ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
26
Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын
институционалды қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасында IPO-ға қызмет жасайтын ры-
ноктық инфрақұрылымның көпфункционалды
элементтерінің тиімді қалыптасуы мен даму-
ын көздейді.
Мемлекет әсіресе дағдарысқа қарсы саясат-
ты қалыптастыру мен жүзеге асыру және эконо-
микалық сипаттағы әлемдік теденциялар кезе-
ңінде рыноктық инфрақұрылымдарды қалып-
тастыру мен дамыту үрдісіне нормативтік-
құқықтық және заңнамалық базаны құруда, сон-
дай-ақ осы заңнаманың орындалуына бақылау
жүргізуде үлкен ұйымдастырушылық әсер ти-
гізуі қажет. Мемлекет экономикалық тұрақтан-
дыруды және макро, мезо және микродеңгей-
лерде экономикалық өсудің баланстылығын
қамтамасыз ететін рыноктық инфрақұрылым-
ның реттеуші және қадағалаушы функциясын
толық жүзеге асыруға мүдделі.
Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламалары-
ның сәтті жүргізілуі үшін ұлттық пошта желісі
мен банк жүйесінің жалпыға
қолжетімді болуы,
аталған қызметтердің жеңіл және ыңғайлы, со-
нымен қатар олардың жоғары сапалы болуы
үлкен маңызға ие. Аталмыш фактор Қазақстан
экономикасының осы салаларында мемлекеттік
реттеу мен басқару жүйесін одан әрі дамыту
және жетілдірудің қажеттілігін анықтайды.
Сақтандыру жүйесінің мехнизмдерін және
оның құрылымдық элементтерін жетілдіру на-
рықтық институттарды дамытудың негізгі ба-
ғыттарының бірі болып табылады. Осыған бай-
ланысты ол Қазақстан Республикасында IPO-
ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарла-
масын тимді жүзеге асыруға әсер ететіндігі
сөзсіз. Сол себепті Қазақстан Республикасында
IPO секторына қызмет жасауға бағытталаған
сақтандыру компанияларына мақсатты, нәти-
желі көмек көрсету ұсынылып отыр.
Сақтандыру ісінің сенімділігін арттыру,
саөтандыру қызметерінің жоғары сапалылығын
қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында
IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдар-
ламасыз сақтандырушы тарапынан түрлі
қиянаттардан қорғау мақсатында сақтандыру
компанияларының қызметін міндетті лицензи-
ялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл
шараны жүзеге асыру мақсатында арнайы ба-
қылау-реттеу органын құру қажет.
Инвестициялық қызметтерді шоғырланды-
ру саласында, сондай-ақ жекешелендіру ісінде
аукциондар мен инвестициялық сауда орталық-
тары маңызды орын алуы тиіс. Бұл ретте осы
орталықтар қандай да бір жылжымайтын мүлік
немесе инвестициялық ресурстары сатып алу-
ды қалайтын кез-келген экономикалық субъек-
тіге көрсетілуі мүмкін. Қазақстанның барлық
облыстары мен ірі қалаларында осындай орта-
лықтарды ашу ұсынылады.
Қазіргі жағдайларда халықтың көп бөлігі
ұлттық қазақстандық компаниялардың акция-
ларын иемдену аясында Қазақстан Республи-
касында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен да-
мыту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу
үшін жеткілікті қаржылық ресурстарға ие емес.
Халықтың ақпараттандырылғандығын ар-
ттыру Қазақстан Республикасында IPO-ны
тиімді ұйымдастыру мен дамытудың анықтау-
шы факторларының бірі болып табылады, осы-
ған байланысты консалтингтік, маркетингтік,
инвестициялық, құқықтық және тағы да басқа
маманданған фирмалар мен компаниялардың
қызмет етуінің тиімді саласын қалыптастыу
өзекті сипатқа ие.
Қазақстанда осы саланың дамымағандығы
салдарынан және қызметтерге деген аса
қажеттіліктің тууынан аталмыш қызметтерді
ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирма-
лардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау
қажет.
5. Қазақстан Республикасында IPO-ны
мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарлама-
сын мемлекеттік қолдау және ынталандыру
Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру бөлігінде сыртқы экономикалық
қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай
жасау бойынша мемлекеттік орган қызметі сыр-
тқы экономикалық байланыстарды реттеуге,
барлық кәсіпкерлерге үшін теңдей жағдай жа-
сауға және олардың шетелдік капиталды алып,
тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытта-
луы керек.
Осыған байланысты төмендегі шаралар
ұсыныады:
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын
жүзеге асырумен айналысатын ұйымдарға ше-
телдік серіктестерімен іскерлік байланыстарды
орнатып, шетелдік технологиялар, құрал-жаб-
дықтар, ноу-хау, сондай-ақ лизингтік компани-
яладың қатысуымен кешенді түрде жабдықтау
жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасында IPO-ны мемле-
кеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзе-
ге асырумен айналысатын ұйымдарға сыртқы
сауда қызметін дербеc жүргізу
құқықығын беру;
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру аясында мемлекеттің сыртқа бағ-
дарланған жұмыстарды несиелендіруін қам-
тамсыз ету және оған салық салудың жеңілдет-
ілген режимін қолдану.
6. Қазақстан Республикасында IPO-ны
мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарлама-
сы саласының құрылымдарында жұмыс
істейтін кадрларды дайындау .
Қазақстан Республикасында IPO-ны дамы-
ту саласында құрылымдарды қалыптастыру-
дың ең маңызды элементі нарықтық экономи-
ка аясында қызмет атқаратын кадрларды да-
ярлау мен қайта дайындау болып табылады.
Әрбір қатысушы табысқа жету үшін маркетинг,
бизнесті басқару, қаржылық менеджмент және
т.б. сияқты кәсіби сұрақтар мен ғылыми бағыт-
3 (25) •
2012
27
тарды жетік білуі қажет. Сонымен қатар, Қазақ-
стан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қол-
дау мен дамыту бағдарламасы туралы өте
қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі
жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыру,
кәсіпкерлік құрылымдар туралы білімдерді ын-
таландыру бойынша кеңейтілген ақпараттық
компания қажет.
Осыған байланысты білім және кеңес беру
орталықтарын ұйымдастыру арқылы төмендегі-
дей міндеттерді атқару көзделуде:
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын
жүзеге асыруды ақпаратты қамтамасыз ететін
негізгі ғылыми-білім беру бағыттары бойынша
кадрлрды дайындау және қайта даярлау;
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мем-
лекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру шараларына тартылған қатысушы
құрылымдарда қызмет жасайтын оқытушы кад-
ларды дайындау және қайта даярлау;
* шетелдік ғылыми орталықтар мен компа-
нияларда білім алу және кәсіби деңгейін жақсар-
ту үшін мамандар арасында конкурстар өткізу.
Нарықтық қатынастарды және Қазақстан Рес-
публикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен
дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қатыса-
тын тұрғындарды қолдаудағы мемлекеттік сая-
саттың маңызды міндеті - жастардың білім бе-
рудің барлық кезеңдерінде ІРО-ны ұйымдастыру
мен жүргізу біліктілігіне баулу болып табылады.
Осыған байланысты, оқу бағдарламаларында
Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік
қолдау мен дамыту бағдарламасының негіздері
бойынша арнайы курстарды енгізу жөнінде ұсы-
ныс жасау көзделуде.
Достарыңызбен бөлісу: