майевтиканың
соқыр сенімінен ажырайды, бірақ рационалды қасиеттен бөлінбейді.
Өйткені ақылға зорлық жасаудан жырақ тұратын шексіздік идеясы күш
көрсетпеу қағидасына жан бітіреді, басқаша айтқанда, этиканың тууына
жол ашады. Ақыл үшін «Басқаның» пайда болуы диалектикаға қозғау
салатын дағдарыс емес, алғашқы білім ретінде көрінеді. Адам шексіздік
идеясын иеленгенімен, оны өзіне толық бейімдей алмайды. Бірақ ол адам
майевтика
тəсілімен білім алмайды. Оның өмір тіршілігі үздіксіз осы
дəрістерді қабылдаудан тұрады, бұл оған əрдайым өзінің (немесе
уақыттың) шегінен шығып кетуіне мүмкіндік береді. Ойлау – шексіздік
идеясын иелену яки білім алу деген сөз. Парасатты ойлау осы біліммен
үйлеседі. Тіпті дефинициядан (анықтама) шығатын логикалық ойлаудың
формалды
құрылымына
сүйенсек
те,
өз
кезегінде,
шексіздікті
(салыстырмалы түрде, ұғымы шектеуге ұшырайтын) айқындау мүмкін
емес. Олай болса, бұл «танымның» жаңа құрылымын ұйғарады. Біз мұны
Келбетпен байланыс деп ұйғаруға əрі мұндай байланыстың этикалық
маңызын көрсетуге талпынамыз. «Келбет» дегеніміз – айқындық, ол
айқындықты картезиан рационализмінің мəйегінде жатқан құдіретті
шындық ретінде жүзеге асырады.
4. Тіл мəнді қалыптастырады
Сонымен, тіл парасатты ойлаудың қызмет етуіне жол ашады, ол ойлаудың
болмысына жан бітіреді, сөйлеп тұрған адамның, яғни өзін көрсететін
адамның келбетіндегі мəннің бастапқы бірегейлігін ұйғарады, əрдайым
өзінің жеке образының, өзінің сөздік таңбаларының екіұштылығын
күйретеді. Тіл ойлауға негіз болады, мұнда тілдің физикалық, материалды
сипаты жайлы емес, тілдің «Бірдейдің» «Басқаға» деген қатынасы ретіндегі
қасиеті жайлы əңгіме болып жатыр. Ол басқа туралы түсінікпен де,
ойлаудың мақсатымен де, санамен де қабыспайды, өйткені ол ешқандай
сананың құрамында болмайтын қасиетпен, яғни «Басқаның» шексіздігімен
байланысты. Тіл өзінің ойынын сананың ішінде жүргізбейді: ол маған
«Басқадан» келеді де, санада орнығады. Оны сынға алады. Бұл санамен
үйлеспейтін оқиға ретінде көрінеді. Мұнда барлық нəрсе, тіпті бөтеннің
қайғысы да сананың ішінде туады. Тілді сананың позициясы деп есептеу
оның бөлінуін емес, керісінше, оның көрінетін маңызына мəн беруді
білдіреді. Оның идеализмнің трансцендентті ойының құрамдас эгоға
қатысты (констуитивті, эгологиялық) табиғи ерекшелігін есепке алуды
білдіреді. Айқындаушы интенционалды қасиетпен салыстырғанда, таза
санамен салыстырғанда, дискурстың ерекшелігі – имманенттілік ұғымын
күйретуі; санадағы шексіздік идеясы дегеніміздің өзі – сананың өзінің
шегінен шығуы. Сананың көрінісі адамның жанында маталып қалмаған
келісім, сыйластық, қонақжайлылық қасиеттерінің алдында ашылады.
Алайда тілдің бірінші дəлелі ретінде алынған көрініс (оны жүзеге асыратын
онтологиялық құрылымды көрсетпей) тілді əрекетпен теңестіреді, бұл –
ойдың дене мүшелері арқылы сыртқа шығуы, бұл – менің ойымның
жалғасы. Менің ойым күмəнсіз, жеке дене категориясының прототипі
ретінде қызмет етеді немесе кейбір заманауи философия ағымдарында
мəйекті орынға ие ойдың көрінісі ретінде əрекет етеді. Мұнда айтылған
тезис тілдің елемеуге болмайтын барлық тəжірибелік мəніне қарамастан,
тіл мен əрекетті, сөз бен еңбекті түбегейлі бөліп қарастыруға бағытталған.
Дискурстың сананың қалыптасуындағы негізгі рөлі күні бүгінге дейін
мойындалмай келді. Сөздің қызметі оның санаға тəуелділігімен
түсіндірілді, яғни ол оймен байланыстырылды. Номинализм алғаш рет
оның басқа функциясын, яғни сана құралы ретіндегі функциясын
айқындауға талпынды. Сөздің символдық функциясы ойдың белгілі
мазмұнынан гөрі ой жетпейтін нəрселерді тұспалдады; бұл символизм
толыққанды, ойдың араласуын талап етпейтін кейбір санадағы интуитивті
мəліметтермен астастырылды. Теория тек жалпы объектіге бағытталуға
қабілетсіз ойлау мен бұған қарымы жететін тіл арасындағы алшақтықты
түсіндіруді мақсат тұтты. Гуссерльдің сыны сөзді толығымен сананың
ырқына жығып беріп, осы айқын айырмашылықты атап көрсетті. Сөз –
терезе; егер ол ойға тосқауыл болса, онда оны алып тастау керек.
Хайдеггердің Гуссерль сарынындағы эсперантистік сөзі айқын жəне мəнді
тарихи шындыққа ие. Бірақ ол ұғыну үдерісімен байланысты күйінде
қалады.
Бос сөзге деген сенімсіздік парасатты ойлаудың талассыз барлық тілдесім
əрекеттерінің үстемдігіне əкелді, ол ойлауды тілге таңбалар жүйесі ретінде
қосады немесе оны осы таңбаларды таңдауды жүйелейтін тілмен
байланыстырады. Тіл философиясы аймағындағы заманауи зерттеулер
ойлау мен сөйлеу арасындағы өзара терең байланыс жайлы ойды
қалыптастырды. Мерло-Понти, басқалары сияқты жəне басқаларынан
ерекше түрде, сөзден бұрын санада көрінген ой, сөз əлемін айқындайтын
һəм өзгермейтін трансцендентті жол арқылы алдын ала айқындалған
мəндердің көмегімен сөзді əлеммен біріктіретін ойлау тек миф қана болуы
мүмкін деп көрсетті. Ойлаудың өзі, мейлі ол бір халықтың, мейлі бір
өркениеттің тілі болсын, таңбалар жүйесінде операция тудырумен əрі осы
операциялардан мəндер алумен түйінделеді. Ойлау жорамалға жүгінеді,
өйткені ол өзі байланыстыруға тиісті алдыңғы түсінікке де, мəнге де, сөзге
де сүйенбейді. Ол денеге тəн «менің қолымнан келеді» деген түсінік
аясында əрекет етеді. Олай болса, ойлау дене мүшелері арқылы сөзге
айналмай немесе сипатталмай тұрып, осы аяда əрекет етеді. Мəн өзін
толғаған ойды аңдаусызда ұстап алады.
Алайда неліктен таңбалар жүйесіне жүгінетін тіл ойлау үшін қажет?
Неліктен объект я болмаса қабылданған объект мəнге айналу үшін атауға
мұқтаж? Мəнге ие болу дегеніміз не өзі? Осы көрінген тілден алынған мəн,
дегенмен «мақсатты объект» концепциясында қалып қояды. Айқындаушы
сана құрылымы тек дене мүшелерімен, яғни айтушы яки жазушы адам
арқылы жарыққа шыққанда ғана дербес құқығын иеленеді. Мəннің
көріністен
үстемдігі
өзін
көрсетудің
(айқындаушы
мақсатпен
салыстырғанда, жаңа) жаңа тəсілінде, яғни құпиясы «дененің мақсат-
ниетін» талдаумен ашыла қоймайтын тəсілде жатқан жоқ па? Сонымен
бірге таңбаның дəнекерлігі мəнді символдық қатынастың «қозғалысын»
объективті əм статикалық көрініске енгізетіндіктен айқындай ма? Бірақ
мұндай жағдайда тіл бізді заттардың мəйегінен аулақтатып жатыр деген
күмəн қалып қояды.
Керісінше
тұжырымдап
көрейік.
Мəнді
таңбаның
дəнекерлігі
тудырмайды, керісінше, мəн (бастапқы оқиғасы – жүзбе-жүз дидарласу
қатынасы) ықтимал таңбаның қызметіне жол ашады. Тілдің бастапқы мəнін
(мен жəне басқаларға тілдің көмегімен ойды тудыратын) дене мүшелерінің
қимылынан емес, мəннің көрінуінен іздеу керек. Бұл бізді айқындаушы
объектілерге, трансцендентті санаға əкелмейді. Оған əңгіме болған тіл
теориясы да қарсы болған. Өйткені мəн теорияның алдында, яғни
трансцендентті сананың айқындаушы еркіндігінің алдында тұрмайды.
Мəннің болмысы этикалық байланыс шеңберінде айқындаушы еркіндіктің
өзін сынға алумен түйінделеді. Мəн – «Басқаның» келбеті, сондықтан сөзге
қатысты кез келген түсінік тілге тəн жүзбе-жүз дидарласудың бастапқы
байланысында жүзеге асады. Сөзге деген кез келген қатынас бастапқы
мəннің
қисынын
көрсетеді.
Бірақ
бұл
қисын
«сана»
ретінде
түсіндірілгендіктен, қоғам мен міндет ретінде көрінеді. Мəн – «Шексіздік»,
бірақ шексіздік өзін трансцендентті ойлау ретінде де, сана əрекеті ретінде
де көрсетпейді, ол өзін «Басқада» көрсетеді; «Басқа» менімен жүзбе-жүз
дидарласады əрі мені сұрақ астына алады, маған шексіздіктің маңызын
міндеттейді. Бұл «ештеңе» біз мəн деп атайтын нəрсе адамда тілмен бірге
пайда болады, өйткені тілдің маңызы «Басқамен» байланыс ретінде
көрінеді. Бұл байланыс ішкі монологке үстелмейді, яғни ол, Мерло-
Понтидің сөзімен айтқанда, «дене мақсатына» тəн емес. Мысалға, оны
поштамен жіберетін қораптың сыртына жазылатын адреспен салыстыра
алмайсыз. Ішкі дискурсты келбетте көрінетін болмыс пен келісім жəне
əлеуметтік этика оқиғасы билеп-төстейді. Келбетте көрінетін эпифаниялық
сипат
басқа
жаратылыстар
сияқты
айқындалмайды,
өйткені
ол
«шексіздікті» береді. Мəн – шексіздік, яғни «Басқа». Ұғынықтылық – ұғым
емес, ұғыну тəсілі. Мəн
Достарыңызбен бөлісу: |