Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


Ə.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42

 
Ə.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ 
Бақытқазы Ж. 
Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Қуантқан Б. 
Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті  
 
Еліміз  жүріп  өткен  ұзақ  жолдың  шежірелі  күндеріне  көз  салсақ,  тарих  ата  жадына 
тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының 
бірі – Алаш  қозғалысы.  Бүкіл  қазақ  даласын  азаттық  идеясына  жұмылдырған  бұл  ұлы 
қозғалыстың  тарихы  мен  тағылымы  уақыт  өткен  сайын  айқындалып  келеді.  Алаш 
қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі.  
Алаш  зиялылары  бастаған  рухани  мəселелер  бүгінгі  Қазақстанның  тəуелсіздік 
мұраттарымен  сабақтасып  жатыр  дегенде,  олардың  оқу-ағарту,  тəрбие  тақырыбы 
төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады.  
Сондықтан  да,  Алаш  қайраткерлері  ұлтымыздың  рухани  мұрасын  жинауда, 
жариялауда жəне зерттеуде маңызды істер атқарғаны белгілі. Олардың бұл саладағы орасан 
зор нəтижелі жұмыстары – осы халық үшін маңызды мəселенің бастауында тұрғандығымен 
де  құнды.  Сол  қайраткерлердің  бірегейі,  қоғам  қайраткері,  ғалым,  публицист  жəне 
ормантанушы – Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан.  
Қай  халықтың  болмасын  оның  дана  ойшылдары,  қайраткерлері  өзі  өмір  сүрген 
ортасында экономикалық іліммен арнайы айналыспаса да, одан шет қалмай, экономиканың 
түрлі  үрдістері  мен  категорияларын  жалпы  халықтық  сипатта  беріп  отырған.  Əлбетте,  өз 
дəуірінің  ыстық – суығын  басынан  өткерген  Ə.Бөкейханов  та  қоғамдағы  əлеуметтік-
экономикалық ахуалдан оқшау қалмай, дүйім қазақ жұртының бейнесін асқан көрегендікпен, 
қырағылықпен сезіп, анық түйсінді. Оның айғағы Ə.Бөкейхановтың  «Далалық өлкедегі қой 
шаруашылығы»  атты  еңбегінде  əлеуметтік – экономикалық  жағдаяттарды  өзіндік 
топшылауы  нақтылама  дəйектемелер  бере  отырып,  қазақтың  тұрмыс  тіршілігіндегі  қой 
шаруашылығының маңыздылығына үңілуі бұның айқын айғағы.  
Ə.Бөкейханов 1896-1903 жылдар  аралығында  Дала  өлкесін  зерттеу  үшін  шыққан 
арнайы  экспедицияның  құрамында  Ақмола,  Торғай  жəне  Семей  облыстарының 12 уезінің 
жерін  жан-жақты  зерттеп,  қоныстандыру  қорына  алу  жұмыстарына  қатысқан.  Ол  сол 
аймақтағы қазақтың қой шаруашылығы мен ірі қара мал шаруашылығының жағдайын терең 
зерттеп, аймақтағы қой шаруашылығымен қоса, қазақ даласының басқа жерлеріндегі, оның 
ішінде  Жетісу,  Сырдария  өңірлеріндегі  қазақтардың  қой  шаруашылығы,  өсіретін  қой 
тұқымдарымен  салыстырмалы  түрде  талдау  жүргізеді.  Соның  нəтижесінде  Ə.Бөкейханов 
қазақтың  қой  шаруашылығына  байланысты  тұңғыш  монографиялық  еңбегін  жарыққа 
шығарады [1]. 

110 
Ə.Бөкейханов  Щербина  экспедициясының зерттеу  жұмыстарына  қатыса  отырып,  бір 
уақытта  Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан    қоныстандыру  жəне  отаршылдық  саясат  мəселесін 
жан-жақты  зерттеп,  осы  мəселе  бойынша  «Сибирские  вопросы»  журналына  бірінеше  ірі 
мақаласын  басып  шығарады.  Бұл  журнал 1906 жылдан  бастап  Санкт-Петебург  қаласында 
шыға  бастаған.  Осы  жəне  басқа  да  мақалалары  мен  монографияларында  ғалым, 
қоныстандыру  саясатына  сыни  баға  береді.  Бұл  саясаттың  қазақтардың  мүддесіне  сай 
келмейтіндігін,  қазақтар  ғасырлар  бойы  мекендеп  келген  жерлерін  Ресейден  келген 
келімсектерге беруге келісім бермегендігін атап өтеді. Ə.Бөкейханов ғылыми тұрғыда қазақ 
жерлерінің  қоныстанушылардың  жүргізіп  отырған  шаруашылық  түріне  жарамайтындығын 
негіздеп,  оның  экономикалық  тиімсіз  екендігін  көрсетіп  берді.  Қазақ  жерлері  көшпелі, 
жартылай  көшпелі  жəне  отырықшы  мал  шаруашылығына  лайықты  деп  көрсетті.  Бірақ, 
отаршылдар жерді өңдеуді жалғастыра түсті. Бұның салдары ауыл шаруашылық өнімдерінің 
азаюына  қоныстанушылардың  табыс  көздерінің  күрт  төмендеуіне  əкеліп    соқты. 
Қоныстанушылардың    көпшілігі  осы  жерлерге  тəн  мал  шаруашылығымен  айналысуға 
мəжбүр  болды.  Ə.Бөкейханов  отырықшылық  пен  мал  шаруашылығын  үйлестіру  бойынша  
Қазақстанның оңтүстік аудандарын, сонымен бірге Австрия, Швейцария жəне басқа елдерді 
мысалға  келтіреді.  Ə.Бөкейханов  отырықшы  мал  шаруашылығына  біртіндеп  көшуді 
ұсынады.  Ол  қазақтар  мал  шаруашылығын  жақсы  білетіндіктен  жəне  олардан  жақсы  өнім 
алатындықтан  осы  кəсіппен  айналысулары  керек  деп  есептеген.  Бұл  жөнінде  былай  деп 
жазады: «Əр нəрсені амалын біліп, өз орнына жұмсаса, іс көркейеді. Мал бағуға жұрт шебер 
болған  соң  осы  малды  қазақ  айналдырғаны  жөн».  Бұдан  басқа  оның  пікірінше  мал 
шаруашылығын  дамыту  экономикалық  жағынан  тиімді.  Себебі,  ХХғ.  басында  халық  саны 
мен  жыртылған  жерлердің  көлемінің  ұлғаюына  байланысты  етке  сұраныс  өсіп,  тиісінше 
оның  бағасы  да  көтерілді. «Қазақтың  қойының  етіндей,  профессор  Кулешов  жазғанына 
қарасақ, жер үстінде ет жоқ. Жер үстіндегі адам баласы өсіп, бар жарамды жер егін болып 
жыртылып, 20 ғасырда ет жылдан жылға қымбаттайды»  - деп жазады [2]. 
Қой  өсіру  қазақ  халқының  ата  кəсібінің  бірі  болып  табылады.  Төрт  түлік  малдың 
ішінде  жылқы  мен  қойға  ерекше  мəн  берген  қазақ  халқы  қой  жаюдың,  оны  көбейту  мен 
тұқымын  асылдандырудың  өзіндік  əдіс-тəсілдерін  қалыптастырған.  Мал  шаруашылығына 
қолайлы  табиғи  ортаның  мол  болуы,  соған  орай  қыстау,  көктеу,  жайлау,  күзеумен 
байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дəстүрлі қой наруашылығын 
берік қалыптастырғандығының айғағы. 
Сондықтан  да,  қой  шаруашылығы  адамға  аса  қажетті  көптеген  азық-түліктер,  атап 
айтқанда  ет,  май,  сүт,  жүн,  былғарылық,  тондық  терілер  сияқты  өнеркəсіптік  заттарды 
береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңдеген 
соң  өз  орнын  табатын  байлықтар.  Тіпті  қыстық  отынның  басым  бөлігі  қойдың  қиынан 
дайындалды.  Осының  барлығын  Ə.Бөкейханов  зерттеу  еңбегінде  экономикалық  тұрғыдан 
талдау жасап көрсеткен. 
Қорыта  айтқанда,  Əлихан  Бөкейханов  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  жеріндегі  кез-
келген  мəселені  ерекше  қоя  білген.  Дала  өлкесіндегі  қой  шаруашылығының  экономикалық 
сипатын саралай отырып көрсете білді.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. 
Бөкейханов Ə. Жауап хат //«Қазақ» газеті / Құраст. Субханбердина Ү., Дəуітов С., 
Сахов Қ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 560 б.  
2. 
Букейханов А. Овцеводство в Степном крае // Бөкейхан Ə. Таңдамалы. – Алматы, 
1995. – Б. 162. 
 
 
 
 
 

111 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ ЖƏНЕ БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВ 
Бектенова Н. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., Идресова Ү.Х. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар, яғни 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс 
революциясы, 1917 жылғы Ақпан жəне Қазан төңкерістері, оларға жалғасқан азамат соғысы 
қазақ қоғамының саяси өміріне түбегейлі өзгерістер əкелді. Осынау  аласапыран заманда ел 
мен  жер  тағдырын  тереңнен  ойлаған  ұлт  зиялылары  мəселенің  туған  халқының  мүддесіне 
сай шешілуі бағытында нақтылы əрекеттер жасап, саяси күреске араласты. Қазақтың ұлттық-
демократиялық  зиялылары  қазақ  халқын  Ресейдің  отарлық  езгісінен  босату  жəне  оны 
өркениетті  мемлекет  етіп  қалыптастыруды  саяси  күрестерінің  негізгі  мақсаты  етіп  қойды. 
Олар  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  қоғамының  ең  өзекті  мəселесі  болған-  отарлық  езгіге 
қарсы  халықтың  ұлттық  санасын  оятып,  өзара  бірлікке  жеткізу  мақсатында  біртұтас 
идеологияның  қажеттілігін  түсінді  жəне  оны  жаңа  кезеңге  сай  жүйелеп,  қалыптастыру 
жолында  орасан  зор  жұмыстар  атқарды.  Бүкіл  қазақ  жұртын  артынан  ерте  іс-қимыл  жасай 
отырып,  отарлау  саясатының  нəтижесінде  ұлттық  мемлекеттілігінен  айырылып  қалған  елді 
экономикалық жəне рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді. ХХ ғасырдың басындағы 
ұлт-азаттық  қозғалысқа  қазақтың  барлық  оқыған  зиялылары  қатысты  жəне  осы  кезеңде 
қалыптасқан  қазақтың  ұлттық-демократиялық  интеллигенциясының  көшбасшыларының 
бірегейі    Ж.Сейдалин  айтқандай: «қазақ  зиялыларының  тарландары-  Б.Қаратаев, 
Ə.Бөкейханов жəне Б.Құлманов» болды [1, 53 б.]. 
Патша  үкіметі  жоғары  оқу  орындарында  білім  алған  қазақ  жастарын  отаршыл 
мемлекеттік  басқару  аппараттарына  қызметке  орналастырып,  оларды  қазақ  даласындағы 
отарлық  саясатын  іске  асыру,  қазақ  арасында  орыс  мəдениетін  таратып,  елді  орыстандыру 
құралы  ретінде  пайдалануды  көздеген  еді.  Б.Б.Қаратаевтың    орталыққа  əкімшілік  басқару 
мекемесіне жұмысқа қалдырылуының да бір  себебі осы пиғылмен астасып жатса керек. Өз 
мамандығына  сай  қызметке  алынған  Б.Б.Қаратаев  қызмет  барысында  империяның  шет 
аймақтарды басқару ісін жүзеге асыратын сорақы қызметтерімен, қаулылармен, заңдарымен 
жақынырақ танысатыны анық. Империя орталығында юстиция мекемесінде қызметте жүрген  
Б.Б.Қаратаев  түркі-мұсылман  студент  жастарымен  тығыз  қарым-қатынаста  болып,  олардың 
білікті  маман,  саяси  шыңдалған  азамат  ретінде  қалыптасуларына  қолдан  келгенше  көмек 
көрсетуден аянып қалмады. Сол кездегі Б.Б.Қаратаевтың Санкт-Петербургтегі пəтері студент 
жастардың  бас  қосатын  орнына  айналды.  Ресей  империясының  шет  аймақтарда  жүргізіп 
отырған  отаршылдығы,  зорлық-зомбылығы,  жерді  талан-таражға  салып  жатқан  əрекеттері 
жөнінде  Б.Б.Қаратаевтың  қарсылық  көзқарастары  қазақ  жастарының  елдегі  шиеленіскен 
əлеуметтік жағдайға көздерін ашып, саяси көқарастарының пісіп жетілуіне септігін тигізгені 
сөзсіз.  Ол  Ə.Бөкейханов  бастаған  бір  топ  студенттерге  барынша  қамқорлық  көрсетуге 
талпынды.  Қазақ  студент  жастарының  арасында  Ə.Бөкейхановтың  дарынды  болмысын 
ерекше  бағалайтын.  Кейін  Б.Б.Қаратаев  туған  халқының  мүддесі  үшін  қалтқысыз  қызмет 
етіп, ұлт жанашырына айналған Ə.Бөкейхановқа жазған хатында: «Мен сені студент болған 
кезіңнен-ақ  өз  пікірің  мен  сеніміңнің  беріктілігіне  тəнті  болып,  құрметтейтінмін»-деген 
болатын [2, 86 б]. 
Қазақ азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңі 1905 жылы басталды. 
Ал,  саяси  күрес  ең  алдымен  патшаға,  орталық  билікке  петиция  жазып  тапсыру  түрінде 
басталды.  Қазақ  қоғамында  шешімін  таппай  отырған  өзекті  мəселерлер  жер,  дін  жəне  тіл 
мəселелері төңірегінде, яғни қазақ даласында діни мəселелерді қалпына келтіріп, сенімдерді 
арттыру,  оқу-ағарту  жүйесіндегі  халықтың  еркіне  қайшы  келетін  шектеулерді  жою,  қазақ 
мектептерін  ашу,  баспахана  ашып  газет  шығару,  қазақтарға  зардабын  тарттырған  жаппай 
қоныстандыру  саясатын  тоқтату,  бұрыңғы  империя  меншігіне  алынған  жерді  қайтару,  іс 
қағаздарын  қазақша  жүргізу  сияқты  талаптарын  қойған  Қарқаралы,  Орал  мен  Торғай 
облысының, Лепсі уезінің жəне Сырдария облысының қазақтары жазған петициялар жолдана 

112 
бастады. Осы жылы Семей облысы Қарқаралы  уезіндегі Қоянды жəрмеңкесінде Қарқаралы 
петициясы  жазылды.  Бұл  петицияны  дайындауға  басшылық  еткендер  қатарында 
Ə.Бөкейханов тұрса, Орал жəне Торғай облыстарында да орталық билік орындарына петиция 
жазып,  үкіметке  арнайы  аяқтай  барып  тапсыру  үшін  делегацияны  ұйымдастыру  жұмысына 
Б.Б.Қаратаев басшылық жасады [3, 14-іс., 19п]. Орал жəне Торғай облыстары қазақтарының 
петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сай 
өзгерістер енгізу, қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қарату, Дала Ережесін жаңа 
заңмен ауыстыру секілді мəселелер көтеріліп, жер мəселесіне байланысты талаптар қойылды 
[4, 96 б].  Ел  мүддесін  көздеген  жанашырлар  отаршыл  империямен  күресудің  барлық 
жолдарын  пайдаланды.  Қазақ  халқы  атынан  Ə.Бөкейханов I Мемлекеттік  Думаға  депутат 
сайланса,  Б.Қаратаев  Мемлекеттік  Думаның  екінші  шақыртылымына  депутат  сайланды. 
Мемлекеттік  Думаға,  партиялардың  фракциялық  жұмыстарына  белсене  араласып,  елдің 
мұңын  көтерді.  Б.Қаратаевтың  Дума  мінбесінде  қазақ  халқы  атынан  патша  саясатын 
қаймықпай, əшкерелей сөйлеген сөзі қазақ тарихында алтын əріптермен жазылды. 
Қазақ қоғамының əлеуметтік-экономикалық жəне саяси хал-ахуалдарын халыққа жете 
баяндап,  қалың  бұқараның  ұлттық  санасын  оятып,  рухани  жетілуіне  əсерін  тигізу,  саяси 
көзқарастарының  қалыптасуы  үшін  қазақ  басылымдарын  шығару  жұмыстарын  қолға  алды. 
Бұл қазақ басылымдарының беттерінде көтерілген ең басты, ең өзекті мəселе- жер мəселесі 
еді. 1911 жылы  Троицк  қаласында  қоғамдық-саяси  «Айқап»  журналы  жəне 1913 жылы 
Орынбор  қаласында  жалпы  ұлттық  «Қазақ»  газеті  шығарыла  бастайды. «Айқап»  журналы 
төңірегіне  Б.Қаратаев,  М.Сералин  жəне  т.б.  зиялылар  жиналса, «Қазақ»  газеті  басында 
А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов жəне М.Дулатов тұрды.  
«Қазақ»  жəне  «Айқап»  басылымдары  отырықшылыққа  көшу  мəселесін  ұлттық 
ауқымда көтеріп, пікірталасқа айналдырды. 
1)  Б.Қаратаев  пен  М.Сералин  бастаған  топ  қоғамдық  мешеуліктің  негізгі  себебін  көшпелі 
өмір салтынан көріп, сондай-ақ, толассыз қоныс аударушылар легінің Қазақстанды отарлау 
екпінінен қаймығып, қазақтарға да келімсектер сияқты он бес десятинадан жер үлесін алып, 
отырықшылыққа көшуді уағыздады, бұл істі өздері де үлгі етті. 
2)  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов  жəне  М.Дулатов  бастаған  келесі  топ  көшпелі  жəне 
жартылай  көшпелі  өмір  салтының  қалыптасуын  жəне  оны  өзгерту  мүмкіншілігін  қоршаған 
табиғи  орта  ерешеліктерімен  тығыз  байланыста  қарауды  жақтап,  жаппай  отырықшылыққа 
көшуді  ұсынушы  қоныстандыру  мекемелері  мен  чиновниктерінің  отаршылдық  пиғылды 
ұстанып  отырғандығын,  өйткені  егіншілік  мəдениетімен  таныс  емес  қазақ  бұқарасын 12 
немесе 15 десятина  үлеске  отырғызу,  оларды  біржола  жерден  айыруға  апаратын  шара 
екендігін дəлелдеп, қалың көпшілікке жеткізуге тырысты [4, 155-156 бб.]. 
Б.Б.Қаратаев  Қазақстандағы  дауы  күшейген  жер  мəселесін  қазақ  халқын 
отырықшылық  мəдениетке  көшіру  арқылы  шешу  турасындағы  өз  ойын 1910 жылы 
Ə.Бөкейхановқа хат арқылы білдіріп, кеңесін сұрайды: «Құрметті Əлихан! Мен қазақ халқы, 
ең  болмағанда  Орал  облысы  қазақтары  үшін  үлгі  боларлық  бұл  істе  өзіңнің  ой-танымыңа 
жүгініп,  маңызды  мəселе  жөнінде  ақылдасайын  деп  едім.  Қоныстандыру  ұйымы 
қоныстанушыларды  орналастыру  үшін  күні  бүгінге  дейін  Орал  уезінің  жеті  болысынан 47 
қоныстандыру  учаскелерін  алып  үлгерді.  Алынған  жерлердің  бəрі  ең  құнарлысы  жəне  жер 
алу  қазақтардың  қыстауларын  жаппай  қирату  арқылы  жүргізілуде.  Орал  жəне  Темір 
уездерінің  қазақтары  қоныстандыру  ұйымының  барлық  қыңырлықтары  мен  талаптарына 
қарсылықсыз  бағынып  отыр.  Себебі  шағымданатын  жан  жоқ,  немесе  шағымдар  мүлдем 
қанағаттандырылмайды.  Қазақтардың  шағымына  ықылас  білдіргендей  де  əрекет 
байқалмайды.  Қазақтың  ақсақалдарынан  тұратын  «бас  адамдар»  ешқандай  да 
жалпыхалықтық мұқтажды күйттеу қажеттігін сезінбейді, бəрі де пайдакүнемдік ниетпен 21 
қазан 1868 жылы Уақытша Ережемен, кейін қолданыстағы 25 наурыз 1891 жылғы Далалық 
Ережемен  енгізілген  лауазымға  ие  болу  мəселелерімен  бастарын  қатыруда.  Заңға  сəйкес 
сайлауды бекіту губернатор мен шаруа начальниктеріне берілуі қазақтар арасында сөз тасу, 
тыңшылық,  жалақорлық,  даукестіктің  кең  көлемде  өршуіне  əкеп  соқтырды.  Пайдакүнемдік 

113 
барлық  «бас  адамдарының»  қызметін  жоғарылатуға  себепші  болды.  Қазақтардың 
психологиясы азғаны соншалық олар үшін ешқандай қоғамдық қызмет, ешқандай қоғамдық 
қажеттілік  сияқты  маңызды  мəселелер  толғандырмайды.  Қазақ  жері  қоныстанушыларға 
көптеп  алынып  жатыр.  Екіжүзді  «бас  адамдар»  өздерінің  жерін  тонаушыларды  мақтап, 
керісінше  өз  жерлерін  қорғау  үшін  басшылыққа  қарсы  шыққан  қазақтарды  жазалауда. 
Шындығында,  мұның  бəрі  халықтың  санасыздығы  мен  надандығынан  жəне  осындай 
қайғылы халге жеткізген заңдардың салдарынан орын алып отыр. Қазақ зиялылары əр жерде 
қызмет  атқарып,  өздерінің  бытыраңқылығынан  халқына  ықпал  ете  алмай  отыр.  Меніңше, 
жалғыз  сен  халықтың сеніміне  лайықсың.  Жалғыз  сен  халқыма  қызмет  қылдым  деп  айтуға 
құқылысың. 
Осындай  ахуал  салдарынан,  өз  халқыма  əлдебір  нақты  пайда  келтіре  алмай 
шарасызданып,  талай  рет  салым  суға  кеткен  еді.  Алайда,  жер-суға  қиянатпен  жасалып 
жатқан  тонаушылықтың  тірі  куəсі  болып  қол  қусырып  қарап  отыруға  тағы  да  дəтің 
шыдамайды.  
Қазақ  халқы  үшін  екі  күшті  жау  бар:  біріншіден,  оның  надандығы  мен  көшпелі 
мəдениетсіздігі  болса,  екінші  жағынан  қалайда  өзінің  қызметін  күшейтуге  мүдделі 
қоныстандыру ұйымдарының озбырлығы мен арсыздығы.  Бұл жаулардан құтылу жолы бар 
ма?  Конституция  жоқ.  Мемлекеттік  Дума  қоныстандыру  ұйымы  жағында.  Қоныстандыру 
ұйымдары қазақтардың пайдалануына берілген жерлер, егер  мемлекеттік қажеттілік болған 
жағдайда, алынып қойылатындығын айтады.  
Сондықтан, мен жəне Шідерті болысының управителі Əндіжан Жұбаналиев Егіншілік 
жəне жерге орналастыру бас басқармасына Шідерті болысының қазақтарына жеке меншікке 
жер  үлесін  беру  жөнінде  талап  бердік.  Мен  Шідерті  болысынан 15 мың  десятина  жердің 
алынуын  тежеу  мақсатында  бұндай  қадамға  баруға  мəжбүр  болдым.  Оның  үстіне,  қарғыс 
атқан  Далалық  Ережеге  сай  қазақтарға  да  жер  алып,  қауымдасқан  отырықшылыққа  көшу 
жəне қауымдасып жер пайдалану қазақ халқының өмірін жаңа арнаға бұратыны сөзсіз. Қазақ 
зиялыларының да халықты басқаруы біршама ыңғайланады.  «Бас адамдарының» мəні кетіп, 
орнына  мəдениетті  жаңа  элементтер  келеді  немесе  басқару  мен  сот  реформасының 
жаңаруына байланысты, ең болмағанда Далалық Ережеге қарағанда тəуір, жаңа жалпы ереже 
енгізілетін  болады.  Татарлар  жаңа  өмірге  бет  бұрды.  Қазақтарда  өз  топырағынан  жеке 
меншікке  жер  үлестерін  алып,  отырықшылыққа  көшіп,  жаңа  өмірге  бет  алуы  қажет.  Міне, 
менің ойым. Мүмкін мен қателесермін. Қандай да іс қателіксіз болмайды. Сондықтан маған 
өз  ақылыңды  білдіріп,  хат  жаз.  Мен  сенің  ойыңды  құрметтеймін»-  деп  хат  жолдайды.  Дəл 
осындай  мəтіндегі  хатын  Б.Б.Қаратаев  Жетісу  өңірінің  ұлт  зиялысы,  студенттік  досы 
Б.Сыртановқа  да  жолдайды.  Екі  алаш  азаматына  жолдаған  хатында: «Бізде  зұлымдыққа 
қарсы тұрар жəне жалпы барлық қазақтарды басқарып, мүддесін көздейтін ұйым жоқтығын 
мойындауымыз  қажет»-деп  қынжылыс  білдіреді [2, 86-91бб.].  Б.Б.Қаратаев  қазақтарды 
отырықшылыққа  көшіру  арқылы  Ресейден  жаппай  орыс  шаруаларын  қоныстандыру 
жолымен  қазақ  жерін    жаулап  алуды  көздеген  патша  үкіметінің  отарлық  саясатына 
қарсылығын  білдірді.  Отырықшылыққа  көшу  тек  қазақ  жерін  ғана  емес,  қазақ  ұлтының 
этникалық тұтастығын сақтап қалу жəне оқу мен ғылымды дамытып, қазақ елінің өркениетін 
көтеру кепілі деп түсінді. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  жəне XX ғасырдың  басында  қалыптасқан  қоғамдық-
саяси  ой-пікірлер  тəуелсіз  Қазақстанды  өркениетті  елдерге  тəн  өмір  сүру  принциптеріне 
жетелейтін  жəне  қоғамымызда  жаңа  ұлттық  жəне  мемлекеттік  идеологияны  қалыптастыру 
ісінде тірек болар рухани қазынамыз. Жалпы қоғам дамуының көптеген сатыларында саяси 
қызмет  пен  экономикалық  мүдделерге  қарағанда  азаттық,  адам  еркіндігі,  дəни  сенім, 
адамгершілік қасиеттер, өмір сүру қағидалары, ой-пікірлер алдыңғы қатарда тұрады. Бұл ой-
пікірлердің нағыз жаршылары тарихи сахна төрінен орын алған қоғам қайраткерлері. 
 
 

114 
Əдебиеттер тізімі: 
1 «Қазақ» газеті.-Алматы.:«Қазақ энциклопедиясы», 1998.- 560 б. 
2 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы.-Алматы: Алаш, 2004. -1-т. - 552 б. 
3 ҚР ОММ 1202-қ., 1-т., 24 іс. 
4 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы).-Алматы: Санат, 1995. -368 б. 
 
 
АЛИХАН БУКЕЙХАНОВ: БИОГРАФИЯ ЧЕЛОВЕКА ЛЕГЕНДЫ 
Григолашвили М.Г. 
Научный руководитель: м.г.н., старший преподаватель Ильясов Ш.А. 
Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
 
Алихан Нурмухамедович Букейханов - ученый, преподаватель, журналист, этнограф, 
публицист  и  социолог,  на  долю  которого  выпала  тяжелая,  сложная  историческая  миссия 
возглавить народ в национально-освободительном движении, быть главой первой казахской 
автономии  Алаш-Орда.  Невозможно  охватить  многогранную  деятельность  этого 
выдающегося  политика.  В  попытке  проследить  хронологическую  последовательность 
становления политических, научных и других взглядов А. Букейханова обратимся к истории. 
Алихан  Нурмухамедович  Букейханов  родился 5 марта 1866 года  в  ауле  №7 
Токраунской  волости  Каркаралинского  уезда  Семипалатинской  области  (ныне  территория 
Актогайского  района  Карагандинской  области).  Выходец  из  знатной  султанской  семьи.
i
 
Алихан  рос  любознательным  мальчиком  и  выделялся  среди  сверстников  силой  своего 
характера и жаждой знания. В 1877 году отец Нурмухамед определил сына в медресе муллы 
Зафира в Каркаралинске. Успешно завершив учебу в медресе в 1879 году, Алихан переходит 
в  Каркаралинскую  начальную  русско-казахскую  школу,  а  затем  поступает  в  городское 
профессиональное  училище  с  четырехгодичным  курсом  обучения.  Всего  в  Каркаралинске 
юноша  провел  более 9-ти  лет,  семь  из  которых  посвятил  учебе  в  начальной  школе  и  в 
городском ремесленном  училище, где овладел ремеслом  «сапожных дел мастера». Об этом 
можно  судить  по  одному  любопытному  документу,  обнаруженному  в  госархиве  Омской 
областной  администрации,  в  котором,  правда,  фамилия  Алихана  указана  как 
«Нурмухамедов»,  т.е.  по  имени  его  отца.  Этим  документом  является  свидетельство, 
выданное  Каркаралинским  уездным  начальником  об  окончании  ремесленного  училища 
выпускнику  вместе  с  аттестатом.  Вот  небольшая  цитата  из  этого  документа: «Сын  султана 
Каркаралинского  уезда  Токраунской  волости,  Алихан  Нурмухамедов…  воспитывался  в 
Каркаралинской киргизской мужской школе с 16 сентября 1879 года по 16 июня 1886 года, 
по окончательном испытании учеников Каркаралинского трехклассного училища, бывшем в 
июне  месяце 1886 года,  получил  аттестат  об  успехах  в  предметах  курса  городского 
училища…  Во  время  пребывания  в  Киргизской  школе,  он,  Нурмухамедов,  с  успехом 
обучался сапожному мастерству и может заниматься этим ремеслом самостоятельно».
 
 1886-
1890 годы Букейханов обучался в Омском техническом училище. 1890-1894 годы учебы на 
экономическом  факультете  Санкт-Петербургского  Императорского  Лесного  института. 
Участвуя  «во  всех  студенческих  делах»,  Алихан  учился  ораторскому  искусству, 
политической  полемике,  обогащал  свои  познания  в  области  литературы,  искусства,  теории 
общественно-политических,  философских  наук,  в  частности,  теории  марксизма.  Однако, 
важно  заметить,  что  свои  знания  он  черпал  не  только  в  аудиториях Лесного  института  и  в 
студенческих  кружках.  По  свидетельству  другого  видного  государственного  деятеля, 
ученого,  профессора  математики  и  соратника  А.  Н.  Букейхана  по  движению  «Алаш» 
Алимхана Ермекова, Алихан вместе с будущим вождем мирового пролетариата Владимиром 
Ульяновым-Лениным,  экстерном  окончил  юридический  факультет  С.-Петербургского 
университета,  а  также  свободно  владел  несколькими  иностранными  языками.  Таким 
образом, в 1894 году, в период окончания учебы, 24-летний Алихан уже не был тем безусым 
юнцом,  прибывшим  из  далекого  Степного  края,  а  представлял  собой  блестяще 

115 
образованного  молодого  человека,  с  глубоким  интеллектом  и  широкой  эрудицией.  В 
столичных  кругах  он  был  известен  как  знаток  теории  марксизма,  с  ярко  выраженными 
чертами лидера. Был знаком со многими общественными деятелями, учеными, писателями и 
публицистами. Числился в списке лиц «сомнительной благонадежности». Успешно окончив 
этот  институт  по  специальности  лесного  экономиста,  Алихан  Букейханов  преподавал 
математику в сельскохозяйственном училище г. Омска. Затем служил чиновником Омского 
переселенческого управления, вплоть до 1905 года. Стал членом партии кадет с 1905 г. 
Важным  этапом  в  биографии  А.  Н.  Букейханова  как  общественного  деятеля  стало 
участие  в  избирательной  кампании  в I Государственную  думу.  Он  совершал  поездки  в 
казахскую  степь,  проводил  встречи  с  коренным  населением  Степного  края,  излагая  свои 
взгляды  на  предстоящие  выборы  и  те  задачи,  которые  неотложны  были  для  казахского 
народа. Кроме того, в его публикациях на страницах местной периодической печати звучали 
призывы  к  демократизации  политического  строя  царской  России.  Так,  в  одной  из  статей, 
опубликованной  в  газетах " Степной  край " ( Омск ) и " Семипалатинский  листок ", А.  Н. 
Букейханов называл чиновников царской администрации " могильщиками приказного строя 
", превратившими казахские степи в " сатрапию ", и заявлял, что «их  дни сочтены». 
На состоявшемся 15 июня 1906 г. в Семипалатинске областном собрании выборщиков 
он был избран депутатом I Государственной думы от казахского населения этого региона. В 
работе I Государственной  думы  А.  Н.  Букейханову  поучаствовать  практически  не  удалось, 
так как он прибыл в Санкт - Петербург незадолго до ее роспуска. В начале 1907 г., когда в 
Семипалатинской области развернулась кампания по выборам во II Государственную думу, 
А.  Н.  Букейханов  вновь  активно  включился  в  этот  процесс,  но  вскоре  сам  снял  свою 
кандидатуру,  поскольку  опасался,  что  царская  администрация  в  любой  момент  может 
отменить  результаты  выборов.  На  страницах  газеты « Голос  степи »: « Открытое  письмо 
киргизам  Семипалатинской  области » " Изложенные  факты  решительной  попытки 
администрации  помешать  моей  вторичной  кандидатуре  в  члены  Государственной  думы 
заставляет  меня  со  своей  стороны  пойти  навстречу  желаниям  конституционного 
правительства  и  снять  свою  кандидатуру  в  члены  Госдумы.  Дело  в  том,  что  вторичное 
избрание, в чем я не сомневаюсь, поведет со стороны правительства к кассации выборов и 
помешает  представителю  от  киргиз  Семипалатинской  области  своевременно  явиться  на 
сессию  Государственной  думы " Далее  автор  письма  призывает  своих  избирателей 
проголосовать  за  одного  из  пяти  выдвигаемых  им  вместо  себя  кандидатов  и  дает  им  такое 
определение: «люди  стойкие,  искренние,  воодушевленные  желанием  служить  родине,  а  не 
хозяину»,  но  имена,  которых  «оглашать  до  выборов  не  следует».  Среди  выдвинутых  А.  Н. 
Букейханом  в  члены II Думы  были  племянники  Абая  Кунанбаева  Шакарим — известный 
поэт-философ,  ученый-историк,  Какитай — один из  составителей  первого  сборника  стихов 
Абая, изданного в 1909 году в С.-Петербурге под редакцией А. Н. Букейхана. А членом II-й 
Государственной  думы  от  казахов  Семипалатинской  области  был  единогласно  избран 
Темиргали  Нурекенулы,  один  из  пяти  кандидатов,  предложенных  Алиханом  Букейханом. 
Вскоре была распущена и II-я Государственная дума, обнародован новый закон о выборах, 
по  которому  Государственная  дума  должна  быть  «русской  и  по  духу,  иные  народности 
должны иметь в Гос. думе представителей нужд своих, но не должны и не будут являться в 
числе, дающим им возможность быть вершителями вопросов чисто русских». Теперь русское 
население  Российской  империи    получило  исключительную  возможность  в  вопросах 
определения государственной политики. По новому закону представительство колониальных 
окраин  значительно  сокращалось,  а  казахский  народ  вовсе  лишился  своих  избирательных 
прав. По мнению столыпинского правительства, «инородческое население Степного края не 
созрело  для  выборов».  Однако  царское  самодержавие  не  ограничилось  лишением  казахов 
избирательных прав и подвергло жесткому преследованию его национальных лидеров. Как 
свидетельствуют  строки  из  «Справки»,  предоставленной  руководством  ЦОС  ФСБ  РФ, «18 
декабря 1907 года  Особое  присутствие  С.  Петербургской  судебной  палаты  приговорило 
Букейхана  по  делу  о  «Выборгском  воззвании»  к 3 месяцам  тюрьмы.  Приговор  вступил  в 

116 
законную  силу 21 января 1908 года».  На  этот  раз  А.  Н.  Букейхан  был  заключен  в 
семипалатинскую  тюрьму  летом 1908 года.  И  после  освобождения  администрация  выслала 
его  из  Казахстана  в  Самару,  где  берет  начало  новый  этап  жизни  и  деятельности  лидера 
национально-освободительного движения казахского народа. 
С  первых  же  месяцев  пребывания  в  ссылке  А.  Н.  Букейхан  сотрудничал  с 
общественно-политическим  журналом  «Сибирские  вопросы»,  издававшимся  в  С.-
Петербурге.  Предположительно  в  это  же  время  он  был  приглашен  в  состав  редакции  по 
подготовке «Нового энциклопедического словаря» Ф. А. Брокгауза (Лейпциг) и И. А. Ефрона 
(С.-Петербург),  а  также  продолжал  сотрудничество  со  столичными  кадетскими  газетами 
«Речь», «Слово». С 1911 года он начинает публиковаться на страницах мусульманских газет 
«В  мире  мусульманства»  и  «Мусульманская  газета»,  также  издающихся  в  столице 
империи.Судя  по  архивным  материалам,  с 1912 года  А.  Н.  Букейхан  активизирует  свою 
политическую  деятельность.  Например,  в  «Справке»,  предоставленной  ЦОС  Федеральной 
службы безопасности России, приводятся следующие сведения: 24 ноября 1912 г. в Самаре 
Букейханов  участвовал  в  собрании,  которое  было  организовано  для  сплочения  сил  всех 
революционных групп Самары, от октябристов до левых; 
В 1914 г.  Бухейханов  неоднократно  выступал  со  статьями  в  газетах  «Речь»  и  «Казах»,  в 
которых он обсуждал землестроительную политику царского самодержавия в Степном крае. 
Хотя здесь необходимо заметить, что А. Н. Букейхан выступал  с подобными статьями еще 
раньше,  со  страниц  журнала  «Сибирские  вопросы»,  где  с 1908 по 1910 г.г.  опубликовал 
более 10 крупных материалов. В них автор, опираясь на результаты «щербинской» и других 
экспедиций,  разоблачал  колониальный  характер  переселенческой  политики  царского 
правительства.  Названия  некоторых  его  статей  говорят  сами  за  себя: «Переселенческие 
наделы  в  Акмолинской  области», «Русские  переселенцы  в  глубине  Степного  края», 
«Отчуждение киргизских (казахских) орошаемых пашень», «Бюрократическая утопия» и т.д. 
С 15 по 25 июля 1914 г. Букейханов — участник «мусульманского съезда» в С.-Петербурге, 
на который съехались 14 делегатов с мест и 6 членов Государственной думы. Однако и здесь 
допущена  неточность  относительно  количества  участников.  А.  Н.  Букейхан  в 
опубликованном в газете «Казах» отчете под названием «Мусульманский съезд», писал, что 
на  очередной  форум  мусульман  России  были  приглашены 35 представителей  с  мест,  не 
считая  бывших  и  настоящих  депутатов  Думы,  и  общее  число  делегатов  составило 41 
человек. К началу работы съезда по различным причинам не прибыли всего 3 приглашенных 
и, следовательно, число делегатов было 37-38. 
В  июле 1914 г.  Бухейханов  встречался  в  Самаре  с  приезжавшим  туда  А.  Ф. 
Керенским,  который  в  то  время  был  членом IV Думы  от  Самарской  губернии.  На  съезде 
Букейханов  выступал  с  докладом  о  положении  киргизов  (казахов)  России.  В 1915 г.  он 
входил в состав Самарского губернского комитета конституционно-демократической партии. 
Однако, как удалось выяснить по последним документам, предоставленными руководством 
ЦОС  ФСБ  РФ,  А.  Н.  Букейханов  уже  с 1912 года  состоял  членом  ЦК  кадетской  партии.  В 
«анкете  арестованного»,  заполненной  им  собственноручно  в  июле 1937 года,  датой  своего 
вступления в члены ЦК он указал именно 1912 год. В мае и октябре 1915г. Букейханов вновь 
встречался  с  Керенским,  приехавшим  в  Самару.  В  октябре 1915 г.  Букейханов  принимал 
участие  в  работе  областного  совещания  конституционно-демократической  партии, 
состоявшемся  в  г.  Самаре.  На  совещании  присутствовали  делегаты  Саратовской, 
Симбирской и Уфимской губерний. 
Как  вытекает  из  архивных  сведений,  А.  Н.  Букейханов  в  период  с 1912 по 1915 г.г. 
участвовал  во  всех  общественно-политических  акциях,  предпринимаемых  Самарской 
группой  кадетской  партии  и  ее  Центральным  комитетом.  Но,  несмотря  на  то,  что  он 
находился в политической ссылке за пределами Казахстана, в Самаре вся его общественная 
деятельность  была  направлена  на  защиту  интересов  казахского  народа.  Для  примера 
достаточно привести следующие строки из архивного документа, в котором говорится, что 
«в  июне 1914 года  на  съезде  Букейханов  выступил  с  докладом  «О  положении  киргизов 

117 
(казахов) в России». И все же самым значительным достижением его политической борьбы в 
период ссылки стало издание в Степном крае в феврале 1913 года газеты «Казах» — первого 
в  истории  казахского  народа  общенационального  периодического  издания.  В 1917 году  в 
стране назревал кризис власти, нарастало недовольство населения. И с целью недопущения 
краха, хаоса и большевизма в степи в июле 1917 г. А. Букейхан выступил в газете " Казах " 
со статьей, в которой говорилось, что ни одна из программ действующих в стране партий, в 
том числе и кадетской, " не соответствует целям казахского общества ". В июле же он заявил 
о  своем  выходе  из  партии  кадетов.  В  другой  статье  под  заголовком " Почему  я  вышел  из 
кадетской  партии " он  называл  три  основные  причины,  подтолкнувшие  его  принять  это 
решение.  Первая  из  них  заключалась  в  стремлении  кадетов  сохранить  частную 
собственность  на  землю  тогда,  когда  в  период  проведения  т.  н. " земельной  реформы " 
казахский  народ  был  насильственно  лишен  своих  лучших  земель.  А.  Н.  Букейхан  же 
настаивал на возвращении этих земель. Вторая - кадеты выступали против отделения церкви 
от  государства,  казахский  лидер - за,  с  тем,  чтобы " улучшить  деятельность  религиозных 
структур ". И  третья,  наиболее  важная  из  причин, - стремление  кадетов  к  унитарному 
государственному  устройству  и  отказ  в  предоставлении  казахскому  народу  национальной 
автономии.  По  его  инициативе  на I Всеказахском  съезде,  состоявшемся  июля 1917 года  в 
Оренбурге,  было  заявлено  о  намерении  создать  самостоятельную  политическую  партию  и 
выдвинуто  требование " территориально - национальной  автономии  в  рамках  Российской 
демократической федерации ". Съезд поручил группе во главе с А. Букейханом подготовить 
проект  программы  будущей  партии,  который  вскоре  был  опубликован  в  газете " Казах ". 
Составители проекта предлагали назвать партию - " Алаш ". Однако проект не обсуждался и 
не  был  принят  в  связи  с  возникновением  новой  политической  ситуации ( захват  власти 
большевиками ), заставившей  лидеров  партии  выдвинуть  на  первое  место  вопросы 
национально - государственного  устройства.  О  реакции  алашевцев  на  первые  шаги  власти 
Советов, противоречащие пониманию лидерами " Алаша " норм и прав демократии, можно 
судить по " Памятке крестьянам, рабочим и солдатам ", составленной и выпущенной А. Н. 
Букейханом 1 декабря 1917 г., в которой подвергалось жесткой критике решение СНК от 28 
ноября,  отложившего  созыв  Учредительного  собрания  и  принявшего  декрет " Об  аресте 
вождей  гражданской  войны  против  революции ". В " Памятке " говорилось,  что  глава 
Советской  власти  В.  Ульянов - Ленин  является  единоличным  самодержавным  и 
безответственным  правителем,  подобно  Николаю II, что  большевики  разогнали  столичные 
городские  думы  и  заявляют,  что,  мол, " не  страдают  парламентским  кретинизмом ". В " 
Памятке " автор отстаивает приоритет демократических свобод и заключает ее следующими 
словами : " Запомните, крестьяне, рабочие и солдаты, большевики считают : ответственность 
перед  народом  правителей,  свободу  слова,  свободу  печати,  свободу  собраний,  всеобщее 
прямое  тайное  голосование,  неприкосновенность  граждан  и  депутатов,  власть  народа - 
буржуазным предрассудком... Запомните, крестьяне, рабочие и солдаты, с лица большевизма 
спала красная маска революционера и обнажила его сущность черносотенца ". 5-13 декабря 
1917 г. в Оренбурге II Всеказахский Съезд избрал правительство - Всеказахский Народный 
Совет Алаш - Орды из 15 человек, и еще 10 мест были " оставлены представителям других 
народов " Казахстана. 40 голосами  против 18 из  трех  выдвинутых  кандидатур  при  тайном 
голосовании  председателем  Народного  Совета  Алаш - Орды  избран  А.  Н.  Букейхан. 
Столицей 
автономии 
временно 
выбрана 
левобережная 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет