Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет341/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Диалогтік, диалогизм 
(dialogic, dialogism).
 
Орыс сыншысы Михаил Бахтин бұл терминді
романдардағы əрқилы тілдесу, сұхбаттасу ерекшеліктерін сипаттау үшін қолданған. Романдарда
қоғамның əртүрлі тобындағы кейіпкерлер болады жəне олардың əрқайсысы əртүрлі диалектілерді,
сөз саптауларды романның дискурсына енгізеді. Мысалы, романда заңнама дискурстары, гендерлік
дискурстар, шағын əлеуметтік топтардың əртүрлі дискурстары сияқты сан алуан сөз қолданыстары
көрініс табады. Олардың əрқайсысы басқамен диалогке түседі: сұхбаттасады, араласады, бетпе-бет
келеді, өзара əрекетке түседі т.б. Романның мазмұндық болмыс-бітімі осы тілдесулер барысындағы
диалогтік қарым-қатынастан құралады. Бахтин романның осы тілдік сан алуандықтан тұратын
мазмұндық ерекшелігін поэзияның лирикалық қаһарманының жеке толғанысына, романтикалық-
монологтік сипаттағы поэзияға қарама-қарсы қойды.
Диахрония/диахронды
(diachrony, diachronic) – cөздің уақытша өзегін сипаттайтын құрылымдық
лингвистика термині.
Диегезис 
(diegesis) – əсіресе киноға қатысты көп қолданылатын интерьер хикаясы. Диегезис –
ойдан шығарылған əлемнің ішкі интерьері мен сол интерьердің бейнесіне қатысты термин. Көп
жағдайда, фильмді талқылау барысында сюжеттік оқиғалардан пайда болып, дыбыстық
сүйемелдеуге қажетті əуен ретінде алынған (əйгілі «
Касабланкадағ
ы» фортепианолардың əуен
тізбегі сияқты) жəне «Біздің өміріміздің ең керемет жылдары» фильміндегідей сюжеттік оқиғаларға
сырттан қосылған музыка арасында айырым жасалған кезде қолданылады. Бірі – интра-диегетик,
екіншісі экстра-диегетик болады.
Дезидентификация 
(disidentification) – экономикалық, идеологиялық жəне гендерлік биліктің
қазіргі тəртібі теліген субъективті бірегейліктен бас тарту жəне оны орнынан тайдыру.
Дискурс 
(discourse) – заң, өнер немесе ессіздік сияқты көптеген дүниелерге қатысты пікірлердің
жиынтығы. Дискурстар қандай ұйғарымның дискурста жоғары мəнге ие екенін анықтайтын
аксиомалық болжамдармен жəне жұмыс ережелерімен сипатталады. Дискурс ережесі дискурстың
заңды объектілерінің қандай екенін анықтайды. Мысалы, Мишель Фуко ессіздіктің жылдар өткен
сайын дискурста əртүрлі анықталатынын көрсетеді. Бір дəуірлерде ол əулиеліктің белгісі саналған.
Ал басқа бір жағдайда ауытқушылық деп есептеліп, қоғамнан аласталып, түрмеге қамалды. Фуко
дискурстың ішіндегі мүмкін болатын ұйғарымдарды реттей отырып, дискурстың анық ақиқатын
сақтаған пікірді қалыптастыру үшін ережелер мен процедуралардың жүйелі əрі келісілген жинағын
білдіретін «дискурстық құрылым» идеясының негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет