Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
42
отношения и поэтому следовало бы в нем
предусмотреть нормы о принципах уголовного
права.
Если
в
самом
уголовном
законодательстве
будут
сформулированы
принципы уголовного права, то на них больше
будет обращаться внимание в процессе
правотворческой
и
правоприменительной
деятельности. Это особенно важно для лиц,
занимающихся
правоприменительной
деятельностью. Полагаем, что необходимо в
УК не только сформулировать принципы, но
также указать на то, что за их нарушение
наступает ответственность. Это важно потому,
что нарушение принципов уголовного права
влечет
более
серьезные
отрицательные
последствия,
чем
нарушение
тех
же
принципов
в
других
отраслях
права.
Например, в административном праве.
Статьи, в которых должны быть отражены
принципы уголовного права, предлагаем
поместить в УК после статьи 2 «Задачи
уголовного кодекса», так как принципы
уголовного права тесно связаны с задачами
уголовного законодательства.
Список использованной литературы
1.
Назарбаев Н.А. Ключи от кризиса [Текст] / Н.А. Назарбаев // Каз. правда. - 2009. - 3 февраля. № 23-24. -
С. 3.
2.
Уголовный закон. Опыт теоретического моделирования [Текст] / Под ред. С.Г. Келиной, В.Н.
Кудрявцева. - М.: Наука, 1987. - 276 с.
3.
Фефелов П. А. Понятие и система принципов советского уголовного права [Текст] / П.А. Фефелов. -
Свердловск: Средне-Уральское книжное изд-во, 1970. - 144 с.
4.
Кригер Г.А. Место принципов советского уголовного права в системе принципов права [Текст] / Г.А.
Кригер // Советское государство и право. - 1981. - № 2. - С. 102-106.
5.
Лопашенко Н.А. Принципы кодификации уголовно-правовых норм [Текст] / Н.А. Лопашенко. - Саратов:
Изд-во Саратовского ун-та, 1989. - 241 с.
6.
Филимонов В.Д. Принципы уголовного права [Текст] / В.Д. Филимонов. - М.: Центр ЮрИнфоР, 2002. -
139 с.
7.
Миндагулов А.Х. Профилактика преступлений [Текст]: учебник / А.Х. Миндагулов. - Алматы: HAS,
2005. - 408 с.
8.
Борчашвили И.Ш. Избранные труды [Текст] / И.Ш. Борчашвили. - Караганда: КЮИ МВД РК, 2009. - 294
с.
9.
Еркин А. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до начала XX века
[Текст]: курс лекций / А. Еркин. - Астана: ИКФ «Фолиант», 2000. - 188 с.
10.
Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов [Текст] / Т.М. Культелеев. - Алматы: Даур, 2004. -
312 с.
11.
Материалы по казахскому обычному праву [Текст]: [сост. З.Ж. Кенжалиев]. - Алматы: Жеты Жаргы,
1996. - 208 с.
12.
Межпарламентская
Ассамблея государств-участников СНГ. Модельный Уголовный кодекс:
рекомендательный законодательный акт [от 17 февраля 1996 года]: [Электронный ресурс] - Режим доступа:
http://docs.kodeks.ru/document/901781490
13.
Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан «О представлении суда города
Балхаша Карагандинской области о признании неконституционными статьи 52 Кодекса Казахской ССР об
административных правонарушениях и пункта 5 примечаний к статье 175 Уголовного кодекса Республики
Казахстан » [от 6 декабря 2000 года № 20/2]: [Электронный ресурс]: юрид. справочник «Законодательство».
- Алматы: Юрист, 2011.
14.
Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан «О представлении Акмолинского
областного суда о признании неконституционной статьи 8 Закона Республики Казахстан «О введении в
действие Уголовного кодекса Республики Казахстан» [от 2 августа 2000 года № 17/2]: [Электронный
ресурс]: юрид. справочник «Законодательство». - Алматы: Юрист, 2011.
Қанатов Алмас Қанатұлы
заң ғылымдарының кандидаты, ММ «Қазақстан Республикасының заңнама институты»,
Астана қ.
Қарақожаев Олжас Сүйіндікұлы
ғылыми қызметкер, ММ «Қазақстан Республикасының заңнама институты», Астана қ.
Қылмыстық құқық принциптері мәселесіне зерттеу (ғылыми- практикалық аспект)
Kanatov Almas Kanatovich
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
43
Candidate of Juridical Sciences SI "Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan",
Astana city
Karahozhaev Olzhas Suyundikovich
Researcher, SI "Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan", Astana city
Study on the problem of the principles of criminal law (scientific and practical aspects)
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
44
ОӘЖ 343.126
Қаражанов Малик Дулатұлы
құқық бойынша философия докторы (PhD), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті
Ахметжанова Жанар Мухаметкановна
магистранты, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
ҚАМАУҒА АЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ШАРТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ
Мақалада авторлар бұлтартпау шарасының түрі қамауға алудың құқықтық негізі және шарты өзекті
мәселелерін ашқан. Авторлармен қамауға алудың екі құқықтық негізі және оны қолдану шарты бөлінген, қамауға алуды
қолдану тәжірибесі пайдаланылған.
Түйін сөздер: бұлтартпау шаралары, қамауға алу, қамауға алуды қолдану, қамауға алудың құқықтық
негіздері, қамауға алуды қолдану шарты.
В статье авторы раскрыли актуальные проблемы правовых основ и условий такого вида меры пресечения как
арест. Авторами выделены две правовые основы и условия применения ареста, использавана практика применения
ареста.
Ключевые слова: меры пресечения, арест, применение ареста, правовые основы ареста, условия применения
ареста.
The authors have disclosed relevant issues and legal framework conditions for this type of preventive measure as
arrest. The authors highlighted the two legal bases and conditions of arrest, ispolzavat practice of arrest.
Keywords: preventive measure, arrest, use of arrest, the legal basis of arrest, the conditions of application of arrest.
Қамауға алу негізі туралы мәселе теория
мен практикада өте күрделі мәселелердің бірі,
негіз деген ұғымды түсінуде қылмыстылықпен
күресу де, азаматтардың конституциялық
құқықтарын қамтамасыз ету қарастырылады.
Қазірге дейін нақты түсінік жоқ. Бұлтартпау
шарасының бірін таңдауда нақты түсінікті
Қазақстан
Республикасы
қылмыстық-
процестік кодексінде көрсетілген. Берген
анықтаманы қарайтын болсақ, құқықтық негіз
дегенді қалай түсінеміз, заңдық және
бұлтартпау шарасын таңдағанда заңды және
негізділігін қалай түсінеміз?
Қазақстан
Республикасы
қылмыстық-
процестік кодексінің 136-бабында бұлтартпау
шарасын қолдануға негіз көзделген. Күдікті,
айыпталушы
қылмыстық
қудалау
органдарынан немесе соттан жасырынып жүр
не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе
сотта талқылауға кедергі келтіреді не
қылмыстық
әрекетпен
айналысуды
жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi
негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық
процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын
қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде
осы адамдарға осы ҚПК-тiң 137-бабында
көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн
қолдануға құқылы. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 99 (екінші бөлігінің 15)
тармағында), 170
(төртінші
бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255
(төртінші
бөлігінде), 263
(бесінші
бөлігінде), 286
(төртінші
бөлігінде), 297
(төртінші
бөлігінде), 298
(төртінші
бөлігінде),
299(төртінші
бөлігінде)-
баптарында көзделген қылмыстарды жасады
деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға
жасалған қылмыстың бір ғана ауырлығы
уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен
ұстау қолданылуы мүмкін. Процессуалистер
бұл ұғымды, түсінікті әртүрлі жағдайда
түсіндіреді.
Олардың бірінің көзқарасы бойынша, негіз
дегеніміз – тергеуді жүргізуші лауазымды
тұлғаның сенімі дейді. Екінші біреулер,
айыпкер ретінде тану үшін, үшінші біреулер,
айыпкер әрекетінің сипаты дейді.
В.Г. Асташенков және В.М. Корнуков
негізге мынадай анықтама береді, айыпкер
тергеу мен соттан жасырынуы, ақиқатқа
жетуге кедергі келтіреді, қылмыстық құқық
бұзушылығын
жалғастырады
дегенде
жеткілікті мәліметтерді куәландыру ретінде
қарастырады [1, 194 б.].
Бұл тұжырымның да өзіндік дұрыс жақтары
бар, айып тағу және жеткілікті айыптау
дәлелдемелерінің
болуы
анықталған
субъектіге бұлтартпау шарасын қолданудың
шарты
болады.
Сонымен
қатар
В.Г.
Асташенков пен В.М. Корнуков берген
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
45
анықтамасының өзі де толық емес, айтылған
пікірді қарастыра келіп, бұлтартпау шарасын
қолдануға жеткілікті негіздердің болуы, соның
ішінде қамауға алу үшін деректік мәліметтер
арқылы алынған мән-жайлар, айыпкердің
(күдіктінің) жасалған қылмыстық құқық
бұзушылық
Қазақстан
Республикасы
қылмыстық-процестңк кодексі бес жылдан
астам жаза мөлшері көзделген жағдайда,
бостандықта қала отырып тергеу мен соттан
жасырынуы, іс бойынша ақиқатқа жетуге
кедергі
келтіруі,
қылмыстық
әрекетін
жалғастырады дегенге деректік мәліметтері
бар мән-жайлардың болуы табылады. Қамауға
алу
бұлтартпау
шарасы
бұрын
басқа
бұлтартпау шарасын бұзған кезде қатаң шара
ретінде қамауға алу қолданылады. Бұлтартпау
шарасының бірін таңдап алуда негізді анықтау
қажетті, жеткілікті мәліметтер қажет. Ондай
мәліметтер
Қазақстан
Республикасы
қылмыстық іс жүргізу кодексі заңға сәйкес
алынады. Айыпкер (күдіктінің) сотқа дейінгі
тергеп-тексеруден, соттан жасырыну мүмкін
екендігі, іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі
келтіруі, қылмыстық құқық бұзушылығын
жалғастыруы, бұрын қолданылған бұлтартпау
шарасын қолдануға жеткілікті мән-жайлар
ретінде қарастырылады. Егер осы көрсетілген
мән жайлардың біреуі дәлелденбеген жағдайда
бұлтартпау шарасының қандай да бір түрін
таңдауға тергеушінің құқығы болмайды. Іске
қатысты ақиқатқа жету тек лауазымды
тұлғаның қылмыстық өндіріс кезіндегі барлық
әрекеттерді жасаған кезде ғана шегіне жетеді.
В.М. Корнуковтың пікірінше, бұлтартпау
шарасының бұл түрі айыпкердің жасырынған
жағдайда немесе ақиқатқа жетуге кедергі
келтіргенде, айыпкер тарапынан қандай да бір
теріс әрекет жасалған жағдайда, бұл әрекетті
жасауға қандай да бір күмән туған жағдайда,
бұл ретте тергеуші бұлтартпау шарасын
таңдаған да, толық түрде сенімді болады, яғни,
айыпталушының жасырыну мүмкіндігін, бірақ
бұл тек болуы мүмкін жорамал болса да, -
дейді [2, 195 б.].
Бұндай пікірге қосылуға болмайды. Қандай
да болмасын жорамалдың жоғары болуы,
оның деректі абсолютті болмауы мүмкін.
Әрбір жоғары дәрежеде айтылған жорамалда
қателіктер кетуі болады. Бұлтартпау шарасын
таңдау шешімін қабылдаған кезде тергеу
процессі кезінде айыпталушының жүріс тұрыс
әрекетінің теріс болуын куәландыратын
барлық мән-жайларды тексеріп, зерттеп алу
керек.
Егер
шешім
қабылдаған
кезде
бұлтартпау шарасын қолдану туралы, айыпкер
әрекетін барлығын зерттеп білсе, тек ғана
тергеушінің
субъективті
пікіріне
ғана
жүгінбей, барлық мән-жайларды толық, жан-
жақты қарастырған кезде шешім дұрыс
шығарылған болады.
Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу
туралы шешім мәселесі өте күрделі: тергеуші
жасалған қылмыс туралы толық мәліметтер
алу керек, жасалған қылмыстық құқық
бұзушылық туралы мәліметтер, айыпкердің
болашақта жасайтын әрекеті туралы сұрақ,
тергеуші үшін қиын мәселе, бірақ айыпкердің
жасырынуға талпынуы, жаңа қылмыс жасауға
дайындығы туралы мәліметтер жедел-іздестіру
қызметі арқылы алуға болады. Бұл аталған
тұжырым айыпкердің (күдіктіні) қамауға алу
үшін, айыпкердің жасаған әрекеті, қылмыстық
өндірістің тергеудің жүргізуіне қарсылық
көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Бұдан
біздің пікірімізше, жолын кесудің нақты
әрекеттер арқылы көрініс табатындығы.
Э.Ф.
Куцова
тұжырымы
бойынша,
бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болуы
үшін, айыпкердің анықтау, алдын ала
тергеуден, соттан жасырынуы, қылмыстық іс
бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді,
қылмысын
жалғастырады,
үкімнің
орындалуынан жасырынады деген жорамал
болған кезде қолданылады дейді [3, 147 б.].
Бірақ қай бір жорамалды бұлтартпау
шарасын қолдануға негіз болады деп айта
алмаймыз. Соның ішінде қамауға алуға
байланысты
бұлтартпау
шарасы
қарастырғанда жеке тұлғаның жеке басы
құқығының кепілдігіне нұқсан келтірер едік.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде
соттың санкция беруiмен ғана және заңмен
кемiнде бес жыл мерзiмге бас бостандығынан
айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс
жасаған деп айыпталушыға, сезiктiге қатысты
ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл
бұлтартпау шарасы заңмен кемiнде бес жыл
мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi
жаза
көзделген
қылмыс
жасаған
деп
айыпталушыға, сезiктiге қатысты, егер: оның
Қазақстан
Республикасының
аумағында
тұрақты тұратын жерi болмаса; оның жеке
басы анықталмаса; ол бұрын таңдалған
бұлтартпау шарасын бұзса; ол қылмыстық
қудалау
органдарынан
немесе
соттан
жасырынуға тырысса немесе жасырынса; ол
ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
46
қоғамдастықтың
(қылмыстық
ұйымның)
құрамында қылмыс жасады деп айыпталса не
оған күдiк келтiрiлсе; оның бұрын жасаған
ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн
соттылығы болса, қолданылуы мүмкiн.
Сонымен, барлық негіздерді екі топқа
бөлуге болады:
1. бұлтартпау шарасын таңдау үшін
негіздің болуы (айыпкердің әрекеті, қылмыс
жасағаннан кейінгі-құлқы);
2. бұлтартпау шарасын қолданудың негізі
(бұлтартпау шарасын қолдану үшін мән-
жайлар көрсетілген процессуалдық лауазымды
тұлғаның шешімі - қаулысы).
Енді,
жоғарыда
көрсетіліп
кеткен
бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздің
болуы: айыпкер (күдіктінің) қылмыстық
қудалау органдарынан мен соттан жасырынуға
тырысуы туралы дерегі (факті) қамауға алу
үшін негіз болады. Тәжірибеде алып қарасақ,
осы негіз, себеп ретінде көрініс табады.
Біршама қаулыларды қарасақ, төмендегідей
жазылады: «Азамат, айыпталушы (күдікті)
бостандықта жүріп, қылмыстық қудалау
органдарынан,
соттан
жасырынуғы
тырысады». Ал, нақтысында қылмыстық іс
материалдарында
заңда
сол
адамның
жасырыну
мүмкіндігі
бар
мәліметтерді
куәландыратын дерек жоқ. Тағы да бір рет
тәжірибеге жүгінетін болсақ, Семей қ. ІІБ
2013–2014 жылдары қылмыстық іс тізімін
қарасақ, күнтізбелік бір жыл ішінде 65
қылмыстық іс қозғалса, оның 63 бұлтартпау
шарасы таңдалған. Соны есептей келе
анықтау, тергеу органымен 53% бұлтартпау
шарасының түрі – қамауға алуды таңдаған [4,
4 б.].
Қазіргі
кездегі
жалпыға
мәлім
формулировка қамауға алу үшін негіз:
«Айыпкер
бостандықта
жүре
отырып,
қылмыстық қудалау органдарынан мен сот ісін
жүргізуге
кедергі
келтіреді
немесе
жасырынады». Қаншама қылмыстық істі
зерттей келе, алдын ала тергеуді жүргізіле
анықтаушы, тергеушілер көп ретте өздерінің
презумпциясы, яғни, жорамалын басшылыққа
алады.
Анықтаушы, тергеуші айыпталушы, күдікті
тұлғаның жеке басын зерттей келе, қоғамда
оны
бостандықта
қалдыру
айыпкердің
жасырынуына алып келеді дейді. Бұндай
тұжырым субъективті айтылған, бір адамның
ғана пікірі. Бір жағдайда айыпкер (күдікті)
шынында да жасырынуға тырысады, ал екінші
бір жағдайда оның жасырынуға ешқандай
себебі жоқ. Сондықтан, сонда бір ғана
жорамалмен сондай пікірді қалыптастыруға
бола ма? Әрине жоқ. Қамауға алу бұлтартпау
шарасы тәжірибеде жиі қолданылады. Оған
негіз ретінде тергеушінің толық, жан-жақты
айыпкердің (күдіктінің) жасырынуы туралы
куәландырушы
мағлұматтарының
болуы.
Дәлелдеме ретінде, жанама түрі, тұлғаның
нақты әрекетін куәландыратын деректік
мәлімет заттарын сатуы, жұмыстан арыз беріп
шығуы, көлік түріне билет алуы туралы
мағлұмат, құжаттар. Мысалы: айыпкерді
белгілі бір көлік түрімен заттарымен кетіп
бара жатқан жеріне ұсталуы. Сонымен қатар,
бұндай куәландырушы мәлімет өзге де мән
жайлармен
салыстыра
отырып
қарастырылады.
Уақытша
ұстау
изоляторларында ақпан мен наурыз айы
арасында Семей қ. ІІБ қамауға алынғандардан
сұрақ алынғанда:
- Сіз тергеу мен соттан жасырынуға
тырыстыңыз ба? деген сұраққа: «иә» және
«жоқ» дегенге 25 қамаудағы адамдар 10 «иә»
деп, 15 «жоқ» деп жауап берген.
Бұған есеп беретін болсақ, бұл сұрақ
салуды абсолютті шындыққа жанасады деп
толық айта алмаймыз, бірақ күдіктіні,
айыпталушыны қамауға алған кезде шешім
шығару кезінде есте болатын жайт.
Айыпкердің (күдіктінің) іс бойынша
ақиқатқа жетуге кедергі келтіруі – бұл
бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алу
туралы қаулы шығарған кездегі жеке негіздің
бірі. Бұндай негіз анықтаушы, тергеушіге тек
айыпкер, күдікті бостандықта жүрген кезде
сатып алу, қорқыту, куә, жәбірленушіге,
сарапшыға өзге де қылмыстық іске жетуге
тікелей не жанама әсерін тигізуі мүмкін деген
мәліметтер
болған
кезде
қолданылады.
Тәжірибеде
көптеген
жағдайларда
куә,
жәбірленушімен
қысым
жасау
арқылы
ымыраласу, қысым көрсету, қорқыту көптен
көп кездеседі. Ю. Любшевтің пікірі бойынша,
тергеушілер айыпкердің заңсыз әрекетін
дұрыс сараламайды [26, 24 б.]. Көп реттерде
осы негіз арқылы тұлғаны айып тағылмай
тұрып қамауға алу туралы шешім қабылдайды.
Айып
тағылғаннан
кейін,
барлық
дәлелдемелер
жиналғаннан
кейін
айыпталушыға қылмыстық істің жүруі күрделі
болады, алдын ала тергеудің өзіне жағымды
жаққа ауыстыруы қиынға соғады. Осыдан –
алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
47
бұлтартпау шарасы ретінде
– ерекше
жағдайларда ғана қолдану керектігі ескеру
керек.
Біздің пікірімізше, өзге де мән-жайларға
мыналарды жатқызуға болады.
а) айыпкердің (күдіктінің) келтірілген
зардапты орнын толтыруы, ерікті түрде
келтірілген залалды төлеуі;
ә) жасаған қылмысы ауыр жеке және
отбасы
жағдайларының
әсері,
яғни,
(отбасындағы
материалдың
жетіспеушілігінен);
б) жасаған қылмысы қорқытушылық, басқа
біреулердің материалдық, қызметтік немесе
өзге де тәуелділігі мәжбүрлеуінен;
в) жасаған қылмысы өте күшті жоғары жан
күйзелісі әсерінен, жәбірленушінің құқыққа
қарсы әрекетінен шықса;
г) қажетті қорғаныс шегінен асып барып
жасалса;
д) айыпкердің шын өкінуі, өз кінәсін
мойындап келсе және қылмыстың ашылуына
өз
көмегін
көрсетсе.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Асташенков В.Г., Коркунов В.М. К вопросу о применении мер пресечения в советском уголовном
процессе // Ученые записки: Вопросы уголовного и исправительно-трудового права, уголовного процесса и
криминалистики. Ученые записки Саратовского юридического института. Вып. 16. Саратов, 1969. С.194-
199.
2.Уголовный процесс. / Под ред.: Гуценко К.Ф. М.: Зерцало, 1997. – 509 с.
3.Семей қаласының Ішкі істер басқарамасының тергеу бөлімінің 2012-2014 жылдар бойынша қылмыстық
істер бойынша статистикалық материалдары. Семей, 2014. – 240 бет.
4.Любшев Ю. Смягчающие вину обстоятельства в руках защитника. М.: Российская юстиция, 1996. – 220 с.
Каражанов Малик Дулатович
доктор философии по праву (PhD), Казахский гуманитарно-юридический инновационный
университет, г.Семей
Ахметжанова Жанар Мухаметкановна
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет, г.Семей
К проблеме правовой основы и условия ареста
Karazhanov Malik Dulatovich
Doctor of Philosophy in Law (PhD), Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
Ahmetzhanova Zhanar Muhametkanovna
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
On the problem of the legal basis and the conditions of it’s arrest
Достарыңызбен бөлісу: |