Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Әдеби KZ 
енді куәлікке әлгі үйге сыймаған жастардың қане бірін тапсыншы. (Молда боқшасын 
алысымен-ақ: "Ойбай! Қамарға бетіміз шыдамас" деп бәрі қашып кеткен). 
Күйеудің ат қосшысы мен бір жасамыс біреуді әйтеуір сүйрегендей қылып, куәлікке 
тұрғызып: 

Бар! Сұрап, ырымын қылыңдар. Ата-анасы берген соң жетеді, сонда да...- деп 
Бәйтек молданың мыңқ-мыңқ еткен ызғарлы суық дауысы анау үйдегі Қамардың 
жүйкесіне тиіп кетті. Апырмай-ай! Бүктетіліп, сұлық қана өлеусіреп жатқан Қамар жылан 
шағып алғандай басын жұлып ала сала; қарлыққан даусына да қарамастан, жұлынып-
жұлынып айтып жібергендегісі мынау еді: 
Жұртым-ау, құдайыңды ойлаймысың, 
Ұстап сату әдетін қоймаймысың?! 
Көптен бері зарлатты аямастан, 
Жетер енді со-дағы тоймаймысың? 
Шыныңмен сол Нұрымға қиғаның ба? 
Бес қара сатып алған иманың ба? 
Әділдік, құдай, құран естен шығып, 
Жауыздың жалмауына сыйғаның ба? 
Жұртым-ау, Қамар қандай, Нұрым қандай? 
Құрым сақал, қонқиған мұрын қандай? 
Нұр шашып, жалт-жұлт етіп жайнаған жүз, 
Қарашы, бүгін қандай, бұрын қандай? 


46 
Әдеби KZ 
Уай, дүние! Болмаса еді жалғыз аты, 
Құл болсын маған салса арғы заты, 
Қол ұстасып жүрсем де, теңім болса, 
Жиһанда табылар ма рақаты? 
Тұратын мал емеспін тоққа алданып, 
Ұшатын қарға емеспін боққа алданып. 
Жұртым-ау, саңылау қайда, миың қайда. 
Қалайша бар дейсіздер жоққа алданып? 
Есекке еп білмейтін зорлап қосып, 
Жүрмісің бәлі тілеп, ажал тосып? 
Жүзін көрсем, көргендей әзірейілді, 
Селкілдеп тұла бойым кетер шошып. 
Ұзақшыл, рақымы кең құдай қалай, 
Жазықсыз жапа тартқан қыршын жан-ай. 
Егер, алла ұзақшыл болмаса еді, 
Жер жұтарлық ісің бар талай-талай,- 
деген кезде, Бәйтек молда қолына кітабын ұстай сала жалма-жан Қамарға жүгіріп келіп 
Нұрымға жақсы атты көрінбек үшін, мыжып-тыжып, ақыл-тоқтау айтқан болды... 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет