Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН – ТƏУЕЛСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42

ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН – ТƏУЕЛСІЗДІК 
Төлеуханова А.Қ.  
Ғылыми жетекшісі: магистр Куребаева Г.А. 
Семей қаласы Шəкəрім атындағы МУ 
 
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне 
айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа 
толы, сонымен бірге ғаламат сəті еді. Сол сəт əлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден 
аса білдік. Ең қиын жылдар дəл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі 
биіктей беретініне сенемін.»  
(Н.Назарбаев) 
 
Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына 
батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, «Біз кімбіз?», «Жұмыр жер бетінде 
қашан  пайда  болдық?», «Қай  жерді  мекен  еттік?», «Тіліміз,  мəдениетіміздің  деңгейі 
қандай?». 
Біз  Өр  Алтай  мен  Атыраудың  арасын  мекен  еткен  сақтан  қалған  сарқыты,  ғұннан 
қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз! 
Ақ  білектің  күші,  ақ  найзаның  ұшы  сынға  түскен  жаугершілік  заманда,  яғни, 1458 жылы 
Əбілқайыр  хандығынан  іргесін  бөлген  Жəнібек  пен  Керей  сұлтан  Моғолстан  жеріне  Шу 
бойы мен Қозыбасқа алғаш... Ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік.  
Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын 
күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сейіліп, əнші 
бұлбұл шаттықтың əнін шырқады. 

255 
Əрбір  елдің  жылнамасында  оның  жаңа  тарихының  бастауы  болған  тағдыршешті 
таңдар  болады.  Біз  үшін  жаңа  дəуірдің  арайлы  таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда  атты.  Сол 
күні  əлем  көгінде  «Қазақстан  Республикасы»  атты  жаңа  жұлдыз  жарқырай  туды», - 
халқымыз Тəуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мəңгілік Ел болуға бет бұрды. 
1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл əлемге алғаш қадам басқан жылы. 
Сол  сəттен  бері  міне 25 жыл  да  өте  шықты.  Қазіргі  Қазақстан  əлем  сахнасында 
мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі 
экономикалық,  саяси  жəне  əлеуметтік  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Қазіргі  таңда  Қазақстан 
жас  мемлекет  бола  тұра,  көптеген  елдерден  əлдеқайда  алда.  Еліміздің  аяғынан  нық  тұруы, 
ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жəне  экономикамыздың  жедел  қарқынмен  дамуы - 
қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан - тек өзі орналасқан аймақта 
ғана  емес,  бүкілəлемдік  проблемаларды  талқылауда  жəне  шешуде  ықпалды  рөл  атқаратын 
ел. Қаз тұрып, қадам басқан тəуелсіздік сəбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден 
бастап,  осынау 25 жылдың  бедерінде  айшылық  жерді  алты  рет  аттаған  алып  секілді,  дəуір 
жалынын  мығым  ұстап,  тізгінін  бекем  қаға  білді,  егемен  Қазақстанды  бүгінде  барша  əлем 
танып отыр [1, 285 б.]. 
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, 
ежелден–ақ  ата-бабаларымыздың  өз  жерін  еш  жауға  бастырмаған,  ұлын  құл,  қызын  күң 
еткізбеуге  батырлық  ержүректігін,  жауына  қатал,  досына  адал,  шыбын  жанын  шүберекке 
түйіп,  садақ  ұстап  қол  күшіне  сеніп,  найзаның  ұшына  үкі  таққан  ұлдары  мен  қыздарының 
жауынгерлік  үлгісі  бізге  аманат  болып  жеткен.  Отанымызды  қорғаған  еліне  деген 
сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ 
қызы - Тұмар  падишаның  ерлік  істері. «Маған  туған  жердің  бір  уыс  топырағы  да  қымбат. 
Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді 
қорғадым, - деген  Тұмар  падиша  осындай  байтақ  та  бай  дархан  Отанымызды  жұдырықтай 
жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» 
- деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр 
қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды 
еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз. 
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін 
ғибрат  алар,кеудемізге  қиналғанда  үміт  отын  жағар  оқиғалар  мен  Отан  алдындағы  адал 
қызметінен  үлгі  алар  ұлы  тұлғалар  аз  болмаған.  Олардың  қатарына:  қазақтың  ұлт  болып 
ұйысуы  мен  оның  ұлан  ғайыр  ата-қонысының  (этникалық  территориясын)  қалыптасуын; 
ұлттық  мемлекттігіміздің  бастауы - Қазақ  хандығының  құрылуы  мен  дамуын;  өзі  отырған 
тағы  емес,  билеп  отырған  халқының  бағын  ойлап,жау  қолына  тойтарыс  берген  хандар  мен 
оларға  ел  мен  мемлекет  тұрғысынан  ақыл-кеңес  берген,кемшілікті  айта  білген  ұлы  билер 
дəстүрлерін;  ата-бабаларымыздың  елімзге,халқымызға  тəн  өзіндік  шаруашылық  жүргізу 
жүйесін  қалыптастыруын,  таңғажайып  этномəдени  үлгілерін  жасау  арқылы  əлемдік 
өркениетке  қосқан  алып  үлесін,  батырларымыздың  жер  мен  ел  тəуелсіздігі  мен  ата-қоныс 
тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады. Алла 
Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нəсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың 
қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің 
күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен  қорғап  келген.  Ата  жауымыз  болған  сан  жылдық  қарсылас 
жоңғарлардан  даламызды  арашалап  қалған  батырлардың  ерлігі  туралы  дəстүрлі  тарихи 
жырлар  Исатай,  Махамбетке  байланысты  мұралар,  Ресей  патшасының  отарлау  саясатына 
қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің 
ұлттық сана-сезімімізді көтереді [2,127б.]. 
Еліміздің  Тəуелсіздік  күні  мерекесі  халқымыздың  сан  ғасырлар  бойғы  азаттық 
жолындағы  күресінің,  сол  жолдағы  көрген  азаптары  мен  қиындықтарының  жадымызда 
жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл 
күні  Тəуелсіздік  жолындағы  арпалыстың  азапкерлері  мен  қаћармандары  ойға  оралатыны 
сөзсіз. 

256 
 Азаттық  қазақ  халқының  ежелгі  арманы  еді,  ат  үстінде  өткен  кезеңдер  көп  болды. 
Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, 
ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кəміл сенді.  
Иə,  қазақ  халқының  басынан  небір  қилы  заман  өтті.  Тарихта  аты  шулы  «Ақтабан 
шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  деген  қаралы  атқа  ие  болған 1723 жылғы  Жоңғар 
шапқыншылығы  қазақ  жерін  ойсыратып  кетті.  Қазақ  халқы  оңтүстікке  қарай  босты.  Бірақ, 
бұдан да басқа жауыздық нəубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.  
1925-1933  жылдарда  Г.Голощекин  Қазақстанда  əлі  революция  болмаған  деп  «Кіші 
октябрь»  саясатын  жүргізді,  елді  аштық  пен  қуғын-сүргін  жайлады,  Қазақстанда  тұратын 2 
миллион қазақ аштықтан қырылды. 
1937  жылғы  асыра  сілтеудің  кесірінен  қазақ  əдебиетінде  жайқалып  келе  жатқан  жас 
теректердің тамырын қиды. Олар: Шəкəрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, 
Ілияс,Сəкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ əрқашан бас иеміз. 
1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында 500-ге  тарта  қазақ  қаһармандарына 
Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Олар  Мəншүк  Мəметова,  Əлия  Молдағұлова, 
Бауыржан Момышұлы, Мəлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. [3, 485 б.]. 
1986  жылы  Атыраудан  Алтайға,  Сарыарқадан  Алатауға  дейінгі  байтақ  жерімізге 
Желтоқсанның  дауылы  үдей  түсіп,  дүрбелең  жайлады.  Қазақтың  көптеген  азаматтарының 
мойнына қыл шылбыр салынды. Əділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа 
соғылды.  Желтоқсан  оқиғасына  қатысып,  жауапқа  тартылғандар  қатарында  Қайрат 
Рысқұлбеков, Лəззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар.  
Тəуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі жəне 
сыртқы  саясатпен  қатар,  табиғи  қорларымыз  да,  басқа  мемлекеттің  қарамағында  еді.  Сол 
қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз 
жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мəдениетімізді құқылы қолдануға талпынды. 
Бүгін міне, тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі 
тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған 
қайта  құру  кезеңі  ұлттық  сана-сезімді  оятты.  Жаппай  қазақ  мектептерінің  жабылуы,  қазақ 
тілінде  шығарылған  газет-журналдар,  мақалалар,  кітаптардың  сатылымнан  жоғалуы, 
жоғарғы  билеуші  таптың  басымдылығы,  біздің  ержүрек,  батыл,  намысшыл  жандарымызды 
ызаландырды.  Сөйтіп,  халықтың  ұлттық  мүддесі  үшін  күреске  жол  ашылды.  Осының  бəрі, 
бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда 
өткен қазақ жастарының шерулері, тəуелсіздікке əкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін 
міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мəнісін енді ғана ұға 
бастағандаймыз [4, 101 б.]. 
Тəуелсіздік  алғандағы  алғашқы  əрекеттердің  арасында  мемлекетіміздің  ұлттық 
валютасы - теңгені  енгізу,  көршілес  мемлекеттермен  шекараны  белгілеп  алу, 
Конституциямызды  бекіту  бар  еді.  Ата  Заңымызға  сəйкес  Қазақстан  жəне  қазақстандықтар 
ешкімнің  жеріне  көз  салмайды,  бірақ  өз  жерінің  бір  сантиметрін  де  ешкімге  бермейді. 
Мұндай  істердің  орындалуы - ерекше  тарихи  жетістік.  Айта  берсек 25 жылда  жеткен 
еліміздің  жетістігі  өте  көп.  Дегенмен,  бұл  жетістіктерге  жетуде  еліміз  көп  қиыншылықты 
көргенін ұмытпағанымыз жөн. 
Өз  басым  тəуелсіздіктен  кейін  туылған  буынның  өкілі  бола  тұра,  бұл  Егемендіктің 
қандай  жолмен  келгенін  жақсы  білемін.  Қазақстан  үшін,  қазақ  халқы  үшін  тəуелсіздік 
аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тəуелсіздікке зарығып жетті. 
Тəуелсіздік  жолында  еліміз  аз  қиыншылық  көрген  жоқ.  Тəуелсіздік - ата-бабамыздың 
ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының жəне өшпес қайсар 
рухының  арқасында  тəуелсіздікке  қол  жеткіздік.  Бұл  күнге  дейін  жеткен  ұмытылмас 
оқиғалар - ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда 
өшпес  өнеге,  өлмес  мұра  ретінде  сақталатыны  рас.  Елдің  біртұтастығы  мен  тыныштығын 
сақтауға  хан-сұлтандар,  батырлар,  қарапайым  халықтың  өзі  де  жандарын  пида  еткен. 
Тəуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде əлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның 

257 
да  септігі  аз  болған  жоқ - студент  жастардың  көшеге  шығып  үндеуі  жəне  егемендік  үшін 
зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын 
[5, 199 б.]. 
Мемлекет  басшысының  көрегендігі  мен  дер  кезінде  жүзеге  асырылған  саяси 
экономикалық  реформалардың  арқасында  экономикасын  түзеп,  тығырықтан  шықты. 
Қазақстанда  шұғыл  бетбұрыс 1995 жылдан  басталды. 2000 жылдың  басында  Еуропа 
қауымдастығы,  ал 2002 жылы  Америка  тарапынан  Қазақстан  нарықтық  экономикасын 
қалыптастырып  ел  ретінде  танылды.  Елбасының  жүргізіп  жатқан  саясатының  арқасында 
Қазақстанды бүкіл əлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүние 
жүзі  қауымдастығы  алдындығы  беделін  биіктете  түсті.  Ең  бастысы  Мемлекет  басшысы 
нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге 
асырылуда [6, 99 б.]. 
Еліміздің  негізгі  мемлекеттік  мақсаты - Конституциямызбен  бекітілген: «Қазақстан 
өзін  демократиялық  зайырлы,  құқықтық  жəне  əлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады: 
оның  ең  қымбат  қазынасы - адам  мен  адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары» 
делінген.  Демек, қоғамда  тұрақтылықты  татулықты  қалыптастырып,  елдің  тұрмыстық  əл 
ауқатын  жақсарту  басты  мəселе  болып  табылады.  Біз  қазір  шын  мəнінде  дербестігімізге 
даңғыл  жол  ашып,  азат  ойлауды  қалыптастыру  жолындамыз.  Ата  Заңымыздың  арқасында 
еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен 
саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр [7, 18 б.]. 
Қортындылай келе...  
«Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім 
артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. 
Осынау  тарихи  белестер  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмді  ұрпақ  жадына  сіңіруде 
айрықша  рөлге  ие.  Біз 2015 жылды  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылы  деп  жарияладық. 
Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі - біздің 
барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл əлемге 
үлгі.  Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық  мерейтойын  жəне  халықаралық EXPO-2017 көрмесін 
табысты  өткізіп,  еліміздің  əлеуетін  əлемге  паш  етеміз.  Ұлы  жолдағы  сапарымыз  сəтті, 
болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға  «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс 
тілеймін! 
Əрқашанда Тəуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі 
биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңайлықпен 
келмеген Тəуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік.... 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1.  Əдібаев Х.,Базарбаев М., Қабдолов З., Нұрғалиев Р., Қазақ əдебиеті Алматы «Рауан» 
2011. 
2.  Қирабаев С . Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.  Алматы «Білім» 2009. 
3.  Шəбжантайқызы М., Ибрагимова  К. Шығарма тілі-дана, іші сара мұрасының айнасы . 
4.  «Келешек-2030 « ЖШС 2015. 
5.  Аяған  Б.Ғ.,  Əбжанов  Х.М.,  Махат  Д.А.  Қазіргі  Қазақстан  тарихы.  Алматы:  Раритет, 
2010.  448 б.  
6.  Абрахманов С. Тəуелсіздік шежіресі.  Алматы: Атамұра, 2006.  392 б.  
7.  Назарбаев  Н.Ə.  Нұр  Отанның  дамуында  жаңа  белес  басталды.  Мемлекет  басшысы 
Н.Ə.  Назарбаевтің  «Нұр  Отан»  партиясы  Саяси  кеңесінің  кеңейтілген  отырысында 
сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. № 21  18қаңтар.  2016.  
 
 

258 
ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ – ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ 
Тұтқыш А.Ж., тарих факультеті 1 курс студенті, 
 ғылыми жетекшісіаға оқытушы Сақабай Т.Қ.  
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 
 
Мақалада  КСРО-ның  ыдырауын  жеделдеткен  Алматыдағы  Желтоқсан 
көтерілісіне  биыл 30 жыл  толуына,  тəуелсіздіктің 25 жылдығына  арналады.  Қазақ 
егемендігінің  орнауына  себеп  болған  Желтоқсан  оқиғасы-біздің  халқымыздың  жоғары 
мемлекеттік  патриотизмі  мен  жалпы  батырлығының  көрінісі.  Қозғалыс  ел  мен  ұлттың 
тəуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген бір топ жастар болғаны мəлім. Тарихта ерекше 
орны  бар,  халықтың  қасіреті  мен  ар  намысына,  сондай-ақ  мақтанышына  айналған  бұл 
оқиғаның алғашқы құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен 
саяси тəуелсіздігі үшін күреске арналған тұлға деп айтуға болады.   
Қазақ  халқының  аса  күрделі  əлеуметтік  жəне  қоғамдық-саяси  қайшылықтармен 
ерекшеленетін  кезеңі  –ХХ  ғасыр.  Бұл  кезеңде  ел  арасынан  өздерінің  білімділігімен, 
қайсарлығымен,  өжеттілігімен,  рухани  парасаттылығымен  суырылып  шығып,  ұлты  үшін 
күресен азаматтар болды. 
Қазақ халқы Кеңес өкіметіне қарсы шығуы ар-ұжданды бірінші қатарға қойып, қазақ 
ұлтының ұрпағы ретінде, кез-келген бассыздық саясатына жауап қайтарып отырды. Осы ХХ 
ғасырдағы 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  патшалық  Ресейге  қарсы  бағытталған  соңғы 
толқу болса, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі Кеңес үкіметіне қарсы бағытталған соңғы бас 
көтеру болды. 
Желтоқсан  көтерілісі - 1986 жылы 16-18 желтоқсан  аралығында  Алматыда  болған 
қазақ  жастарының  КСРО  үкіметінің  отаршылдық,  əміршіл-əкімшіл  жүйесіне  қарсы 
наразылық  іс-қимылдары.  Бостандыққа,  тəуелсіздікке  ұмтылған  қазақ  халқы  тарихындағы 
елеулі  оқиға  болып  табылады.  Желтоқсан  оқиғалары  қазақ  жастарының  ұлттық  санасының 
қаншалықты  өскенін  көрсетіп  берді.  Бір  ғасыр  бойы  халықты  ашса  алақанында,  жұмса 
жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар 
айдай  əлемнің  алдынды  кез-келген  ұлтқа  тəн  ұлттық  намыс  бұдан  былай  ешқандай  баса 
көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді[1]. 
1986  жылдың 16-18 желтоқсанында  Қазақстанда  болған  қозғалыс  халқымыздың 
тарихына  мəңгіге  хатталады.  Ондаған  жылдар  бойы  қордаланып  қалған  келеңсіздіктер-
қоғамдық  жəне  мəдени  салаларды  қамтыған  өрескел  кемшіліктер,  ұлт  мəселесінің  қатты 
шиеленісуі  республика  жастарының  ызасын  келтіріп,  оларды  күрес  жолына  түсуге  еріксіз 
алып  келді.  Міне,  сондықтан  желтоқсан  оқиғасының 30-жылдығына  орай  қайта  зерделеу 
өзекті деп ойлаймыз. 
Қазақ  жастарының  қатысуымен 1986 жылы  Қазақстанда  болған  желтоқсан 
оқиғасының  себептерін,  салдарын  жəне  осыған  орай  осы  кішігірім  мақалада  халқымыздың 
бостандығы  мен  тəуелсіздігі  үшін  күрескен   желтоқсан  құрбандарының  бірі  Қайрат 
Рысқұлбековтың өнегелі өмірі мен азаматтық істерін қарастыру болып табылады.  
Ғылыми  зерттелуде  аталып  жүрген  желтоқсан  оқиғасы  жайлы  жазылған  мақалалар, 
ғылыми  зерттеулер  көркем  əдебиет  қатары  қазіргі  кезде  өте  көп.  Желтоқсан  оқиғасының 
барысы  академик,  тарихшы  М.Қабашұлы  еңбектерінде  де  арқау  болды.  Ғалым  желтоқсан 
оқиғасын  «қозғалыс»  деп  бағалап,  оның  басты  себебіне,  қорғаушы  күшіне  жəне  тарихи 
маңызыдылығына тоқталды[2]. 
Желтоқсан  қозғалысы  тарихшы  М.Қойгелдиевтің  де  еңбектерінде  жан-жақты 
талданды.  Ғалым  желтоқсан  оқиғасының 15 жылдығына  орай  оның  тарихтағы  орны  мен 
сабақтары жөнінде тарихи анықтама берді. 
Желтоқсан  оқиғасының  ащы  шындағын  Р.Спанова  айқындауға  тырысты.  Желтоқсан 
ызғарынан  жазаланған  жастардың  тағдырын  анықтай  отырып,  олардың  күрес  жолдарын 
ерлік санатынына қосты[3]. 

259 
1986 жылғы қозғалысты 1991 жылы нақтылап, айқындауға тырысқан жинақ «Айғақ-
кітап»  деп  аталады.  М.Шаханов  желтоқсан  оқиғасының  ақиқатын  анықтауға  тырысқан 
қызмет  барысы  мен  жалпы  желтоқсан  оқиғасының  тарихи  маңыздылығы  туралы  жақсы 
мəліметтер келтірген[4]. 
Жазушы  Т.Бейісқұловтың  «Желтоқсан  ызғары»  еңбегінен  қазақ  жастарының 
патриоттық  сезімдерін  аңғаруға  болады.  Ал  Б.Əбдіғалиев,  Б.Көрпебайұлы  «Желтоқсан 86» 
кітабының 5 томы  басылып  шықты. «Желтоқсан 86» жинағында  көтеріліске  қатысты 
деректер  мен  дəйектер  жарияланған.  Көтерілістің  республика  аймақтарында  шарпындығын 
айқындайтын  материалдар  жəне  көтеріліске  қатысты  зиялылырдың  айтқан  пікірлерімен 
сараптамалары берілген. 
1985  жылы  Кеңестер  Одағы  Коммунистiк  партиясы  Орталық  Комитетiнiң  пленумы 
болды.  Онда  Орталық  партия  Комитетiнiң  Бас  хатшысы  М.  С.  Горбачев  баяндама  жасап, 
қоғамды демократиялық бағытта қайта құру  жөнiнде шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм 
тек сөз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның 
партия,  Кеңес  органдары  қызметiнен  байқауға  болады. Қазақстанда  Одақтың  барлық 
жерлеріндегі  сияқты  тоқырау  жылдарында  басқару  ісінде  жағымпаздық,  парақорлық, 
рушылдық,  жершілдік  сияқты  көптеген  келеңсіз  құбылыстар  кеңінен  орын  алды.  Бұл 
жылдары  ұлт  саясатында,  əлеуметтік-экономикалық  жəне  кадр  мəселелерінде  көптеген 
ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың 
мəні  өзгеріп,  сөз  бен  істің  арасында  алшақтық,  қайшылық  кең  өріс  алды.  Міне,  осымен 
байланысты 1986 жылғы  ақпан  айында  болып  өткен  Қазақстан  Компартиясы XVI съезінде 
жасаған баяндамасында, ол кезде Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген 
Н.Ə.  Назарбаев  жəне  съезде  шығып  сөйлеген  басқа  да  делегаттар  мұндай  келеңсіз 
жағдайларды  өткір  сынға  алды.  Олар  көптеген  күрделі  жəне  маңызды  мəселелерді  партия 
комитеттерінің  уақтылы  шешпейтінін,  олардың  қызметі  ауқымынан  тыс  қалатынын, 
проблемалық мəселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай 
бүкпесіз айтып бердi.  
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші 
хатшысы  Д.А.  Қонаевты  орнынан  алған  кезде  айырықша  көзге  түсті.  Пленум  мəжілісі 
небары 18 минутқа  созылды.  Осы  уақыт  ішінде  Қазақстан  Компартиясының  бiрінші 
хатшысы  Д.А.  Қонаев  қызметінен  алынып,  оның  орнына  Мəскеу  жіберген  Г.В.  Колбин 
сайланды.  Мұның  өзі  қайта  құру  мен  демократиядан  үлкен  үміт  күтіп  отырған  республика 
халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды[5].  
Желтоқсан 1986-халықтың жас ұрпағының қозғалысы. Ол айдарына қорғаныс табысы 
басталған  М.Горбачевтың  «Қайта  құру»  бағдарламасын  шын  мəнінде  жаңғырту  заңнамасы 
екен екен деп аталған ұлттың жас өкілдері еді. Желтоқсан қозғалысы үш күн ішінде бірнеше 
сатыдан өтті. 
Алаңға бейбіт жастар шықты. Жалпы күш көрсетеміз деген ой олардың санасында да 
жоқ еді. Бірақ наразылық білдірді. Көтерген үнқағаздары болды. «Ленин идеясы жасасын!» 
деген  үнқағаз  ұстағандардың  өзі  де  жауапқа  тартылды.  Жастардың  алаңға  шығу  себептері 
əртүрлі.  Олардың,  кейбіреулері  мұнда  талай  жылдар  бойғы  шовинистік  кеудемсоқтыққа 
өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары "ұлттық намысты қорғау” ұранына еліктей 
аттанды. Шеру саяси сипатта өтті жəне ол басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы 
бағытталмады.  
17  желтоқсан  күні  таңертеңгі  сағат 8-де  қаладағы  қазіргі  Республика  алаңы  саяси 
тəуелсіздікті  талап  еткен  ұрандармен  алғашында 300-дей  адам  жиналып,  кешкісін 
көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты 
етіліп, “бұзақыларды”  күшпен  тарату  мақсатында  алаңға  құқық  қорғау  органдарының 
қызметкерлері мен арнайы əскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде 
дайындалған “Құйын - 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы əскер күші 
қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен 

260 
жасақшылардан  арнайы  топтар  құрылып,  қала  көшелеріне  аттандырылды.  Осы  əскери 
күштер 19 желтоқсан  күні  қаланың  əр  тұсында  қайтадан  шеруге  шықпақ  болған 6 топты 
басып,  таратты.  Алаңдағы  көтерілісшілер  таратылған  соң  ішкі  істер  бөлімдеріне 2401 адам 
жеткізілген.  Бұл  оқиғаларға  мұрағат  деректері  бойынша 60 мыңнан  астам  адам  қатысты, 8 
мыңнан астам адам қамауға алынды, 200 қатысушы сотталды, 1,5 мыңнан астам адам қуғын-
сүргінге  ұшырап,  əкімшілік  жазалауға  тартылды.  Қаншама  жас  қыршын  қаза  тапты[6]. 
Желтоқсан 
көтерілісі 
құрбандарының 
қатарында 
Қ.Рысқұлбеков, 
Е.Сыпатаев, 
С.Мұхаметжанова,  К.Молданазарова,  М.Əбдіқұлов,  Л.Асанова  сынды  ержүрек  қазақ 
жастары бар. 
Желтоқсан  қозғалысында  елін-жерін,  халқын  жан  жүрегімен  сүйген,  ұлтының 
азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтар аз емес. Сондай 
азаматтардың  бірі - ұлтының  басына  сын  сағат  туғанда  жас  болса  да  бас  бола  білген, 
əділетсіздікке қасқая қарсы тұрып, азаматтық мінез танытқан «Халық қаһарманы» - Қайрат 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет