адамдар əдетте тұманға эстетикалық түрде қарауға қабілетсіз, өйткені олар
өз қауіпсіздігін ойлап əуре болады.
16
Егер олар қауіпсіздік һəм игілік
аясындағы өздерінің практикалық мүдделерін тоқтатып қойып, тек өздерін
қоршаған түс пен бейнеге назар салатын болса ғана эстетикаға қол жеткізе
алады. Джордж Уилл оның талабын ұғыну үшін осындай көзқарасты
қорғауы тиіс. Эстетикаға қатысты өзге де жалпылама көзқарастар ішінде
саяси сын эстетикалық назардың мəйекті бөлігі болып көрінеді.
Формалистік көзқарас эстетикалық көзқарасқа балама бола ала ма? Оның
да белгілі бір интуитивті тартымдылығы бар. Егер мен тұманнан қалай
шығуды ойлап тұрсам, оның бейнесінің алуан түріне, оның түсі мен
формасына, мүлде назар аудармайтыным да рас. Бұл шындыққа сай келетін
қалыпты жағдай. Дəл осылай, егер мен Эллисонның романын нəсілшіл
үйлесімге қалай жету керектігі жайлы нұсқаулар жиынтығы ретінде я
болмаса Чарльз Диккенстің «Ауыр сəттер»
Достарыңызбен бөлісу: