3 (25) • 2012 1 Караганды 2012



Pdf көрінісі
бет27/64
Дата24.03.2017
өлшемі5,11 Mb.
#10160
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64

3 (25) • 2012
133
ределяющим  фактором успешного ее внедрения,
наряду с профессионализмом и опытом самих спе-
циалистов. Таким образом, мы рассмотрели моде-
ли бюджетирования, которые на сегодняшний день
считаются основными и наиболее приемлемыми для
внедрения с различных точек зрения.
Т.Б.Қазбеков
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің
"Менеджмент" кафедрасының доценті, э.ғ.к.
А.С. Ахметова
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің
"Менеджмент" кафедрасының магистранты
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖЕТІЛДІРУ
Бүгінгі  таңда  әлемде  табиғи  ресурстарды
өндірісте  аз  мөлшерде  тұтынатын,  бірақ  қазіргі
заманғы  технологияларға,  ғылыми  сыйымды-
лығы жоғары өндіріске, біліктілігі жоғары маман-
дарға ие елдер алдыңғы қатарға шығып отыр. Бұл
ұлттық бәсекеге  қабілеттілікті қалыптастырудағы
білім  мен  ғылым  саласының  маңыздылығының
артуын  сипаттайды.  Білім  өздігінен экономикаға
тасымалданбайды  және  де  ғылыми  зерттеулер
мен өңдеулерге  немесе жоғары  білімнің басқа  да
өнімдеріне  салынған  инвестициялардың  оңтай-
лы  қайтарым  беретіндігіне  ешқандай  кепіл  жоқ.
Ғылыми-техникалық  білімнің  максималды  дең-
гейде  пайда  әкелуі  үшін  "ұлттық  инновация
жүйесін",  яғни  инновацияны  зерделеп,  таратуға
және енгізуге бағытталған кәсіорындар мен ұйым-
дардың  жиынтығын  кешенді  жүйе  шеңберінде
дамыту  қажет.  ҰИЖ  ұлттық,  дәстүрлік,  саяси,
мәдени ерекшеліктерге ие және ол иновациялық
үдерістерді қамтамасыз ететін құқықтық, қаржы-
лық, әлеуметтік сипаттағы институттар кешені ре-
тінде  белгілі.
Кейбір  ғалымдардың пікірі  бойынша, ҰИЖ
бұл инновациялық үдерістерді қамтамасыз ететін
институттар  (экономикалық,  құқықтық,  қаржы-
лық сипаттағы)  жиынтығы,  сонымен қатар  олар-
дың  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  өзара
байланыс  [1].
Ал,  дамыған елдерде  ҰИЖ ұлттық  экономи-
када ғылыми білім мен технологияны өндірумен,
коммерцияландырумен айналысатын  өзара  бай-
ланысты ұйымдар  жиынтығы ретінде сипатталы-
нады  және  де  инновациялармен  айналысатын
ұйымдар  моделінің  көрнекті  элементі  ретінде
іргелі  зерттеулер  орталығы      универстиеттер,
ұлттық ғылыми орталықтар мен лабораториялар,
жеке ғылыми-техникалық ұйымдар, басқа  да ин-
фрақұрылымдар  звенолары  қарастырылады.
ҰИЖ-ді қалыптастырып, жүзеге асырудың өзі
аса күрделі жұмыс. Себебі  рыноктық  экономика
жағдайында  ҰИЖ-дің негізгі  құраушыларын  іске
қосу, маңызды ұйымдарды, ғылыми орталықтар-
ды  құру,  оларды  қаржыландыру  бір  күндік,  бір
айлық іс емес.
Қазақстанда  инновациялық  дамудың  ұлттық
жүйесі  біртіндеп қалыптасып келеді,  сондықтан
біз үшін осы жолдан өтіп, айтарлықтай экономи-
калық,  ғылыми-техникалық және  әлеуметтік тиі-
мділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжіри-
бесі өте қызғылықты.
Көптеген  елдерде  инновациялық  саясатты
анықтайтын  институционалдық  жүйе  бірнеше
деңгейлі ұйымдастыру мен басқаруды біріктіреді.
Мысалы, Норвегия мен Австралияның Ұлттық ин-
новациялық  жүйесі  (ҰИЖ)  алты  деңгейден,  Гер-
мания  мен  Ұлыбританияның ұлттық  инновация-
лық жүйесі   төрт деңгейден, Бельгия, Швейцария,
Австрияда      үш  деңгейден  тұрады.  Норвегияда
ҰИЖ-дің  жоғарғы  деңгейі  мемлекеттің  экономи-
калық  саясатын  жасайтын  құрылымдардан
құралса, екіншісі   технология мен инновациялар
саласындағы  саясатты  қалыптастырушы  құры-
лымдардан  тұрады.  Үшінші  деңгей  инновация-
лық  саясатты  жүзеге  асырып,  зерттеулер  мен
әзірлемелерге бағыт беріп отырады. Төртінші дең-
гей  ҒЗТКЖ-ды  атқаратын  институттарды  жинақ-
тайды, ал бесіншісі   технология диффузиясын же-
ңілдетумен  айналысатын  институттардан  тұрады.
Алтыншы деңгей жеке және  мемлекеттік  сектор-
дағы  кәсіпкерлік  ортаны  қалыптастырады.
Оңтүстік Кореяның ҰИЖ моделі мемлекеттік
инновациялық  саясатты  жүзеге  асыратын  30  са-
ладан  тұратын  қаржылық-өнеркәсіптік  топтар-
дың  белсенді  қатысуымен  сипатталады.  Ірі  қар-
жылық-өнеркәсіптік  топтардың  үлестеріне
өнеркәсіптік  өндірістің  45%,  жалпы  мемлкеттік
шығыстардың  ҒЗТКЖ-ға  58%  үлесі  тиесілі  [2].
Үкімет  қаржылық-өнеркәсіптік  топтарға  қаржы-
лық және салықтық қолдау көрсетіп, оларды білікті
мамандармен  жабдықтап  отырады.  ҰИЖ  дамы-
ған елдерде мемлекет пен жеке сектордың тиімді
әріптестігінің  мысалы  ретінде  инновациялық
үдерістің негізгі  факторын  айтуға  болады.
Әлемдік  тәжірибеге  сүйенетін  болсақ,  бірде-
бір  елдің  ұлттық  инновациялық  жүйесі  дербес
жеке сектормен құрылмаған,  барлығында да  бас-
тамашылық мемлекет  тарапынан туындаған.
ҰИЖ-ді  қарқынды  дамыту  мақсатында  ҚР
Үкіметінің  2005  жылғы
25 сәуірдегі № 387 Қаулысымен бекiтiлген "ҚР
ұлттық  инновациялық  жүйесiн  қалыптастыру
және  дамыту  жөнiндегi  2005-2015  жылдарға  ар-
налған  бағдарлама"  қабылданған.
Аталған  бағдарламада  2015  жылға дейін  осы
салаға  139  795,13  млн.  теңге  көлемінде  қаржы
жұмсау  жоспарланып  отыр  (1-кесте).  Соның

ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
134
ішінде республикалық бюджеттен - 77272,3 млн. тең-
ге, жергілiктi бюджеттен-
2112 млн. теңге және 60410,83 млн. теңге мөлше-
рінде  отандық және шетелдiк жеке капитал тарту
жоспарланған  [3].
"ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптас-
тыру  және дамыту  жөнiндегi 2005-2015  жылдарға
арналған бағдарламада" ҰИЖ-дің негізгі элемент-
тері қарастырылған. Олар: ғылыми әлует, иннова-
циялық кәсіпкерлік, инновациялық және қаржылық
инфрақұрылым. Осы ҰИЖ құрылымының негізінде
автор тарапынан қосымша элементтер қарастырыл-
ды.
Венчурлік қорларға, инновациялық кәсіпорын-
дарға өздерінің инновациялық жобаларын қаржы-
ландыру үшін ауқымды инвестициялар тарту қажет
екені белгілі. Ал Қазақстанда қор биржасының да-
мымауы себебінен бос ақшалай қаржылар өз кезег-
інде тиімді-ау деген  салаларға  ауып кеткендігінің
салдарынан  құрылыс саласында "жасанды сабын-
ды көбіктің" қалыптасуынан әкелді. Ол әрине өзінің
шегіне жетіп, жарылды.  Мұның  салдарын қазіргі
экономикалық ахуалдан да көріп отырмыз. Сол се-
бепті  Елбасының  алға  қойған  маңызды  міндет-
терінің бірі ретінде қор биржасын жандандыру және
халықты  өздерінің меншікті  қаржыларын тиімді
пайдалануына дағдыландыру, қаржылық сауатты-
лығын көтеру арқылы да инновациялық жобалар-
ды қаржыландыру мәселелерін де біржақты шешу-
ге мүмкіндік туындайды.
1 кесте
Ұлттық  инновациялық жүйені  қалыптастыру және дамытуға қаржы жұмсау
 
м лн . т ең ге  
 
Ж ы лд ар  б о й ы н ш а 
 
 
20 05  
2 00 6  
20 0 7  
2 00 8–  
2 0 10  
2 0 11 – 
20 1 3  
20 1 4–  
2 01 5  
1  
2  
3  

5  

7  
Б а рл ы ғ ы : 
1 3 97 95 ,1 3  
 
1 13 13 ,5 1  
15 82 4 ,9 4  
1 16 5 9, 04  
48 78 2 ,6 7 
3 13 2 8,9 8  
20 8 85 ,9 8  
Р е с п у бл и к ал ы қ    
б ю д ж е т 
7 72 72 ,3  
 
66 54 ,9  
10 7 28 ,3  
74 03 ,5 3  
30 81 4 ,0 3 
13 0 02 , 9  
8 6 68 ,6  
Ж ер гіл ік ті 
б ю д ж е т 
2 1 12  
 
51 2  
80 0 
8 00  
-  


Ж е к е   
ка п и т а л 
60 41 0 ,8 3 
 
4 1 46 ,6 1  
42 9 6, 61  
34 55 ,5 1  
17 96 8 ,6 4 
1 83 2 6,0 8  
12 2 17 ,3 8  
Е с к е р т у  –  [4 ]. 
 
ҰИЖ құрылымын зерттеу  аясының аса кең
болғандығына байланысты оның жекелеген эле-
менттерін, яғни инновациялық және қаржылық
инфрақұрылымды  бөліп  қарастыруды  жөн
көрдік. ҰИЖ туралы зерттеулер автордың ғылы-
ми  мақалаларында  да  жарық  көрді.
Инновациялық  инфрақұрылым  елдің  эко-
номикасын 
жоғары 
деңгейге 
көтеруге
мүмкіндік  беретін,  инновациялық  экономика-
ның негізгі құралы және механизмі. Инноваци-
ялық инфрақұрылым   инновацияны жүзеге асы-
ру  үшін  және  инновациялық  қызметті  тиімді
жүргізу үшін қажетті, өзара байланысты, бірін-
бірі толықтырушы өндірістік-техникалық жүйе-
лердің, ұйымдардың,  фирмалардың жиынтығы
[5].
Инновациялық  инфрақұрылымды  құру
ғылыми  мекемелер  мен  өндірістің  әріптестігін
ұйымдастырудың  институционалды  механизмі
болып  табылады.  Инновациялық  қызметтің
тиімділігі  инновациялық  инфрақұрылымға
тікелей  байланысты.  Инновациялық  инфра-
құрылымды  құру  үдерісі  ұзақ  мерзім  аралы-
ғын қамтиды. АҚШ, Герамания, Жапония сияқ-
ты  дамыған  елдердің  өзінде  оны  құруға  10-15
жыл уақыт кеткен.
ҚР  ұлттық  инновациялық  жүйесiн  қалып-
тастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жыл-
дарға  арналған  бағдарламасына  сәйкес  және
біздің қарастыруымыз бойынша инновациялық
инфрақұрылым  мынадай  элементтерден тұра-
ды:
 -  ұлттық технологиялық  парктер;
  -  өңiрлiк  технологиялық  парктер;
  -  технологиялық  бизнес-инкубаторлар;
 - ғылым қалашықтары немесе технополис-
тер;
 - еркін экономикалық аймақтар (ЕЭА). Ин-
новациялық  инфрақұрылым  қатарында  еркін
экономикалық  аймақтарды  да  қарастырғанды
жөн деп санаймыз.
Ұлттық  ғылыми-технологиялық  парктер
нормативтiк  құқықтық  актілердiң  ережелерiне
сәйкес  әлеуметтік-экономикалық  даму  үшiн

3 (25) • 2012
135
басымдықты  болып  табылатын  салаларды,
өңiрлердi, білiм  беру салаларын қарқынды дамы-
туды қамтамасыз ету үшiн құрылады. Технопарк-
тер  жаңа  прогрессивті  технологияларды  дамыту
мақсатында құрылған арнайы экономикалық ай-
мақтар, ғылыми, конструкторлық құрылымдардан
тұратын ақпараттық, тәжірибелік-экспериментал-
ды өндірістік базаға, білікті мамандарға ие  кешен
болып табылады.
Технопарктер  шағын  ғылыми-техникалық,
өндірістік кәсіпорындардың қызметтерімен, шағын
және ірі бизнес, ғылым мен өндіріс арақатынасын
реттеу мехнизмімен  байланысты  инновациялық
бизнеске бағытталған ірі  ғылыми орталық  болып
саналады. Олар әдетте ЖОО-ның, ірі ғылыми орта-
лықтардың аумағында немесе жақын маңында ор-
наласады.  Олардың аумақтарындағы  инновация-
лық қызметтi ынталандыру үшiн Қазақстан Респуб-
ликасының заңнамасына сәйкес арнайы экономи-
калық аймақтар мәртебесi берiледi. Технопарктердің
міндеті өнеркәсіп секторларында жоғары техноло-
гиялы компаниялар құру және оларды жетілдіру.
Ол үшін  олардың енгізетін тауарлары, мате-
риалдары кедендік баж салықтарынан босатылып,
патенттік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, тех-
нологиялық тізбек бойынша әріптестермен, банктер-
мен, қаржылық институттармен қарым-қатынасты,
өнімді рынокқа шығаруды қамтамасыз ету қажет.
Парктерде корпоративтік салық 50% азайып, жер
және  мүлік салықтарынан, кедендік баж салықта-
рынан босатылған.
Өңiрлiк 
технопарктер 
инновациялық
мүмкіндікті, өңiрдiң  инновациялық қабiлеттiлiгiн
айқындау, ашу және дамыту, өңiр экономикасының
инновациялық өнiмдерге қажеттiлiгін қамтамасыз
ету мақсатында құрылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда  бірқатар технопар-
ктер құрылған. Олар мыналар:
1. Батыс  Қазақстан  облысында  орналасқан
ЖШС "Алгоритм" технопаркі". 2007 жылдың 1 қаза-
нындағы ақпаратқа сәйкес, технопарктің мәлімет-
тер базасында 11 жобалық ұсыныстар бар. Осыған
дейін Ұлттық инновациялық қорға (ҰИҚ) 13 жоба
бағытталған. Технопарктің көмегімен 2 жоба  "Ай-
мақтық инвестициялық орталық" АҚ мен "Ғылым
қоры" АҚ тарапынан қаржыландырылатын болды.
2. Қарағандыда 
орналасқан 
ЖШС
"UNISCIENTECH"  технопаркі".  Технопарктің
мәліметтер базасында 2007 жылдың 1 қазанындағы
ақпаратқа сәйкес, 41 жобалық ұсыныстар бар. Оның
13 Эксперттік кеңестің оңтайлы шешіміне ие болды.
ҰИҚ-тың гранттық қаржыландырылуына 5 жоба
ұсынылған, бірақ олардың барлығы кері қайтарыл-
ған.
3. Алматы қаласының ЖШС "Алматы өңірлік
технопаркі".  Технопарктің мәліметтер  базасында
2007 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа  сәйкес, 18
жобалық ұсыныстар бар. Технопарк Алматы облы-
сында жалпы сомасы 1 млн. теңгені құрайтын "Тал-
дықорған" индустриалық аймағын құрудың техни-
калық-экономикалық негіздемесін жасауға қатысу-
да.
Инновациялық белсендiлiктi ынталандыруда
барынша жалпы ұлттық әсерге қол жеткiзу үшiн
өңiрлiк технопарктердi дамыту мақсатында Шығыс
Қазақстан  облысы,  Оңтүстiк  Қазақстан  облысы,
Солтүстiк Қазақстан облысы және Астана қаласын-
да тағы төрт өңiрлiк технопарк құру бойынша бел-
сенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ақпарат алмасу - бiлiмдердi, технологиялар-
ды,  ақпараттарды  беру  үдерістерiне  негiзделген
инновациялық  дамытудың шешушi факторының
бiрi  болып табылады.  Инновациялық үдерістерді
кешенді, жүйелі түрде басқару үшін ҰИЖ-ді қажетті
ортақ ақпарат жүйесімен қамтамасыз ету қажет. Ол
үшін Қазақстанда ортақ ақпарат жүйесін құру ке-
рек. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда "Вирту-
алдық технопарк" инновациялық дамудың бiрыңғай
ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi   "Виртуалдық техно-
парк" БАЖ) құру жоспарлануда. Ол Қазақстанның
мемлекет  iшiндегі,  дәл  сондай  шетелдiк
серiктестерге  индустриялық-инновациялық  даму
үдерістерiнiң жалпы кешенiн ашып көрсететiн бо-
лады.
Мемлекеттiк  институттардан  жеке  секторға
"Виртуалдық технопарк" БАЖ шеңберiнде ұсыны-
латын  қызмет көрсетулердiң көлемi мен бағытын
назарға ала отырып, "Виртуалдық технопарк" БАЖ
сервистерi электронды Қазақстан Республикасының
даму инфрақұрылымының мемлекеттiк бағдарла-
масына енгiзiлген.
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына
сәйкес осы ақпараттық жүйе шеңберiнде елдiң ғылы-
ми-техникалық әлуетiнiң картасы және мемлекеттiк
индустриялық-инновациялық саясатты қалыптасты-
ру, iске асыру, оның мониторингi кезiнде, сондай-ақ
зерттеушiлердiң,  кәсiпкерлердiң, шетелдiк инвес-
торлардың  жұмысында  пайдаланылуы  мүмкiн
электрондық дерекқор құрылатын болады.
"Виртуалдық  технопарк"  БАЖ  сапасын  және
оның алдына қойылған мiндеттердi орындауды қам-
тамасыз ету қабiлетiн айқындайтын негiзгi фактор-
лар мыналар болып табылады:
ҰИҚ субъектілерi  қызметiнiң ақпараттан-
дыру дәрежесi;
ҰИҚ арқылы субъектілер арасындағы өзара
iс-қимылдың деңгейi.
Құрылып  жатқан  технологиялық  парктерде
инновациялық  үрдістерді  жолға қоюда шетелдік
әріптестерге айрықша орын бөлінеді. Осы орайда
Елбасы осындай басым бағыттағы жобаларға қаты-
сқан компанияларды 5 жыл мерзімге Қазақстанның
салық заңнамаларындағы корпоративтік және жер
салығынан  босататынын  атап  көрсетті.  Қызмет
көрсетуші технопарктер мен технологиялық бизнес-
инкубаторлар  жергілікті  мемлекеттік  басқару
органдарында  коммуналдық  кәсіпорын  ретінде
құрылған. Бұл құрылымдардың  негізгі  мақсатта-
ры     бос тұрған  өндірістік  алаңдарды пайдалана
отырып, еңбекке қабілетті адамдарды жұмыспен
қамту. Бұл құрылымдар өндірістік және әкімшілік
алаңдарды жалға беру; технологиялық құрал-жаб-
дықтарды прокатқа беру; коммуналдық және ком-
муникациялық қызмет көрсетумен және басқа да
қызметтермен айналысады.
Инновациялық компанияларды қаржыланды-

ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
136
ру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкуба-
торлар қаржыландырылатын жобаларды басқару
ағымдағы  мониторинг  бойынша  ҰИЖ  агентiнiң
функциясын орындайды. Технологиялық бизнес-
инкубаторлар  инновациялық  орталықтар тектес
қызмет атқарады. Олардың міндеті ғылыми-техни-
калық идеяны  жүзеге асыруға  қолдау көрсету  бо-
лып табылады. Осы міндеттерді iске асыру үшiн тех-
нологиялық 
бизнес-инкубаторлар 
бiлiктi
менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң
және заңгерлердiң штатына ие болады. Олар инно-
вациялық кәсіпорындардың  есеп  шоты ашылған
банкпен түрлі қаржылық операцияларды жүргізу-
мен бухгалтерлік істерімен айналысып, қаржылық-
экономикалық және құқықтық кеңес беріп отырады.
Технологиялық инкубаторлардың қызметi инкуба-
цияланатын  шағын  инновациялық  компаниялар
үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкуба-
торлардың  бiрiншi  кезеңдегі  инновациялық
кәсiпкерлер  мен  инновациялық  фирмаларға,
ҒЗТКЖ-ға  мемлекеттiк  гранттарды  алушыларға
қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi
даму  институттарын  капиталдандыру  жолымен
мемлекет өтейтiн болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1
ҚР 
Ғылым 
қоры 
// 
file:///C:/
Documents%20and%20Settings/moti/
L o c a l % 2 0 S e t t i n g s /
Temporary%20Internet%20Files/Content.IE5/
IBQBE5E7/284,5
2
Бурханов А. Основные тенденции развития
мировой наук // Казахстан в глобальных процессах.
- 2005. - № 2 (4). - С. 142.
3
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі №
387 Қаулысымен бекiтiлген ҚР ұлттық инновация-
лық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi
2005-2015  жылдарға арналған бағдарлама.  -  Аста-
на, 2005 // http://www.zakon.kz.
4
Тулегенова М.С. Социально-экономические
факторы  инновационного развития  Казахстана //
Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теория-
сы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасы-
ның 15 жылдығына арналған халықаралық ғылы-
ми-тәжірибелік конференциясының материалдары,
7-8 желтоқсан 2006 ж. - Алматы: "Қазақ универси-
теті", 2006. - 4.1. -                           222-225 бб.
5
Аметистов Е.А., Дмитриев А.С. Высокие тех-
нологии - путь к процветанию // Инновации. - СПб. -
2004. - № 5. - С. 46-51.
Б.Қ. Кадиров, э.ғ.м. ,
Қазақтұтынуодағы  Қарағанды
экономикалық университеті
Жаңа Экономик және Жүйелік
Талдау Ғылыми зерттеу институты
Кіші ғылыми қызметкер
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫ
Агроөнеркәсіп  кешені  экономиканың
негізгі  салаларының  бірі  және  еліміздің  азық-
түлік  қауіпсіздігі  ғана  емес,  мемлекеттегі
қоғамдық-саяси  тұрақтылық  та  осы  саланың
дамуымен  тікелей  байланысты.  Әлемдік  азық-
түлік  нарығында  туындаған  дағдарыс  пен  оның
салдары  азық-түлік  мәселесінің  өзектілігін
бұрынғыдан  да  салмақтап,  дүниежүзілік  эко-
номикалық  саясаттың  алдыңғы  қатарына  шы-
ғарды.  Азық-түлік  тапшылығы  қаупін  сезініп-
түйсінген  әлемнің  барлық  елдері,  қазір
өздерінің  аграрлық  саясатын  шұғыл  қайта
қарап,  тиісті  өзгерістер  енгізіп  жатыр.  Әсіресе
өндіріс  көлемін  арттыру  мен  ішкі  азық-түлік
нарығын  тұрақтандыру  мақсатындағы  мемле-
кеттің реттеу және қолдау көрсету ролін күшей-
туге ерекше мән беріліп отыр.
Әлемдік  экономиканың  бір  бөлшегі  ретін-
де  дүниежүзілік  азық-түлік  нарығындағы  жағ-
дай  Қазақстан  экономикасына  да  ықпал  етіп,
ішкі  азық-түлік  нарығында  көрініс  тапты.  Бұл
әсер  бізде  негізгі  азық-түлік  тауарлары  бағасы-
ның күрт қымбаттауы мен сыртқы нарыққа жап-
пай  экспортталуы  нәтижесінде  ішкі  қордың
күрт  азаюынан  байқалды.  Уақытында  алдын
алу  шараларын  қолданып,  мемлекет  жалпы
ішкі  азық-түлік  нарығының  тұрақтылығын  сақ-
тап  қалды.  Дегенмен,  осы  жағдай  біздің  аграр-
лық  саланың  "әлсіздігін",  әлемде  орын  алатын
қауіпті  құбылыстарға  төтеп  беретін  ешқандай
мүмкіншілігінің  жоқтығын  тағы  бір  рет  ашып
көрсетті.  Біздің  ел  үшін  әлемдік  дағдарыстың
әсерін  дәл  болжаған  Мемлекет  басшысы  өзінің
Қазақстан халқына  арнаған биылғы  Жолдауын-
да  аграрлық  саланы  одан  әрі  дамыту  қажеттіг-
іне ерекше назар аударып, еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  қатысты  нақты
тапсырмалар  берді.
Елбасы тапсырмаларына сәйкес 2014 жылға
дейінгі  агроөнеркәсіп  кешенін  дамытудың  са-
лалық  бағдарламасына  өзгерістер  мен  толық-
тырулар  енгізілетін  болады.
Енгізілетін  өзгерістердің  негізгі  айырма-
шылығы  саланы  мемлекеттік  ынталандырудың
жаңа  аса  тиімді  құралдарын  қарастыратын  аг-
рарлық  сектордағы  мемлекеттік  қолдау  құрал-
дарының  қайта  құрылуы  болады.
Соңғы  жылдары  елде  агроөнеркәсіп  кеше-
нінде  мәнді  нәтижелерге  қол  жеткізілді:
өндірістің  тұрақты  өсімі  қамтамасыз  етілді,
өнімділік  пен  еңбек  өнімділігі  ұлғаюда,  негізгі
азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі қамтама-

3 (25) • 2012
137
сыз етуге қол жеткізілді.
Бұл  арада  бір  жағынан  әр  аймақтың  та-
биғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып,
сол аймаққа  ең  тиімді  деген  дақылдарды  таңда-
уымыз  қажет,  екіншіден,  қазір  ішкі  нарықтың
сұранысы  толық  қамтамасыз  етілмей  отырған
дақылдарды  жеткілікті  мөлшерде  өсіруді  қамта-
масыз  етуге  тиіспіз.  Мұны  ынталандыру  үшін
мемлекеттік реттеу және  қолдау  шаралары  пай-
даланылуда. Атап айтқанда  отандық өндіріс  ішкі
нарықтың  сұранысын  қамтамасыз  ете  алмай
отырған  майлы  дақылдарды,  жеміс-жидек  пен
бақша  өнімдерін,  қант  қызылшасы,  күріш  пен
жүзім өсіруге берілетін субсидия мөлшері елеулі
ұлғайтылды.  Бұл  шаралардың  қазірдің  өзінде
нәтижесін бере бастады. Тауар өндірушілер өткен
жылдыдың  өзінде  майлы  дақылдардың  алқабын
191,7  мың  гектарға  немесе  28,5  %-ға,  жеміс-жи-
дек, бақша және жүзім егу көлемін 4,7 мың гекта-
рға  немесе 10,3  %-ға,  қант  қызылшасын  егуді 5,6
мың гектарға  немесе  40,9 %-ға  көбейтті.
Егіншіліктің  ең  басты  проблемалары  бұл  -
астық сақтау қоймаларының жетіспеуі, экспортқа
шығару жағын мемлекет тарапынан дұрыс ұйым-
дастырылмау  себебімен  нарықта  тұрақты орнын
табалмауы, транспорттық тасымалдау жағы ақсап
тұрғаны ауыл  шаруашылық кәсіпкерлерге қиын-
дық  туғызуда.  Егіншіліктің  ең  басты  проблема-
ларының бірі - топырақ құнарының азаюы екенін
ескере отырып, алдағы уақытта мемлекет тарапы-
нан  құнарлылықты  қалпына  келтіру  мен  артты-
руға ерекше  мән  беретін  боламыз. Осы мақсатта
келесі  жылдан  бастап  топырақ  құнарлылығын
қалпына  келтіру  мен  арттыруға  ынталандыру
шараларын  қолға  алу,  бұл  үшін  осы  мәселені
бөлек  бюджеттік  бағдарлама  ету  жоспарланып
отыр. Осы шара арқылы біз топырақты минерал-
ды  тыңайтқыштар  арқылы  құнарландыруды  екі
есеге арттырмақ. Бұл үшін отандық зауыттардың
минералды  тыңайтқыштарды  ішкі  нарыққа
қажетті мөлшерде өндіруі  мен  оны ауылдағы та-
уар өндірушілерге жеткізуді қамтамасыз ету мәсе-
лесі қазір жан-жақты қарастырылып жатыр.
Ішкі нарықты  бақша  өнімдерімен  қамтама-
сыз ету мәселесі әлі де егін шаруашылығының ең
осал тұсы болып қалып отыр. Бақша дақылдарын
өндіру  көлемі  тұтастай  алғанда  еліміздің
қажеттілігін  толық  жабуға  жететінін  сараптама
көрсетіп берді. Бірақ, маусымаралық кезеңде ата-
лған  өнімдердің  тапшылығы туындап, бұл өз  ке-
зегінде  бағаның  өсуіне,  сол  арқылы  инфляция
көрсеткішінің артуына себеп болады. Біз бұл мәсе-
лені  шешуді  өнім  сақтайтын  қоймаларды  салу,
бақша  дақылдарын өсіретін  жылыжайларды  ар-
ттыру  арқылы  шешуге  болады  деп  жоспарлап
отырмыз.  Қазір  республика  бойынша  барлық
жылыжайлар  қажеттіліктің  9,3  %-ын  ғана  құрай-
ды, сонымен қатар көкөніс-жеміс сақтайтын қой-
малардың  тапшылығы  да  білініп  отыр.  Сондық-
тан  мемлекеттік  реттеу  және  қолдау  шараларын
дәл  осы  проблемаларды  шешуге  бағыттау  жос-
парланған. Атап айтқанда, "ҚазАгро" Ұлттық Хол-
дингі"  АҚ  жаңа  жылыжайлар  мен  бақша
өнімдерін сақтайтын қоймаларды салу мен бұры-
нғыларын  қайта  жөндеуге  арналған  және  олар-
ды  арнайы  құрал-жабдықтармен  жабдықтауға
бағытталған  бизнес-жобаларды  жеңілдетілген
шарттармен  қаржыландыруда.  Шаруашылық-
тардың  сұрауы  бойынша  бұл  шара  тікелей қар-
жыландыру әдісімен де, техниканы лизингке беру
әдісімен де іске асырылып жатыр. Қолға алынған
осы  шаралар  енді  5-6  жылда  ішкі  нарықты
көкөніс өнімдерімен жыл бойы үздіксіз қамтама-
сыз  етуге  мүмкіндік  бермек.  Біз қазір дәл  осын-
дай шараларды жеміс-жидек пен жүзім өсіру са-
лаларында  да  қолдануды  жоспарладық.  Бүгінде
бар  баулар  мен жүзімдіктердің  басым  бөлігі  ер-
теде  егілген,  ағаштар қартайғандықтан  өнімділігі
төмен.  Осыған  байланысты  жаңа  плантациялар
егуді  өрістетіп,  оларды  жеміс  беретін  шағына
дейін  күтіп баптауға  мән  беру  керек.  Бұл  арада
біз  дақылдарды  күтіп -баптау  мен  жемісті жина-
уды  механизацияландыруға  және  замануи  агро-
технологияларды 
кеңінен 
пайдалануға
мүмкіндік  беретін  интенсивті бауларды  көбейту-
ге  басты  назар  аударыла бастады.
Ауыл  шаруашылық  дақылдарын  өндіруді
дамытудың  үлкен  мүмкіндігі  егін  егудің  ылғал
және қор сақтау технологияларына жаппай көшу-
де жатыр. Қазір егістік жерлердің 60 %-ға жуығы
осы технологиялармен өңделеді. Ол үшін бірінші
кезекте  лизингтік  бағдарламаны одан  әрі  кеңей-
ту арқылы ауыл шаруашылық құрылымдарының
техникалық  жарақтануын  жақсартуға  тиіспіз.
Сондай-ақ  тыңайған  жерлерді  жаңадан  игеру
сияқты  экстенсивті  даму  факторлары  да  біздің
үлкен резервіміз деуге болады. Қазақстандағы 5,5
миллион  гектар  тыңайған  жер  бар,  біз  олардың
2,0-2,5  млн  гектарын  немесе  36  %-ын  айналымға
қосуды  қарастырып отырмыз.  Қазір пайдаланы-
лып жатқан 19,8 млн гектар егіс алқабымен қосып
есептегенде бұл жер пайдаланудың ең тиімді пай-
далануға  жағдай  жасайды.
Сондай-ақ  мал  шаруашылығын  интенсив-
тендіру  бағытында  да  ауқымды  жұмыстарды ат-
қару міндеті  тұр. Қазір бұл  саланың бәсекелестік
қабілеті орта деңгейде екенін мойындауға тиіспіз.
Бүгінде  еліміздегі  барлық  мал  басының  80%-ға
жуығы  қосалқы  шаруашлықтардың  еншісінде,
мал өнімдерін өндірудегі орта және ірі тауарлық
өндірістің  үлесі  өте төмен.  Мысалға  республика-
дағы  мал  басының  5-7  %-ы  ғана  асыл  тұқымды,
бұл дамыған елдердегі көрсеткіштен 6 есе аз. Сон-
дықтан  мал шаруашылығында  біз  бірінші кезек-
те  өндірісті  ірілендіру  мен  малдың  генетикалық
әлеуетін арттыруға маңыз беруіміз қажет. Осы екі
мақсатқа ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру және
ғылыми  негізделген  сұрыптау-асылдандыру
жұмысын жүйелі жүргізу арқылы қол жеткіземіз.
Бұл процесті  жеделдету  үшін  шетелдерде  селек-
циядан өткен жоғары өнімді  асыл тұқымды мал-
дармен жабдықталған  замануи мал өсіру  кешен-
дерін салу жөніндегі арнайы бағдарламалар іске
асырылатын  болады. Осындай 2  сүт  кешені был-
тыр  салынып  бітіп, тауар  өндірушілерге  лизинг-
ке берілген болатын. Биыл тағы осындай 6 сүт ке-
шені  пайдалануға  беріледі.  Сөйтіп  2012  жылға
дейін  елімізде  салынатын  замануи  сүт  кешен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет