ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНҰЛЫ – ҰЛТ КӨСЕМІ
Алишерова А.Н., ҚТƏ-13 топ студенті:
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Сайлаубаева Н.Е
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті
жəне қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының
жəне мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман
фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық
қозғалысының негізін салушы əрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының
ұйымдастырушысы жəне ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым
– ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, əдебиеттанушы, аудармашы, əрі дарынды
публицист.
Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың өмір жолына келсек, 1866 жылы 25-ші
наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге
келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы болып
табылады. Тарихтан белгілі Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қазақтың ақырғы ханының
бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.
Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов жасынан зерек, алғыр өскен бала болды. Соны
ерте жасынан сезген əкесі бала Əлиханды Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың
қолына оқуға береді. Бірақ білімге ұмтылған ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай,
қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны тəмамдағаннан кейін, Қарқаралы
қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың
16 маусымына дейін тəрбиеленіп, оны үлгілі тəртіппен оқып шығады.
Бұдан əрі, 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге
«пансионер» болып қабылданды. Осыдан кейін барып 1890-1894 жылдары Санкт-
Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы оқу жылдары ол
барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, əсіресе солшылдардың
көзқарасына бейім болды. Əлихан Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына
алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынған
болатын. Əлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да –
1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.
Жазушы, əлихантанушы - ғалым Тұрсын Жұртбай «Əлихан Бөкейхановтың үш түрлі
мінезін ерекше атап өтуге болады. Біріншісі, əрі ең бастысы – ол кісінің турашылдығы.
Пікірін айтуда ешкімнен жасқанып, тайсалмайтын батылдығы... Екіншісі, Бөкейханов
болмысының салауатты, алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі
екендігі. Бұл жайлы Əлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям
Мұқанова, Валентина Николаевна Əуезова естеліктерінде ашық жазған... Үшінші қасиетін
айтар болсақ, сондай ұлы тұлға нəзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал
болған. Осы үш мінез Əлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами
болмысын тереңірек танытады» деп жазады[2]. Ал, інісі Сламхан төре Бөкейханның
жазбаларында «Əлекеңнің мінезі, еш қазақпен аразбын демейтін, қастық қылмайтын, жек
көретін адамымен амандаспайтын, сөйлеспейтін. Қазақтың ешнəрсесін алмайтын. Өлгенде
2,5 кез жер керек дейтін» деген жолдарда оның адами болмысын ашып береді[1]. Əлихан
Бөкейханның өзінің сөзінде «Ұлтына, жұртына қызмет ету–білімнен емес, мінезден» деп
адам табиғатының тамаша қырларының жиынтығы мінез-құлықтың адами құндылықтың
негізгі екенін таныта түседі. Осы қасиеттерінің арқасында Əлихан Нұрмұхамедұлы қазақ
102
зиялыларының басын бір арнаға қосып, ұлттық сана мен ұлттық мемлекеттіліктің
қалыптасуы үшін аянбай тер төкті.
Əлихан Бөкейханов – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. ХХ ғасыр
басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық «Жаңа
энциклопедиялық сөздігін» шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Əлихан
Бөкейханов осы «сөздікті» əзірлеуге тікелеі қатысқан. «Сөздікке» енген қазақтын тарихы,
қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында, қазақтың көрнекті хан-көсемдері
туралы жəне басқа материалдарды Əлихан Бөкейханов əзірлегендігі күмəн тудырмайды.
Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Əлихан
Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.
Алаш көсемi Əлихан Бөкейхановтың өмiрiнде Семей қаласының алатын орны
айрықша. Өйткені, Əлихан Бөкейхановтың 1896-1903 жылдары Семей жəне Ақмола
облыстары уездерiнде қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербина
экспедициясына қатысып, қазақ халқының əлеуметтiк-экономикалық өмiрiне, мəдениетi мен
тарихына қатысты бiрқатар ғылыми құнды еңбектердi жазуға атсалысты.
Ұлы ақынымыз Абайдың əдеби бай мұрасымен етене жақын таныс болды. Шəкəрiм
еңбектерiне баса көңiл бөлiп, кейiнде Алаштың органы болған «Қазақ» газетiнде «Қалқаман-
Мамыр» поэмасы туралы пiкiрін бiлдiрген. Шəкəрім Құдайбердиевтің 1912 жылы жарық
көрген кітабы, «Қалқаман – Мамыр» туралы сын мақаласы газеттің 1915 жылы 121 –санында
жарияланған екен. Сондай-ақ Шəкəрім Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар
шежіресі» атты кітабына газеттің 1913 жылғы 12 – санында мақала арнайды. Бұл мақалада
қазақ елінің тарихы, шыққан тегі туралы құнды деректер молшылық. 1914 жылы орынборда
«Үміт» баспасынан жарық көрген «Қарақыпшақ Қобыланды батыр» кітабына сын мақаласын
газеттің 1915 жылғы 126–129 сандарында жариялайды. Осы мақалада Əлихан Бөкейханов
Абай өлеңдеріне, Шəкəрім Құдайбердиевтің «Шежіресіне» Шоқан Уалихановтың ғылыми
еңбектеріне сілтеме жасай отырып, жырдың көркемдігі туралы, тарихы туралы көптеген
құнды мəліметтер келтіреді [3]. Осылайша ұлы адамдардың баға жетпес еңбектерін зерттей
отырып, ұлттық құндылықтың қайнар бұлағын келешек ұрпаққа асыл қазын қылып
қалдырады. Осындай айтулы оқиғалар оны үнемi Омбы, Петербор қалаларында оқып,
қызметте жүрген Əлихан Бөкейхановты рухани-мəдени орталық негізі болған Семей өңірі
жəне ондағы қазақ зиялыларымен барынша бір арнаға тоғыстырып отырды.
Қазақ елінің болашағының жарқын болуы үшін бар күш-қуатын, жігер-қайратын
аямай жұмсаған Əлихан Бөкейхановты ерлік пен батырлық бойында біте қайнасқан Ұлт
көсемі деп батыл айта аламыз. Бүгінде Тəуелсіз Қазақстанның жастары Əлихан
Бөкейхановты Ұлт көсемі деп зор мақтанышпен жар салады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын, Ұлт көсемі -
Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын түрлі іс-шаралармен атап өтіп жатыр. Осындай
айтулы күнге жетіп отырғанымыздың өзі – осы Ұлт көсемінің арқасы деп білеміз, əрі мақтан
тұтамыз. Елдің мейлі саясатта болсын, мейлі өркениетте болсын беделі артса, ол өз ұлтын,
елін сүйген ер – азаматтардың арқасы болмақ. Ендеше, рухы биік, арманы асқақ, қазақтың өр
ұлы Əлихан Бөкейханов тар жолда оттан, оқтан тартынбаған, нағыз ерліктің дастанына
айналған Ұлт көсемі. Ұлт көсемі болған ұлы тұлға жайындағы ойымды ғалымға арнаған өлең
жолдарыммен өрбітіп,
«Өр мінезді, ақылшы əрі кемеңгер,
Елін сүйген ерлерменен ел көгерер.
Тəуелсіз ел жас Қазақстанда,
Туар бір күн Əлихандай нағыз ер», - деп аяқтаймын.
Əдебиеттер тізімі:
1.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен
көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап
баспасы”, 2009.
103
2.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына
арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих
ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
3. Сұлтан Хан Аққұлы. «Жебе» газеті, 10 қазан 2013 жыл.
ӨЛКЕТАНУШЫ Ю.Г.ПОПОВТЫҢ «АЛАШОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Алшынбаева М.А
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Юрий Григорьевич Попов белгілі саяхатшы əрі өлкеміздың тарихын зерттеген
өлкетанушы. Бірнеше жылдар бойы Ю.Г Попов Орталық Қазақстанды зерттеумен жəне осы
аймақтағы қалашық, елді-мекендердің ашылуымен,сондай-ақ өлкемізден шыққан атақты
адамдарды зерттеумен айналысты. Ғалым өз зерттеулерінде басқа өлкетанушы ғалымдардың
ұсыныстарын, жергілікті ақсақалдардың көзбен көрген өсиеттемелерін, архив құжаттарын
пайдаланды. Біз үшін өзіміз мекен етіп жүрген өлкенің тарихын білу азаматтық борышымыз.
Ал бұл кезекте біз бағыт, бағдар беретін өлкетанушы ғалымдардың зерттеу жұмыстарына
жүгінеміз. Сан ғасырлық тарихы бар Сарыарқа жерінің ежелгі тарихыннан сыр шертетін
өлкетанушның бірнеше еңбектері жарыққа шыққан. Бұл мақаланың маңыздалығы биылғы
«Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай қозғалыс басшылары мен қозғалыстың талбесігі
Қарқаралы жайында Ю.Г Поповтың зерттеп қалдырған ғылыми мұраларымен танысатын
боламыз.
Ю.Г. Попов 1937 жылдың 27 қыркүйек айында Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Мектепті бітіріп 1955 жылы Қарағанды политехникалық институтқа түседі. 1960 жылы
оқуын бітіріп тау-кен инженері деген мамандықты игеріп шығады. Мамандығы бойынша
1961 жылы 47-48 «Ленинуголь» шахтасында, 1961-1962 жж. ХМИ АН Каз.КСР-да инженер
қызметін атқарады. 1985 жылы институттың ғылыми хатшысы дəрежесіне көтерілді.
Техника ғылымдары кандидатына ұсынылды.
Ю.Попов 70-тен аса жарыққа шыққан еңбектер мен 60 ғылыми қолжазбалардың
авторы. Ал 1962 жылдан бастап Орталық Қазақстанның тарихын зерттеумен айналысты. Ол
өлкетануға туризм саласы арқылы келді. Қазақстан жеріне саяхат жасау арқылы оның өлкені
тануға деген қызығушылығы оянады. Сол кезден бастап өлкетанушының Орталық
Қазақстанды зерттеудегі еңбектері жарық көрді. Атап айтсақ олар: «Свидание с Сарыаркой»,
«Каркаралинские узоры», «Велосипедные маршруты по Казахстану», «Их помнит
Сарыарка», «Дорога на Коунрад», «Волостные управители и народные судьи (бии)
Каркаралинского уезда»«Возвращение в Каркаралы», «Под небом Каркаралы: рассказы о
знаменитых
и
рядовых
исследователях
казахских
степей», «Каркаралы»,
«Каркаралинские находки»[1].
Ю.Г. Поповтың 1992 жылдың 19-шы тамыз айындағы «Центральный Казахстан»
газетінде Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 125 жыл толуына орай жарық
көрген «Наш земляк Алихан Букейханов» атты мақаласында Əлиханның қазақ қоғамындағы
ақсүйектен шыққандығы жөнінде айтылады. Бұл қоғам өкілдерін тікелей шыңғыс ұрпақтары
«төрелер» екендігін ескере келіп Əлиханды Шыңғысханның 23 ұрпағы етіп көрсетті.
Сарыарқа жеріне осы əулеттен, яғни шыңғыс тұқымынан Түркістаннан Қазақстанның
орталығына 1748 жылы келген, көреген саясаткер Бөкейхан делінген. Сол уақыттан бастап
біздің өлке төрелердің қоныстанған құтты шаңырағына айналды. Қазақ ғалымдары арасында
жерімізге «Сарыарқа» деген атауды ұсынған Əлихан Бөкейхан еді. Попов өз мақаласында
Əлиханның жарық көрген еңбектері мен мақалаларын тізбектей жазып «Сибирские
вопросы», газеттерінде «Иртыш», «Семипалатинский листок», «Степной край», «Казах»
жəне 1910 жылы Санк-Петербургте жарыққа шыққан (599 беттен тұратын) жерлесіміздің
104
«Киргизы. Формы национального движения в современных государствах» еңбектерін өте
жоғары бағалайды. 1905-1907 ж.ж Қарқаралы уездінде орын алған саяси оқиға тікелей
Əлихан Бөкейхан есімімен байланысты. Қарқаралыда жаңа саяси оқиға орын алып елді
дүрліктірді, ол осы жылы 17 қазандағы патша манифесіне Əлихан Бөкейхан бастаған топтың
қарсылығы жəне де 15 қарашадағы митинг еді деп көрсетілген өлкетанушы құжаттарында.
Уезд басшылығына қарсылығын Б.А. Оссовский қалдырған архив құжаттарында
Бөкейханның «Степного края» мақаласында деп көрсеткен. Кадеттер партиясының
бағдарламасына көңілі толмаған Əлихан 1917 жылдың шілдесінде бұл партиядан
шығатындығын жəне Алаш партиясын құратындығы жөнінде мəлімдеген. Ал 1937 жылы
КСРО жоғарғы сот пленумында Əлиханды айыпты деп танып тұтқынға алады. Тек 1989
жылдың 16 мамырында оған тағылған айыпты негізсіз деп жариялады.
1487-қор. Осы қордағы 214-ші істе Ю.Г.Попов А.Бөкейханның өмірі мен қызметі
жайында көптеген зерттеулер жүргізген. Онда «Энциклопедия Казахской ССР» 1991. 4 т. 625
беттінде Қазан, Мəскеу, Том, Петербургқа Орталық Қазақстаннан оқуға аттанған
студенттердің алғашқысы Əлихан деп жазылған. Петербургке Əлиханның артынан туысқан
бауыры Дінмұхамед Сұлтанғазин, Жақып Ақбаев, Əлімхан Ермеков, Мұхамедия Оспанов,
Нығымет Нұрмақов, Мұстафа Шантин, Əубакір Құрманов, Иман Əлібеков, Қапал Қайсақов,
Манан Тұрғамбаев, Рахымбай Сапақов, Иманбек Тарабаев т.б барды делінген.
Əлихан Бөкейханның жары орыс ұлтының қызы Елена Яковлевна Севостьяновна. Бір
ұл, бір қызды тəрбиелеген екі баланың əкесі. Ұлы Үкітай Бөкейханов тау-кен мамандығы
бойынша жоғарғы білім иесі. Оның қызметі Жезғазған, Сəтпаев қалаларындағы Қарсақпай
комбинаттарында жұмыс істеді. Оның есімі қазақша аталғанмен геологтар арасында Сергей
Алиханович Букейханов деп аталынып кетті. Сергейдің тағдыры да оңай болмады əкесінің
соңынан тұтқындалып, Норильскке кетті. Тек араға көп жылдар салып соғыстан кейін
Оралда уран өндіретін жерде директор қвзметін атқарған өз ісінің шебері сирек кездесетін
шикізат көздерін табуды жəне қазуды жақсы меңгергендіктен директор дəрежесіне дейін
жеткен. Қызы Лиза мамандығы бойынша дəрігер, медицина ғылымдарының докторы,
профессор .Ұлы Отан соғысына шақырылған.
Ю.Г. Попов өз мақаласының соңында Əлихан Бөкейхан мен жалпы қазақ ұлтына сол
ХХ ғасырдың басында тағдырдың қаншама азабы мен тозағын корседе,қазақ халхын
тамыры тереңге жайылған алып бəйтерекке теңеп түбінде тəуелсіздікке қол жеткізгені
жайында ой қортындылап мақаласын аяқтаған: «..... Алихан Нурмухамедович Букейханов
напоминает могучее дерево над которым пронеслась жестокая буря. Прошло полвека и
свершилось чудо. Глубоко спрятанные в земле корни дали молодые побеги. Им жить и
жить!» [2].
Ендігі мұрағаттағы 1487-қор. Осы қордағы 224-ші істе Ю.Поповтың Алашорда
үкіметінің белді мүшелері жайында жарық корген мақалалары жинақталған.ХХ ғасырдың
басында түрлі оқиғалардың қасынан табылған Ахмет Байтұрсынұлы жайында зерттеулерді
жиі кездестіреміз. Ол құжатта А. Байтұрсыновтың 1873 жылдың 15 қаңтарында Торғай
уезінде дүниеге келгенін, Ауылдағы молдадан ескіше оқып сауатын ашқанын, жастайынан
жетім қалғандықтан ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша – қазақша мектепте
оқытқаны жайлы жазады. Оны аяқтағаннан кейін Ахмет 1891 жылы Орынборға келіп,
мұғалімдер əзірлейтін қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы тəмімдап,
Қазақстанның əр түрлі уездерінде мұғалім болып істегені жөнінде мəліметтер бар.
Сондай-ақ онда 1905 жылғы орыс революциясының идеясының Ахметке қалай əсер
еткені жəне сол кездегі оның қызметі туралы кездестіреміз. Онда Қарқаралы уезінде
оқытушылық қызмет атқарып жүрген Ахметтің патша үкіметіне қарсы əлеуметтік –
революциялық жасырын жұмыстарға белсене қатысқаны жайлы, бірақ ел ішіндегі
сатқындардың көрсетуімен 1909 жылы тұтқынға алынып, Семей түрмесіне айдалғаны
туралы да айтыла кетеді. А. Байтұрсыновтың Лермонтовтың стилінде жазған
Қош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
105
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған, - деген ызалы кекесіні осы тұста дүниеге келген
болу керек. 1910 жылға дейін ол Семей түрмесінде қамауда болып, артынан екі жылға басқа
жаққа жер аударылады.
Патша үкіметінің жазасын өтеп шыққаннан кейін А. Байтұрсынов 1913 жылдан
бастап, Орынборда «Қазақ» атты газет шығаруға белсене қатысқаны жайлы өлкетанушы
тілге тиек етеді. 1918 жылға дейін шығып тұрған бұл газеттің бетінде жарияланған
мақалаларында А. Байтұрсынов патша үкіметінің отаршылдық езгісінде отырған туған
халқын оқуға, өнер – білімге, мəдениетке шақырады. Патша үкіметінің қазақтардың байырғы
қоныстарын, шұрайлы жерлерін тартып алып, ел тынысын бірден-бірге тарылтып бара
жатқанына наразылық білдіреді.
«Халықтар түрмесі» болған патшалық Ресейдің ұлттық аймақтарында, солардың бірі
Қазақстанда да ақпан революциясынан кейін ұлт – азаттық қозғалысы кең етек алды. Сол
замандағы қазақ зиялыларының басым көпшілігін қамтыған ұлтшылдық, елшілдік топ ішінде
А. Байтұрсынов та болды. Репрессияның қара бұлты бүкіл ел аспанын торлап тұрған
заманда, 1937 жылы мерт болады.
Қырағы көңілі қиядағыны шолған, Алаштың біртуар ғалымы болған оның ересен
еңбегін бүгінде исі түркі жұртшылығы түгел мойындап жатыр. Кезінде ғылым көгінде
шамшырақ болып жанған аяулы жанды замана зобалаңы өз иіріміне батырып бақты.... Бірақ
«Алмас кездік қын түбінде жатпас» дегендей əрбір алашордашы ұрпағына үлгі ретінде қайта-
қайта жарқырап тірілуде, деп өлкетанушы Ахмет Байтұрсынұлының қызыметін жоғары
бағалайды.
Ендігі кезекте Юрий Поповтың Жүсіпбек Аймауытов жайында жазған мақаласында
мынандай сипаттама берген екен. Ж. Аймауытов қазақ поэзиясының інжу – маржаны,
аудармашы, педагог, драматург. Попов 1889 жылы «Южный» совхозы Баянауыл ауданында
дүниеге келген жерлесі Ж. Аймауытовты ерекше мақтан тұтқан. Ж. Аймауытов Баянауылда
бастауыш білім алып кейін Павлодар, Семейде ұстаздық қызмет саласында дəріс алған.
1917 – 1919 жылдары Ж. Аймауытов Ə.Бөкейханмен, М. Жұмабаевпен, М.
Дулатовпен, М. Əуезовпен «Алаш орда» үкіметін құруда белсенді жұмыс жасады. Олар
өздерінің «Абай» журналын шығарып тұрған жəне редактор қызметін Ж. Аймауытов
атқарған. Журналда Ш. Ққдайбердіұлының, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың жəнеде Ж.
Аймауытовтың мақалалары жарияланып отырған. Бұл журнал «Сарыарқа», «Жас азамат»
журналдарымен байланыс орнатқан.
Кеңес үкіметінің орнауына байланысты Ж. Аймауытов 1920 жылдың қаңтарында РКП
(б) қатарына алынады. 1926 жылдан 1929 жылға дейін Ж. Аймауытов Шымкенттегі
педпгогикалық техникумда директор қызметін атқарады, кейін Жамбылда осы қызметке
тағайындалады. Дəл осы қызметінде Ж. Аймауытов тұтқвнға алынды. Себебі М.
Жұмабаевпен бірлесе «Алқа» ұйымын ұйымдастырып, 1929 жылы осы ұйымның арқасында
билікке қарсы шыққан қазақ ұлтшылы деген айдар тағылып екі жылдан кейін атуға үкім
шығарылып қаза болған.
Бұл мақаланы Ю.Г. Попов Қарқаралыға 1994 жылы 170 жыл толуына орай «Орталық
Қазақстан» газетінде жариялап, Ж. Аймауытовтың ғылыми мұраларын зерттеп оның
Қарқаралыдағы қылған еңбектерін жоғары бағалап келешек ұрпаққа зерттеу жұмыстарын
жүргізуді ұсынған.
Ю.Г. Попов талай жылдар – өлкеміздің тарихын, шежіресін, ұлт зиялыларын зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, əсіресе өлкетануда таңдай қақтырар еңбектер жазған. 1994 жылдан
бастап Санкт-Петербург қаласының тұрғыны болып есептелді. Ол Қазақстан жайлы Ресейдің
əр түрлі ғылыми орталығынан əкелінген 100-дей кітапты жинақтаған. Алашорда туының
астында тəуелсіздік жолында тізе қосып əрекет еткен қоғам қайраткерлерін алғашқылардың
бірі болып зерттеген.
Ю Поповтың еліміздің алдында істеген жақсылық, істерін ерекше ескеріп, бағалай
отырып, оны алыс-жақын ағайындарға кеңінен таныстырып, насихаттау мақсатында, оған
2005 жылы Қарқаралы қаласының «Құрметті азаматы» деген атақ беріліуі өлкетанушы Ю.Г.
106
Поповтың Орталық Қазақстанның жалпы Сарыарқаның сары даласын зерттеуде баға жетпес
талай шаруа атқарғанын көруге болады. «Жақсының жақсылығын айт», - дейтін біздің
халқымыздың дана сөзі осындай істер атқарып жүрген Ю. Попов сияқты азаматқа өте лайық!
Əдебиеттер тізімі:
1. Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты (алда ҚОММ, Ю.Г. Поповтың
жеке қоры, 1487 қ., 1 т., 1-5 пп.
2. ҚОММ 214 қ., 1т., 22-24 пп., 59-61 пп., 64-65 пп. «1992 жылықазақтың қоғам
қайраткері, ғалымы Ə. Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған өлкетанушының
жинастырған мақала, хаттары, сұхбат жазбалары».
3. ҚОММ 224 қ., 1т., 5-13 пп., 17-29 пп. «ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың репрессияға ұшырап, атылғандары
жөнінде жинастырылған мерзімді басылымдардан алынған мақалалар 1988-1992 жж.».
«АЛАШ»- ТƏУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ!
Байғани Д.Н.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш
Көзіңді аш оян қазақ көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, қал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.
М.Дулатұлы
Қазағым....Ұлтым....Ана тілім....Дəстүрім....Иə, бір кездері осынау сөздерді ауызбен
айтқанда, дене ысып, жүрек сыздайтын заманның болғаны рас еді. Ұлтым деген ұлыларымыз
өзгеге күн сəулесін шаша отырып, сол сəулеге өздері жанып кете баруы балашақ ұрпақтың
қамы үшін еді. Расында, мен, еліміздің бүгінгі күніне қуаныш, сеніммен қарайтын болсам,
елімнің өткен тарихы, жүректе өкінішті қалдырады. Ұшқыны жалын атқан қазақ
ұлтшылдарының еңбегі қазақ халқы арасында елеусіз қалмайды. Тарихқа көз жүгіртсек, бір
замандар қазақ үшін қиын өткелдер болатын болса, бір кездері қазақтың өркендеу дəуірі
болып жатты. Сол секілді, ел дегенде-езіле, жұрт дегенде-жұмыла кіріскен тұлғаларымыздың
бастамасымен бой көтерген, Алаш партиясы да, қиын заман тарихында, қазақ ұлттының
жарық аспанына айналған болатын. Бүгінде тарихи сананы қалыптастыруда мемлекеттің
концепциясында бұл өзекті мəселе. Осыған байланысты «Отан тарихының тағлымдары жəне
Қазахстан қоғамының қайта жаңғыруы» атты ғылыми сессиясында: «Үшінші
мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайтадан сараптамасқа жағдай жоқ.
Өйткені, тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды қайта таразылау
тəуелсіздігіміздің мəн-мағынасын ұғындыра түседі. [1.-3 б.]
Алаш партиясы-қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. Жалпы қазақ
зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру əрекетін бірінші орыс революциясы
жылдарында қолға алған. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты
Ресей империясының отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді. Дүние жүзлік
соғыстың қазақ халқына жəне тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы ұлттық-
демократиялық партияның құрылуына ықпалын тигізді. Алайда, жалпыұлттық саяси партия
құру əрекеті 1913 жылы бой көрсетеді. М.Сералиннің басшылығымен «Айқап» журналы
төңірегінде топтасқан зиялылар өзекті қоғамдық мəселелерді талқылап, белгілі бір
бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ сьезін шақыру жөнінде бастама
көтереді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң əскери-отарлық тəртіппен есептесуге мəжбүр
болады. Бірақ Саясы партия құру үшін қажетті алғышарттар 1917 жылы Ақпан
революциясынан кейін ғана қалыптасқан болатын.
107
Алаш партиясы жөнінде ХХ ғ. яғни 20-30 жылдардан көптеген пікір таластар болған.
Тарихшылар көптеген ғалыми зерттеулер жүргізген. Мəселен А.Бочагов кезінде Алашты-
«Ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С.Брайнин мен Ш.Шафиро – «Бүкіл байлардың
саяси ұйымы» десе, ал, Құрамысов өз ой пікірін- «Жартылай феодалдық байлардың
партиясы» деп білдірген. М.Қ.Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын
жəне Бүкілқазақстандық II сьездің құжаттарын талдай келе, жарты ғасырдан астам уақыт
бойы осы партияна ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтады. [2.- 4 б.]
Алаштың саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілде айынан Алаш
автономиясы мен Алаш Орда үкіметі құрылғанға дейін жоғары қарқынмен жүргізіледі. Оның
жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан, қараша айларында
құрылғандығы жөнінде құжаттарда сақталған. Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жəне
Азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалады. Бұл
жөнінде М.Дулатов: «.....Алашорданың көлеңкесінде қалғаны тарихи шындық»,-деп
көрсетеді.
[2. №27,271б]
Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған
ұйымдастыру бюросы «Қазақ саяси партиясын жасау мəселесін» ұсынып, оған мынадай
негіз келтіреді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары
программасында жазылған. Оны білетін адамдарға мəлім: қай партияның да болса
программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын
түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды» [«Қазақ», 1917, №23]. 1917
жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси
партиясын құру туралы мəселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз
алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шора-и
исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Өзінің бас мақаласында партияның атын
«Алаш» деп атады. [«Қазақ» газеті (1917, №244]
Осылай, 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде, Орынбор қаласында
«Алаш» атты саяси партиясы құрылды. Партияға 25 адам мүшелік етіп, төрағасы
Ə.Бөкейханов болып бекітіледі. Бұл сьезде Қазақстанның əлеуметтік экономикалық жəне
қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мəселе енгізіледі. Осылардың
ішінде ерекше аталатын: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ автономиясын құру; 3) Жер
мəселесі; 4) Оқу мəселесі жəне т.б. Жалпықазақ сьезінде қазақ мемлекетінің Федеративтік
Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Əлде қазақтар өз бетімен тəуелсіз ел
бола ала ма, əлде тəуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме? деген
сұрақтар талқыланады. Бірақ бұл сьезде нақты пікірге келе алмайды. Ал жер мəселесі
Құрылтай сьезіне қалдырылады. Күн тəртібінде айрықша мəнге ие болған дін, оқу-ағарту,
əйел мəселелері жəне сот жүйесі болады. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот»)
таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болады.
Келесі мəселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу
баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мəселесіне айрықша назарға алған
жəне білім берудің тегін болуы талап етіледі. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары
да айтылған. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен
де, алғашқы басылымдар шығару ісімен айналысып қазақ дəсүрін ілгерілеткен Алаш
зиялылары болатын.
«Қараңғы қазақ көгінен,
Өрмелеп шығып күн боламын,
Қараңғылық төрінде
Күн болмағанда кім болам» - дегендей қазаң көгінде күн бола білген ұлт зиялылары
Ə.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов
сияқты
қазақтың
либералды-демократиялық
интелегентциясын басқарған Алаш партиясының құрамына қазақтың ғылыми жəне
шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ə.Ермеков, М.Дулатов т.б кіреді.
108
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сьезі өтеді.
Сьездегі қаралған аса маңызды мəселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт
кеңесі; оқу мəселесі т.б.Сьезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар
бірнеше күнге созылып, Міржақып Дулатов баяндама жасайды: қазақ даласында медресе мен
мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде
ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етеді. Осы мəселе бойынша құрамы 5 адамнан
тұратын бастауыш жəне орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия
құрылады. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керектігі айтылады. Комиссияға
оқулықтан басқа да жұмыстар жүктеледі. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған
бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тəрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық
қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ
тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды аудару т.с.с. Міне, жаңадан
құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тəрбиесіне, ұрпақ
болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін,
ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тəрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда
жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Алаш партиясының құрылуы қазақ қалқы
өміріндегі елеулі оқиға болады. Өйткені ол тұңғыш саяси ұйым еді.
«Азатпыз деп айта аламыз баршаға,
Шыдай білдік қанша қиын болса да.
Шыдай білдік қанатымыз талса да,
Жүректерге оқ қадалды шаншыла.
Оққа ұшқан Алаштарым қаншама,
Шыбын жаны шүберекте қалса да,
Еңбектері ұлт жолында еленбей,
«Алаш» үшін тəуекелге барса да.»
Иə, Алаш қайраткерлерінің еңбектері бағаланбай келгені тарихи шындық. Алайда,
Елбасының бастамасымен қазіргі кезде еңбектері ақталып, қайта зерттеліп жатқаны
қуантады. Бұған Елбасының арнайы шығарылған жарлығы ел есінде. Ə.Бөкейханов бастаған
ірі тұлғалар халық жадында мəңгі сақталады. ЮНЕСКО шешімі бойынша Ə.Бөкейхановтың
150 жылдғының аталып өтіудің өзі Алаштың саяси элиталарының көшбасшысын қалай
бағалайтынын ұғынуға болады.
«Қайран бабам, аңсап кеттің бұл күнді.
Кірпік қақпай, бұздың талай ұйқыңды.
Тəуелсіздік алу үшін қазаққа.
Алаштарым арыстандай бұлқынды.»- дегендей, біз өткен тарихтан
үлгі алып, келешекке қамал түзейміз.
Алаш қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне алғаш рет, 1920 жылдары
осылай баға берді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи
очеркінде «Үкіметтің қара куғын жасаған күндерінде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел
үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл тобты баулыған-
Əлихан»,- деп жазады. Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен
Əлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып жан беріспей отарлық қамытты
киюге мəжбүр еткен ашудың жатқаны шындық еді. Алаш жетекшісі отаршыл империяны
саяси тұрғыдан реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыру арқылы
ғана қазақтың əуелі өзін-өзі билеп, кейін толық тəуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп
санады. Тарихшы Мəмбет Қойгелді «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық
демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі
сол тұста батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған екенін айтады.
Жалпы алаш партиясының мақсаты орындалмады деген сын пікірлер айтылады. Міне, бүгін
тəуелсіздігіміздің 25 жылдығы аталып өтілуде. Бүгін елімізді əлем танып білуде. Сталиндік
репрессия құрбаны болған алаш қайраткерлерін біз есімізде мəңгі сақтаймыз. Алаш есімдері
мəңгі өшпейді. Осынау тəуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау барша Қазақстан
109
перзентінің борышы. Қазіргі Егеменді еліміздің Алаш партиясы секілді, болашақ
бағдарламалары анық партиялар бар. Мəселен, Нұр Отан партиясының да Тəуелсіз
Қазақстанда жүргізіп жатқан қоғамдық іс-əрекеттерінің жетістігі қаншама. Тамырын тереңге
жайған Алаш арыстары секілді, мен де елімнің жарық жұлдызына айналуға уəде етемін.
Толағайдай тау көтерер күшіміз болмаса да, еліміздің тілін, дəстүрін сақтап қалуына бар күш
жігерімді жұмсаймын. Себебі, мен-қазақ перзентімін. Еліміз аман, жұртымыз лəйім тыныш
болсын!
Əдебиеттер тізімі:
1. «Халық бірлігі жəне ұлттық тарих» жылына арналған ғылыми сессияның
материялдарынан. Алматы. 1999 ж. 3 б.
2.«Алаш Үні» газеті. 2003 ж. 18 ақпан. №2 Жанат Қасымның сұхбатынан.
3. Қойгелдиев. «Алаш қозғалысы» екі томдық монографиясы, Алматы 2008. 1том 382-423 б.
4. «Егемен Қазақстан» газеті. 2003 ж. 16 желтоқсан №326
Достарыңызбен бөлісу: |