3 (25) • 2012 1 Караганды 2012



Pdf көрінісі
бет39/64
Дата24.03.2017
өлшемі5,11 Mb.
#10160
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64

Список литературы:
1. Базель  III    новые  стандарты  капитала  и
ликвидности  //  www.worldbiz.ru
2. Новые подходы к регулированию банков-
ского сектора // Аналитический  банковский пор-
тал  // http://eurobanki.ru/.
3. Наталья  Задерей  //  Капитальные  рефор-
мы Базеля // Экономика и финансы / №45(282) //
www.  expert.ua.
4. "Капитал" от 16.11.2011 г., авт .В. Сабитова
// Казахстан внедрит "Базель-3" раньше Европы и
США.
5. Международный  опыт  управления  кре-
дитным  риском //  Банки  Казахстана №10.-2011г.
6. www.elitetrader.ru.
7. www.InstaForex.com.
8. Швейцарские  банки  резервируют  соб-
ственный капитал //  AllBanks.kz
9. Кодекс 
управления 
рисками 
//
www.raexpert.ru.
10. Издательство  "Открытые  системы"
www.osp.ru // Журнал The  Banker  назвал  лучшее
решение  для управления  рисками в  банках.  Им
стало  решение компании SAS  - Risk Management
for  Banking.
11. www.sas.com/solutions/riskmgmt.
12. www.p-s.kz.

3 (25) • 2012
189
М. Дюсембаева
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық Университетінің
ГМУ-21 НП тобының магистранты
АДАМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ - ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Қазіргі  таңда  "Адами  капитал"  ұғымының
өзектілігі  жөнінде  елімізде  аз  айтылып  жүрген
жоқ. Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
евтың  жүргізіп  отырған  саясаты  бойынша,
Еліміздің  әрбір  азаматы  -  Қазақстанның  басты
байлығы.  Санкт-Петербургте  болған  халықара-
лық экономикалық форумда елбасымыз: "Адам
капиталы  -  тұрақты  экономикалық  дамудың
негізі  және  инновациялардың  басты  қозғаушы
күші"  деген  еді.
Жалпы  адам  капиталы  дегеніміз  не?  Шы-
нында, капитал - ақша, жер, активтегі мүліктер.
Дегенмен, адам капиталы деген сөздің ең қысқ-
аша ұғымы - интеллект, денсаулық, білім, және
өнімді  еңбек  пен  өмір  сүру  сапасы.  Бұл  ұғым
бірінші кезекте адамның бойындағы талант пен
мүмкіндіктерді,  денінің  сау  болуы  мен  еңбекке
жарамдылығын  меңзейді.  Сондықтан  ол  сөздің
түп  төркінінде  халықтың  экономикалық  бел-
сенділігі  жоғары,  жоғары  білікті  болып,  жақсы
табыс  табатын  дәрежеге  жетуіне  жағдай  жасау
ұғымы  жатыр.
Адам капиталының дамуына қызмет ететін
білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік  қол-
дау,  экологиялық  тазалық  сақтау,  кепілді,  са-
палы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету сын-
ды мақсаттарға жұмсалатын ұлттық байлықтың
үлесі  дамыған  елдерде  жоғары  болады.  Бүкіл
ұлттық байлығының 80 пайызы адам капиталы-
ның  жоғары  деңгейін  сақтауға  арналған  мем-
лекеттер де бар.  Мысалы, жиырмасыншы ғасыр-
дың  соңында  АҚШ-тағы  адам  капиталының
үлесі 95 триллион долларды немесе Ұлттық бай-
лықтың  77  пайызын  құрады  (сол  кездегі  дүни-
ежүзі бойынша адам капиталы үлесінің 26 пай-
ызына  тең).  Қытайдың  адам  капиталындағы
үлесі  Ұлттық  байлығының  25  триллион  долла-
рына  тең.  Бразилиядағы  үлес  -  9  триллион,
Үндістандағы үлес - 7 триллион  доллар.   Бұдан
шығатын  қорытынды,  адам  капиталын  дамыту
саясаты, біріншіден, әрбір  адамның өсіп-өркен-
деуі, баюы, ұзақ өмір сүріп, бақытты болуы мақ-
сатына  қызмет  етеді.  Екіншіден,  адам  капита-
лының  сапалы  дамуы  мемлекетті  гүлдендіру-
ге,  экономиканы  өркендету  мен  сапалы  өнім
өндіруге  қызмет  етеді.  Сол  себепті  де  адам  ка-
питалы  мен  экономика арасы  тығыз  байланыс-
ты, әрі бір-бірін толықтырып отырады. Термин-
де  "капитал"  сөзінің  қолданылуы  да  сондықтан
болса  керек  [1].
Адам  капиталы  басқалары  сияқты  тозады,
экономикалық  құнын  жоғалтады,  ескіреді.
Адам  капиталына  салымның тиімділігі  өте  жо-
ғары,  бірақ  та  жай  капиталға  қарағанда,  оның
инвестициялық  мерзімі  соғұрлым  ұзақ,  ол  12-
20 жылға дейін созылады. Сондықтан әлеуметтік
дамуға  жұмсалатын  шығындар  ұзақ  мерзімді
стратегия  тұрғысынан  жоғары  тиімділікті  са-
лым деп қарастырылады және оның  есесін едә-
уір  уақыт  өткеннен  кейін  ғана  алуға  болады.
Осының  негізінде  капиталдың  өз  бетін-
ше өсу тетігін жасау қажеттігі туындайды. Оған
сәйкес  экономикалық  құрылым  жасау  керек
болады.  Адамға  мемлекеттің  ақшасы  шашыла-
тын  енжар тұлға  деп қараудан  бас тарту  керек.
Керісінше  адамға  мемлекет  ақшасын  салатын
белсенді  тұлға  деп  қарау,  әлеуметтік  саясатты
соған  сай  құру  қажет.  Бәрінен  бұрын  адамдар-
дың  өздері  қоса  қаржыландыра  алатын  саласы
мен  үй  шаруашылығына,  олардың  өзінің
уақыты  мен қаражатын жұмсауға дайын нәрсе-
ге,  олардың  өмірлік  мүддесіне  айналатын
нәрсеге  инвестиция  салған  жөн.
Адам капиталына инвестицияны ұлғай-
ту  үшін  қоғамдық  өндірісте  белгілі-бір  құры-
лымдық өзгерістер болуы қажет. Мұндай салым
инвестор  үшін  қандай  да  болса  пайда  табуға
орайлы. Қызметкер үшін бұл - табыс деңгейінің
ұлғаюы,  жұмыстан  зор  қанағат  табуы,  жұмыс
жағдайының  жақсаруы,  өз  қадірінің  артуы.
Жұмыс  беруші  үшін  -  еңбек  өнімділігі  мен
тиімділігінің  артуы,  жұмыс  уақытын  жоғалту-
дың қысқаруы. Мемлекет үшін бұл - азаматтар-
дың  әл-ауқатының  артуы,  жалпы  кірістің  өсуі,
азаматтық  белсенділіктің  жоғарылауы.
Барлық  елдерде  адам  капиталын  үш
өлшеммен бағалайды. Бірінші - өмір сүру ұзақ-
тығы. Екіншісі - ересектердің сауаттылығы және
балалардың  мектеппен  қамтылуы.  Үшіншісі  -
ішкі  жалпы  өнімнің  жан  басына  шаққандағы
үлесі.
ТМД  елдері  ішінде  Қазақстан  ғылымды
дамытуда  Ресей  мен  Украинадан  кейін  үшінші
орынды  алады.  Ал,  адам  ресурсының  сапалық
деңгейінің  көтерілуі  -  тек  ғылымға  жете  көңіл
бөлгенде  ғана  пайдалы  болатындығын  естен
шығармаған  жөн.  Бүгінгі  таңда дамыған  елдер-
де  ұлттық байлықтың 72,2  пайызын адам капи-
талы  құрайтынын  ескерсек,  біздің  елімізде
қолға  алатын  мәселелер  әлі  де  көп  екендігін
байқау  қиын  емес [2].
Елбасының     бұл    бастамасының нәтижес-
інде өмір сүрудің сапасы артуы,  білім беру мен
денсаулық  сақтау  қызметтерінің  сапасы  күрт
жақсаруы  тиіс.  Адамның  сапалы  білім  алуы,
жоғары  деңгейдегі медициналық қызметті пай-
далануы,  жақсы  жұмыс  орындарында  істеуі,
таза қоршаған ортада өмір сүруі, жалақысы мен

ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
190
зейнетақысының  жеткілікті  болуы,  қамсыз  бо-
лашақ  пен  жайлы  қарттыққа  деген  сенімінің
молаюы,  тағы  бас-қа  жағдайлардың  бәрін  іске
асыру үшін  адам капиталын дамыту қажеттілігі
туындаған. Оған қоса осындай бағытты ұстануға
елдің  экономикалық  жағдайы  да  мүмкіндік
беріп  отыр.  Мемлекеттің  инновациялық  даму-
ының  негізі  адамзат  капиталы  болып  табыла-
ды.
Елбасының  Жолдауында  басты  адресат  -
адам,  оның  өмірінің  сапасы,  ертеңгі  күнге
сенімділік болуы кездейсоқ емес. Қазақстанның
жаңа  кезеңде  әлеуметтік-экономикалық  дамуы
өмірдің  барлық  салаларын  ауқымды  өзгерту
арқылы  инновациялық  технологияларды  енді-
ру,  өндірістің  энергия  тиімділігі,  әлеуметтік
құрылымды  жетілдіру,  білімнің  әлемдік  дең-
гейіне  қол  жеткізу  арқылы  жүзеге  асырылатын
болса,  тұрғын  үй  құры-лысы  бағдарламасын
іске  асыру,  сондай-ақ энергетика  мен  көлік  ин-
фрақұрылымын  да-мыту,  елді  газдандыру  бой-
ынша мегажобаларды іске қосу өндіріс пен әле-
уметтік  саланы  дамытудың  катализаторлары
болады.
Жолдауда  білім  жүйесін  жаңарту  бойын-
ша  нақты міндеттер қойылған. Табысты  бәсеке-
лестік  үшін  жоғары  технологиялар  саласында
инновациялар  санаттарымен  ойлайтын,  бәсеке-
лес  ортада  инновациялық  өнімді  құруға  ғана
емес,  сонымен  бірге  іске  асыруға  қабілетті  ма-
мандар  қажет. Жоғары  технологияларда,  инно-
вацияларда  іске  асырылатын  жаңа  ойлардың
таралуы  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық
даму  сапасын  және  азаматтардың  әл-ауқаты
деңгейін  анықтайды[3].
Қазір елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарба-
евтың  тапсырмасына  сәйкес  Қазақстан  эконо-
микасын дамыған және бәсекеге қабілетті елдер
деңгейіне  жеткізуді  мақсат  тұтқан  кең  ауқым-
ды  бағдарламалар  жүзеге  асырылып  жатқыр.
Соның  ішінде  үдемелі  индустриялық-иннова-
циялық  бағдарлама  бойынша  жоспарланған
240 мың жаңа жұмыс орнының 60 мыңы ашыл-
ды.  "Бизнестің  жол  картасы-2020"  бағдарлама-
сы  бойынша  600-ден  астам  шағын  және  орта
бизнес  кәсіпорындарына  қолдау  көрсетілді.
Өткен  жылдың  шілде  айында  жұмыспен  қам-
тудың  жаңа  бағдарламасы  іске  асырыла  баста-
ды.  Оған  40  млрд.  теңгедей  қаражат  бөлінді.
Осындай  аса  ауқымды  шараларды  іске  асыру-
да  адам капиталының  рөлі  айрықша екені  дау-
сыз.
Жоғары  технологиялық  кәсіпорындар
мен  жаңа жұмыс  орындарының ашылуы,  еңбе-
кақының  өсе түсуі    тәуелсіздігімізге  20  жыл  то-
лған  жылы  халықтың  тұрмысын  айтарлықтай
жақсартты. Тек соңғы төрт жылдың ішінде ғана
қазақстандықтардың  нақты  табысы  80  пайызға
өсті.  Осы  уақытта  халықтың  денсаулығын  сақ-
тау мен білім беру  салаларын қаржыландыру 2
есе  артты.  Бюджеттен  қаржыландырылатын
барлық  қызметшілердің  еңбекақысы  және  зей-
нетақының орташа мөлшері екі есе өсті.
Демек,  елде  адам  капиталын  дамытуға
айрықша мән беріліп  отыр деген сөз.
Қолданылған әдебиеттер  тізімі:
1.  http://www.nurotanschool.kz  -  Жоғары
партия  мектебі
2.  http://www.ipd.kz  -  Нұр  Отан  Халықтық
Демократиялық  партиясының  Парламента-
ризм  Институты
3.  "Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты"  -  Елбасы-
ның Қазақстан халқына  Жолдауы,  АСТАНА.  28
қаңтар
Л.В. Ташенова, м.э.н., преподаватель
кафедры "Маркетинга" КарГУ им Е.А. Букетова
Л.К. Аркенова, студент группы БУС-42
КарГУ им Е.А. Букетова
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ОПЫТ РАЗВИТИЯ ERP-СИСТЕМ
Республика  Казахстан  стремиться  перенять
успешный  международный опыт, особенно  в  об-
ласти  индустриально-инновационного  развития.
На данный момент  существует огромное количе-
ство высокотехнологичных решений, но наиболее
эффективным являются ERP-системы.
ERP  -  аббревиатура  от  наименования
"Enterprise Resource Planning" (Управление ресур-
сами  предприятия).  Это  организационная  стра-
тегия интеграции  производства и  операций, уп-
равления  трудовыми  ресурсами,  финансового
менеджмента  и  управления  активами,  ориенти-
рованная  на непрерывную балансировку  и  опти-
мизацию ресурсов предприятия посредством спе-
циализированного  интегрированного  пакета
прикладного программного обеспечения, обеспе-
чивающего  общую  модель  данных  и  процессов
для  всех  сфер  деятельности.  ERP-система - конк-
ретный программный пакет, реализующий стра-
тегию ERP.
Главная  задача  ERP-систем  -  достичь  конку-
рентоспособных  качеств за  счет оптимизации де-
ловых процессов компании и понижения уровня
издержек.
На Западе внедрение ERP-системы считается
необходимым  условием  для  публичной  компа-
нии  и,  начиная  с  конца  1990-х  годов,  ERP-систе-
мы,  изначально  внедрявшиеся  только  промыш-
ленными предприятиями, эксплуатируются боль-
шинством  крупных  организаций вне зависимос-
ти от формы собственности и отрасли[1].
Целью систем класса ERP можно назвать оп-
тимизацию предприятия в целях управления из-
менениями себестоимости товара и достижения

3 (25) • 2012
191
выгоды  за  счет  высокой  конкурентоспособности.
Именно поэтому такие системы предлагают пользо-
вателям методы управления и планирования, кото-
рые позволяют:
1. снизить уровень складских издержек и ко-
личество затрат, вызываемых залеживанием товара
либо его дефицитом, а также управлять имеющи-
мися запасами;
2. оптимизировать бизнес-процессы с целью
сокращения временных и материальных расходов
на выпуск продукции;
3. улучшить качество обслуживания заказчи-
ков и клиентов за счет осуществления поставок в ука-
занные сроки;
4. минимизировать  долю  незавершенного
производства, так как планы по производству состав-
ляются на базе информации о конечном спросе
5. анализировать выполнимость  имеющихся
заказов с позиции тех мощностей, которыми распо-
лагает предприятие;
6. следить за производительностью всех име-
ющихся производственных единиц, сравнивать фак-
тические данные с плановыми и оперативно коррек-
тировать планы;
7. гибко отвечать на спрос в итоге уменьшения
срока исполнения поступившего заказа и уменьше-
ния производственных цикла[2];
Рынок зарубежных ERP-систем поделен межу
тремя компаниями: SAP, Oracle, Microsoft Dynamics.
На сегодняшний день,  лидер рынка - SAP R/3 вне-
дрена на 10 тыс. предприятий в мире, другие веду-
щие производители информируют о 3-5 тыс. вне-
дрений. На основании этих данных можно прибли-
зительно, с определенной долей завышения оценить
общее число инсталляций - 50 тыс. [3].
Внедрение ERP-систем осуществляется не так
просто. На основании исследования мирового рын-
ка  ERP-систем за 2012 год  консалтинговой компа-
нией Panorama consulting group для большинства
организаций, внедривших ERP, период возврата ин-
вестиций составляет от двух до трех лет, или в сред-
нем 2,5 года.
Среднее  время  внедрения  проекта  Microsoft
Dynamics составляет 14 месяцев. При этом самые
длительные внедрения занимают около 24 месяцев,
а самые быстрые укладываются в один месяц. Ши-
рокий  диапазон  периодов  внедрения  Microsoft
Dynamics связан с обширным спектром продуктов,
предлагаемых для малых рынков. Решения SAP и
Oracle внедрялись за меньшее (но сходное) время, со
средним временем в 13 и 11 месяцев, соответствен-
но[5].
В большинстве случаев, организационные из-
менения при адаптации предприятий и сам про-
цесс установки системы протекает сложно. Тем не
менее, уровень удовлетворенности системой остает-
ся на высоком уровне. В 2012 году 81% опрошенных
компаний оказались довольны сделанным выбором
в пользу той или иной ERP-системы.
Среди наиболее распространенных выгод от ERP
внедрений участники назвали  повышение доступ-
ности  информации (60%), улучшение  взаимодей-
ствия (13%), снижение трудовых затрат и времени
операций на 7% соответственно[6].
41% компаний меняют свои бизнес-процессы,
для того, чтобы внедрить ERP-системы. 27%, напро-
тив, подстраивают системы под сложившиеся биз-
нес-процессы.
Согласно данным исследования, 63% компаний
сталкиваются с организационными проблемами в
ходе ERP-внедрений. 34% внедряют систему повсе-
местно и единовременно. 46% вводят новую ERP в
строй поэтапно, а 20% - выступают за гибридный
подход.
57% предприятий предпочитают также "жест-
кий" ввод ERP-системы в эксплуатацию, когда рабо-
та пользователей со старым ПО становится недоступ-
ной одномоментно. Тогда как  43% предпочитают
использовать параллельный счет (постепенный от-
каз от старого ПО)[6].
После внедрения ERP компании получили та-
кие преимущества, как увеличение доступности ин-
формации, сокращении времени отклика и усовер-
шенствование процессов  взаимодействия  внутри
организации.
Следует отметить, что 56% проектов выходят за
рамки изначально обозначенных бюджетов. За про-
шедший 2011 год перерасход по ERP проектам со-
ставлял около $2 млн.
Чаще всего  компании  внедряют  следующие
модули ERP-систем: 77% - управление финансами,
62% - управление продажами и дистрибуцией, 51%
- управление материалами, 50% - управление пер-
соналом, 45% - CRM(Система управления взаимо-
отношениями  с  клиентами),  а  также  управление
складом.
 Показатель эффективности ERP. Среднеотрас-
левое значение:
-
уменьшение страховых запасов - 40%;
-
уменьшение складских площадей - 25%;
-
увеличение оборачиваемости запасов (ТМЗ)
- 65%;
-
увеличение поставок точно в срок - 80%;
-
снижение производственного брака - 35%;
-
снижение задержек с отгрузкой готовой про-
дукции - 45%;
-
улучшение послепродажного обслужива-
ния - 60%;
-
более точный учет затрат - 30%;
-
снижение  транспортно-заготовительных
расходов - 60%;
-
уменьшение сроков закрытия учетного пе-
риода - 500% (в 5 раз);
-
увеличение оборачиваемости средств в рас-
четах - 30%;
-
уменьшение управленческих затрат - 30%;
-
устранение ручной подготовки документов
-  90%[7];
Обьeм рынка ERP в 2011 году достиг  45,5 млрд
$, в 2010 43 млрд. $ и в 2009 году 40,6 млрд $. Также
прогнозируется, что к 2015 году увеличение объема
рынка ERP до 50,3 млрд $.
По оценкам  специалистов,  казахстанский IT-
рынок практически полностью восстановился после
кризиса. Объем всего IT-рынка в 2011 году составил
207 млрд тенге. В 2011 году объем рынка ERP-систем
составил примерно 40-50 млн $. Восстановление тем-
пов роста экономики Казахстана  оказывает явное

ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
192
позитивное влияние на ERP-рынок.
В Казахстане ERP-системы уже внедрены или
внедряются на таких предприятиях как "КазМунай-
Газ",  "КазахстанТемирЖолы",  ENRC,  "Казахтеле-
ком", "Народный Банк Казахстана", "Цеснабанк", "Ге-
лиос", "ArcelorMittal Темиртау",  "EFES Караганда
пивоваренный завод" и многих других.
Сегодня, после кризиса, компании готовы де-
лать инвестиции в IT. С каждым днем растет пони-
мание того, что расходы на IT могут повысить эф-
фективность бизнеса. Для казахстанских компаний
главной задачей является перестроение бизнес-про-
цессов в соответствии с международными стандар-
тами, а также способность конкурировать с между-
народными компаниями. В нашей Республике в це-
лях повышения конкурентоспособности промыш-
ленных предприятий в приоритетных секторах эко-
номики путем увеличения производительности тру-
да была принята Программа модернизации дей-
ствующих  предприятий  "Производительность  -
2020", которая направлена на поддержку системо-
образующих и других действующих предприятий,
а также на развитие новых производств.
Реализация Программы будет осуществляться
в два этапа: 1 этап - с 2011 года по 2014 годы, 2 этап -
2015 - 2020 годы.
Существует 6  инструментов реализации про-
граммы:
1. оплата части затрат участнику программы за
разработку или  экспертизу Комплексного  плана
инвестиционного проекта;
2.  предоставление долгосрочного лизингового;
3. стимулирование привлечения квалифициро-
ванных проектных и инжиниринговых;
4. предоставление инновационных грантов;
5. привлечение высококвалифицированных за-
рубежных специалистов;
6.  внедрение  современных управленческих  и
производственных;
    На инновационные гранты в 2012 году было
выделено 7,3 млрд. тенге. В 2011 году в региональ-
ном разрезе наибольшее количество заявок на гран-
ты было получено из г.Алматы (315 заявок), г.Астана
(160), Карагандинской (66) и Южно-Казахстанской
(36) областей[12].
Казахстанский рынок ERP-систем активно рас-
тет, наблюдается экономический рост и увеличение
деловой активности. Но предстоит еще длинный путь
развития и внедрения ERP. Не остается сомнений в
том, что использование ERP-систем действительно
эффективно, что в дальнейшем позволит отечествен-
ным компаниям выйти на международный рынок.
Список литературы:
1. URL: http://ru.wikipedia.org/wiki/ERP.
2. Что 
такое 
ERP 
// 
URL: 
http://
www.erpguru.ru/?id_razdel=287.
3. ERP - решения как инструмент прогресса //
URL: http://www.nat.kz/ru/?p=1553.
4. Отчет "Panorama consulting group", - 2012.
5. Исследование зарубежного опыта  // URL:
http://www.sapland.ru/blogs/nechitaylov/?post=6284.
6. ERP-системы (мировой рынок) // URL: http:/
/www.tadviser.ru/index.php/Статья:ERP-системы_(-
мировой_рынок)
7. Окупаемость  инвестиций  //  URL:  http://
ru.wikipedia.org/wiki/Окупаемость_инвестиций.
8. ERP  market  to  grow  to  $50.3bn  in  2015:
Forrester 
// 
URL: 
http://
enterpriseapplications.cbronline.com/news/erp-
market-to-grow-to-503bn-in-2015-forrester-060511.
9. Страсти  по  "железу"  //  URL:  http://
www.erp.kz/news-and-publications/Publications/
Strasti-po-zhelezu.
10. Раскусить ERP // URL: http://www.kursiv.kz/
hi-tech/hitech-weekly/1195224446-raskusit-erp.html.
11. Государственная программа  "Производи-
тельность 2020".
12. Дополнительный  импульс  // URL: http://
www.innovus.kz/publications/orley/?page=13.
Д.Т. Нұрсұлтан
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
"Маркетинг" кафедрасының аға оқытушысы, магистрант,
"БАТЫС ЕУРОПА - БАТЫС ҚЫТАЙ" КӨЛІК ДӘЛІЗІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТУРИСТІК БАҒЫТТАРДЫҢ КЕЛЕШЕГІ РЕТІНДЕ
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық
транзиттік  дәлізінің  құрылысы  еліміздегі  және
әлемдік ауқымдағы  ірі жобалардың  бірі болып
саналады.  "Батыс  Еуропа  -  Батыс  Қытай"  халы-
қаралық  транзиттік  дәлізінің  жалпы  ұзындығы
8445  шақырымды  құрайды.  Оның  ішінде,
Қазақстан  Республикасынан  - 2787,  Ресей  Феде-
рациясынан  -  2233,  Қытай  Халық  Республика-
сынан 3425 шақырым жол өтеді. Аталмыш дәліз
Қазақстан  бойынша  бес  облыстың  үстімен
жүреді. Барлығы 2452 шақырым жол қайта жа-
ңартуға жатады (Ақтөбе - 358, Қызылорда - 817,
ОҚО  -  458,  Жамбыл  -  480,  Алматы  -  339  шақы-
рым).  Айта  кету  керек,  осы  бағыт  бойында  4,6
миллиондай халық тұрады, демек бұл еліміздің
халқының  үштен  бір  бөлігі  болып  табылады.
Халықаралық  транзиттік  дәлізінің  жобасын
қайта  жасау  учаскелерінің  Қазақстан  арқылы
өтетін  құрылыс  жұмыстарының  қажетті  келісі-
мдері  жергілікті  атқару  органдарының  мақұл-
дауынан  өтті.  Атап  айтқанда,  жолдың  жоспа-
ры,  жаңадан  жасалатын  ірі  құрылыстар,  ауыл
шаруашылығы  техникаларын  өткізіп,  мал  ай-
дайтын жолдар, жаяу жүргіншілер өтетін өткел-

3 (25) • 2012
193
дер салу алдын-ала келісімге ие болды. Сондай-
ақ  экологиялық,  санитарлық-эпидемиология-
лық, археологиялық және мемлекеттік сарапта-
малар  өткізілді.  Яғни,  жобаның  құрамындағы
барлық  жұмыстар  аймақтың  экологиясына  за-
лалсыздығы  туралы  барлық  өкілетті  органдар-
дың сүзгісінен шықты [1, с.  4].
Бұл жолдың тарихына үңілетін болсақ, "Ба-
тыс Еуропа - Батыс Қытай" құрлықаралық көлік
дәлізі туралы жоба 2005 жылы көтерілді. Арада
2  жыл  уақыт  өткеннен  кейін  Қазақстан  мен  Ре-
сей  көлік  министрліктерінің  басшылары  ар-
найы  келіссөз  жүргізіп,  екі  ел  арқылы  өтетін
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасын БҰҰ-ның
Азия және Тынық мұхиты мәселесіндегі эконо-
микалық және әлеуметтік комиссиясына қарас-
ты  автомобиль  жолдарының  тізіміне  енгізуге
уағдаласты.  Осыдан  соң  Қазақстан  мега  жоба
бойынша  Қытаймен  келісімге келді  және  көлік
тораптарын  дамытуға  қатысты  Еуропалық  ко-
миссиямен  арнайы  меморандумды  мөрледі.
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық
транзит  дәлізін  салу  Қазақстан  Республикасы
Премьер-Министрінің  2008  жылғы  15  сәуірдегі
№  88  үкімімен  бекітілген  "серпінді  жобалар-
дың" тізбесіне енді  [2,  с. 25].
Бүгінгі таңда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай"
құрлықаралық  дәлізін  төрт  банк  қаржыланды-
рып отыр. Жобаның жалпы құны - 6,7 млрд дол-
лар. Елімізде жүзеге асырылатын жол құрылы-
сына  -  825,1  млрд  теңге  жұмсалады.  Осыған
орай  республикалық  бюджеттен  135,9  милли-
ард  қаржы  қарастырылса,  сыртқы  қарыз  арқы-
лы  422,6,  концессия  арқылы  266,6  миллиард
теңге  тартылады.  Оның  ішінде  Халықаралық
қайта  құру  және  даму  банкі  -  2125  млн,  Азия
даму  банкі  -  700  млн,  Ислам  даму  банкі  -  398
млн,  Еуропалық  қайта  құру  және  даму  банкі  -
180  миллион  АҚШ  долларын  бөледі.  Қазақста-
нға  қарызға берілген  ақша  2012 жылдан  бастап
қайтарыла  бастауы  керек.  Үкімет  қарызды
ақылы  жолдан  және  салықтан  түскен  табыспен
өтемекші.
Қазақстанға  тиесілі  жолдың  біздің  елге
қарасты 2 787 шақырымының 2 452 шақырымы
қайта салынуы тиіс. Жоба бойынша 1390 шақы-
рым  жолды  4  жолақты  бірінші  техникалық  са-
натқа  өткізу  көзделсе,  қалған  1062  шақырым
екінші  техникалық  санатқа  өткізіледі.  2013
жылы толық аяқталатын жобаның құрылысына
тартылған  адамдар  да  4  санатқа  бөлінген.  1-ші
санатқа  басқарушы  менеджерлер,  2-ші  санатқа
жоғары  білімді  мамандар,  3-ші  санатқа  орта-
ша  білімі мен  кәсіптік  мамандығы  бар  техника
операторлары  мен  тракторшылар,  4-ші  сана-
тқа  әртүрлі  жұмыс  атқаратын  мамандығы  жоқ
жұмысшылар  кіреді.  Жұмыстың  69  пайызын
қазақстандық,  31  пайызын  шетелдік  компания-
лар жүзеге асырады. Құрылыста қолданылатын
материалдардың отандық өнім болуы жіті қада-
ғаланады. Жоба аясында 50 мыңнан астам адам
жұмыспен  қамтамасыз  етіледі.  Жол  құрылысы
барысында  экологиялық  санитарлық  жағдай-
ды жақсарту үшін Ақтөбе, Шаған, Арал, Қызы-
лорда,  Шиелі,  Жаңақорған,  Түркістан,  Икан,
Темірлан,  Шымкент,  Тараз,  Құлан,  Ташқарасу,
Жәркент, Қордай, Машат, Күйік сынды ірі елді
мекендер  айналып  өтіледі.  Ұлы  Жібек  жолын
трансқұрлықтық автожол жобасы түрінде жүзе-
ге  асыру  аймақтың  экономикасы  мен  инфра-
құрылымына елеулі ықпал етеді. Трансқұрлық-
тық  автожолдың  Алматыны  қоса  есептегенде,
еліміздің  халық  тығыз  қоныстанған  бес  айма-
ғының  -  Ақтөбе,  Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақ-
стан,  Жамбыл,  Алматы  облыстарының  елеулі
дамуына  жол  ашып,  Қазақстанның  оңтүстік
өңірлердегі  жергілікті  халықтың  әл-ауқатын
арттыруға  үлкен  күш  салатынына  сенуге  бола-
ды  [3].
Ұзындығы  2787  шақырымды  құрайтын
дәліз Қазақстанның 5 облысын басып өтеді. Бұл
облыстардың өзіндік тарихы, табиғи ерекшелігі
бар.  Сондықтан  осы  өңірлердің  аумағында  ту-
ризм  ошақтарын  дамыту  көздліп  отыр.  Атап
айтқанда,  "Батыс  Еуропа-  Батыс  Қытай"  дәлізі
бойында  жол  бойы  индустриясы  дамытылып,
шағын отельдер, жанармай құю бекеттері, көлік
жөндеу орындары ашылады. Бұл шет елдік  ин-
весторлардың  үлкен  қызығушылығын  тудыра-
ры сөзсіз.
Туризмнің  қажетті  инфрақұрылымын
анықтау  мақсатында  "Батыс  Еуропа  -  Батыс
Қытай"  жоғары  жылдамдықты  жаңа  халықара-
лық  автомагистралін  дамыту  үшін  министрлік
мастер-жоспар  әзірледі,  онда  басты  жалғасты-
рушы  элемент  жоғарыда  аталған  "Батыс  Еуро-
па  - Батыс  Қытай" көлік дәлізі  бойында  ұлттық
туристік  кластер  құру  болып  табылады.
Қазақстанның  бес  аумағы  (Алматы,  Жам-
был, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақт-
өбе  облыстары)  арқылы  өтетін  "Батыс  Еуропа  -
Батыс Қытай" көлік дәлізі оның бойында ұлттық
туристік  кластерді  құру  үшін  бірегей
мүмкіндікті  ұсынды.
Автомагистральдің  бүкіл  ұзақтығы  бойын-
ша  тұтынушылардың  мақсатын  және  түрлі
қажеттігін  қанағаттандыратын  аялдау  пункт-
терінің,  демалыс  аймақтарының  және  техника-
лық қызмет көрсету станцияларының болуы ав-
томагистральдің  қызмет  атқаруының  міндетті
шарты  болып  табылады.  Бұл  жол  бойындағы
сервистік  қызметтердің  саяхат  үшін  қолайлы,
сондай-ақ  автомагистраль  жанында  орналасқ-
ан  тартымды  туризм  пункттеріне  қызығушы-
лықты  қалыптастыру  және  оны  қанағаттанды-
ру  үшін  базалық  лагерь  болып  қызмет  атқара-
ды  [4].
2010 жылы жол бойындағы инфрақұрылым
нысандары  құрылысын  салудың  және  автома-
гистральдің тиісті учаскелерін  қолданысқа беру
кестесіне  сәйкес  олардың  құрылысының  үлгі
жобасын  жасау  ұсынылды.
"Батыс  Қытай  -  Батыс  Еуропа"  көлік  дәлізі
бойындағы  инфрақұрылым  нысандары  құра-
мына  қайта  құрылатын  және  жаңартылатын
туристік  индустрияның  нысандары  кіретін  бо-
лады,  яғни  ол  1  кестеде  көрсетілген  [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет