Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет28/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Әдеби KZ 
Сонда Қамар әйтеуір ақ үстінен қара тани ма деген адам еді деп, бір жағы жұртына 
шаққандай қып, қапасын бөліп ұжмақ шишмасының* тамшысындай сап мөлдіреген 
көзінің күйікті жасын тырс-тырс өксіп төгіп отырып, мынаны айтты: 
Уһ-уһ, молда-ай шықты жаным, күйді жаным! 
Өлімді сол сұмырайдан сүйді жаным. 
Не жаздым қор қылғандай ел-жұртыма 
Дөңкитіп соңыма сап хайуан-малын. 
Шыдатпай күйіп-жанып іші-тысым
Чаходка, құрт аурудай кеткен түсім. 
Шишма (татарша) - бұлақ, бастау деген сөз. 
Күлкі жоқ, көңіл қапа, жүрек жалын 
Қайтейін, өз ағамнан болған қысым. 
Не болар соған менің халім, 
Барады ішке сыймай қайғы-зарым. 
Өмірімді сол жауызға қор қылғанша, 
Өлтір, жұртым, қолыңнан, адал қаным! 
Бармаймын матасаң да, байласаң да, 
Кәрі итті алтын жағып майласаң да. 
Өлемін осы арада оны көрмей, 
Көнбеймін бұғаулатып айдасаң да. 


48 
Әдеби KZ 
Он беске жаңа келді менің жасым, 
Келмейді түндегі ұйқы, батпайды асым. 
Малды деп, мал секілді шалды көрдің, 
Құрығандай өзім теңді замандасым. 
Жүретін сойып сатып, жасы-қарты
Мал емес төрт аяқты әйел халқы. 
Уау, молда, түзулікті айт құдай үшін: 
Жоқ па еді күпу* деген неке шарты? 
Молда: 
Шырағым, ренжітпе атаңызды, 
Бұзбаңыз құдай дескен батаңызды. 
Сүннетін пайғамбардың қабыл қылмау - 
Зор күнә; мен айтайын қатаңызды. 
Қамар: 
Күнә емес кемге бармау, сауап шығар
Қарның үшін қайтарған жауап шығар. 
Қызықты қызыл гүлдей жас жүрегім 
Сорлы боп қандай жалын қаулап шығар. 


49 
Әдеби KZ 
Пайғамбар тең емеске бар деген жоқ 
Зар жылатып бес қара ал деген жоқ. 
Шал болсын, пасық болсын, сасық болсын, 
Сата бер, әйел заты - мал деген жоқ. 
Күпу (арабша)- тең, дәрежесі бір деген сөз. 
Басыңды өлектікке сал деген жоқ, 
Өмір бойы бөлеге қал деген жоқ. 
Шірісін шірік байдың табанында, 
Әйелде жарты тиын жан деген жоқ. 
Молда: 
Ата-анаң сені өсірді қандайыңнан, 
Асырады ас кетірмей таңдайыңнан. 
Әуелде бір алланың жазуы сол: 
Шал болса да, бара көр маңдайыңнан. 
Қамар: 
Ай, молда, түзушілік қайда қалды, 
Жазып па құдай бізге сасық шалды? 
Құдай тұрсын, ынсапты пендесі де 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет