Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет87/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Король Лирдегі»
этикалық пайым əдеби бейнеде пайда болып, соған
қайтып оралады. Олардың əрқайсысы келесісі үшін матрица сияқты
болады. Бұл – моральдық пернелеудің немесе грек этимологиясының
мəселесі емес, драмалық əрекетке деген көзқарас. Драмалық кейіпкерлердің
қалыптасуы кейіпкерлердің бір-бірі туралы пікірлерінен алшақтатуға
болмайтын үрдісті бақылауға мүмкіндік береді. Сюжет міндетті болатын
жалғыз нəрсе емес. Біз мұнда этостың (мінез, жан-дүниенің қалтарысы)


этика екенін көреміз. Лир Корделияға алғашында «
көзінің қуанышы
»
ретінде қарайды. Бірақ бұл махаббатты біз иерархия элементтеріне –
патшалықтағы не əпкелі-сіңлілі қыздар арасындағы бақталастыққа жəне
халықтың мүліктік байлығына – сəйкес түсінеміз. Ол ең əуелі Британ
сарайларына, содан кейін көрші патшалықтарға көз салады. Өйткені оның
еркі 
бəрінің сараңдығының көрінісі сияқты.
40
Ол махаббат туралы еске
алуы мүмкін, алайда Корделия байлық, Британия мен Францияның немесе
Бургундияның бай өлкесі туралы айтуы тиіс. Лир патша ғана емес,
сонымен қатар əке болғандықтан, оның мінезі қызын субъект ретінде ала
отырып сипатталады: ол табиғатынан əкесі нені талап етсе, соны қалауы
керек еді. Өзінің «соңғы» жəне «кем» құндылықтарын басқа елдің
байлығымен салыстырған кезде тəкаппарлығы шектен шығады. Оның
бұйрығындағы бəрін таңдандыратын нəрсе «британдық король бəрін өз
қалауынша бөле алады» деген сөз еді. Бұл герцогтер мен олардың
үлестерінің жай ғана өлшемі емес. Өйткені ол кенже қызының қабілетінен
Франция мен Бургундияның күшін көреді. Қызының айтқан сөздері Лирге
ұнауы керек. Содан кейін ол сөз бүкіл Еуропаны шарлап кетуі тиіс. Біз
мұнда билеуші əкенің өз корольдігін сыйлық қып бергенімен, сол арқылы
қызына да үстемдік жүргізгісі келетінін көреміз. Корделияның үндеуі –
корольдікке қарата айтылған үндеу. Өйткені геральдикалық мəдениет пен
географиялық атауларды екі күйеу баласы үшін қолдануы осыны көрсетеді.
…Ал енді,
Көз қуаныш қызымсың, сен – кенже,
Францияның шарабы, əлде Бургундияның сүті –
Таңдау болып тұр, бірге.
Екі əпкеңнің таңдауынан асып түсе алар ма екен
Таңдауың. Қане, сөйле. (1.1.82–86) (А.Ə.)
Корделияның үнсіздігі қызының жауабынан идеологиялық мақсат күткен
Лирдің сөзінің сəтсіз шыққанын білдірмейді. Корольдіктің тағдыры
шешілгелі тұрса да, сөйлеуші өзінің мінезін көрсетуі мүмкін болса да,
билеушілердің ондай есебі Лирдің соңғы сөзінен аңғарылмайды. Корделия


əкесіне қарсы болып тұрған жоқ, қайта əкесіне жақындай түсті. Лир
қызынан нақты еш нəрсе сұрамайды, тек оның биязы даусын естігісі келеді.
Оның шарасыздығы мен сезім күшінің кезек көрініс табуы тез əрі
қарқынды жүреді.
Құтқара алар едім оны; көре алмаймын енді жүзін!
Корделия, Корделия! Кетпеші, қызым.
Оның даусы қашанда жұмсақ еді,
Нəзік əрі биязы əйелдерден табылар жақсы сипат.
Сені өлтірген бір құлды өлтірдім өзім қинап. (5.3.270–74) (А.Ə.)
Əкесінің даусын естімеген Корделия келмеске кетеді. Оның жансыз
денесі сахнада ым-ишара (мимика) арқылы көрініс тапқандықтан, мұның
əсері 272-қатардағы «
сенің айтуыңша
» дегеннен «
оның даусына
» дейін
сақталып тұрады. Күтпеген жерден жақындық туындаған кезде, оның
аузынан шыққан сөздер мен өлімге дейінгі лингвистикалық аралықта қысқа
ғана тіл қатысу да болмайтын кеңістік ашылады. Бубер мен Бахтиннің қай-
қайсысы болмасын диалогті қарқынды, жақын қарым-қатынастардың
құрылымы не түбегейлі айырмашылық құрылымы ретінде қарастырады?
41
Нəзік дауыстың иесі мен ажал құшқан жендет корольдің сөздері бірігеді:
біреудің ажалы жеңіл келеді, екіншісін айту мүмкін емес. Соған
қарамастан, екі кейіпкер де ақтық сəтте қарттық жəне нəзік дененің
жағдайында көрініс тапқан ашық əлемге өтеді. Пьесада 1-көріністегі
жоспар саналы түрде түсінікті, бірақ анық емес жоспарға ауысады. Бұл
екінші жоспардағы 274-жолдың соңындағы, етістік арасындағы кеңістікті,
асылып өлген əйелге қатысты айтылған жаңа есімдіктегі біржақтылықты
белгілейді.
Бұл мəселе Корделия сияқты Лирге де, оның өз аузымен айтқан қызының
сөзіне де, ол туралы «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет