93
ҒҰНДАРДЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ ТАРИХИ ДАМУ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ОРНЫ
Ыбырайхан М.Ы.
Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ
Еуразия даласының тарихындағы ғұндар тек көшпелі өркениеттің өкілі ретінде ғана
емес тұтастай құрлықтағы тарихи даму өзгерістерінің себепкері ретінде көрсетіледі. Бұл
тайпа тек жоғары мемлекеттік деңгейге көтеріліп, көршілес ірі мемлекеттермен тығыз
қарым-қатынаста немесе қарама-қайшылықта болып қана қоймай өз ізін барлық Еуразия
даласына қалдырды. Азиядан шығып Еуропа құрлығында өз үстемдігін орнатқан олар,
жергілікті халықтарды басып алып немесе өз одақтасы ретінде қосып алумен қатар, олардың
тарихи, этникалық дамуы жəне өзге мемлекеттермен арақатынасына да əсер етті.
Ғұндардың күнбатысқа қалай ауып бара жатқанын жазған сол заманның жазушысы
Дионисий Периегет. Ол ғұндарды «скифы – унны, Каспийцы» деп жазады (160 жыл).
Клавдий Птоломей ғұндарды Борисфенде (Днепр) тұрғанын айтады. Филосторгийдің
айтуынша (ІV ғ. жазушысы), ғұндар Еуропаға келмес бұрын Рипэй (Орал) тауының екі
жағын қоныстап отырған дейді. Ғұндардың қарт құрлықтағы халықаралық қатынастар
сипатына əсер ететін кезеңі б.з. IV ғ. 70 жылдарында басталады [1, 151 б.]. Ғұндар көсемі
Баламбер шамамен 370 ж. аландарды талқандайды. Ертедегі авторлардың хабарлауынша,
оның ішінде Аммиан Марцеллинның жазбаларында аландар көшпенділер екендігі аталып
өтіледі [2, 123 б.]. Яғни, IV ғ. латын жазушысы Аммиан Марцелинның баяндауынша ғұндар
басында Азов теңізі мен Донның төменгі ағысын мекендеген аландарға бас салды. Əрі қарай
аландармен бірге острогот королі Эрманарихпен күрес жүргізіп Иордан əспеттеп, күшті етіп
бейнелеген бірақ, шын мəнінде ондай күші жоқ, корольдігін қиратады. Ғұндар
Эрманарихтың мұрагері Винитардың жасақтарын жеңіп, əрі қарай батысқа везиготтар
облысына қарай ұмтылады. Везиготтар ғұндармен шешуші шайқастан жалтарып, император
Валенттан Фракияға қоныстануға рұқсат алып, Дунайдың əр жағына, Трансильвания
тауларына өтіп кетеді. Осы сəттен бастап яғни, 376 ж. бастап ғұндар ұзақ уақытқа Қара теңіз
жағалауларына, ол жердің кең-байтақ далалы кеңістігіне ие болады [3, 28 б.]. Оңтүстік-
Шығыс Еуропадағы Остгот королі Эрманарихтың көп тайпалы державасы қираған соң,
халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болған қозғалыстар пайда болды. Осы қозғалысқа
басты себепкер ғұндар б.з. V ғ. шегінде Месопотамияға жəне Кіші Азияға жорық жасайды,
одан кейін батысқа жылжиды, өз биліктерін Орталық Еуропаның аумақты кеңістігіне
орнатып, империяларға қарсы күресін бастайды. Б.з. V ғ. 20 жж Римде ғұндар арқылы
өздерінің Галлиядағы билігін күшейту үшін пайдаланғысы келетін партия пайда болды. Бұл
партия император тағына Нотарий Иоаннды (423-425 жылдар) отырғызды. Иоанн жедел
түрде ғұндардан көмекші əскер сұрауға, оларды алтын беріп сатып алуға Аэцийді жіберді.
Бұл кезде империя аумағындағы халықтар бас көтеріп жатқан болатын. Аэцийді жіберу
кездейсоқ еместін. Рим генералы Гауденцийдің ұлы, ғұндарда тұтқында болғанда өз
қатарласы Аттиламен жəне оның ағасы Ругиламен достасып кеткен болатын. Сондықтан, 425
жылы Аэций ғұндарға келген уақытта Римдіктердің экономикалық көмегімен жəне оларға
бағынбаған провинциялар есебінен өз жағдайларын түзетуге дəмелі болды. Ғұн көсемдері
Аэцийге 60 мың адам берді. Ғұндарға қайта оралсақ. Ғұн ордасының қайта көтерілуі жəне
батыс ғұндардың тарихындағы маңызды кезең Руя немесе Ругиланың есімімен байланысты.
Ругила Ульд кезінде римдіктермен үзілген қатынастарды қалпына келтіруге тырысады жəне
Константинопольға Исла есімді бір елшісін жібереді. Ругила мен Рим империясы арасындағы
келіспеушіліктер ғұндарға олардың қашқындарының берілмеуімен түсіндіріледі [4, 164 б.].
Ругиланың ісін жалғастыру Аттиланың үлесіне тиді. Аттила жəне Бледа оның ағасы
Мундзуктың балалары болатын. Ругила 433 жылы қайтыс болды. 445 жылғы Бледа өлімінен
кейін Аттила ғұн бірлестігінің жалғыз көсемі болды. Присктың баяндауынша, Шығыс
империя V ғ. 40 жылдарының соңында ғұндармен бейбітшілік қарым-қатынасты сақтауға
ұмтылды. Себебі, оларға жан-жақтан жаулары қауіп төндіріп тұрған болатын: парсылар
94
соғысқа дайындықты бастаған болатын, вандалдар империясы теңізде мазалады, исаврлар
көтеріліс жасап, елді тонап жатты, арабтар Византияның шығыс шекарасына шабуыл жасаса,
ал Эфиопиялық халықтар Византияға қарсы күреске бірікті. “Сондықтан,-деп баяндайды
Приск,-жан-жақтан қыспаққа алынған ромейліктер Аттиланы сыйлады, ал басқа халықтарға
қарсы дайындық жасап, жауынгер жинап, сардарлар тағайындаған” [5, 63 б.]. Сонымен қатар
империялармен арадағы дипломатиялық қатынастар жайлы мынандай мəліметтер бар:
“Аттила римдіктердің жомарттығын біле отырып, олардың мұны бейбітшілікті сақтау үшін
жасайтынын ескеріп, кімге жақсылық жасағысы келсе сол адамды əртүрлі ұсақ-түйек
себептер мен сылтаулар таба отырып елшілікке жіберген” [6, 21 б.]. Негізінен, ғұн
көсемдерінің басты орталығы V ғ. басында Причерноморья далаларында болған. Ол
жерлерге Византия елшіліктері 412 ж дейін жіберілген. Бірақ, тек Батыс жəне Шығыс
империялар ғана емес ғұндармен одақта болғысы келген. V ғ. 40-50 жылдары Аттиланың
күшті билеушіге айналғанына соншалықты оған көмек сұрап басқа да “варварлық” халықтар
келе бастады.
448 жылы елшілік құрамында Аттила ордасында болған Приск Панийский қымбат
“скиф” киімдерін киген гректі кездестіреді жəне бұл адамның сөздерін жазып алады.
“Римдіктердің күңгірт кезде кешкен қиындықтары олардың соғыс кезінде көрген
қиындықтарынан да ауыр. Мұның негізгі себебі-аяусыз алым-салық алу жəне ақымақ
билеушілер жағынан болатын қысым. Империядағы заң барлығы үшін тең күшке ие емес.
Байларға тағдыр кешірімді жəне олар əрдайым жазасыз қалады. Кедейлер үшін заң қатал
жəне кешірімсіз. Əділ істі ұту үшін қазыға пара, оның көмекшілеріне қаржы беру керек жəне
үлкен кедергілерден тұратын шексіз ауыр айтыс-тартысты жүргізу қажет. Приск
“римдіктердің заңы ізгілікті жəне құлдар азаттық алудың бірнеше жолына ие” дейді. Грек
болса: “Заңдар жақсы жəне қоғам да тамаша құрылған, бірақ билеушілер бұрынғылар сияқты
жасамай қоғамды бұзады”,-деп жауап береді. Грек жүріс-тұрыс стереотипінің түрлілігін,
адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беретін басты фактор ретінде атап өтеді. Мəдениет-адам ісі-
ол тұрақты, ал римдік суперэтнос соңғы фазасына түскен болатын: арманшылдар кетіп бара
жатқан мəдениетті жақтады, ал басқалары оны құртып, жеп жатты. Готтар Македонияның,
Фракияның жəне Элладаның антикалық тұрғындарын славяндарға бос жерлер дайындағанға
дейін ығыстырып жатқанда, яғни ІV ғ. дейін Византия қала қабырғаларында қамалып, ал бұл
қабырғалар құлаған Батыс Рим империясы əлем картасынан тіптен жойылып кеткен
болатын. Византиялықтардың қатарласы германдықтардың оларды супер этносқа
біріктіретін мұндай дəстүрі болмаған. Керісінше, жаңа эраның алғашқы ғасырында болған
байланыстарды дұрыс бағыт алмаған пассионарлық серпін үзіп жіберді. Бірігу үшін оларға
басшылық керек болды жəне оны олар ғұндардан тапты [7, 150 б.]. Сонымен, Аттила
тұсындағы оқиғалар сипатына оралсақ. “Бұл Аттила Октар мен Роас бауыр болған
Мундзуктан туған. Олар Аттила ие болған жерлердің барлығына ие болмаса да, оған дейінгі
билікті ұстаған”,-деп жазады Иордан. 447 жылғы жер сілкінісін Аттила тиімді пайдаланды.
Бұл кезде ғұн əскерін азық-түлікпен жəне алтынмен Аттиланы рим армиясының қолбасшысы
деп есептеген Батыс Рим империясы қамтамасыз етті. 447 жылы жазда ғұндар Балқан
түбегіне басып кіріп, Маркианополь, Филиппополь, Аркадиопольді басып алып, Фракиялық
Херсонеске дейін жетеді. Галл хроникасы осы кезде ғұндардың жетпіс қаланы басып алып,
ал Батыстан ешқандай көмек болмағандығын атап өтеді. Ғұн шапқыншылықтары франктер,
бургундықтар, вестготтардан түбірімен өзгеше болған. Егер бұл тайпалар келісім арқылы
немесе жаулап алу барысында рим провинцияларының бірінде қоныстануға ұмтылса, ғұндар
көбінесе Паннонияға қайтып отырған.
Ғұндардың Еуропадағы жəне əлем тарихындағы атағын шығарған Галлияға жорық.
Əскер екі үлкен топқа бөлінді: бір тобы-Дунайдың оң жақ жағалауымен жүріп римнің
алдыңғы қатарлы бекіністерін құлату мақсатын алды, оны орындады да; екіншісі, сол жақ
жағалауымен жүріп өз одағына Батыс Карпаттағы квадтар мен Шварцвальдтағы
маркомандарды біріктірді. Ғұндар күшінің бірігуі Дунай бастауында болды. Неккар
бойындағы шығыс франктер өз корольдерін тақтан құлатып, Аттилаға жетіп келді. Дəл осы
95
əрекетті тюрингтер мен зарейндік бургундтер жасайды. Яғни, Рейн бойында уақытша болса
да, варвар күштерінің бірігуі жүрді. Олардың көмегімен жасалған көпір арқылы бірлестік
əскерлері Рейннің бірнеше жерінен өтті. Қазіргі уақытта ғұн əскерінің саны нақты түрде 100-
120 мың болғанын айтуға болады. Аттиланың одағында үлкенді-кішілі 25 тайпа болған. Ол
тайпаның əрқайсысының 10 мың түмен қол шығаруға шамасы жетеді. Соғыс жағдайында
атты əскердің 1/3 тылда қалады. Бұған қоса əскердің алдыңғы жағы (авангард), кейінгі жағы
(арьегард) одақтас рулар мен тайпалардың жасақтарынан тұрады. Олардың шайқастағы
жалпы əскери істегі рөлі аз. онымен бірге ғұндар бұл кезде Шығыста да, яғни Кавказда
соғысуды жоспарлаған болатын. Осы жағдайлардың барлығын ескере келіп, нəтижесінде
əскер санының 100-120 мың болғандығын анықтауға болады [8, 90 б.]. Ғұндарда қорғандарға
шабуыл жасайтын машиналар болмады. Азық-түлікті қажетсінген олар əр қаланы ұзақ ұстай
алмады. Бірақ, қалалардың ұйымдасқан қорғанысы болмады. Ғұндар 14 маусымда Орлеанды
қоршауға алғанда қалаға көмекке дер кезінде Аэций, Вестгот королі Теодорид I жəне ұлы
Торисмунд басшылығындағы атты əскер келеді. Аттила Солтүстік-Шығысқа шегінеді.
Ғұндар Орлеан қаласынын алдында бір ай тұрғанда Галлия префектісі, Равенна сарайы жəне
вестгот королі арасындағы келіссөздер сəтті аяқталған болатын. Галлияның тайпалары мен
халықтары бірікті. Ғұндар төндірген қауіп оларды бірігуге мəжбүр етті. Бұл жерде Батыс Рим
империясының халықтың азаттыққа деген ұмтылысын тиімді пайдалануын айта кетуге
болады. Шегінген ғұн əскері Труа жерінен солтүстік-шығысқа қарай Каталаун даласына
келіп тоқтайды. Аттила əскерлері оңтүстік-батысты бетке алып келесі тəртіпте орналасады:
ортасында ғұндар, оң жақ қанатта-гепидтер, сол жақ қанатта-остготтар. Басқа
бағындырылған тайпалардың қосалқы əскерлері Аттиланың əскерлерінің қанаттарын айнала
қоршап тұрды. Ғұндарға қарсы коалицияның қолбасшылығы өз əскерлерін солтүстік-
шығысқа қарсы қойды: сол қанатта- гепидтерге қарсы франктермен шайқаста жеңіліске
ұшыраған, Аэцийдің Италиядан əкелген əскерлері тұрды. Оң қанатта остготтарға қарсы
вестготтар тұрды. Орталығында-ғұндарға қарсы, қалғандарының барлығы. Əскерлердің
орналастырылуы жəне шайқасатын күштердің арасалмағынан, ең ауыр, əрі жауапты міндет
арморикандықтар, рипориялдар жəне литициандарға жүктелгені байқалады. Бұл жерде еркін
сүйгіш халық арморикандықтарды айта кетуге болды. Олар римдіктерге қарсы ұзақ күресті.
452 ж. көктемінде Аттила əскер жинап Италияға жорыққа аттанады. Оқиғаның бұлай
өрбуінде шамасы Аттиланы Батысқа қарсы бағыттап жіберген Византиялық дипломатияның
да рөлі бар. Шығыс Рим империясына қарсы шағын жасақ жіберген Аттила негізгі күшпен
Батысқа аттанды. 455 ж. дейінгі оқиғаларды жазған, ғұндардың Италиядағы соғысының
куəгері Проспер Тиро Аттиланың италиялық жорығы Паннониядан басталды, ал Галлиядағы
соғыстан кейін ол Паннониядан Италияға баруға шешім қабылдады. Бұл жорық Каталаун
шайқасынан кейінгі ғұндардың Еуропадағы соғысына əкелді. Қарсылық көрсетілген қалалар
ғана қиратуға ұшыратылды. Милан, Тицин сияқты қалалар қиратылмады. Аттила өз ордасын
Миланға орналастырды. Енді бүкіл солтүстік Италия алынған соң ғұндардың Римге жолы
ұзақ болмады. Ғұндардың Миланда ұзақ қалуға мүмкіндігі болмады. Азық-түлік жəне
астындағы аттарына жем-шөп қажет болды. V ғ. испан хронисті Идаций жазғандай бəрін де
жоғарыдан жіберілген оба шешті. Хронист Клавдий Клавдиан бойынша оба бұзылған ас пен
жазғы ыстықтан болған. Эпидемия жайлы білетін Проспер Тиро дегенмен Римнің
құтқарылуын рим папасының арқасы деп атап өтеді. Рим папасы мен Аттиланың кездесуі
Минций өзенінің орта ағысындағы (қазіргі Минчо) Амбулей даласында болған. Еуропаның
жазба деректерін сараптай келіп Рим үшін осы бір сын сағатта империяға қауіп төндірген
Аттилаға рим папасының қалай əсер еткені, оны қалаға басып кіріп, талқандамауға қалай
көндіргені жайлы мəліметтерді кездестіре алмаймыз. Негізінен Аттиланың Паннонияға
қайтуына басқа да себептер əсер етті. Олар : оба мен азық-түлік жетіспеушілігі. Сонымен
қатар Аттилаға Византия императоры Маркиан арқасынан соққы беру үшін Дунай бойына
əскер жіберді деген хабар жетті. Ғұндарға екі шепте соғысуға тура келді. Паннонияға қайтып
келген соң Аттила Византияға жорыққа əзірленді. Себебі, Византия марқұм Феодосий
96
кезінде уəде етілген салықты төлемей келеді. Бірақ, соғыс болмады. 453 ж. көктемде Аттила
дүниеден өтті.
Сонымен,
ғұндардың
ерте
орта
ғасырлық
Еуропаның
халықаралық
қатынастарындағы, тарихи, саяси, тіптен мəдени өміріндегі рөлі, ықпалы ерекше. Ғұндар тек
Еуропадағы жазба деректердегідей “жабайы”, “тағы” ғана емес олардың мəдени жəне саяси
саладағы деңгейлерінің өте жоғары болғандығын байқауға болады. Əлемдік тарихта ғұндар
“Халықтардың ұлы қоныс аударуының” себепкері ретінде келтіріледі. Бірақ, кейбір
зеріттеушілер бұл пікірге қарсы шығып, бұл Еуропаның өз ішіндегі халықтардың
қозғалысынан немесе гот тайпалық одағының ықпалынан, тіптен Рим империясының
саясатының салдарынан болды дейді. Əрине, бұл мəселелердің анық-қанығын анықтау
оңайға соқпайды, бірақ, көп жерде ғұндардың Еуропадағы халықаралық қатынастардың
сипатындағы өзіндік рөлі жоққа шығарылмайтындығы айдан анық. Бұл тақырыпты
қарастырғанда ғұндардың Еуропа тарихындағы жағымсыз рөлін сипаттауға бейім
тарихшылардың көбінесе жазба деректер мен шіркеу жылнамаларына сүйенетіндігі
байқалады. Сол замандағы жазбалар мен шіркеу жылнамашылары, олар Еуропа қоғамының
мүшелері жəне əрқашанда объективті пікірді білдіре бермейтінін ескеруіміз қажет.
Ғұндардың Еуропадағы іздері қарт құрлықтың күнделікті өмірімен тарихында күні бүгінге
дейін көрініс беруде. Олардағы жер атаулары мен халық ауыз əдебиетіндегі шығармалардан
осыны байқауға болады. Біздің батыр бабаларымыздың іздері Еуропада жатқан болса, бұл
бізді бей-жай қалдырмауы тиіс.
Əдебиеттер тізімі:
1. Сиротенко В.Т. История международных отношений в Европе во второй половине
IV – начале VI в. - Пермь: Тип.изд. “Звезда”, 1975. – 283 б.
2. Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. – Л.: Изд-во Ленингр.гос.ун-та, 1951.-143
бет.
3. Третьяков П.Н. Восточнославянские племена, - 2-е изд., перераб. и расшир. – М.:
Изд-во АН СССР, 1953. - 66 бет.
4. Иордан. О происхождении и деяниях гетов (Getіca): - 2-е изд., испр. и доп. - СПб.:
Алетейя, 2001. - 301 бет.
5. Удальцова З.В. Идейно-политическая борьба в ранней Византии, - М.: Наука, 1974.
- 110 бет.
6. История дипломатии. Т 1. ред. Потемкина. Москва: Государственное Социально-
Экономическое Издательство, 1941. - 94 бет.
7. Гумилев Л. Тысячилетие вокруг Каспия, - М.: Айрис Пресс, 2003. – 312 б.
8. Жумагулов К.Т. Ғұндардың Галлия жеріндегі шайқасы. // ҚазҰУ хабаршысы: Тарих
сер. - 2001. – N 1. - С. 85-98 б.
97
«ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН – МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАЙРАТКЕР»
секциясы
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ ЖƏНЕ ӨЛКЕДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
Абдукадыр С.А.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ халқының тəуелсіздікке жету жолы тарихы талай сатылардан өтті. Сол
оқиғалардың ішінде ұлт-азаттық көтерілістер болады. Қазақ халқы Ресейдің құрамында
болған кездегі ең бір елеулі оқиғалардың бірі ол 1916 жылғы қазақ халқының отаршылдыққа
қарсы ұлт-азаттық қозғалысы. Осы көтеріліс туралы тарихшы ғалымдардың айтқан
пікірлерін келтіруге болады.«Шындығында бұл рулық-тайпалық негізде ұйымдасқан ұлт-
азаттық көтеріліс еді.Мысалы:«Амангелді мен Əбдіғаппарлар бастағандар Əбдіғаппарды хан
сайлады,Торғайдың арғындары Жанбосыновты хан сайлады. Қазақтар əр аймақта рулық,
тайпалық негізде бас көтерді»-деп жазады тарихшы Талас Омарбеков.
Кеңестік кезеңде 1916 жылғы көтеріліске байланысты зерттеулерде айтыс-тартыс
оның əлеуметтік-таптық сипатына байланысты жүреді.1926 жылғы көтерілістің он
жылдығына байланысты Тұрар Рысқұловтың «Восстание туземцев Туркестана 1916 году»
атты мақаласына большевизм идеологтарының қарсылығын тудырады.
«Түркістан Ресей үшін айтарлықтай кең қанау объектіне, өз өнімдерін өткізетін базарға жəне
шикізат көзіне айналды» - деп Тұрар Рысқұлов өз пікірін жазады. Ал Мұстафа Шоқай:
«Патшалық үкімет мұжыққа таянса, мұжық патшалық, үкімет жүргізіп отырған жер
саясатының шілігін көріп кенелді» - деп келтіреді.[1-512 б.]
1916 жылғы Орта Азия елдеріндегі жағдайды көтеріліс ретінде қарастыру
ұстанымын,1927-33 жылдары қырғыз үкіметін басқарған мемлекет қайраткері Жүсіп
Əбдірахманов қолдайды. «О восстание 1916 года» деп аталатын мақаласында: «1916 жылғы
көтерілістің сипатын анықтаудың маңызы зор» десе, ал оның қозғаушы күші тек бұратана
халық болды, өз ретінде ол Түркістандағы орыс шаруаларының ғана емес тіптен аз ғана орыс
жұмысшыларының да қолдауын ала алған жоқ. Ондай қолдау орыс мұжығының тарапынан
болмайтын да еді, өйткені патшалықтың жүргізіп отырған отарлау саясаты жағдайында оның
мүддесі жергілікті халықтың мүддесімен мүлдем үйлеспейтін еді» - деп жазады
Абдрахманов.
Академик Н.М.Дружин: «Орыс патшалығының отарлау нəтижесінде жерлерінен
айрылған бұхара өзінің экономикалық еркіндігі мен ұлттық тəуелсіздігі үшін күреске
шықты. Халық бұл қозғалыста табандылық, ерлік жəне белсенділік танытты» - деп өз пікірін
жазса, ал Американ тарихшысы C.Кэреу: «Орыстардың қазақ даласына тереңдей енуі есімі
қазақ халқының жүрегінде осы күнге дейін сақталып, талай жырларды мадақтаған 1916
жылғы көтерілісті туғызды» - деп келтіреді.[ 5-90 б.]
Академик Кеңес Нұрпейісов: «1916 жылғы көтеріліс-империялық зорлық-
зомбылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ең маңызды оқиғаларының біріне айналды»
- деп бағалайды.[4-255 б.]
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарих бəрін де
сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тəуелсіздіті сыйға алуға
болмайды. Тəуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін жəне осы
үшін жауап беретін халық болмысының бірден - бір формасы... » - деп келтіреді.
98
Енді Алаш зиялыларының көзқарасына тоқталатын болсақ, олар көтеріліске
байланысты жағдайды өз көздерімен көрді, жандарымен сезінді көтеріліс жөнінде пікірлірін
жазып қалдырады:
М.Дулатұлы: «Жұрт сеңдей соғылды түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» -деп
жазса, ал Т.Рысқұлов: «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық
жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды» - деп келтіреді. «Өткен жыл бізге
ұмытпастай сабақ берді.Сырымызды ашты. Бұл күйде тұра берсек мұнан кейінгі заманда
тағы да осындай оқиғалар болмасына кім кепіл?» - десе М.Дулатұлы, «Қазақ ұлтының өмір
сүрунің өзі проблемаға айналды» - деп жазды А.Байтұрсынұлы.
М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, Ə.Бөкейханов: «Үндеу хатында»: «Тыңдаңыздар, қан
төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» - десе, «Алыспаған, жұлыспаған бостандық отына мінбейді,
бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, əйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие
болмайды» - деп жазды мақаласында Əлихан Бөкейханов [ 3-276б.] .
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы
жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі əлсірейді. Өйткені Уақытша үкімет
Қазақстанда түбірлі əлеуметтік-саяси мəселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша
үкіметінің саясатын жүргізумен болады. Өзінің мəні жөнінен империалистік билеу мен
басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт жəне аграрлық
мəселелерді шешпейді. Қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-
демократиялық автономия болуы жөніндегі мəселені мемлекеттік дəреже деңгейіне көтереді
деген үмітті Уақытша үкімет ақтамайды. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші
позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ə.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгереді. Бұл
туралы Ə.Бөкейханов «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-санында
жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа»
газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылады) жан-жақты негіздейді.
«Кадет партиясынан неге шықтым?» деген сұраққа жауабында Ə.Бөкейханов негізгі үш
мəселеге назар аудартады: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді.
Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда
сытырылып қалады.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт
автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һəм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша алса,
сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ. Шағым алған молдалар үкіметке жетекшіл
болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп
қойған оң болады. Мұны орысша «отделение церкви от государство» дейді. Кадет партиясы
менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен
содан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде –
К.Н.) жалпы қазақ сьезінде айтқан едім»[4-296 б.].
Осыдан Ə.Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуын қазақ қауымы үшін өмірлік
маңызды үш мəселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс жəне дін мəселесі
бойынша келіспегенін көреміз. Осы басты мəселелер мен олармен тығыз байланысты басқа
да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп ашық
мəлімдейді. Осының нəтижесінде Ə.Бөкейхановтың енді қазақ автономиясын құруға тиісті
ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға кірісуі үлкен саясаткерге тəн батыл қадам болады.
1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші Қазақ съездіне Ақмола,
Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар
Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынысады. Съезде оның
күн тəртібіне сол кездегі Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық саяси
өміріне тікелей қатынасы бар маңызды 14 мəселе енгізіледі. Бұл мəселелердің басым
көпшілігі 1917 жылғы сəуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ съездерінде алдын ала
талқыланған болатын жəне олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық
құрылтайға ұсынылған еді. Олар:
99
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мəселесі.
3. Жер мəселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мəселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
13. Əйелмəселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сьездіне һəм Петроградта
болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ə.Көтібаровтың,
Міржақып Дулатовтың жəне Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші
жалпықазақтық съезд делегаттары осы 14 мəселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық
автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық жəне қазақтың саяси партиясынын құру
проблемаларына аударады.
Бірінші жалпықазақтық съезд өзінің күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі –
қазақ саяси партиясын құру мəселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны
ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналады. Осы мəселе жөнінде съезд
қабылдаған қарарда: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл
партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды.
Партияның негізгі демографиялық федеративтік-парламенттік республика құрылмақ. Партия
жобасын жасап болған соң, өкілдер қазақ облыстық комитеттерінің қарауына жібереді. Онан
кейін кезекті жиналысқа жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.
Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары кезекті
жиналысқа баратын қазақ депутаттарына – аманат болады». Жаңадан құрылған партия
«Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне съезд шешімімен
Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Əбікей Сəтбаев, Торғайдан Əлжан Байғарин,
Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уəлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай
Мəметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланады.
Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық
интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына қазақтың ғылыми
жəне шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ə.Ермеков, Ж.Досмұхамедов,
М.Дулатов, т.б. кіреді.
Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік
идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені
Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған
дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүддеге негізделген «қазақ
халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранның астында топтастыруға бағыт алады.
Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық съезде дүниеге келген
Алаш партиясы болу керек деп түсінеді.
Съездің күн тəртібіндегі 14 мəселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі, 1917 жылғы
«Қазақ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасы
басылып шығады.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ə.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың
ұлттық партиясын əуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералды орыс
буржуазиясының партиясы – кадеттердің үлгісінде құруға бейім тұрады. Сондықтан да 1917
100
жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін
бірінші орыс революциясының ықыласынан көруге болады.
Бірінші жалпықазақтық съезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның
дəстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы жəне аса маңызды қадамы
болады. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мəнінде саяси
партия ретінде қалыптасып үлгермейді. 1917 жылдың шілде айында құрылған оның нағыз
саяси партияға тəн Жарғысы да, Бағдарламасы да болмады. Оның мүшелеріне партиялық
билеттер берілгендігі жөнінде, осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы
айтылып жəне жазылып жүрген мəліметтер тек жорамалдар ғана архивте нақты сенімді
деректер кездеспейді. Мұны М.Дулатов ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылы қарашаның 30-да
берген жауабында растай түседі. Осы құжатта М.Дулатов былай дейді: «Алаш партиясының
жарғысын бекіткен съезд болған емес. Газет арқылы жарияланған жобамен танысқан жəне
оны мақұлдағаның бəрі өзін партияның мүшесімін де санады – шын мəнінде нұсқау беретін
қалыптасқан партия болған жоқ. Тек қана Құрылтай депутаттығына кандидаттар осы
партияның атынан ұсынылды. Бұдан басқа партия тарапынан жасалған əрекет болған емес.
Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың көлеңкесінде қалды.
ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылдың 14 шілдесінде берген жауабында Мағжан Жұмабаев та
Міржақыптың осы тұжырымына жақын пікір айтады. «Алашты-саяси партия деп санаған
емеспін, тек қана Алашорда үкіметі болды» - дейді Мағжан Жұмабаев [4 К.Н.-94б.].
Демек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дəрежесінен əдеттегі партияға
ауысу «Ə.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың
ұлттық саяси партиясын құруға əрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы
Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық-
либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ə.Бөкейханов пен оның серіктестерінің
1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық
мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын
мəніндегі дəстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым
ретінде қоғамдық қозғалыс дəрежесінен əдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген
өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден
түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды жəне қазақ
қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгілейді. Осы
негізгі мақсаттарды жəне олардан туындайтын басқа да əлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді
Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздейді.
Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты
мақсат қояды,тəуелсіздікке елдікке ұмтылады. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш
зиялылары, сол жолда құрбан болады.
«Алаш» партиясы жəне оның қайраткерлері ел тарихынан үлкен орын алып,
халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатады.
«Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып
табылады. Олардың салып кеткен сара жолдары бүгінгі жастарға ғибрат. Бүгінгі таңда
ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы Тəуелсіздіктің 25 жылдығын
атап өтіп жатыр. Ол – аталарымыз аңсаған осы тəуелсіздігімізді баянды ету,
мемлекеттігімізді əлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-
зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан
реформалардың нəтижесін, рахатын сезіндіру үшін Елбасының кезекті Қазақстан халқына
жолдауынан көруге болады.
Əдебиеттер тізімі:
1. Шоқай М.«Таңдамалы» кітап, Алматы, баспа «Қайнар»512-б.
2. Абдрахманов Ю.«Избранные труды»Б, 2001- 188-190 стр.
3. Койгелдиев М. Таңдамалы шығармалар. Алматы, Қазақ энциклопедиясы басты
редакция 1995, 384 б.
101
4. Нурпейісов К.«Алаш Һəм Алашорда», Алматы, 1993, 255 б.
5. Кэреу С. «Орта Азия түріктері жəне Сталинизм» кеңес үкіметі. 90 б.
Достарыңызбен бөлісу: |