«Əлдебіреудің тұлғаның санасы мен еркіне тəуелді емес» объективті
«шынайылыққа» қол жеткізіп, дистрибутивтердің арасындағы байланысты
бұзуы үшін, əлеуметтік қатынастардың «шынайылығының» бөлшектеріне
қол жеткізу үшін əлеуметтік қатынастар туралы жалпыға ортақ пікірді бұзу
арқылы дихотомиядан бас тартуымыз керек.
Қорыта айтқанда, əлеуметтік ғылымдар əлеуметтік семиологияны
мойындайды. Адамзат «шынайылықты»
тек логикалық жіктеу
23
арқылы
ғана тани алады дейтін Дюркгеймнің əлеуметтік физикасы мен əлеуметтік
қатынастар менталды, лингвистикалық құрылым ғана деп тұжырымдаған
Гарольд Гарфинкельдің идеалистік семиологиясы арасындағы пікірлерді де
бір-бірімен ұштастыруға болады. Ол үшін, бар болғаны, дефицит туралы
пікірімізді дамытып, соған байланысты бəсекені өсіруіміз керек.
Объективтілігін төмендетіп алмау үшін жіктеуді əлеуметтік физикаға сай
жүргізуіміз
керек.
Басқаша
айтқанда,
əлеуметтік
тапқа
бөлетін
объективтілік теориясы мен «əлеуметтік құрылымға» онша мəн бере
бермейтін субъективті
теорияның шеңберінен шығып, ұжымдық жіктеу
деңгейіне көтерілуіміз керек
24
.
Есте сақтайтын бір нəрсе: тауарға салынған белгі сол тауардың айрықша
таңбасы болуы да мүмкін. Бірақ жай ғана қарабайыр белгісі болып қалуы
да ғажап емес. Қалай қабылданатыны сол тауарды тұтынушы топтың
ұйғарымына байланысты болады. Тапты анықтау үшін тұрмысына,
қажеттіліктеріне назар аудару қажет. Бұл жерде символды белгінің
айрықша көзге түсіп тұруы міндетті емес. «Беркелейн»,
яғни шағын
буржуазиялық көзқарас əлеуметтік сезімді төмендетіп, символдық
белгілердің əлеуметтік-экономикалық күйдегі дербес болуы қисынға сай
екенін айтқан. Мұндағы жеке һəм ұжымдық күрестердің мақсаты
əлеуметтік қатынастарды қабылдау мен бағалауды өзгерту. Сондықтан олар
таптық күрес сипатынан айырылған. Жіктеу схемасы осы дербестікке де
белгілі бір шектеу қойған. Күрестің өзі іріктеген
кезде таптық сипатына
мəн берген. Əлеуметтік субъектілер, оның ішінде əлеуметтік қатынастарға
баға бере алатын интеллектілер ешбір шектеудің болмауы тиіс деп кез
келген шекарадан шығып кетуді жөн санайды.
Достарыңызбен бөлісу: