Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет293/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
Song of Myself 
22.461–24.5):
Мен көптеген аңғал дауыстар естимін,
Тұтқындар мен құлдардың шексіз үндерін,
Ауру мен үмітсіздердің, ұрылар мен ергежейлілердің.
* * *
Мен тыйым салынған дауыстар естимін,


Жыныстар мен құймырлардың, шілтерлердің даусын
естимін, жəне пердені түремін.
Оғаш дауыстардың мəнін айқындап, түрлендіремін...
Күннің алапат шұғыласы мені өлтіретіндей шыжғырады,
Егер мен осында тұрмасам һəм сəуледен бой тасаламасам. (М.Т.)
Ақын, шын мəнінде, өз сөзін демократия үшін бір сəулелі үмітке балап,
үнсіз адамдардың даусына айналады. Эллисон сияқты Уитмен де өзімізбен
бірге өмір сүріп жатқан, ет пен сүйектен жаралған пенделердің қасіретін
көре алмайтын соқырлығымызды тілге тиек етеді. Оның өлеңдері
Эллисонның романы тəрізді өзін басқаларды мойындау мен оларға қосылу
құралы ретінде суреттеледі. Оның талап ететін түсінігі басқа адамдардың
үндері мен құқықтарына құрмет көрсетуді талап етеді. Басқалардың да біз
сияқты күш-қуатқа ие күрделі болмыс екенін еске салады. Олар қарапайым
объектілер де емес, үстемдік пен қанағат сезімінің иелері де емес. Сонымен
бірге бұл қажеттілік пен кемшілікті айқын түйсінуге жол ашады. Дəл осы
ұғымында əділдікке бейсаналы түрде ұмтылу қасиетіне маңыз дарытады.
Афинадағы сияқты, Америкада да əдеби қиялдан нəр алған жанашырлық
сезімі бірден саяси өзгеріске əкелмейді, алайда бізді оның моральдық
құндылығын терістеуге мəжбүрлемеуі тиіс. Егер біз Уитменнің идеясын
басшылыққа алсақ, онда əдебиет саласын азаматтарға арналған
бағдарламаның өзегіне қою өте маңызды деген қорытынды шығаруымызға
болады. Өйткені оның азаматтық санаға қозғау салып, игілікті іске
атсалысқысы келетіндерге аса маңызды түсіндірме (
interpretation
)
жұмысын атқаратыны, ақынның өнерін де дамытары анық.
Марк Аврелий нарратив қиялы тұрғысынан тағы да бір мəлімдеме
жасады. Бұл жазалаушы күшті терістеуге үлес қосады. Бұл мынаны
білдіреді: мəселен, біз біреудің неліктен ашу-ызамызды тудыратындай
əрекет жасағанын түсінсек, оны құбыжық кейіпте елестете қоймаймыз, ол
жайлы зұлым немесе бөтен деп ойламаймыз. Тіпті егер біз оның əрекетін
толық түсінбесек те, шебер жазушының мəнерімен оған сұрақ қойып, ол
адамның психологиясын өзімізде бейнелеуге тырыссақ, мұның өзі ашуға
қарсы дəрі бола алады. Біздің ашуымызға тиген ата-анамыз, сүйіктіміз я
болмаса балалардың ақталу əңгімесін өз-өзімізге айту қабілеті бізге


өзімшіл əрі кекшіл мінезден қашуға көмектесетін кезде, жеке өмірімізде
осы психологиялық механизмнің қалай жұмыс істейтінін оңай түсінуге
болады. Əсіресе, біздегі психологиялық жəне тарихи сипаттан тыс жат
объектілер ретінде қарастыруға болатын саяси өміріміздегі осы қабілет
өзімізден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскен кезде барынша
маңызды рөл ойнайды.
Бұл сəт қоғамның ашу-ызасына ұшыраған кейіпкерлерге арналған əдеби
туындыларға бірнеше рет арқау болды. Ричард Райттың «Туған ұл» (
Native
Son
) романын оқыған адам қылмыскер ретінде айыпталған Ұзынтұра
Томастың құбыжық кейпін, соты болған соң, оның баспасөздерде жарық
көруі туралы оқиға желісінде өзі танитын күрделі адаммен салыстырады.
Эдуард Морган Форстердің өзі дүниеден өткеннен кейін жарияланған
«Морис» (
Maurice
) романының оқырманы дəл осылай романдағы көптеген
кейіпкерлер арқылы гомосексуал жігіттің азғын стереотиптерін Мористің
өзінің ішкі дүниесімен салыстырады. Өйткені оқырман оның жан-дүниесі
мен қарым-қатынасқа түсуге деген арманын жəне махаббатқа деген
құлшынысын біледі. Уитмен айтқандай, əдеби ұғым дегеніміз – бір топтың
жеккөрінішіне ұшыраған адамға қатысты оянатын қиялдағы һəм сезімдегі
аяушылық қасиеті. Жат əрі жəбірленген кейіпте көрінетін адамды санасына
енгізу – өзімшіл мінездің мəдениеттегі көптеген таптаурын жайттарға қиыс
келетін ашықтық пен жауапкершілік қабілетін көрсету деген сөз.
Уитменнің аласталғандардың жанайқайын естуді талап етуі тағы бір
жайтты аңғартады: əдебиет өзінің азаматтық функциясын атқару үшін
шынымен де біздің ұжданымызды мазалауға, оятуға тиіс. Егер біздің
кейіпкерге бірден жанымыз ашыса, осылай істеуге шақыру сарынында
азғана моральдық құндылық бар. Кейде тəжірибе біздің дербес
жанашырлық сезімімізді айналып өтетін өзімізді көрсету қасиетіне
айналып кетуі мүмкін. Софоклдің 
«Филактетінің» 
көрермендеріне
тастаған үндеуі мынау: ол көрермендерді үсті-басын жара қаптаған
Филоктеттің жанұшырған айқайына, аққан іріңіне кейіпкерлердің
жиіркенішті де жексұрын кейіпте қарағанын байқауға шақырады. Райттың
«Туған ұлы» 
сүйіктісі Бессиді тышқан өлтіргеннен де оңай өлтіре салатын
зорлықшыл қылмыскердің өміріне үңілуге үндейді. Дəл осылай,
«Көрінбейтін адам» 
да əртүрлі кейіпкерлер жəбірленген жағдайда нендей
жайтты сезінетінімізді, нені байқай алатынымызды білуге үндейді. Бұл да
роман оқырмандары үшін қиын тəжірибе.
Бұл туындылардың бəрі қарапайым əдеби тілмен жазылған, бұл олардың


көтерген мəселесінің радикалды сипатына қарамастан, «əдебиет» аясына
бірден қабылданатынын түсіндіреді. Алайда əдебиет өнері аласталғандарға
«əдеби емес» жəне біздің сезімімізді есеңгіретіп тастауы мүмкін күнделікті
тілді айтуға, қолдануға мүмкіндік берген кезде өзінің Уитменге сай
(
Whitmanesque
) міндетін толық орындайды деуге болады. Британияның
əйгілі шығармаларға берілетін Букер əдеби сыйлығы 1994 жылы «Қалайша
ол кешікті, қалайша»
 
(
How Late It Was How Late
)
 
атты Шотландияның
Глазго қаласындағы еңбекші таптың өмірін арқау еткен романы үшін
Джеймс Келманға табысталды. Кейіпкердің көзімен баяндалатын бұл
роман, шотланд жұмысшы табының барлық диалектісін өз кейіпкерінің
сөзінде пайдаланған. Кейіпкердің ойы мен сөзінде қолдануы мүмкін
сөздерді де өзіне қосып алып, толық қарастырған. Сыйлықтың оған берілуі
наразылық тудырды, өйткені көптеген мəдени сыншылар «сайтан алғыр»
(
fuck
) сөзін төрт мың рет (санап шыққандар бар екен) қолданған туындыға
мұндай атақты əдеби тартуды беруге табанды түрде қарсы тұрды. Қызу дау
кезінде берген сұхбатында Келман өзінің жобасын Уитменнің көзқарасы
тұрғысында қорғап шықты. Ол айтқандай, жұмысшы тап өкілдерінің
дауыстары, негізінен, «ағылшын əдебиетінің» жоғарғы саналы қоғамынан
аласталған. Жаңа буын үшін, жоқ дегенде, Диккенстен бері жұмысшы тап
кейіпкерлері əдеби романдарда бой көрсететін дəстүрлер болған. Бірақ
олардың дауыстары алғашында əдеби дискурстың орта тап нормаларына
бейімделуі тиіс еді. Бұл шынайы еңбекші адамдарды көрінбейтін жандарға
айналдыру тəсілі болды.
Өнердің негізгі рөлі дəстүрлі даналық пен құндылықтарға үндеу
тастаумен түйінделеді. Сократқа тəн осы үрдіске қатысу тəсілдерінің бірі –
əдетте кездесе бермейтін адамдармен жүздесуді өтіну. Жəбірлеу өз-өзінен
əдеби қызмет нышаны бола алмайды. Бірақ шығармадағы жəбірлеу сарыны
оның азаматтық құндылығының бір бөлігі болуы мүмкін. Жаңа һəм
толғандырушы еңбектерді бағдарламаға қосу осы идеяларды есепке алуы
тиіс. Біз мұндай еңбектерді қарастырған кезде топтың жағдайын таныту
үшін қандай дəстүрлі емес туындылар немесе олардың үзінділері мығым
күшке ие екенін əрі адамға қатты əсер ететінін алдын ала білудің қиынға
соғатынын қаперде ұстауымыз керек. Біздің көбімізде кейбір тұрғылас
замандастарымызды мойындауға кедергі келтіретін қауіп пен соқыр үрей
бар. Өзіміздің мазасыздық сезіміміздің өте сенімсіз екенін мойындауға
тиіспіз. Біз жай ғана есеңгіретерлік нəрсе деп санаған жайттар, түптің
түбінде, шынайы қасиет саналуы мүмкін. (Бір ғана мысал: заманауи адам


сезімі Райттың 
«Туған ұлындағы» 
сынға ұшыраған көріністерді алып
тастауды талап етті. Ол көріністе Ұзынтұра мен оның досы кинотеатрда ақ
нəсілді əйелдің бейнесіне қарап, мастурбация жасап жатады. Кітаптағы осы
көрініс 1940 жылы жарыққа шыққан кезде оқырмандарды қатты
есеңгіретіп тастады. Содан болар, романның 1993 жылға дейінгі
басылымдарына кіргізілмеді. Енді мұны шығарманың нарративті дамуы
мен Ұзынтұраның қиялы мен тілегінің əлеуметтік қалыптасуын зерттеуі
үшін маңызды жайт деп қарастыруға болады). Шығарма біздің жеке
өміріміз бен заманымыздың қайшылықтарын арқау еткен кезде, өзіміздің
оқиғаны дұрыс бағалауға өреміздің жетпей жататынын да мойындау керек.
Əдеби өлшемнің сенімді критерийлері бар екенін де жоққа шығаруға
болмас. Осы себептен, біз өнердің жаңа аймақтарды барынша ауқымды
түрде зерттеу мүмкіндігін жəне университет оқытушыларының қайшы
туындыларды дəрісханада талдау құқығын қорғауға тиіспіз. Өзіміз осы
əдеби шығармалардың кереметтігіне сенеміз бе, жоқ па, ол енді басқа
мəселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет