51
Әдеби KZ
Елудегі шалға бар деп жемтір-жемтір.
Молда:
Не дейді ұялмастан мына арсыз?
Кәпірдің көрмейсің бе беті қансыз!
Ахмет жас, Нұрым шал ғой деп ұйтқытып,
Аздырып жүретіндер бар ғой жансыз.
Айтайын шариғатты, низамды қой!
Разы шариғатқа боласың ғой!
Ажамға* ажам күпу,
арабқа араб,
Басқалардың бәрі де жаңылыс ой.
Қамар:
Кім шыдар шариғатқа, жалаңызға?
Бояма қара көңіл қараңызға.
Дұрыс-ақ, ажамға күпу болса,
Кемпір тең бе он бестегі ер балаңызға?
*Ажам (арабша)- араб жұртынан өзге елдер.