баяндалған оған қарсы уəждердің мəні əлі құнын жоймаған.
Осы
тұжырымдардың
қысымымен
кері
шегініп
немесе
осы
«феноменмен» барынша үйлескен «ақылды болмыста жүзеге асатын кемел
жоспарлардың ішкі бірлігі» деп есептеуге болады. Бұл тұрғыда, дербес
сана (осы санада жоспар ашылады немесе өзін білдіреді) өзінің айрықша
дербестігінен əрі бірегейлігінен бас тартады я болмаса ақылға сыятын
(ноуменалды) саланың жағына өтеді. Мұнда ол «Мен ойлаймын» (
cogito
)
позициясында шексіз субъектінің уақыттан тыс рөліне ие. Ол басынан
бастап қарастырып əм қалыптастырғандай көрінетін Мемлекеттің əмбебап
тəртібінде еріп, соған сіңіп кетеді. Екі жағдайда да тілдің рөлі дербес сана
қасиетін «Мен ойлаймын» тіркесінде түрлендіру үшін не оны жеке
дискурста еруге мəжбүрлеу, содан кейін Мемлекетке кірген кезде «Мен»
болып қалудың орнына, яғни тарихты өзі пайымдаудың (төрелігін берудің)
орнына тек тарихтың өзіне айтқан үкіміне бас июі мүмкін.
Мұндай рационализмде қандай да бір қоғам жоқ, яғни мүшелері
байланыстан аулақ тұратын қандай да бір байланыс жоқ.
Гегель ізбасарлары тиран сезімін адамның бойындағы жануарға тəн
қасиетке жатқызуға айрықша күш салды, анонимді заң алдында тұрған
адам осы қасиетті бастан кешіреді. Бірақ ойланатын жануар қалай тіршілік
етуі мүмкін, ерекше «Мен» қарапайым ортақ идеядан қалай əсерленуі
мүмкін, ол қалайша эгоизмнен бас тартуы мүмкін?
Егер, керісінше, ақыл тілде өмір сүрсе немесе жүзбе-жүз дидарласу
сəтінде бірінші ақылдың қасиеті байқалса ше? Егер бірінші ұғымталдық
қасиеті, бірінші мағына өзін келбет ретінде көрсететін жанның шексіз
қабілетінен шығып жатса я болмаса ақылдың өзгешеліксіз құрылымдары
мағынаны анықтаудың орнына, мағына ақылды анықтаса не болмақ? Қоғам
осы өзгешеліксіз құрылымдардың тууынан бұрын келсе не əмбебап қасиет
(
Достарыңызбен бөлісу: