Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет46/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Kubla Khan
)

– дейді профессор Лоуес, – бейнелерден тоқылған мата
сияқты, бірақ тоқу арқылы пайда болған əрбір кескін тоқылуға дейін
тоқымашының көз алдында тұрған». Олардың қайтып оралуында ешқандай
жорамал мен кездейсоқтық жоқ. Бұл, тіпті профессор Лоуестің
түсіндіргеніндей, Колридж «жадының тереңінде жатқан өзгеше əлем
түйдек-түйдегімен күрделі байланысқа түсе, бірігіп, содан кейін сыртқа
өлең шумақтары ретінде төгілді» деп топшыласа да түсінікті бола
қоймайды. 
Егер 
образдар 
сыртқа 
ешқандай 
«жорамал 
немесе
кездейсоқтық» арқылы шықпаған болса, онда Колридж өзінің ойында жоқ
нəрсені туындата алмас еді. Бұл оның жеке шығармашылығындағы білімі
мен өзіне белгілі болған тəжірибемен ғана шектелгенін білдіреді, я болмаса
ол белгілі бір тұспалдар байланысын қабылдап, оларды өзіне таныс əдіспен
кері қайтарады. Поэманың маңызы оның көрген-түйген тəжірибесі арқылы
сипатталады. Пайымдаулардың соңғы екі сөйлемімен (Колридждің
«Өмірбаяннан» (
Biographia
) бас тартқан Гартли ассоцианизмімен
(
Hartleyan associationism
) бір түрі) келіспеуге болмайды. Əрине, одан басқа
да қисындар жоқ емес, жақсы болсын, жаман болсын, бұл поэмаларды
Бартрам (
Bartram
), Пурчас (
Purchas
), Брюс (
Bruce
) пен Милтонды (
Milton
)
оқыған адамдар жазуы да мүмкін. Бұл Колридждің тамаша балладаларын
қаншалықты қайталап оқуымызға байланысты бола қоймас. Белгілі бір
даму жолдарында (біз жоғарыда атап көрсеткен сөйлем сияқты) һəм
«Қалыптастырушы рух» (
The Shaping Spirit
), «Сиқырлы синтез» (
The
Magical Synthesis
), «Елестетудің жаратушысы» (
Imagination Creatrix)
тəрізді
бөлімдердің тақырыптарында профессор Лоуес көбінесе өлең туралы
тереңнен қозғап, нақты айтып отырмын деп сылтауратуы да мүмкін. Бұл
қызықты тарау тақырыптарында əлдеқандай алдамшы түрлену бар. Одан
пікірталастың жаңа сатысына өту мүмкіншіліктерін немесе «тұспалдардың
ағынды табиғаты» туралы көптеген ресурстарды табуға болады».
13
Профессор Лоуес өз кітабына «Жол қайда?» (
Wohin der Weg?
) деген сөзді
ұран етіп алған. «Жолсызға ешқандай жол жоқ»
 
(
Kein Weg! Ins Unbetretene
).
Ол белгілі. Иə, сондықтан да əлі із түспеген жол біздің назарымызды
поэмадан адастырып алып кетуге себепші. Бартрамның «Саяхатында»

Travels
») белгілі сөздердің біраз тарихы жəне 
«Құбылай ханда»


кездесетін романтикалық флоридалық концепттер бар. Сол тарихтың біраз
бөлігі өтіп кетті əрі кейіннен біздің тіліміздің қолданысына енді. Бəлкім,
Бартрамды оқыған адамдар поэманы, оны оқымағандарға қарағанда,
əлдеқайда жоғары бағалайтын шығар. 
«Оксфорд ағылшын сөздігіндегі»
«Құбылай хан»
сөзін көрген, не болмаса, сол жерде сілтеме берілген басқа
да кітаптарды оқыған адам поэма туралы əлдеқайда көбірек білетін болса
керек. Алайда бұл Колридж Бартрамды оқыды дегенді білдірмейді.
Сондықтан да бұл поэманы оған қатыстырудың қажеті жоқ. Əрбір
поэманың астарында жататын əрі оған себеп болатын өмірдің сезімдік жəне
ойлау тəжірибесінің қатаң құрылымы болады. Дегенмен ол ешқашан
поэманың ауызша һəм интеллектуалды құрылымы бола алмайды, олай
болуының қажеті де шамалы. Біздің сан қырлы тəжірибеміздегі барша
объектілер үшін, оның ішінде, əсіресе интеллектуалды объектілер үшін,
əрбір бірлік үшін контекстен шығып, тамырынан үзіліп кететін сана əрекеті
бар. Демек бізде айтуға болатын бір нəрсенің объектісі немесе идеясы
болмауы тиіс.
Профессор Лоуестің көлемді кітабынан «Ежелгі теңізші» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет