Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет90/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Король Лирдің
» соңындағы өзгерісті аяқтау үшін бір еркіндіктің аз ғана
мүмкіндігін іске қосады. Келтірілген барша байланыстар үзіліп,
шытынайтын 
«Үлкен қайғының»
(5.3.319) шырқау шегінде ол бір ерекше,
бірақ елеусіз нəрсе жасайды: «сөзі аз, мағынасы терең» төрт қатардың сөз
орамдары 
мен 
сарынын 
өзгертеді 
(3.1.52). 
Мұндай 
жетістік
көзқарастардың, соның ішінде қойылымның ішіндегі көзқарастардың
əртүрлі жүйесінде елеусіз болуы мүмкін, бірақ оны түсіндіру үшін біраз
күш керек.
50
 
«
Құлағыңызбен қараңыз
» деген Лирдің соқыр графқа берген
қисынсыз кеңесін (4.6.152) пьесаның соңында корольдің өзіне қайтарады.
Егер біз естімесек не ести алмасақ не болмақ? Ол жерде дыбыс болмаса
ше? Əлде, естуге болмайтындай өлі тыныштық па? Мақаламда келтірілген
эпиграфтың авторы – Ницшенің өзі нəзік те биязы дауыстарды қалай естуге
болатынын жақсы білген.
IV
Мен, шын мəнінде, көрген нəрсемді емес, көрген нəрсеме қаратып
айтамын
.
51
Көркем конвенцияның күші осында. Э.H. Гомбрих көрсеткендей, біз
қашан да мінезімізді, жоспарымыз бен ойлау өлшемімізді толықтырып
отырамыз.
52
Кейіпкерлер парақтағы таңбалардан басталады; олар оқиғаның
соңында парақтағы таңбалардан үлкен мəтінге айналады. Біз күдіктеніп,
мұндай белгілерді ішкі болжамсыз бағалау қиын болған күннің өзінде,
кейіпкерлердің жалғастығы арқылы оны бақылай аламыз. Бəлкім, айтылуға
тиіс ой да осы шығар. Біз өзімізді ішкі түсінік арқылы алға жылжытатын
болғандықтан, мұндай үрдісті əрекетте, əсіресе Лир сияқты өте күшті,
айқын кейіпкердің Корделияға қараған сəтіндегі қойылымда табиғи түрінде
көре аламыз. Мұндай көрініс шынайы емес, ешқандай мəні жоқ деп кім
айта алады? Мұны білімге, абстрактілі жеке тəжірибеге, ойша тілектес
болуға, этикалық бейнеге негізделген жеке тəжірибе деп неге айтпасқа?
53
Моральдық зерттеулер осындай кеңпейіл қатынасты, біреудің құндылығын
бөлісуге деген жанкештілікті талап етеді. Мəтіндерді əдеби талдау туралы
да солай айтуға болады. Өзім қатты құрмет тұтатын Менард Мактың очеркі


Лирдің өлімін тек бір кейіпкердің осындай əрекеттерінің жиынтығы
ретінде қарайды. Бұл Лирдің жеке көзқарасы, танымы, жүрегі мен үмітінің
ішкі субъективтілігінің соңғы сюжетін жасау арқылы мəн тудырады.
Қызының қазасын көргеннен соң, кейіпкер өзінің бұл дүниеде көрген-
білгенімен бетпе-бет келеді делінеді, сондықтан да өз болмысының шегін
ширата түседі. Ақылынан алжасқандықтан, ол əлі де... санасы алдында
қорғалақтамастан, осы бір ауыр көріністен айырылғысы келмейді, бірақ
ауыртпалығы... тым үлкен; оған сананың өзі жол береді:
«Өтінемін, мына түймені шешіп жіберіңізші; рахмет, мырза». Мұнымен бірге көрініс те жол
береді; ол бұған төзе алмайды. Корделия тірі деген үмітті жүрегінен өшірместен көз жұмады:
«Қараңдаршы оған, еріндеріне қараңдаршы. Əне, əне, қараңдаршы!»
54
Лирдің өлімі – оның драмалық əрекеттердегі мəтіндер мен ішкі
көзқарастарды сенімді түрде пайдаланудан алынған ерекшелігі жайлы
сенімді баяндау. Алайда бұл тек Корделияның ернін көрсетіп тұрған
сияқты. Оның сюжеті Лирдің жүрегінде һəм үміттенуінде. Ол күйзеліске
қарамастан, екеуінің де жан дүниесі біріге алатын жалғыз мекен – жандары
жай табатын руханият əлемінде пайда болады.
Мен бұл шығарманы басқа бағытта қарап көруге тырыстым, бір
кейіпкердің ғана емес, кейіпкерлер айналасындағы жəне олардың
арасындағы кеңістік өрісін зерттеп, көзқарас пен сөз əрекеттерін осындай
кеңістіктердің драмалық қысқартуы ретінде қарастырмақ болдым.
Витгенштейннен менің сөзімнің айырмашылығы – айтқандарымның жүзеге
асып, көрініс табуында.
55
Көзқарастардың салмақтылығы мен дəйектілігіне
баса мəн бердім. Ал мен аяқтаған бейне Лирдің жүрегі мен Корделияның
«даусын» «аз уақытқа» ұзартатын мимикасымен емес, Лирдің өзінің
ернімен сипатталады. Бұл – басқа кейіпкердің даусын алған бір кейіпкердің
сырын ашатын ішкі дауыс емес, мойындалған айырмашылықтың сыртқы
даусы. Лир осыны білгендіктен де, осыны айта алғандықтан да, оның күші
туралы көбірек білеміз. Оның тілдегі жетістігі, яғни өзгеше дыбыстарды
үйлестіруі, 
бар 
болғаны, 
əлгі 
кейіпкердің 
субъективтігі 
жайлы
қорытындыдан алынған өзгенің интериоризациялануы (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет