Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет47/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

The Ancient
Mariner
)
 
немесе «
Құбылай ханның» 
маңызын кемітерлік ештеңе
табылмайтын сияқты. Келесі жолы, біз үшін дəлелдің (3) түрімен айналысу
мəселесінің ширыққаны соншалықты – сыншының поэмаға қатысты
пікірінің теріске шығарылғанын келтіреміз (дегенмен біздің сыни
журналдарымыздағы мысалдар соншалықты көп емес).
Джон Дон əйгілі поэмасындағы бір шумақта былай дейді:
Дөңгеленген дүние қайғы мен үрей тудырар,
Білсе де адам себебін, ғаламатқа не қылар.
Құдіретті қозғалыс – ғаламшардың қимылы,
Шексіз үлкен болса да, ол да шартқа бағынар. (А.Ə.)
Донның осы шумақтарының маңызына назар аудара отырып жазылған
сында былай делінген:
«…ол жаңа һəм ескі астрономияны шеберлікпен тұспалдау арқылы жағдайдың эмоциялық
пернесін басады. …Жаңа астрономиядағы «дөңгеленген дүние (Жер)» – ең батыл қағида. Ескідегі
«ғаламшарлардың құдіретті қозғалысы» – ұлы күрделілік қозғалысы… Поэма қайғыруға тыйым
салатын міндетті қоштасу болғандықтан, ақын өзінің мүлгіген тыныштыққа деген махаббатына
сендіруі тиіс. Əрі ол кеткен соң сабырлы қалпында қалуы керек. Сол себептен де шығарма – ұзақ


уақыт бойы дəстүрлі аспан əлеміне тартылған қозғалыс қағидасына негізделген, «қайғы мен
үрей» туғызбайтын, қозғалыстағы жер бейнесі арқылы берілген астарлы шиеленісті өте орынды
суреттеу үшін пайдаланылған айшықтау (фигура)».
14
Бұл пікір шындыққа жанасады жəне Донн жаңа астрономияға
қызығушылық білдірген деген тұжырымға əрі оның рухани саладағы
нəтижелеріне негізделеді. Түрлі жұмыстарда Донның Кеплердің «Ғаламат
жұлдыз» (
De Stella Nova
)

Галилейдің «Жұлдызды хабаршы» (
Siderius
Nuncius
), Уильям Гильберттің «Магнит» (
De Magnete
), Клавиустың
«Сакробоско сферасы» (
De Sphaera
of Sacrobosco
) еңбектеріне берген
түсініктемелерінен олармен таныс болғаны аңғарылады. Ол өзінің «Əулие
Павел Крестіндегі» уағызында, сонымен бірге Генри Гудер мырзаға жазған
хатында жаңа ғылымға жүгінеді. «Бірінші мерейтойда» (
The First
Anniversary
)
 
ол: «Жаңа философия күмəн туғызады», – деп жазады.Ал
«Генри ханзада туралы элегиясында»:
 
«Жер кіндігіндегі болар-болмас
қозғалыстың өзі əлемді шайқалтады» («
least moving of the center»
)
, – 
деп
айтты.
Мұндай дəйектемеге жауап табу қиын, тіпті уəж айту мүмкін емес.
Донның айырылысу кезінде екі түрлі эмоцияны білдіретін аспан
қозғалысының екі түрін сипаттаған өлең шумағын жазбауға ешқандай
əддісі жоқ. Егер біздің санамыз астрономиялық идеяларға толы болып,
Донның жаңа ғылымның негізіне қарсы екенін түсінсек, онда біз оның
солай істегеніне сенер едік. Солай десек те, мəтіннің өзі күрделі метафора
құралымен талданатын нысан болып саналады. Мынандай жайтты аңғаруға
болады: (1) Коперниктің теориясы бойынша, жердің айналуы біркелкі жəне
жүйелі аспан денелерінің қозғалысымен байланысты, бұл философиялық
əрі діни үрейді туындатқанымен, поэмада автордың жердегі қатқылдық пен
аласапыранға тосқауыл болуға тырысқан толқуымен байланысы жоқ; (2)
жер қозғалуының тағы бір түрі бар, ол – зілзала, оның да осындай
қасиеттері бар, ол поэманың екінші шумағындағы көз жасының көл болуы
мен ауыр күрсініспен тұспалданады; (3) ондағы «толқыныс» – жер
сілкінісіне лайықты қарама-қарсылық, өйткені олардың əрқайсысы
шайқаушы əрі толқытушы қозғалыс. Ал «аспан өрістерін толқыту» жер
сілкінісінен əлдеқайда қуаттырақ, əйтсе де, ол жердің жыл сайынғы
қозғалысынан күшті емес (егер осындай екі қозғалысты ақылға салып
салыстыруға келсе, əрине); (4) ол өзінің не «істегені мен ойлағанын» есепке
алады деген сөз орамы жердің үздіксіз айналысқа түсіп, қозғалғанын емес,
зілзала секілді дүмпуді, төтенше оқиғаның болып өткенін көрсетеді.
Донның жаңа ғылым саласына қатысты білімі қосалқы мəн мен астарлы


мағынаны үстей алуы мүмкін. Дегенмен бұлай айту сөздердің мағынасын
бұрмалайды. Геоөзектік һəм гелиоөзектік шендестіруді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет