Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42

Рысқұлбеков.  
Қайраттың есімі бүгінде «əр қазақ - менің жалғызым» дейтін ел жүрегінен ойып тұрып 
орын  алған.  Қайрат  Рысқұлбеков 1966 жылы  наурыздың 13-де  Жамбыл  облысының 
Мойынқұм  ауданында  дүниеге  келді. 1973 – 81 жылы  Шу  ауданы  Төле  би  ауылындағы 
орналасқан Сəду Шəкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 
1983 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты 
бітірген соң, əскер қатарына шақырылғанға дейін əкесі Ноғайбайға жəрдемші-малшы болып, 
Көктерек  тауарлы-сүт  фермасында  жұмыс  істеді. 1984 – 1986 жылы  Амур  өлкесі  Белогор 
қаласында əскери міндетін өтеді. Əскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау 
қағазымен  марапатталып,  əскери  бөлімше  командирлері  ата-анасына  алғыс  айтқан  құрмет 
қағаздарын жіберді. 1986-жылы мамырда əскери борышын өтеп ауылға келіп, тамыз айында 
əскери  бөлімшенің  жолдамасымен  Алматы  сəулет-құрылыс  институтына  келіп  сынақтан 
сүрінбей  өтіп,  оқуға  түсті. 1986-жылы 16-желтоқсанда  Қазақстанның  бас  тізгіні  қайдағы 
біреуге  тапсырылуына  бейбіт  наразылық  білдірген  жастар  мен  студенттерге  қосылып, 
Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты[7].  
Қазақ  қыздарын  шашынан  сүйреп,  айуандықпен  тепкілеп,  кейбіреулерін,  тіпті, 
қаныпезерлікпен көк мұзға отырғызуға дейін барды. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан 
кейін 1987 жылдың  қаңтарында  ішкі  істер  органының  қызметкерлері  «Алматыда  бір 
төбелеске  қатысты»  деген  себеппен  Қ.Рысқұлбековті  Мойынқұм  ауданының  орталығында 
тұратын  нағашысы – М.Асанбаевтың  үйінде  демалып  жатқан  жерінен  ұстап  əкетеді. 
Кейіннен, көпшілікке мəлім болғанындай, тергеушілер əрекеттерімен Қ.Рысқұлбековке неше 
түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінəлі етеді. 
Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы 
Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Қ.Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім 
жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО 
Жоғарғы  Кеңесі  Президумының  төрағасы  Громыконың  атына  Қ.Рысқұлбековтің  жазасын 
жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Қ.Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 
20  жылға  бас  бостандығынан  айыру  жазасымен  ауыстырылды.  Бірақ  Шу,  Қарағанды  темір 
жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия 
жағдайда оның өміріне қастандық жасалды. 
Ғұмыры қысқа болса да Қайрат қазақ халқының санасында туған ұлтының азаттығы, 
тəуелсіздігі жолында қандай батыл қадамға болса да баруға қабілетті, ержүрек азамат ретінде 
сақталып  қалды.  Қ.Рысқұлбеков  сынды  батыр  ұлдарымыздың  есімдері  туған  еліміз  аман 
тұрғанда Тəуелсіздігімізбен бірге жасай бермек.  
"Қазақ"  деген  қаным  бар  деп  бастап, "Еркек  тоқты  құрбандық,  атам  десең  атыңдар" 
деп  аяқтаған  қайсар  Қайраттың  даусы  да  тым  жақында  естіліп  еді  ғой?!  Осы  азаттық  үшін 
үнемі  күрескен  халықтың  еншісіне  тиген  қайғы-қасіретті  көре  жүріп,  көтере  білген  халық 
нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей "тағдырдың тезінен, тозақтың 
өзінен аман-сау қалған халық" нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Көрген ауыр хикметінен 

261 
кейін  де  "бас  шұлғып,  үнсіз  көнетін"  əдетті  бойларына  жұқтырған  жоқ.  Қанына  намыс 
дарыған, рухына кие енген халық үнемі тəуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тəуелсіздігін алды. 
Терезі  тең,  байрағы  желбіреген  ұлттар  санатына  ілігу  үшін  талай  ауыртпалық  бастан  өтті. 
Енді  мұхиттың  арғы  жағындағы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымында  көк  байрағы,  алтын  зерімен 
күнге  шағылыса  желбірейді.  Саяси  қуғын-сүргін  көргендерді  ақтады,  басына  ескерткіш 
орнатты. 70 жыл  сананы  улаған  қызыл  заманның  солақай  саясатының  күлпаршасын 
шығарды.  Қазақ  хандарының,  билерінің,  батырларының  рухы  халқына  кие  болып  оралды. 
Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты.  
Қазақстандағы 1986 жылғы  қазақ  халқы  жастарының  серпілісі  азаттық  қозғалысы 
шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. «Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы 
жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының 
бəрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола 
отырып  азаттық  пен  тəуелсіздікті  аңсау  кезінде  əр  түрлі  деңгейдегі 300-ден  астам  ұлт-
азаттық  көтерілісін  өткізді.  Соның  қорытындылаушысы,  егемендікке  бастаған  көтеріліс – 
Желтоқсан  көтерілісі», - деді  ақиық  ақынымыз  Мұхтар  Шаханов.  Демек  бұл  əншейін  ауыз 
толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мəніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын 
елең еткізген, күш қолданып басуға мəжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек. 
Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тəуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 
желтоқсанның  қасыретті  күн  екендігін  жадымызда  сақтап  əрі  Тəуелсіздікке  қол  жеткізу 
жолындағы  талпыныстардың  ақталған  күні  екендігін  сезінуіміз  қажет.  Сол  себепті  де  əрі 
арманға  қол  жеткізген  күн  деп  шаттық  ретінде  атап  өтіп,  екінші  жағынан  Желтоқсан 
құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Назарбаев Н.Ə. Ғасырлар тоғысында.-Алматы, 2003.-34б 
2. Қозыбаев М. Тəуелсіздік рухы.-Алматы, 1998. 
3. Спанова Р. Бiз бiлетiн желтоқсан ,-Алматы,2000. 
4.Шаханов М. Айғақ-кітап,- Алматы,1991. 
5.Бейісқұлов Т. Желтоқсан ызғары,- Алматы,1994. 
6. Бейісқұлов Т. Желтоқсан ызғары,- Алматы,1994. 
7.Табей К. Қайсар рухты қазақ Қайрат Рысқұлбеков.- Алматы, 1994.-5,6б 
 
 
АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНА 
Ханатбекова К.Д. 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сақабай Т.Қ. 
Е.А.Бөкетов атындығы Қарағнды мемлекеттік университеті 
 
Алаш - бауырлас,туыстас,  яғни,  көне  заманда,  түркілер  бөлінбей  тұрып  дүниеге 
келген ұғым. Орта ғасырлық ертедегі деректерде қазақтың өз алдына жеке дара құрылғанға 
дейінгі ортақ атауы.Алаш - тарихта кездесетін көне ұғым. «Алаш» сөзі - қазақ деген сөзбен 
пара-пар. Қазіргі таңда Алаш атауын Алаша ханмен де байланыстырып жатады.Алаша хан-
халық  аңызы  бойынша  «Алты  алашты»  құрған  тайпалардың  түп  атасы.Қазақ  шежіресінде 
Алаша  ханның  шыққан  тегі  өте  қарапайым  екендігі  айтылады.  Орта  ғасырлық  мұраларда 
Алаша  хан-XIV  ғасырдың II жартысы  мен XV ғасырдың  I жартысында  өмір  сүрген  əрі 
батыр,  əрі  би,  əрі  ұлыс  билеушісі.  Алаша  хан - ел  жадында  жауынгер  тайпа  түркілерді 
біріктіріп,  тұңғыш  алаш(қазақ)  мемлекетін  құрған  ұлы  қайраткер.  Əбілғазы  шежіресінде 
Алаша  ханның  əкесі  Көк  хан  болғандығы,  ұрпақтарының  бірінің  есімі  Қара  хан,  ал 
немересінің  есімі-оғыздардың  түп  атасы-Оғыз  хан  болғандығы  айтылады[1].  Рашид  əд-Дин 
мен  Əбілғазы  Алаша  ханның  өмір  сүрген  жері - Дешті  Қыпшақтың  орталық  бөлігі  деп 
көрсетеді.  Алаша  ханның  ордасы  сонау  Ұлытау  өңірінде  болғандығы  көрсетіледі.  Алаш 
атауы - түрікмен,  қырғыз,  ноғай  халықтарының  жадында  жақсы  сақталған.Тіпті  кеген  тас 

262 
жазуында: « алты  бөрі»  деген  сөздің  алты  алаш  деген  атауды  білдіретіні  бекер  емес[2]. 
Себебі,  біз  Алаш  жұрты,  арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты  халықпыз.  Біз  Ресей 
мемлекетінің құрамында болғанда да еш беріспедік. Біз өз абыройыызды аяқ асты етпей, өз 
алдымызға жеке дара мемлекет болцға ұмытылдық. Əрине, ол арманымызға да қол жеткіздік. 
Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  бері,  тарихымызда  жабық  тақырыптарға  жол  ашылды.  Соның 
ішінде  əлі  де  болса  шынайы  баға  беріліп,  қайта  зерттеуді  талап  етіп  отырған  Алашорда 
үкіметі  мен  Алаш  партиясының  қызметі  жəне XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ 
зиялыларының  қызметі  мен  қайғылы  тарихы.  Алаш  партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде 
Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. 
Бұл  съезге  Ақмола,  Семей,  Торғай,Орал,  Жетісу,  Ферғана  облыстарынан  жəне  Бөкей 
ордасынан  делегаттар  қатысқан.Алаш  автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда  Орынбор 
қаласында  өткен  Екінші  жалпықазақ  съезінде  жарияланған  қазақ  халқының  ұлттық 
мемлекеті.  Съезді  М.Шоқай  басқарды.  Съезде  Алаш  автономиясын  құру  туралы  шешім 
қабылданды. Автономия орталығы-Семей қаласы[3]. 
Жалпы,1928-1932 жылдары орын  алған бұрынғы Алаш партиясы  мен қозғалысының 
жетекшілеріне  қарсы  ұйымдастырылған  алғашқы  саяси  сот  процестерінен  кейін,бұл 
тақырыпты  нақтылы  зерттеуге  тиым  салынған  болатын.Бірінші  процесстің  барысында 47 
адам  тергеуге  алынып,  ОГПУ-дің  сот  коллегиясының1930  жылы 4 сəуірдегі  үкімімен 35 
адамға  əртүрлі  жаза  кесілді.  Атап  айтсақ,  Ахмет  Байтұрсынов  бастаған 10 адам  əуелі  ату 
жазасына  бұйрылып,кейін  ол  үкім 10 жылдық  мерзімге  концлагерьде  отыруен 
алмастырылды. 1932 жылғы екінші сот процесінің үкімімен Мұхаметжан Тынышбаев, Халел 
Досмұхамбетов,  Жаһанша  Досмұхамбетовтар  бастаған  алаш  қозғалысы  басшыларының 
екінші  тобы 5 жылдық  мерзімге  Россияның  Орталық  қара  топырақты  облысына  (қазіргі 
Воронеж облысы) жер аударылды. ОГПУ-дің осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып, елге 
оралғандары 1937-1938 жылдары  түгелге  дерлік  «халық  жауы»  деген  жалған  айыппен  ату  
кесілді[4;6].    Сондықтан  да  Алаш  туралы  шындық  айтылмайтын  болды  да,бұл  тақырып 
ресми  жабылды.Осының салдарынан 60жылдай уақыт бойы (30-жылдардың ортасынан 80-
ші  жылдардың  соңына  дейін)  ғылым  жəне  саяси  əдеби  баспаларда,  көркем  шығармаларда 
мəселенің  байыбына  бармай,шындыққа  сай  келмейтін  Алаш  қозғалысын  жаппай 
қаралайтын,жетекшілерін    «буржуазияшыл    ұлтшылдар", «халық  жаулары»  деп  
айыпталып,əртүрлі мінбелерден  сөздер айтылды. 
Жалпы,Алаш үкіметінің құрылуы туралы,олардың Совет үкіметімен қатынасы туралы  
алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919-1920 жылы жариялана бастады. 
Осы  мəселелерді  тілге  тиек  етіп  көтерген-Ахмет  Байтұрсынов  пен  қазақ  зиялыларының 
қатарынан шыққан боьшевиктердің бірі-Сəкен Сейфуллин еді.1919 жылы тамызда  РСФСР-
дың  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  коммисариаты  органында  Ахмет  Байтұрсыновтың 
«Революция  жəне  қазақтар»  атты  мақаласы  жарияланды.Осы  шағын  еңбегінде 
А.Байтұрсынов 1917 жылғы  Ақпан  жəне  Қазан    революцияларын  қазақ  халқының  қалай  
қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы 
себептерін  ашып  көрсетті.  Сонымен  қатар  ол  большевизмді  қабылдауға 1917 жылы  қазақ 
қауымы дайын емес еді деген пікір айтқан. «Қазақтарға Февраль революциясы қаншалықты 
түсінікті  болса,-деп  жазып  кеткен.  Ең  бірінші  реаолюцияны  қандай  қуанышпен  қарсы 
алғандығы  туралы,екінші-революцияны  соншама  үреймен  қарсы  алуға  тура  келді»Ахмет 
Байтұрсынов қазақтар үшін таптық идеологияға негізделген большевизм идеясы емес,ұлттық 
мүддеге  негізделген  жалпы  қазақтың  Алаш  партиясы  керек  деп  түсінген.Ол  Алаш  үкіметі 
мен  Алаш  партиясының  құрылуын  Қазан  төңкерісі  мен  большевиктік  билік  əкелген 
анархияға қарсы тосқауыл ретінде көрсетті. 
Ахмет Байтұрсыновтың  аталмыш еңбегі жарияланысымен жəне сол жылы басылған 
«Жизнь  национальностей»  апталығының 1920 жылы  қарашаның 25-дегі  санында  Сəкен 
Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеніштік атпен «Қазақ интеллигенциясы туралы»   
атты  мақаласы  жарық  көрді.1905  жылдан  бастап,əсіресе 1912 жылы  қазақ  зиялыларының 
арасында  ұлттық  теңдік  пен  азаттық  идеялары  таратыла  бастағанын  ,жас  қазақ 

263 
интеллигенциясының  дем  беруші  басшылары  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов 
болған.  Олар  өздері  ұйымдастырған  «Қазақ»  газетінің  төңірегінде  халық  зиялыларын 
топтастыра  білді,саяси  ұйым  құру  идеясын  іздестіре  білді.  Осыдан  соң  ұлттық 
интеллигенция  екі  лагерьге  бөлініп,басым  көпшілігі-кадеттер  мен  оңшыл  эсерлерді 
жақтаушы  «қазақ  революционерлері»  жалпы  ұлттық  партия  құрып,оған  қулықпен  «Алаш» 
деген ату берді. 
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің іс-əрекеттеріне коммунистік идеология мен 
таптық  тұрғыдан  баға  берген  С.Сейфуллин  өз  ойын  былай  тұжырымдаған: «Октябрь 
төңкерісінен  кейін  солшылдардың  соңынан  ерген  қазақ  зиялылары-біртіндеп  солшылдана 
түсті.Өз  тағдыры  мен  қоғамдық  жəне  шығармашылық  қызметін  социализм  мен  коммунизм 
идеясымен  тығыз  байланыстырған  С.Сейфуллин  бұл  мақаласында  Алаш  партиясы  мен 
Алашорда қозғалысы қазақтардың мақсат-мүддесіне жат құбылыс екенін аңғартады. 
Бұл  ойларын  С.Сейфуллин  «Қызыл  Қазақстан»  атты  журналында 1922 жылдан 
жариялай бастап,1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап етіп шығарған «Тар жол,тайға 
кешу»  деп аталатын кітабында ашып көрсеткен.С.Сейфуллиннің Алашорда Қазан төңкерісі 
мен  азамат  соғысы  жылдрында  ұлтшылдық  позицияда  болып,контреволюциялық  роль 
атқарды деген тұжырымын 1923 жылы Ə.Əйтиев өз мақаласында жариялаған. 
1922  жылдың  күзінен  бастап  алашордашылардың  көпшілігін  Қазақ  АССР-нің 
мемлекеттік  жəне  басқару  органдарынан  жаппай  қуу  науқаны  басталған  еді.Сонда 
«Алашорда»  іс  жүзінде 1918 жылдың  ортасынан 1919 жылдың  аяғына  дейін,бас-аяғы  жыл 
жарымдай  ғана  өмір  сүрген.Алашорда  сол  кездегі  аса  қиын  жағдайларға  байланысты  өлі 
туған  автономия  жариялағанда  тікелей  Русиядан  бөлініп  шығу  туралы  сөз 
қозғалмаған,олардың көздегені-«ұлттық жер»,яғни национально-территориальная автономия 
алуды ғана көздеді,ал Русия мемлекеті құрама республика болсын деді[5]. 
Жекелеген  адамдарға  Алашорданың  «контреволюциялық  ұлтшылдық  мəнін» 
əшкерелейтін  еңбектер  жазуға  жекелеген  арнайы  тапсырмалар  берілді.Қазақстан  партия 
ұйымының тарапынан осындай тапсырысқа ие болғандардың бірі сол кезде республикалық 
мемлекеттік баспаның директоры болған А.К.Бочагов еді. 
Арнайы тапсырмамен дайындалған екінші еңбек-1929 жылы жарық көрген Алашорда 
тарихына арналған құжаттар жинағы.Оны құрастырып,баспаға дайындаған сол кезде ВКР(б) 
қазақ өлкелік комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі:Николай Мартынынко болды[6;12]. 
Кітаптың  редакциясын  Қазақ  АССР  халық  комиссарлар  кеңесінің  төрағасы  Ораз  Исаев 
жасады.1933  жылы  желтоқсанда  ВКП(б)  Қазақ  Өлкелік  Комитетінің  жанындағы  Партия 
тарихы  институтында  Алашорда  жəне  Алаш  партиясы  тарихына  арналған  пікірайтыс 
ұйымдастырылды.Онда  «Алашорданың  тарихи  рөлі»  деген  тақырып  бойынша    негізгі 
баяндаманы  институт  қызметкерлері    С.Брайнин  мен  Ш.Шафиро  жасады. «1916 жылғы 
көтерілістегі  алаш  интеллигенциясының  рөлі», «Алаш  қозғалысы  Февраль  мен  Октябрь 
аралығында», «Алашорда-ұлтшыл  контреволюцияның  үкіметі», «Алаш  қозғалысының 
тарихын  дəріптеушілікке  қарсы»  деген  бөлімдерден  тұрады. «Правда»  газетіндегі  сын 
мақалада Алашорда идеологиясын ашық түрде насихаттау деп бағаланды.1935 жылы мамыр 
айында    «Казахстанская  правда»  газетінде  басылған  Т.Рысқұловтың  мақаласы  да  негізінен 
«Правдада» жарияланған рецензиямен сарындас болып келеді. 
Алашодашылардың  жиырма  бес  мүшеден  тұратын  Уақытша  кеңесі  құрылды.1917 
жылғы  құрылтайдың  күн  тəртібінде 10 мəселе  қаралды.Олардың  ішіндегі  ең 
негізгілері:қазақ-қырғыз  автономиясын  жариялау,  милиция,  һəм  Ұлт  кеңесі(Үкімет) 
құру.Ə.Бөкейханов  өз  сөзінде: «съездің  бұл  шешімі  қазақтар  мекендеген  анархияны 
болдырмау,өлкеде  большевизмніңдамуына(қазақтар  үшін  жат  таптық  жіктелу)-ді 
болдырмау.Үкімет 
төрағалығына 
үш 
қайраткер:Бөкейханов,Құлманов,Тұрлыбаев 
ұсынылды.Екінші жалпықазақ съезінің делегаты Əлімхан Ермеков бұл туралы былай жазды: 
«желтоқсанның 12-сі  күні,түс  ауа,сағат  үште  алаш  автономиясы  дүниеге  келіп,азан 
шақырылып  ат  қойылды.Алты  Алаштың  баласының  басына  Ақ  Орда  тігіліп,Алаш  туы 
көтерілді.Бүгінде,аңсап күткен тəуелсздігімге мерейлі 25 жыл толғалы отыр.Еліміз сан ғасыр 

264 
бойы  осы  күнді  күтті,1991  жылдың 16 желтоқсанында  егемендікке  қол  жетіп,экономикасы 
дамған  алпауыт 50 елдің  қатарына  енді.Ал,алдымыздағы 2017 жылда  Алашорда  үкіметінің 
құрылғанына 100  жылдық тарихи күн болмақ.Иə,уақыт зырғып өте берет.Дегенмен,осындай 
уақыттың  батырларының  бейнесі  мен  есімдері  көз  алдымыздан  да  санамыздан  да  мəңгіге 
өшпей сақталат.Олар-біздің батырларымыз,тарихи тұлғаларымыз.Өзіңнің тарихынды ұмыту-
өз түп негізінді ұмытумен тең. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Қазақстанның этнографиялық категориялары «Ұғымдар мен атаулардың дəстүрлі жүйесі» 
(Алматы)2011 жыл; 
2. «Айбын»энциклопедия/Бас редакторы:Б.Ө.Жақып ,2011 жыл 
3. «Қарағанды облысы» энциклопедия,Алматы-Атамұра-2006жыл; 
4.К.Нұрпейісов «Алаш һəм Алашорда»-Ататек баспасы-1995жыл; 
5.Қазақстан тарихы «Очерктер»-«Дəуір» баспасы-Алматы-1994 жыл; 
6.К.Нұрпейісов «Алашорда үкіметі» 1995 жыл 
 
 
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШҚАН - ТƏУЕЛСІЗДІК 
Шəріп А. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қазығұлова М.Я 
Астана Гуманитарлық колледжі 
 
Ата - бабаларымыз салған сара жолдың тарихи тағлымын жалғастыру - болашақ ұрпақ 
біздің еншімізде
Биыл біз үшін ерекше жыл. Ата-бабаларымыз армандап келген тəуелсіздікке 25 жыл 
толды.  Бұл  халқымыздың  ерік-жігерімен,  бірлігімен  келген  күн.  Өз  тəуелсіздігін  алған  осы 
уақыт  аралығында  елім  қиял-ғажайып  ертегідегідей  тез,  əрі  адам  таңқаларлықтай  өзгерді. 
Қазіргі  таңда  мемлекетімізді  əлем  танып,  бүкіл  дүние  жүзі  мықты  демократиялы  жəне 
экономикасы нық орныққан мемлекет деп мойындауда. 
Тарих  беттерін  парақтасақ,  қазақ  халқы  өзінің  тарихында  талай  қилы  қырғындарда 
ашаршылықты, зорлық-зомбылықты бастан өткерді. Осындай талай жылғы ашу-ыза Алматы 
қаласындағы оқиғаға əкелді. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастарының қарсылығын əр 
түрлі айыппен  көрсетті.  Халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке 
қаймықпай шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа өнеге. 
1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасы  қазақ  жастарының  ұлттық  санасы  қаншалықты 
өскенін  көрсетіп  берді.  Жастар  ұлттық  намысты  аяқасты  етуге  бұдан  былай  ешқашан  жол 
бермейтіндіктерін  көрсетті.  Тарихымызда  ерекше  орны  бар,  халқымыздың  қасиеті  мен  ар-
намысына  айналған  желтоқсан  оқиғасы  қазақ  елін  əлемге  танытты.  Желтоқсан  оқиғасы 
халқымыз  үшін  қайғылы  күндер  болып  саналғанымен,  тарихымыздың  шежіресінде  алтын 
əріппен жазылды. 
Мемлекетіміздің  Тəуелсіздігіміздің  жариялануы  Республика  өміріндегі  аса  маңызды 
оқиға болды Қазақ халқының бостандығы, тəуелсіздігі,  егемендігі қабылданған 1991 жылғы 
16  желтоқсан  күні  қазақ  халқының  тарихына  алтын  əріппен  «Тəуелсіздік  күні»  болып 
жазылды. 
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында біз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі - əлемнің 
ешбір елінде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының дүниеге келуі. Бүгінгі таңда Ассамблея- 
жай  ғана  емес,  өміріміздің  ажырамас  бөлігіне,  бірлігіміз  бен  тұрақтылығымыздың  кепіліне 
айналды жəне əр этносқа өз тілін, дінін жəне салт-дəстүрін өркендетуге мүмкіндік беруінің 
өзі Қазқстанның болашағы зор ел екендігін таныта түсті. Жүздеген ұлттардың өкілдері бір- 
бірімен тату өмір сүріп, ынтымағы жарасқан елге айналуының бастау арнасында Елбасының 
елдікке негізделген саясаты жатыр. 

265 
Бүгінгі  Қазақстан – əлемдік  аренадан  өз  орын  ойып  алған,  Азия  мен  Еуразияны 
мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тəуелсіздігін алғаннан бері əлемдік 
қауымдастықтың  біразына  мүше  болды,  көптеген  елдермен  елшілік  қарым – қатынас 
орнатты.  Елдің  абыройын,  ұлан – байтақ  жеріміздің  тұтастығын  қорғайтын  құжаттар  мен 
шартқа қол қойылды. 
Қазақстан ХХІ-ғасырдағы дамудың жаңа моделін қалыптастырды. Қазақ елі 25 жылда 
дүниежүзіне бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудің өнегесін көрсетті. Бабалар жүріп өткен 
жолдың  тарихи  тағлымы  бізге  береке  бастауы – ел  бірлігінде  екендігін  айқын  көрсетілген.  
Қазақ  жерінде  тоғысқан  алуан  ұлт  пен  ұлыстың    береке  бірлігі  мен    өсіп-өркендеуіміздің 
алтын қазығы ретінде алып, болашаққа қарай нық қадам жасады. 
Тəуелсіздік  алып  келген  жетістік  те,  оң  өзгерістер  де  мол.  Тəуелсіздіктің  ең  басты 
жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бəрі де тəуелсіздіктің 
нəтижесі. Соның бірі – Елордамыз Алатау баурайындағы əсем ару Алматыдан Арқа төсіндегі 
жаңа  ақорда  Астанаға  келіп  орнықты.  Жаңа  астанамыз  бүгінгі  күн  өзінің  зəулім 
құрылысымен  ғана  емес,  рухани  орталықтарымен  де  көркейіп  келеді.  Қазақстан 
Республикасы тəуелсіздік алып, ел болғандығының арқасында əлем оралысына шығуы. 
Президентіміз  белгілеген  «Қазақстан- 2030» бағдарламасы  жəне  жыл  сайынғы 
Жолдауы  біздің  адаспайтын  жолымыз,  айқын  да  ашық  бағдарымыз.  Биылғы  «Болашақтың 
іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында  əдеттегідей  тəуелсіз 
еліміздің  өткен  жылғы  қол  жеткен  табыстарына,  еліміздің  əлемдік  аренадағы  алар  орнына 
тоқтала  келе  Қазақстанның  ертеңі  мен  болашағы  жолындағы  өтуге  тиіс  асуларына  жан-
жақты тоқталды. 
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз ел бола алатынын бүкіл əлемге танытты жəне 
дəлелдеді. Еркіндікті аңсаған ата - баба арманы шындыққа айналды. 2010 жылы астанада 56 
елдің  басшылары  мен  халықаралық  ұйым  өкілдерінің    басын  қосқан  Саммит  те–  соның 
айшықты айғағы. Сондай- ақ əлем деңгейіндегі \/ІІ қысы Азия ойындарының елімізде өткені 
мақтаныш, əрі абырой. Осындай іс-шаралар əлем арнасында өз мəртебемізді асқақтата түсті 
деп айта аламын. 
Тəуелсіз Қазақстанның тарихында Желтоқсан оқиғасының алатын орны мен маңызы 
зор.  Ал  оған  қатысқан  біраз  жастар  ақталып,  халық  батырына  айналды.  Ер  есімдерін  есте 
қалдыру  мақсатында  ауыл,  аудан,  облыстарда  көшеге  есімдер  беріліп,  игі  шаралар 
атқарылуда.  Олардың  ішіндегі  ең  маңыздысы – көшелерге  желтоқсан  қахармандарының  
есімінің  берілуі.  Астана  қаласындағы  көшелер  «Желтоқсан», «Тəуелсіздік»  көшелері  деп 
аталады. Осындай игі шаралар жастардың елі үшін қалаулы қызмет атқаруын қадағалайды, 
сеніммен 
қарайды. 
Біз, 
Қазақстан  жастары 
келешекте 
мемлекетіміздің 
атын 
парасаттылықпен,  мəдениетімізбен  шығаруымыз  қажет.  Тəуелсіздік  алғаннан  кейінде  осы 
«Тəуелсіздік» «Желтоқсан»  сөздерін  есте  қалдыру  мақсатында  көшелер  аталды.Желтоқсан 
құрбаны Қ.Рысқұлбеков атындағы көше Астананың аумағында орналасқан. 
Осындай  еліміздің  көркейіп,  үлкен  белестерден  көріне  алуы,  қиын  кезеңдерден 
сүрінбей  өтуі,  елбасымыздың  салиқалы  саясатының  арқасында  деп  білемін.  Оған  дəлел, 
бүгінде 130- дан  астам  ұлт  өкілдерінің  татулығы, «Мəдени  мұра»  бағдарламасымен 
мəдениетіміздің  шыңдалуы,  білім  саласының  өркендеп  дамуы  деуге  болады.  Біз  келешек – 
жастары, мемлекетіміздің іргетасын бірге қалауды жүзеге асыруымыз керек. 
Елбасы  Н.Назарбаев  жыл  сайынғы  халқына  Жолдауында  болашаққа  бағыт-бағдар 
жолдарын  айқындап  береді.  Əсіресе,  болашақ  жастар  үшін  бар  мүмкіндік  жағдайлар 
қарастырылған,  əрі  аянбай  еңбек  ету,  білімді  де  білікті  мамандық  иелері  болу  жағдайын 
қарастырады. 2011 жылғы  «Болашақтың  іргетасын  бірге  қалайық!»  атты  Жолдауында 
Елбасы білім гранттарының көбеюіне, еліңде таза ана тілінде сөйлеудің, үш тілді үйренуге 
жетік  меңгеруге  бағыт  беріп  отыр. 2011 жылдан  бастап,  əлемдегі  ірі  дамыған  мемлекеттер 
секілді білім беру ұйымдарын қазіргі заманға сай электронды оқуға  бағыттауы да жастарға 
жасалған  мол  мүмкіншіліктер.  Еліміздегі  білім  беру  мекемелерінде  ғылыми  зерттеу 
бөлімдерін  көптеп  салуға  зор  мəн  берілуде.  Елімізде  кем  дегенде  екі  үздік  университеттері 

266 
əлемдік  деңгейге  сəйкес  университеттердің  қатарына  кіру  керектігін  жастар  алдына  мақсат 
етіп қойылған. 
Еліміздің  тəуелсіздігі  мен  мемлекеттілігінің  орныға  түсуі,  ұлттық  қауіпсіздігі, 
экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына 
деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы 
–  стратегиялық  негізгі  бағыттарды  құрайды.  Сондықтан  бұл  күн  жас  мемлекетіміз  үшін – 
біртұтас  елдіктің,  ынтымақтастық  пен  татулықтың,  сонымен  қатар  өткенге  деген  тағзымды 
салауат  пен  болашаққа  деген  сенімді  үміттің  мерекесі  болып  табылады.  Еліміздің  ұлы 
тарихына,  ата-баба  рухына,  аға  ұрпақтардың  қаһармандық  өмір  жолына  құрметпен 
басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін əкелетін бүгінгідей мереке 
күні  алға  қарай  тағы  да  берік  сеніммен  қарап,  болашақтың  тыныш  өмірінің  негізін  қалау 
үшін  қазір  де  бұл  бағыттағы  іс-əрекетті  жалғастыруымыз  керек.  Қоғамдық  өмір  сабақтары 
мен  Отанымыздың  мүддесі  қазіргі  таңда  патриоттық  дəстүрге  сай  келетін  жатқан  жаңа 
талаптарды  қойып  отыр.  Ата-бабаларымыздың  алдында  тəуелсіздік  үшін  күресу  мақсаты 
тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. 
Қорыта  келгенде, 25 жыл  ішінде  жеткен  жетістіктердің  маңыздылығын  бағалай 
отырып,  біз  болашаққа  сеніммен  қарай  аламыз.  Біздің  ел  тəуелсіздігін  жариялаған  күннен 
бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дəлелдеді. Қазір біз 
өркендеудің  жаңа  жолына,  əлеуметтік  дамудың  жаңа  кезеңіне  бет  алдық.  Елбасы  бекіткен 
жаңа  экономикалық  бағамда  жаңа  бағдарламалар,  оның  бағыттары  жəне  нəтижеге  жету 
жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы  - 2011ж 
2.  «Қазақстан тəуелсіздік жылдарында» - жинақ Астана,2006ж 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет