Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет269/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

universality
) маған қараған көзден адамдық нышан ретінде байқалып
салтанат құрса қалай болар еді? Ақыр аяғында, осы көзқарас менің
жауапкершілігімді оятып, жауапкершілік пен жанпидалық сезімі ретінде
менің еркіндігіме кие дарытып жатқанын еске алар болсақ, мұндай
жағдайда, яғни ақылдың мəні артқан кезде қоғамның плюрализмі жоғалып
кетпес еді. Ол ақыл рөлінің күшеюінің бір шарты, себебі болып қалады.
Ақыл мені көптен өзгешеленбейтін, ерекше қасиеті жоқ адамға
айналдырмайды, ол қоғаммен қоян-қолтық қауымдасып өмір сүруге
қабілетті «Мен» тұлғаны тудырады жəне «Меннің» құштарлығын
даралайды. Себебі «Шексіздік» жүзеге асу үшін осылай бөлектейді. Ал


оның шексіздігі «жүзбе-жүз дидарласу» ретінде көрінеді.
5. Тіл мен объективтілік
Саналы əлем – «Басқа» өмір сүретін əлем, соның арқасында менің
құштарлық əлемім мəнді тақырыпқа айналады. Заттар тек қарапайым
қолданыс болып қана қоймай, саналы мəнге ие болады, өйткені «Басқа»
менің олармен байланысыммен астасады. Затты белгілегенде мен оны
«Басқа» үшін белгілеймін. Белгілеу əрекеті мені заттармен байланыстырып
тұрған рақаттану мен меншіктеу қатынасын өзгертеді əрі оны «Басқаның»
көзқарасына орналастырады. Сондықтан таңбаны қолдану заттармен
тікелей байланыс үшін жанама байланысты өзгертумен шектелмейді, бірақ
маған заттарды қолжетімді, ашық қылады, оны менің қолданыс аямнан
алып тастауға, жат болуға, сыртқа тебуге мүмкіндік береді. Заттарды
белгілейтін сөздер «Мен» жəне «Басқа» арасында бөлінгенін көрсетеді.
Объектілердің объективтілігі менің заттарды меншіктеп, бірақ оған өзімді
тəуелді етпейтін кездегі пайдалану мен рақаттанудың тоқырауынан келіп
шықпайды. Объективтілік – «меншіктеуді» сұрақ астына алатын тілдің
нəтижесі. Мұндай құтылудың оң мəні бар, оның барысында зат «Басқаның»
шеңберіне кіреді. Зат тақырыпқа айналады. Тақырыпқа айналдыру – сұхбат
кезінде «Басқаға» «əлем», «кеңістік» ұсыну. Сөйтіп, «арақашықтық»
объектіге қатынасы бойынша өзінің кеңістікті білдіретін мəнінің шегінен
шығады.
Мұндай объективтілік жекелеген субъектінің қандай да бір қасиетімен
емес, оның «Басқамен» қатынасымен үйлеседі. Объективтендірілу тілдің өз
жұмысы кезінде жүзеге асады. Оның барысында субъект өз меншігіндегі
заттардан айырылады. Ол бейне бір өз тіршілігінен қол үзіп, самғап
жүргендей, əлі толықтай тіршілікке енбегендей болады. Бұл арақашықтық
əлемдегі əрбір арақашықтыққа қарағанда, мүлдем бөлек (радикалды)
сипатта. Субъект өзінің дербес болмысынан қашық тұруы тиіс, тіпті ол əлгі
тұрған үйге тəн қашықтыққа да қатысты.
 
Өйткені терістеу əлемнің
тұтастығына бағытталса да, тұтастықтың ішінде қала береді. Объективті
арақашықтыққа қол жеткізу үшін субъект болмыстың ішінде болуы да,
болмауы да керек, яғни бір мəнінде ол əлі дүниеге келмеу керек, бейне бір
əлі табиғатта болмаған тəрізді болуға тиіс. Егер объективтендіруге қабілетті
субъект əлі жетіліп болмаса немесе осы қабілетін толық жүзеге асыра
алмаса, «əлі емес», осы əрекетке айналуы мүмкін жағдай болмыстың емес,


уақыттың «кемшіндігін», жеткіліксіздігін білдіреді. Объектіні тану һəм оны
тақырыпқа 
айналдыру 
субъектінің 
өзіне 
қатысты 
арақашықтыққа
негізделеді яки уақытпен ғана жүзеге асуы мүмкін, егер қолайлы болса, ол
өзіндік сана-сезімге негізделеді. Бірақ мұның бір шарты бар. Ондағы
«Мен» жəне «Мағанның» «арақашықтығы» уақыт арқылы мойындалады.
Алайда уақыт «əлі емес» жағдайын белгілей алады, бұл кезде «кемшін
болмыс» болмас еді. Ол бір мезетте сарқылмас шексіздік болашағы ретінде
ғана болмыс пен өлім екеуінен жырақ тұруы мүмкін, яғни бұл – тілдік
қатынас үдерісінде пайда болатын нəрсе. Субъект басқамен сұхбат кезінде
өз меншігіндегі нəрсе жайлы айтып, өз болмысының шегінен шығып кете
алады. Бірақ «Басқаның» шексіздігін қабылдап қана, ол осындай
айырылуды талап ететін еркіндікке ие болады. Түптің түбінде, ол мұны
кемшін я болмаса шектеу сезімінен емес, Шексіздік идеясымен келген
қордан, яғни бой көтерген «Қалаудан» алады.
Тіл объектілердің, яғни ойдың, сезімнің жарыққа шығуына, тақырып
еншілеуіне мүмкіндік береді. Гуссерль былай деген болатын: «Ойдың
объективті сипаты оның іс жүзінде барлығы үшін шынайы екендігімен
түйінделеді». Олай болса, «тану – менің ойымның басқалардың ойымен
алдын ала ұштасуы» дегенді білдіреді. Яғни менің айтып тұрған нəрсем
басқалардың ойларында да қалыптасып қойған.
Сөйлеп тұрған кезде мен «Басқаға» «Мен» үшін объективті нəрсені
жеткізбеймін, объективті нəрсеге ол тек сұхбат барысында ғана айналады.
Алайда Гуссерльде осы сұхбатқа жол ашатын «Басқа» бастапқыда
монодикалық (біртұтас) ой ретінде айқындалады. Объективтіліктің
іргетасы субъективті сипатқа ие үдерісте қаланады. «Басқамен» қарым-
қатынасты этикалық қасиетке балау арқылы біз алдымызда тұрған бір
қиындықты 
еңсере 
аламыз. 
Бұл 
қиындық 
Декарттың 
«cogito»
(«ойлаймын») деген сөзіне қарағанда, өзін «Басқадан» мүлдем тəуелсізбін
деп есептегенде туады.
Шын мəнінде, Декарттың «Cogito»-сы «Үшінші толғаныстың» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет