interior
) (сыртқы
саяси өмірдің құрылымын білу арқылы адам психикасының ішкі
құрылымын ашу) емес. Оның тілі – көпшілікке арналған, этикалық,
драмалық тіл. Ол – барлық тыңдармандардың естуіне, пікір ретінде
қабылдауына жəне қорқынышты шеңбердің аяқталғанын сезінуге арналған
тіл. 1-көріністегі «сөйле» деген сөз Корделияға берілген бұйрық болатын.
Сол кезде ешкім де корольдің бұйрығына қызының даусы əкесі арқылы
шыққан кезде ғана бағынатынын бағамдай алмаған еді. Өйткені қызының
тыңдаушы əрі сөйлеуші ретіндегі рөлі əкесінің сөзін аздап өзгертеді
(1.1.93). Корделияның биязы сөйлегені сонша – оның даусы естілер-
естілмес, еріндері болар-болмас қыбырлайды. Оқиғаның соңы бізге бөлек,
бірақ мағынасы таяз, бір-бірінен басқа өмірі жоқ шартты кейіпкерлердің
адамгершілік бейнесі
мен
шабытының
нақты, бірақ қайғылы құрылымын
көрсететін, лəззат алудың ерекше формасы ретінде көрінеді.
56
Əңгіме бір ғана кейіпкер емес, бірнеше кейіпкер жайлы болғандықтан,
бұл сөз пьеса тілінде бірінші көріністен бастап кездессе де, мен Лирдің
қиналған денесі арқылы оның жүрегіне бойлай алмаймын. Сахналық бағыт
басқа өзгеріс пен байланыс туралы белгі береді: «
Корделияны қолына
көтеріп Лир кірді
».
57
Біз Лирге ауыртпалық түсірген көтеру, қарау һəм
сөйлеу сияқты əрекеттерін бағамдаған кезде, оның кенеттен күшті,
шыдамды, оған қоса, жазалы болып кеткеніне куə боламыз. Кенттің
дұғасына қарасақ, жаралы жүрек ақырғы сəттің таянғанын білдірсе керек.
Бірақ бұл – соңы қайғымен біткен этикалық əрекеттің бір ғана белгісі. Мен
соңғы сөйлеушілер – Албанимен немесе Эдгармен келісемін, бұл
корольдің, расымен де, көргені де, бергені де көп.
58
Ол Корделияның ерніне
қарап отырды. Сол жерден ақырғы тыныштық алдында көрген нəрсесі бізді
қойылымның соңына жетелейді. Ол жеп-жеңіл қызының денесін ғана емес,
қызының биязы да нəзік даусы секілді өзгерген болмысын да алып келе
жатты. Лир өз бейнесі мен Корделия арасындағы айырмашылыққа қарап,
қалған көпшілікпен əке ретінде де, король ретінде де тілдеседі. Бұл – ішкі
əрі саяси көрініс. Корделия əкесіне
«Мəртебелі королім қалай екен? Аман-
есенсіз бе?»
деген сөзбен қайта оралды.
Сұрақтарына толық жауап алған
король ісінің нəтижесін өз қолымен əкеледі. Өйткені өлім мен оқиғаның
соңында тек екі өзгеріс қана қалды. Сол өзгеріс оны қызымен бірге өзі
аттас бір қойылымға кіргізіп, əке оқиғасын қызының «еш нəрсе» емес, «бір
нəрсе» деген биязы даусын еріндері арқылы айтқызып, аяқтатты. Өлім мен
драмалық түйін алдындағы үзілісте кейіпкерлердің мұндай ауысуы
болмыстың кеңдігі мен шарасыздықты бейнелейтін нəзік байланысты
елестетуге мүмкіндік береді.
«Король Лирдегі»
кейіпкерлерді зерттеу оның
мəнін шектемеуі немесе қысқартпауы керек; бұл бізді этика мен
империяның викториандық кодексіне құпия түрде қайтармауға тиіс. Бұл
пьесаның мағынасын байытады. Өйткені кейіпкерлерінің бейнесі ішкі
дауыстың өзінен де көбірек мағынаға ие болғанымен, бір-біріне деген
жақындық пен дауыс алмасуы арқылы мұқият құрылған.
59
Бұл – кейін қарама-қарсы реверберация (жаңғыру) тілінде жанданатын
оқиғаның соңы. Мұнда «Қысқы ертегілердегі» (
The Winter’s Tale
) сияқты
өнерді жеңіл көрсету мүмкін емес. Онда бір ғана патша («Қараңыз,
Мəртебелім, / Мұны тыныс алу деп есептемейсіз бе?») патшайымның
шынайы бейнесін «асыл тасқа» балап: «Өмірдің өзі оның ернінен жылу
алғандай» деп сүйсінеді (5.3.63–64, 24, 66). Леонтес (енді ол өзінің
жоғалған қызының бейнесінде) таңғалып: «Қандай керемет қашау /
Мұнымен демді кесіп тастауға бола ма?» – деп сұрақ қояды. Содан кейін
ғажайып оқиға орын алады. Ол өлген əйелінің сипаты мен мүсінін қаз-
қалпында сақтап қалған бикештің ажары мен мүсіні, келбеті мен өмірі –
бəрінің де бір өмірге тоғысқандай болғанын растайды. Мұндай сезімнің,
тас мүсіннің жəне өнердің резонансты, қуанышты метаморфозасын
«Король Лирден»
көру мүмкін емес.
60
Оған бəрін мəжбүрлей аларсың қалай?
Қарағанына ризамын;сөйлегеніне ризамын,
Естігеніме ризамын; оның сөзін
Қозғалысқа айналдыру оп-оңай. (ll. 91–94) (М.С)
Тыныс алу жəне сөйлеу сияқты күтпеген жағдайлардың өзі романтика
мен трагедияға қарсы бағытта қозғалады.
«Король Лирдегі»
этикалық
мəннің жалпы діндарлықпен өзара байланысы аз немесе жалғыз «мен»
деген көрініске қарай шегінеді. Мұнда ешбір құндылығы қалмаған
кейіпкердің өзінің өмірлік құндылығына қатысты барлық ойлар көрініс
табады. Осындай күшті əсермен өмір жайлы айтып отырған кейіпкер, біз
оған «олай істеме» деп бұйырғаннан кейін де өз өмірінен бас тартады.
«Көрдің бе? Оған қара, қара оның еріндеріне, / Мұнда қара, мұнда қара!»
Моральдық таныммен байланысты мұндай қабылдаудың күші арқылы біз
көрген нəрсемізге айналуға, естігіміз келген нəрсемізді өзіміз айтуға
тəуекел етеміз. Соған қарамастан, одан да үлкен қауіп бар: бұл – ешбір
мағынасы жоқ сияқты көрініс пен үнсіздіктен бас тарту. «
Еш нəрсе, еш
нəрсе болмайды
», – деп жауап қатты Лир Корделияның үнсіздігіне (1.1.90).
Қойылым аяқталғанда ол басқаша ойда болады. Бұл айырмашылық оның
мінезі мен сюжеттегі уақытына байланысты. Оның өліміндегі «
еш
нəрсенің
» өзі – «
бір нəрсе
» һəм бұл Лирдің оның даусы туралы естелігінен
көрініс табады.
Менің соңғы мақсатым, яғни кейіпкерлердің мақсаты – əдебиет туралы
қазіргі теориялар құрылымына қарсы жүру. Бұл болжам кейіпкер тұлғасы
жөніндегі талдау жұмыстары үшін тым қолайсыз, дөрекі құрал, сондай-ақ
философиялық ойлардың күмəнді категориялары өте көп деген ой
тудырады. Əр жағдайда əдеби құрылымға деген қарым-қатынасты
білдіреді. Егер əдеби талдаулардың кейбір нұсқалары экран бетінде
көрсетілсе, дөрекілікке қатысты бірінші қарсылық дұрыс деп танылуы
мүмкін. Бірақ кейіпкер əдеби шығармада жай ғана герменевтикалық
өнердің термині ғана емес, негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, пьесаны
оқып, кейіпкерлерді елемеуіміз мүмкін емес. Дəл осы құрылым мұқият
зерттеуді қажет етеді. Егер кейіпкер идеясы жасырын, толыққанды, тəуелсіз
дарашылдықтың идеологиялық тұжырымдамасына араласып кетсе,
күмəнді категорияларға қатысты екінші қарсылықты қабылдауға болады.
Лир басынан бақайшағына дейін король болуы мүмкін; бірақ бұдан ол өзін-
өзі толық таниды яки бақылай алады деген қорытынды шығара алмаймыз.
Мұның нақты амалы бар: құрылымды зерттеңіз, ретсіздіктің көзін
жойыңыз, белгілерді байланыстыратын түйіндерді бақылаңыз. Аталмыш
шығарма осы мақсатта қойылымдағы кейіпкерлерді тілдегі сөздер сияқты
түсіндіргісі келді. Кейіпкерлерден туындаған мағына дəстүр мен оны
пайдалану арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтың өзара əрекеті
арқылы белгіленген. Ал осылай құрылған һəм белгіленген мағынаның мəні
өз ішіндегі емес, құрылымға кереғар дайындалған еңбектерге қарсы
болады. Мұндағы зерттелген құрылым – қойылымның басында жəне
соңында Корделияның «болу-болмауын» қалыптастыратын драмалық
сөздегі қызының өмірлік құндылығын қалыптастыру үшін шығатын Лирдің
үні. Əдеби шығармалар, расымен де, тіл сияқты құралған. Осындай
құрылымға байланысты кейіпкерлер қандай да бір абсолютті мағынада
емес, уақыт ағымындағы ақиқаттың күрделі жағдайын қалыптастыратын
əртүрлі һəм шартты мағынада көрінеді.
61
Бұл шарт та қандай да бір
кейіпкердің даусы болып саналмайтын «көркем дауысқа» ерекше екпін
қоюды, сонымен бірге
«Король Лирдегі»
сипаттама, дауыс пен сөз бойынша
қорытынды жұмысты қабылдауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |