№3(39)/2005 Серия педагогика


ҚАЗІРГІ  КЕЗЕҢДЕГІ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЗЕРТТЕУДЕ



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата31.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#10763
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

ҚАЗІРГІ  КЕЗЕҢДЕГІ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЗЕРТТЕУДЕ  
ПЕДАГОГИКА  ТАРИХЫНЫҢ  МАҢЫЗЫ 
Изучение истории педагогики в вузах является значимым фактором совершенствования обра-
зовательного процесса. В статье обоснована актуальность изучения истории педагогики, по-
казано ее значение в современном мире. 
Nowadays it is very important to teach the history of pedagogics to the students of institutes and uni-
versities. The importance of the history and problems of pedagogics were solved in this article. 
 
Біздің елдегі саяси-əлеуметтік, мəдени-этникалық жəне басқа да болып жатқан өзгерістер тəрбие 
үрдісінің  мазмұны  мен  халыққа  білім  берудің  түбегейлі  өзгерістерінің  болуына  мүмкіндік  туғызды. 
Мəдени-этникалық білім берудің бірегей мақсаты болып рухани байлыққа бағытталған қатынас сала-
сында қоғамның өткен тарихын оқыту арқылы адамды тəрбиелеу болып табылады. Бұл мақсат өз ке-
зегінде жас ұрпақты тəрбиелеу жүйесінде кейбір өзгерістерді талап етеді. Осы ретте өткен жылдарда-
ғы тарихи құбылыстар мен мəліметтердің тəрбиелік жəне кешенді мағынасының ролі зор. 
Ғасырлар тоғысында бүкіл өркениетті адамзат өткеннің қорытындысын, бүгінгісі мен ертеңгі бо-
лашағын ерекше бағалауда. Мемлекеттік институттардың ішінде əсіресе білім беру жүйесіне баса кө-
ңіл  аударылатыны  белгілі.  Білім  беру,  дамыған  мемлекеттердің  тəжірибесі  көрсеткендей,  олардың 
экономикалық, саяси жəне мəдени өркендеуін қамтамсыз етеді. 
Қазақстан  Республикасы Президентінің 2004 жылғы  «Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді 
дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» халықтың барлық жіктері 
үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтасыз ету; қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мəде-
ниетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тəрбиелеу деген міндеттердің бірі ре-
тінде қазіргі білім беру саласындағы басты мақсаттарға айналуы болып табылады
1

Бұл оң өзгерістер педагогтардың алдына ұлттық ерекшеліктер мен жалпы адамгершілік құнды-
лықтарды  бойына  сіңірген,  рухани  дүниесі  бай,  жан-жақты  мəдениетті  тұлғаны  тəрбиелеу  міндетін 
қойып отыр. Қоғамымыздағы жаңару үрдістері өткен тарихтағы объективті тұрғыдан дұрыс бағалау-
ға, мəдени құрылыс саласында, оның ішінде педагогикалық білім беру мен ағарту тарихын, жаңаша 
зерделеп, білім беру ісін реформалау мен ғылыми тұжырымдарды негіздеуге қолайлы жағдайлар ту-
ғызып отыр. Сондықтан да оның бүгінгі таңда ғылыми-тəжірибелік құндылығы жоғары. 
Олай болса, қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалым-
дар халықтың сан ғасырлық рухани мұраларын, əсіресе оның тəлім-тəрбиелік, педагогика, психология-
ға байланысты асыл қазыналарын, жоғары теориялық тұрғыдан талдап, зерделей көрсете білуі тиіс. 
Бүгінгі  ұрпақтың  санасын  қалыптастыру  мен  ұштау  өзінің  өскен  ортасының,  қоғамының  тари-
хын, сол тарих қойнауындағы əрбір құбылыстың, өзгерістердің қыры мен сырын терең білу міндетін 
жүктейді. Өткен тарихтың шынайы бейнесін жасау — жалпы ұлттық бірлікті, мемлекеттік болмыс-
тың қалыптасуының, оның тұрақтылығын нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сана-
ны  тəрбиелеудің  ең  басты  факторларының  бірі.  Республикамыздың  «Білім  беру  туралы»  Заңында: 
«Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен прак-
тикалық жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру жəне дамыту үшін қажетті жағдайлар жа-
салуы қажет», — деп көрсетеді
2

Тəуелсіздік қоғамдық өмірдің барлық саласы бойынша өткен тарихи тəжірибелерге жаңа көзқа-
распен,  ізденіс  жұмыстарын  жүргізуге  мүмкіндік  ашып,  оларды  объективті  түрде  зерделеуді  басты 
талап етіп қойып отыр. Өйткені тарихтан күшті тəлімгер жоқ. Кез келген бүгінгі жəне болашақтағы 
сан салалы мəселелердің ықтималды шешілуі қашанда тарихи тəжірибелердің ақиқат тұрғысында дұ-
рыс қаралуына тікелей байланысты бұл талап, əсіресе, ұрпақ тəлім-тəрбиесіне қатысты барлық мəсе-
лелерді де толық қамтиды. 
Тарих — халықтың зердесі, ол содан сусын алады, əлеуметтік шығармашылыққа, жарқын бола-
шаққа бастайтын шабыт алады. Сол себептен өткен заман оқиғаларын баяндағанда, тек елдің саяси 
тарихын, маңдай алды саясаткерлердің қызметін əңгімелеумен ғана шектеліп қалмай, сонымен бірге 

201 
қажетті мəліметтердің тарихын əр жақты толық білген дұрыс. Тарихқа дəлдік пен тазалық керек, оқи-
ғаны дəлдікпен де реттілікпен біліп қана қоймай, оның мазмұнын, шырқын бұзбай асқан нақтылық-
пен болашақ ұрпаққа жеткізу маңызы ерекше. 
Ғылыми-объективтік  негізінен  алғанда  тарих  танымның  көкжиегін  кеңейтіп,  оқиғалардың  ішкі 
қисынын табуға, өткен күннің қорытындысы мен сабағынан оң тағылым алуға жол ашады. Бұл мəсе-
ленің маңызын айқындай түсетіндігін Елбасымыз Н.Назарбаев қаламынан туған еңбек — «Тарих тол-
қынында» да еске салып кеткен. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, — деп тұжырымдаған Прези-
дентіміз, — өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханияты-
ның бастауларын түсінгеніміз жөн»
3

Педагогика ғылымы тарапынан бүгінгі күн талабына сай шешу үшін халықтың өткендегі мəдени 
мұрасына, педагогикалық ой-пікірлер саласында жинақталған барлық құнды идеяларды зерттеп пай-
даланудың маңызы ерекше. Кез келген халықтың тəрбие беру ісінде өзіне тəн ерекшелігі болады, яғ-
ни сол құнды идея иелерінің тарихи мұралары бір ғана халықтың рухани игілігі болып қана қоймай-
ды, себебі, ондағы негізгі идеялардың өзек-арқауы бүкіл адамзатқа ортақ. Өткен кезеңдегі тəлім-тəр-
бие мəселелері, педагогикалық ілімдер тарихы ғалымдар назарын бұрыннан-ақ аударып келеді. Бұл 
мəселенің  өңделуіне,  тəрбие  мен  білім  беру  жөніндегі  көріністерді  түсінуде  ресейлік  ғалымдар 
Э.Д.Днепров,  К.И.Салимова,  Г.Б.Корнетов,  А.Н.Джуринский  т.б.  еңбектерінің  маңызы  зор.  Тəлім-
тəрбие тарихы, мұнымен байланысты педагогикалық ой-пікірлер түп-төркіні, бастау арналары мəсе-
лелері қазақстандық ғалымдар еңбектерінде де көтерілген жəне көтеріліп келеді. Педагогикалық ой-
пікірлердің жəне халық ағарту ісінің тарихына Ə.І.Сембаев, Қ.Б.Бержанов, С.М.Мусин, Қ.Б.Жарықба-
ев, А.К.Көбесов, С.Қ.Қалиев, К.Б.Сейталиев, С.А.Ұзақбаева, Г.М.Храпченков, Т.Т.Тəжібаев, А.И.Іли-
ясова, тағы басқа аса көрнекті педагог-ғалымдардың зерттеулерін атауға болады. 
Педагогика тарихы арқылы болашақ мұғалімдер педагогика ғылымның бай қазынасы мен мұра-
ларын меңгереді, əртүрлі тарихи дəуірдегі құбылыстармен танысады. Педагогика тарихын оқу үстін-
де  болашақ  ұстаздардың  педагогтық  ой-өрісі  кеңейеді,  олар  педагогикалық  тұрғыдан  ойлануға  ма-
шықтанады. Оқу мен тəрбие жөніндегі əртүрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға жəне қажетті жағ-
дайды пайдалануға үйренеді. Қ.Бержанов жəне С.Мусиннің «Педагогика тарихы» деген еңбектерінде: 
«Педагогика  тарихы  тəрбиенің,  тəрбие  мəселелерімен  айналысатын  мекемелердің  жəне  педагогика-
лық  теориялардың  дамуын  зерттейді», — деулері  тегін  емес
4
.  Деректі  материалдары  мен  теориялық 
тұжырымдары болашақ мұғалімнің ой-өрісін кеңейтеді, оларды педагогиканың классикалық шығарма-
ларымен таныстырады, тəрбие салаларының басқа түрлерінен артықшылығын жəне зор күшін көрсете-
ді.  Педагогика  тарихын  терең  меңгеру  арқылы  болашақ  ұстаздар  мектеп  теориясы  мен  тəжірбиесінің 
дидактикалық жəне тəрбие мəселелерін байыпты ойластыра қарастырып шешуге үйренеді. Осылай пе-
дагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі мен педагогикалық идеялар жəне педагогикалық 
əдебиеттермен кең жəне əр жақты қаруландырады. 
ХІХ  ғасырдың 30–40 жж.  Ресейдің  алдыңғы  қатарлы  қоғамдық-педагогикалық  ой-пікірлерінің 
дамуында  ұлы  ойшыл  болған  А.И.Герцен: «Бізге  өмірден  аластаған  ғылымның  болуы  мүмкін 
емес», — дегендей, өскелең ұрпақ өткен тəжірибелер арқылы белсенді қоғамдық əрекет пен іске əзір-
ленеді
4
. Педагогика тарихы əр дəуірдегі тəрбие мен тəрбие мекемелерінің дамуын зерттеуде қоғам-
ның дамуы туралы ілімге сүйенеді. 
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастар-
ды барлық жағынан бірдей үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені жас ұрпақ халқымыздың мұ-
раттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істерімен тығыз байланыстыра білуі қажет. Мі-
не, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дəрежесіне сай тəрбие мен оқытудың 
ғылыми негізін жасайды. Тарих пəнінің бүкіл адамзаттың тарихы екенін, оның көп қырлы, жан-жақ-
ты ғылым екенін ескеруіміз керек. Оқыту үрдісінде педагогика тарихы арқылы өткен бай мұралардың 
тарихын білу — мəдениет тарихындағы орасан зор кеңістікке кіру, яғни көптеген құбылыстардың та-
биғатын тереңірек білу дегенді білдіреді. Ал мұның өзі жаңаша педагогикалық ғылымға тəжірибелік 
бағалылығы арқылы жететіні даусыз. ХХІ ғасырдың жаңа ғылыми зерттеулерінде болашақ ғалымдар 
тарих қойнауында жатқан небір құбылыстар мен мəліметтерді өткен жəне осы уақыттағы үрдістердің 
негізінде қарауға бет алады. Сондықтан олар белгілі бір бағытты ұстану барысында сол тарихи құбы-
лыстар мен мəліметтерге қол жеткізетіндерін айқындауға болады. 
Жаңа ғылым кеңістігінде педагогика тарихын зерттеудегі əдістемелер қатарында мəдениеттілік, 
өркениеттік, инновациялық бағыттар қолданыста болуы керек. Мəдениет педагогикалық құбылыс ре-
тінде қарастырылады. Бұл педагогикалық қызметті жалпы мəдениет кеңістігінде, оның құбылыстары 
мен мəліметтерін педагогика мен мəдениет негізінде зерттеуге бағыттайды. Мəдениет адам қызметте-

202 
рінің  жəне  оның  нəтижелерін,  əлеуметтік-бағалы  дəстүрлерді  жəне  оны  жақсартуды  көрсетеді.  Бұл 
мағынада мəдениет ұғым ретінде жақсару үрдісімен жəне жаңа қоғамның алға қарай жылжу үрдісі-
мен байланысты. Жаңа ғылым тарапынан мəдениет жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру мақсатымен 
мазмұнына негіз болатын материалдық жəне рухани байлықтардың өзара байланысының үрдісі ретін-
де  қарастырылады.  Мəдениет  қоғамның  барлық  өмірлік  қызметін  қамтыған  нақты-тарихилық  бол-
мыстың негізделген критерийі болып табылады. Адам білім мен тəрбие беру үрдісінде мəдениеттің 
мұрагері ретінде игеріп, қоғамның əлеуметтік бірлігі — тұлға беделін алады. Білім мен тəрбие беру 
мəдениет мəселелерін зерттеу мен дайындауда əлеуметтік құбылыстар мен мəліметтерді өзара байла-
нысты болуы керек. Демек, тарихи-педагогикалық мəселелерді зерттеуде мəдениет бүкіл адамзаттық 
жəне  жəне  ұлттық  байлықтың  бүтінін  құрайды.  Педагогикалық  мəліметтерді  зерттеуде  мəдениеттің 
мəні  адамның  білімі,  тəрбиесімен  жəне  табиғатымен  сəйкес  зерттелгенде  құбылыстар  мен  үрдістер 
талаптарға сай өнімді болады. 
Қазіргі кезде білім беру үрдісінің генезисін зерттеуде өркениетті бағыт ұстануда. Негізінен өрке-
ниет əлеуметтік мəдениеттің денесі деп қаралса, ал білім беру — оның бір жағы ретінде қарастырыла-
ды. Сондықтан өркениет тарихында білім беру кешенді роль атқарады. Өркениеттілік тарихи-педаго-
гикалық үрдісті зерттеуде ғылыми білімдердің мəселелерін дайындауда жаңа деңгей болып табыла-
ды.  Ол  дүниежүзілік  тарихи  үрдістің  жалпы  даму  нүктесін  табуға,  педагогикалық  құбылыстар  мен 
жүйелердің ғылыми түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. 
Инновация ғылыми білімнің кеңшары ретінде тарихи-педагогикалық нақтылықтың жаңа мазұм-
нын  құруда  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кездегі  «инновациялық  педагогика»  түсінігі  қарастырылып, 
«инновация» деген ұғым айтылғанда, қоғамдық тұтынысты қанағаттандыратын жаңа құралды қолда-
ну  жəне  тарату  мағынасында кешенді  үрдіс деп түсінік  алады.  Инновациялық  педагогика  тұлғаның 
дамуына белгілі бір жағдайларды ұйымдастыру, жобалау үрдісіне мүмкіндік беретін идеялар мен заң-
дылықтардың жүйесі болып табылады. 
Инновациялық педагогиканың ерекше бір айырмашылығы — аға ұрпақ пен келер ұрпақ деп ата-
латын əлеуметтік байланыстың арасы. Яғни əлеуметтік тəжірибені игеру мен беру барысындағы дəс-
түрдің  жаңа  қатынасын  анықтайды.  Инновацияның  тууы  объективті-субъективті  табиғатына  деген 
сипатқа  ие  болады.  Олардың  пайда  болуы  қоғамның  тұлғаға  деген  өзгеріп  отыратын  талаптарына 
сəйкес білім мен тəрбие беру формалары мен əдістері, мазмұны мен мақсатына негізделген. Дамып 
отыратын қоғам «жаңа адамдарға» деген сұранысы өте жоғары болады. Білім беру жүйесіндегі инно-
вациялық үрдістер бұл əлеуметтік сұранысқа жауап болып табылады. Дегенмен, тарихи зерттеулерде 
белгілі бір бағыттарды ұстану зерттеліп отырған мəселенің нақты нəтижесін алуға, қоғам дамуының 
кез келген сатысында игерілген құбылыстарды айқындауға мүмкіндік береді. Ал мұның өзі педагоги-
ка ғылым саласындағы тарихи-педагогикалық зерттеулердегі мəселенің мағлұматын алуға ерекше қа-
ралады. Педагогика тарихы педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы болып табылғандықтан, бола-
шақта педагогика тарихы тəрбие мен білім беру саласында бай қазынаның бетін ашып, лайықты мағ-
лұматтар беретіні сөзсіз. Сондықтан əр замандағы, əр қоғам сатысындағы педагогикалық құбылыстар 
мен мəліметтерді терең зерттеп, оны шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағ-
дайда  болашақ  ғалымдар  оқыту  мен  тəрбие  мəселелерін  өткен  үрдістермен  байланыстыра  шешетін 
болады. 
«Жадымызда  жатталсын,  татулық  дəйім  сақталсын»  деген  еңбегінде  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев: 
«... өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз қалпында қабылдағанымыз лəзім. Ал 
өткен жылдар шежіресін үнемі əрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі 
тəжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін 
қажет»
5
, — деп тарихты жан-жақты зерделеудің, тəлім алудың келешек үшін маңызы зор екенін көр-
сетеді. Қазіргі кезде еліміздің егеменді ел болуы жəне оның келешек ұрпақтарына бағытталған білім 
саласындағы  жетістіктерге  жету  қазіргі  күн  талабынан  шыққан  емес.  Қазақстан  Республикасының 
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2005 жылы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында: «… алдағы 
уақыттағы міндеттердің бірі ретінде білім беруді, кəсіптік даярлық пен əлеуметтік саланы ХХІ ғасыр-
дың деңгейіне көтеруге, қазақ халқының моральдік жəне рухани құндылықтарын одан əрі дамыта бе-
руге; өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, əлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің 
қатарына қосылуға тиіс»
6
. Яғни келешек ұрпаққа білім беруде қажетті де тиімді білім алуына қолдау 
жасау керектігін айқындайтын кез де жетті. 
 
 

203 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Еге-
мен Қазақстан. — 2004. — 16 қаз. — 4-б. 
2.  «Білім беру туралы» ҚР-ның Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1998. — 25 ақп. — 2-б. 
3.  Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 237-б. 
4.  Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. Қысқаша курс. — Алматы: Мектеп, 1971. — 2-б. 
5.  Назарбаев Н.Ə. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын // Ақиқат. — 1998. — № 3. — 8-б. 
6.  ҚР-ның Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. — Астана, 2005. — 18 ақп. 
 
 
 
 
 

204 
АВТОРЛАР  ТУРАЛЫ  МƏЛІМЕТТЕР 
СВЕДЕНИЯ  ОБ  АВТОРАХ 
Абаева Н.Ф., преподаватель, Карагандинская государственная медицинская академия 
Абдыкаримов  Б.,  зав  кафедрой  педагогики д-р  пед.  наук,  профессор, , Евразийский  гуманитарный 
институт, Астана 
Абильгазинов Г.З.,  проректор  д-р  пед.  наук,  профессор,  Восточно-Казахстанский  государственный 
университет им. С.Аманжолова, Усть-Каменогорск 
Авазбакиев А.Р., аспирант, Павлодарский государственный педагогический институт 
Айжамбаева С.Ж., ст. преподаватель, Жезказганский университет им. О.А.Байконурова 
Антонова Н.А., преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Асаубаева А.К., аспирант, Еуразия гуманитарлық институты, Астана 
Ахметов Ж.Х., зам. нач. по учебной и научной работе полковник, Высшее военное училище ВВ МВД 
РК, Астана 
Əбдікəрімова Т.М., филол. ғыл. канд., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси-
теті, Астана 
Баймуканова М.Т.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Бакенова Ж.Д., ст. преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Батталханов Е.Б., директор д-р пед. наук, профессор, Профессиональная школа № 1, Алматы 
Башимова К.М., преподаватель, Карагандинский институт актуального образования «Болашак» 
Бобрева В.В., ст. преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Богунов Л.А.,  преподаватель,  Северо-Казахстанский  государственный  университет  им. М.Козы-
баева, Петропавловск 
Букетова Н.И., ректор д-р филол. наук, профессор, Институт языка и перевода «Лингва», Караганды 
Бурдина Е.И., канд. пед. наук, Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова 
Василишина О.В., зам. директора по научной работе, СШ № 30, Караганды 
Головачева В.Н.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Грузин В.В., канд. техн. наук, доцент, Карагандинский институт актуального образования «Болашак» 
Гущина Л.Ю., преподаватель, Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова 
Джантасова Д.Д.,  ст.  преподаватель,  Карагандинский  государственный  университет  им.  Е.А.Буке-
това 
Длимбетова Б.С., преподаватель, Казахско-арабский университет, Шымкент 
Егоров  В.В.,  декан  профессионально-художественного  факультета  д-р  пед.  наук,  профессор,  Кара-
гандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Екибаева А.М., аспирант, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 

205 
Елюбаева Ж.Е.,  аспирант,  Восточно-Казахстанский  государственный  университет  им.  С.Аманжо-
лова, Усть-Каменогорск 
Есенбаева Г.А., канд. техн. наук, Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза 
Есипов В.В.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Южно-Казахстанский  государственный  университет 
им. М.О.Ауезова, Шымкент 
Жижите А.А., аспирант, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Жилбаев Ж.О., начальник городского отдела образования, Караганды 
Золотарева Л.Р.,  канд.  пед.  наук,  профессор,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Игликова Г.С., преподаватель, Алматинская индустриально-педагогическая академия 
Ингенбаева А.С., директор, СШ-лицей № 5 им. М.В.Ломоносова, Талдыкорган 
Исабекова Ұ.О., аға оқытушы, М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Шымкент 
Исмагамбетова Н.Х.,  преподаватель,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Казимова Д.А., ст. преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Каргин С.Т., проректор по учебной работе д-р. пед. наук, профессор, Карагандинский государствен-
ный университет им. Е.А.Букетова 
Килибаев А.А.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Южно-Казахстанский  государственный  университет 
им. М.О.Ауезова, Шымкент 
Киреева У.Т., с.н.с., Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Ким М.А., ст. преподаватель, Южно-Казахстанский государственный университет им. М.О.Ауезова, 
Шымкент 
Клименков Г.В., канд. техн. наук, Центр развития образования им. С.О.Ветлугина, Пермь, Россия 
Коканбаев С.З.,  проректор  канд.  техн.  наук,  доцент,  Алматинская  индустриально-педагогическая 
академия, Алматы 
Копжасарова У.И.,  ст.  преподаватель,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Кушнир М.П., ст. преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Қазмағамбетов А.Г.,  пед.  ғыл.  д-ры,  профессор,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  уни-
верситеті, Алматы 
Қалиев Ж.Н., аға оқытушы, Еуразия гуманитарлық институты, Астана 
Магун Т.Я., ст. преподаватель, Липецкий государственный педагогический университет, Россия 
Манабаева А.Ш.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Мастобаев Ю.А., ст. преподаватель, Павлодарский государственный педагогический институт 
Муликова С.А.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Насырова А.Б., канд. пед. наук, доцент, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Бу-
кетова 
Наурызбай Ж.Ж.,  ректор  д-р  пед.  наук,  профессор,  Жезказганский  университет  им.  О.А.Бай-
конурова 
Нүркеева Б.Ə., оқытушы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы 
Нұрбекова Г.Н., аспирант, Евразия гуманитарлық институты, Астана 
Ордабаева Ж.Ж., аспирант, Евразийский гуманитарный институт, Астана 

206 
Отческая И.Б., учитель ГСШМФИ № 25, Усть-Каменогорск 
Отческая М.И., учитель ГСШМФИ № 25, Усть-Каменогорск 
Полупан К.Л., преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Пфейфер Н.Э., проректор по учебной работе д-р пед. наук, профессор, Павлодарский государствен-
ный университет им. С.Торайгырова 
Рыскелдина А.А.,  ст.  преподаватель,  Карагандинский  государственный  университет  им.  Е.А.Буке-
това 
Салий Т.М., Павлодарский университет 
Салыкова Н.К., преподаватель, Карагандинский институт актуального образования «Болашак» 
Санабаев У.К., аспирант, Евразийский гуманитарный институт, Астана 
Сəрсекеева М.К.,  қазақ  тілінің  мұғалімі,  № 5 орта  мектеп,  Егіндібұлақ  ауылы,  Қарқаралы  ауданы, 
Қарағанды облысы 
Семенова Л.А., учитель, школа-лицей № 20, Павлодар 
Скибицкий Э.Г., д-р пед. наук, профессор, Сибирский институт финансов и банковского дела, Ново-
сибирск, Россия 
Смағұлова М.К., филол. ғыл. канд., доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универ-
ситеті 
Смолькина Т.П.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Карагандинский  институт  актуального  образования  «Бо-
лашак» 
Спирина Е.А., канд. пед. наук, доцент, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Буке-
това 
Тажигулова Г.О.,  канд.  пед.  наук,  доцент,  Карагандинский  государственный  университет  им. 
Е.А.Букетова 
Татиев М.А., директор, Средняя общеобразовательная гимназия № 1 «ЭТНА», Караганды 
Толенгутов К.Ф., аспирант, Евразийский гуманитарный институт, Астана 
Туркенов Т.К., проректор, Карагандинский институт актуального образования «Болашак» 
Тукачева Е.А., преподаватель, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова 
Тілегенова К.Ə., ізденуші, Еуразия гуманитарлық институты, Астана 
Ударцева С.М., канд. пед. наук, доцент, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Бу-
кетова 
Утеубаева Э.А.,  ст.  преподаватель  кафедры  русского  и  иностранных  языков,  Карагандинский  юри-
дический институт МВД РК им. Б.С.Бейсенова 
Хван Н.И., директор, канд. пед. наук, Гимназия № 9, Караганды 
Шарзадин Ə.М., пед. ғыл. канд., доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Шкутина Л.А., д-р пед. наук, профессор, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Бу-
кетова 
Ыбыраева К.Ж.,  пед.  ғыл.  канд.,  доцент,  С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университеті, Өскемен 
Юров В.М., канд. физ.-мат. наук, доцент, Карагандинский государственный университет им. Е.А.Бу-
кетова 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет