында да тек өз-өзімен байланыста
болады. Айрықша болмыстың шексіздікпен байланысы оның Мемлекеттің
тəуелділігіне кіруімен бірдей құбылыс болар еді. Ол өзінің шектеулі
сипатын терістеп, шексіздікке айналады. Бірақ мұндай əрекет жеке
тұлғаның (
индивидтің
) тəжірибесін жоққа шығаруға қабілетсіз. Тіпті оны
мемлекеттің тираниясы ретінде қабылдайтын эмпирикалық (тəжірибеден
өткен немесе жануарға тəн нəрсе) деп есептесек те, бұл оның санасын
талап етеді, бірақ тұлғасыз тағдырларда ол өзінің санасын білмейді. Алайда
«Басқа» – абсолютті «Басқа». Ол «Бірдейдің» еркіндігін шектемейді. Оны
жауапкершілік арқалауға шақырып, еркіндік қасиетін тудырады əм
негіздейді. «Басқаға» «Келбетке» қарағандай қарау дерттен айықтырады.
Картезиандық (бұл қатынастағы қарсылықты бейбіт түрде игеріп,
дискурсқа қол жеткізу Декартқа тиесілі) шексіздік ұғымына қайта оралып,
жеке болмысқа салынған «шексіздік идеясына» оралып, біз оның позитивті
сипатын қабылдаймыз, оның кез келген шектеулі ойлар мен кез келген
шектеулі болмыс жайлы ойлардан үстемдігін, шектеулі болмыстан тысқары
тұратынын қабылдаймыз. Бұл – жеке болмыстың мүмкіндігі. Шексіздік
идеясы, өзінің мазмұнындағы шектеулі ойлардың алдын алу ойдың өзінің
қабілет-қарымын арттыратын болмыспен бірге өріліп, əрбір сəтте өзі
игеретін мəліметтермен байланысын жүзеге асырады. Нақ осы жағдайды
біз «Келбетпен» кездесу деп атаймыз. Шексіздік идеясы дискурстар


қайшылығы барысында, төмендегідей əлеуметтік сипатта пайда болады:
«Келбетпен» қарым-қатынасқа түсу; абсолютті «Басқамен» мен өзіме
бейімдей алатын «Басқамен» қарым-қатынасқа түсу; шексіздік сипатына ие
«Басқамен» қарым-қатынасқа түсу; сонымен бірге, бұлар менің Идеяма,
Байланысыма айналу сипатында болмақ. Алайда мұнда қарым-қатынас
күшке сүйенбей, абсолютті өзгешелікпен тату түрде жүзеге асады.
«Басқаның» «қарсыласуын» маған күш көрсету деп қабылдамаймын, бұл
мені терістеу емес: керісінше, позитивті құрылымға, яғни этикаға ие.
«Басқамен» барлық кезде қарым-қатынаста болатын жайт, ол қарсылық
көрсеткенде, оны ұстап алып, айла-амалдың көмегімен алдап кету емес.
Мен келбетсіз құдаймен күреспеймін, мен оның лебізіне, маған жолдаған
хабарына (уахи) жауап беремін.
2. Этика мен Келбет
«Келбет» менің меншігіме, менің билігіме берілмейді. Ол өзінің
эпифаниялық (жан сарайының жарқырап ашылуы сəтінде) сипатында,
өзінің сезімге бай лебізінде қолжетімді бола түседі (ашыла түседі), өзін
иемдену, меншіктеуге үзілді-кесілді қарсы тұрады. Мұндай өзгеріс жаңа
өлшемдер ашылған кезде орын алады. Шын мəнінде, меншіктеуге
қарсылық мызғымас кедергіге, қарсылыққа, яғни кез келген адамның тауын
шағып, тауанын қайтаратын берік жартасқа, бізді көктегі жұлдыздардан
бөліп тұратын ұшы-қиырсыз кеңістікке деген қарсылыққа ұқсамайды.
«Келбеттің» əлемге жолдаған лебізі – менің əлі толық жетілмеген
мүмкіндіктерімді сынау емес, менің билікке деген қабілетіме тасталған
үндеу.
1
Заттардың арасындағы бір зат болып саналатын келбет өзін
шектейтін формалар арқылы сыналады. Бұл нақты мынаны білдіреді:
«Келбет» менімен тілдеседі жəне осылай мені байланысқа түсуге
шақырады. Бұл байланыстың менің құштарлығым мен біліміме ешқандай
қатысы жоқ, яғни ол менің құмарлығым мен білімімнен тыс өрбиді.
Алайда осы жаңа өлшем «Келбеттің» сезімдік қабатында ашылады. Оның
лебізінде көрінетін пішіндерінің бедері əрдайым ашық болатындықтан,
карикатураға арқау болады. Пішін күйрейді. «Келбет» киелі əрі күлкілі
сипаттың арасында қалады, ол қандай да бір мəнінде күшке де тəуелді. Тек
келбеттің осы сезім қабатында ашылатын тереңдік осы күштің табиғатын
өзгертеді. Бұдан былай ол меншіктеу қабілетінен айырылады, бірақ өлтіруі
мүмкін. Ол сезім күйін өлтіруді көздейді, дегенмен оның алдында тұрып


меншіктеумен ғана болмысын жоққа шығара алмайсың. Сезімдік күйді
өлтіргенмен, ол ешқандай жағдайда да жоғалып кетпейді. Игеру немесе
пайдалану жолымен «жоққа шығару» əрқашан шала-шарпы, жартыкеш
күйінде қалады. Заттардың тəуелсіздігіне нұқсан келтіретін игеру əрекеті
оны «Мен үшін» сақтайды. Заттарды күйретудің, оларға жара салудың,
жаратылысты қырып-жоюдың келбетке ешқандай қатысы жоқ. Ол дүниеге
тəуелді емес (ол дүние істеріне араласпайды). Мұның барлығы еңбекпен де
байланысты, осы əрекеттердің барлығы біртұтас сипатқа ие жəне қандай да
бір қажеттілікке жауап береді. Тек өлтіру ғана толықтай жоққа шығарумен
бірдей. Еңбектену я болмаса пайдалану үдерісінде жоққа шығару көрсету
жолымен жоққа шығарған сияқты басып алу я болмаса дендеп кіруді
жүзеге асырады, оған қарай ұмтылады. Өлтіру билеуді емес, жоюды
білдіреді, меншіктеуден толықтай бас тартуды білдіреді. Өлтіру биліктен
тайқып кеткен адамға билікті қайтадан орнатады. Келбет өзін сезім
сипатында көрсететіндіктен, мұнда билік жайлы да, сонымен бір мезетте
биліктен айырылу жайлы да айтуға болады, өйткені келбет сезім күйін
көктей өтеді. Келбетте көрінетін өзгешелік түбегейлі терістеу үшін жалғыз
мүмкіндік береді. Мен мүлдем тəуелсіз болмысты, яғни менен шексіз күші
басым, сондықтан қарсыласуға келмейтін, менің билеп-төстеу қабілетімді
сөндіретін болмысты өлтіргім келеді. «Басқа» – бұл мен өлтіргім келетін
жалғыз болмыс.
Бірақ шексіздік пен менің мүмкіндігімнің арасындағы осы қайшылық өте
үлкен кедергі мен оған жұмсалатын күш арасындағы қайшылықтан қалай
ерекшеленеді? Кедергі мен қарсыласудың орнына оны жоқ қылуды жөн
көретін жойымпаздық əрекетінің қадірсіз құбылыс екенін айтудың мəні
жоқ. Осы бір адамзат тарихындағы ең қарабайыр құбылыс айрықша
мүмкіндіктерге сəйкес келеді, өйткені болмысты түбегейлі жоюды (күлін
көкке ұшыруды) көздейді. Мұның осы болмыс əлемінің бір бөлігі ретінде
иемденуі мүмкін күшке еш қатысы жоқ. Маған «жоқ» деп тəуелсіз жауап
беруге қабілетті «Басқа» өткір семсерге түйреледі немесе тапаншаның
қорғасын оғына тап болады яки оның «өзі үшін» мызғымас мінезі «жоқ»
деген сөз аузынан шыққан кезде жоқ болады. Семсер немесе оқ жүрегіне не
жүрекшесіне (бұл жерде автор жан-жануардың кішкене жүрегін айтып тұр.
– 
Ред.
) қадалғанда жоғалады, мызғымас мінезінен тамтық та қалмайды.
Əлемдік өлшемде алғанда, ол түк те емес. Ол маған қарсы күресуі мүмкін,
яғни оның қаһарлы (тажал) күшіне қарсылық күшін тоспайды, өзінің
беймəлім жауабын көлденең қоюы мүмкін. Олай болса, ол маған шағын


күшпен қарсы тұрады, яғни бүтіннің бөлшегі ретінде көрінетін нақты
қуатымен беттесуге бел бумақ. Демек өз болмысының трансцендентті
сипатын, ұлы қуатын, өзінің тылсым кейпінің шексіздігін алға тартады.
Өлімнен де құдіретті болып көрінетін осы шексіздік бізге «Басқаның»
келбетінде қарсы тұрады, оның келбеті, оның бастапқы лебізі, алғашқы сөзі
– «Өлтірме». Шексіздік өзінің шексіз қарсылығымен күшті дəрменінен
айырады. Қатаң, жеңілмес өлтіру əрекетіне қарсылық «Басқаның»
келбетінен, «Басқаның қорғансыз күйінен, көзқарасынан, «Басқаның»
бойындағы Трансцендентті қасиеттің ашық сипатынан сезіліп тұрады.
Біздің алдымызда күшті қарсылық емес, абсолютті «Басқа» тұр: оның
қарсылық деуге келмейтін қарсылығы – адамгершілікке тəн этикалық
қарсылық. Келбеттің эпифаниялық сипаты шексіздікті өлтіруге, азғыруға
мүмкіндік береді, яғни өлтіруді түбегейлі жоюға талпыныс ретінде ғана
емес, сонымен бірге мұндай азғыру мен мұндай талпыныстың мүмкін
еместігі (күнə, қылмыс) екендігі ретінде безбендеуге жол ашады. Егер
өлтіруге қарсылық адамгершілік емес, шынайы əрекет болса, онда біз осы
субъективті құбылыстармен бірге қабылдаған болар едік. Біз «Басқамен»
байланыс ішінде емес, күрескер сана идеализмі шеңберінде қалып қояр
едік; бұл байланыс күреске өтуі мүмкін, бірақ ол енді күресу санасы
шеңберінен шығып кетеді. Келбеттің эпифаниялық көрінісі – этика. Осы
келбеттің төндіруі мүмкін күрес қаупі трансцендентті лебізді білдіреді.
Келбет күрестің болуы мүмкін екенін көрсетеді, мұндай қауіп шексіздіктің
эпифаниялық 
сипатын 
жоғалтпайды 
жəне 
оның 
алғашқы 
сөзін
баяндамайды. Соғыс бейбітшілікті жорамалдайды, «Басқаның» күшке
бағынбайтын қасиетін танытады; ол алғашқы жүздесу оқиғасы емес.
Өлтірудің мүмкін еместігі жай ғана теріс, формалды мəнге ие емес;
шексіздікпен қарым-қатынас, шексіздік идеясы (біздегі) оған позитивті
негіз береді. Шексіздік этикалық (адамгершілік) қарсылық жағдайында
келбет ретінде алға шығады, ол менің билігімді қауқарсыз қылады. Қатаң
абсолютті түрде ол өзінің міскін күйінде қорғансыз кейіпте көрінеді. Осы
ғаріп, міскін күйді ұғыну «Басқамен» туыстық сезімді оятады. Міне,
сондықтан шексіздік эпифаниясы лебіз бен сөзден тұрады. Лебіз бен сөздің
бастапқы маңызы олардың жасырын ішкі əлемге қатысты ақпараттарды
жеткізуімен түйінделмейді. Лебізде адам болмысы өзін көрсетеді. Болмыс
өзінің жеке көрінісіне қатысады һəм осы арқылы менімен байланысқа
түседі (сұхбат құрады). Мұндай қатысу образдың (бейненің) бейтараптығы
емес, менің жан-дүниемді қозғайтын өтініш ретінде өрбиді. Өйткені онда


«Басқаның» міскін жəне ұлы күйі қатар көрінеді. Менімен сұхбат құру –
көріністе ырғақты көрінетін барлық нəрседен əрдайым басым түсу деген
сөз. Өзін «Келбетте» көрсету – өзін көрінетін нəрсенің ар жағында ұстау
деген сөз, көрінетін пішіннен де терең тұру деген сөз, яғни өзін көрсетпей
тікелей жүзбе-жүз дидарласу, өзінің қорғансыз, мұқтаж, міскін күйін
жасырмай, ортадағы қандай да бір дəнекер бейнелерден арылу. Адамның
қалауында «Басқаның» ұлылығы мен кішіктігіне жеткізетін бүкіл жолдар
тоғысады.
Сөз айналаға шұғыласын таратқанымен, өзі көрінбейтін болмыстың
сəулесі сияқты түгел жайылмайды, сұлулық жайлы əңгіме болғанда осылай
сипаттауға болады. Өзін көрсету, демек, біреуді сұхбатқа шақыру, оның
сұрақтары мен жауаптарына дайын болу деген сөз. Сөз түпкі (төл) көрініс
те, əрекет те емес. Түпнұсқа көріністе айтылатын болмыс көріністі тудыру
мүмкіндігін өзінде сақтайды. Мені құшағына алған əлем «еркін ойлауға»
қарсы дəрменсіз, ол əлемнің мені өзіне тартуын тоқтатуға қабілетті тіпті
іштей оны терістей де алады, өйткені ол жасырын өмір сүре алады. Маған
тіл қатқан адам өзі жайлы мəлімет береді, өзінің міскін, қорғансыз, аш
халін айтып, маған шағынады əрі мұндай əрекетті мен оның жанайқайына
үн қосатындай етіп жасайды. Демек, мен оның шарасыз халін көргенде,
еріксіз қайғы-қасіретін бөлісуге ұмтыламын. Осылайша сөз барысында өзі
жайлы мəлімдейтін болмыс менің еркіндігімді шектемейді, керісінше,
менің мейірімді қасиетімді оятып, еркіндігіме жан бітіреді. Жауапкершілік
əлемінде болмыстың ауыр салмағы кез келген мысқылдың, күлкінің үнін
өшіреді, бұл əлемде сонымен бірге күмəнсіз еркіндік туындайды,
болмыстың өте ауыр жүгі менің еркіндігімнің тууына əкеледі. Болмай
қоймайтын құбылыс соқыр тағдыр сипатын білдірмейді, ол қатаң мейірімге
ие. Бұл – сөз бен жауапкершілік арасындағы байланыс, бұл – тілдің шарты
немесе этикалық маңызы, бұл – тілдің, болмыстың кез келген ашылу сəті
мен сəулесін ескертетін функциясы, бұл тілді алдыңғы ойларға бағынудан,
ішкі қозғалыстарды сыртқа танытатын я болмаса оларды əмбебап күйге
келтіретін жұмыстардан құтқаруға мүмкіндік береді. «Келбеттің» көрінісі
түпнұсқа мəнде емес, өйткені түпнұсқа жасанды нəрсемен, яғни өзінің
мəңгілік серігімен бірге жүреді. Күлкіге де ұшырайды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет