Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании.  (Пед.сочинение, сос. С.Ф.Егорова). 
– Москва, Педагогика. -1988.
2.  Васильев А.В. Киргизский букварь. – Казань,1912.
3.  Аль-Фараби. Избрание трактаты. – Алматы, Ғылым. -1994.
4.  Баласағуни Ж.  Құтты білік. – Алматы, 1987. -135 б.
5.  Құнанбаев А.  Қара сөздер. – Алматы, 1993. -269 б. 
6.  Жұмабаев М. Шығармалар. – Алматы, ІІ т. -1993 б.
7.  Арынов К.Т. Тілдерді оқытудың әлемдік тәжірибесінен туындайтын қорытындылар. – Ал-
маты, Білім. - 2004, 3 б.
8.  Қазақстан  Республикасының  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы.  –  Алматы, 
Қазақстан. -1994.
Резюме
В статье рассматриваются приоритетные принципы, задачи национального воспитания и роль 
народной педагогики в организации воспитательного процесса
                                              
Summary                                                                                                                                                              
The article examines the priority principles, objectives of national education and the role of traditional 
pedagogy in the organization of educational process.

127
Қазақ  халқының  айбынды,  рухы  асқақ 
ұлдарының  бірі  –  гвардия  полковнигі, 
жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан 
Момышұлының ұлттық тәрбие беру туралы 
жазып  қалдырған  зерттеулері  қазақ  баласы 
үшін  бүгінгі  күнге  дейін  үлгі,  өнеге. 
Отаршылдықтың  тар  пиғылы  кесірінен 
полковник шенінен жоғарыламаса да, оның 
өзге  генералдардан  мәртебесі  биік  болып 
келгені тегіннен тегін болмаса керек-ті. Ұрыс 
салу өнерінің қыр-сырын терең меңгерген, ер 
жүректілігі  арқасында  қазақтың  намысына 
айналған  батыр  туралы  аңыз-әңгіме  де  ел 
аузында жиі айтылады. 
Оның  ой  елегінен  өткізіп,  ұрыстың 
теориялық  және  практикалық  мәселелер 
жөніндегі  жазып  қалдырған  еңбектері 
Қазақстан  Қарулы  күштері  үшін  де,  жас 
ұрпаққа  отаншылық  тәрбие  беруде  де 
тапсырмас  қуатты  құрал  болып  табылады. 
Батырдың  ұрыс  салу  өнері  туралы 
тұжырымдары Отан қорғау жолында жүрген 
әрбір азаматтың жүрек тұсына салып жүретін 
жарғысы  және  өзіндік  принциптерін  берік 
ұстануына жолсілтер болары хақ.
Себебі  «Көп  жасағаннан  сұрама,  көпті 
көргеннен  сұра»  дейді  қазақ  даналығы. 
Сондықтан  алапат  соғысты  көзімен  көріп, 
оның теориялық жақтары мен практикалық 
қырларын 
кіріктіре 
кітаптар 
жазып 
қалдырған  батырдың  жазбаларынан  көп 
жайды  аңғарып,  біршама  нәрсені  ойға 
түйеріміз анық.  
Майдангер-жазушы  ұрыста  адамға  тән 
барлық:  жоғары  және  төменгі  қасиеттер 
барынша ашылып көрінеді дей келе, оларды 
екі топқа бөледі: 
1. Жоғары сезімдер:
Парыз
Адамгершілік
Ержүректілік
Ерлік
Батырлық
Қаһармандық
2. Төменгі сезімдер:
Опасыздық
Ұждансыздық
Үрей
Қорқыныш
Шошу және т.б.
Байқап  отырсақ,  Бауыржан  Момышұлы 
парызды жоғары қояды. Ол парыздан артық 
қуатты  қозғаушы  күш  жоқ,  әрі  болмайды 
да  деген  тұжырым  жасап  осы  ойын  былай 
білдірген:
Парыздан мықты күш жоқ,
Парыздан берік сауыт жоқ,
Парыздан нәзік сезім жоқ,
Парыздан қатал қазы жоқ,
Парыздан асқан қасиет жоқ...
...Парыз – ерлік рухы,
Парыз – ерліктің жүрегі,
Парыз – өжеттілік баспалдағы
Парыз – абырой қорғаны т.б.
Ол  бұған  қоса  Ұлы  Отан  соғысының 
тәжірибесі  жеңіске  рухтың  күштілігімен 
жетуге  болатынын,  табыс  әскерлердің 
моральдық-адамгершілік  күшіне  тәуелді 
деген пікірді жоғары қояды. 
«Ал рухани күштің негізгі қайнары мен 
қозғаушысы:
Ақыл
Сезім
Ерік-жігер
Адам  қасиетінің  осы  үш  элементін 
ұштауға  бағытталған  мақсатты  жұмыс 
тәрбиелеу  жұмысының  басты  нысанасы 
болып  табылады»  деп  тәрбие  саласына 
қатысты  көреген  ой  түйеді  Бауыржан 
Момышұлы.
Б.Амантайұлы –
тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері,  
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық
кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫСТАРЫ
ҰЛТТЫҚ НАМЫС

128
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Сондай-ақ, ол: «Бойында адамға тілерлік 
барлық  абзал  қасиеттері  бар  парасатты 
азаматты  тәрбиелеу  оңай  іс  емес.  Бұл  іс 
жақсы  тәрбиешілерді  ғана  емес,  сонымен 
қатар ондаған жылдар бойы тер төге еңбек 
етуді  де  талап  етеді.  Тәрбиелеу  жұмысы 
көп  сатылы,  алуан  қырлы,  әрі  көп  еңбек 
сіңіруді қажет етеді» дей келе, әскери тәрбие 
проблемасына  жан-жақты  тоқталып  кетеді. 
Батырдың  пайымдауында  әскери  тәрбие 
проблемасы жас нәрестенің жөргөкте жатқан 
кезінен  бастап,  найзаласқан  қоян-қолтық 
айқасқа  дейінгі  аралықта  жүргізіле  беретін 
тәрбие процесі ретінде бағаланады. 
«Ата-ана тәрбиесі – мектеп жасына дейінгі 
тәрбиенің  ең  басты  сатысына,  кезеңіне 
саяды.  Мектеп  тәрбиесі,  қоғамдық-жастар 
тәрбиесі  –  адамның  қалыптасуындағы  ең 
басты кезең. Адами қоғамдық тәрбиеге ақтық 
демі біткенше мұқтаж болады, қажет етеді. 
Ересек адамға тәрбие беруді жалғастырудың 
қажеті жоқ деушілік мүлдем қате». 
Бауыржан Момышұлы Қазақстан Орталық 
Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовтың 
қабылдауында  болған  кезінде  ұлтқа  әскери 
тәрбие беру мен әскери мәдениеттілік туралы 
мәселе көтерген.
Баукең  елжандылық  сезімнің  ұлттық 
құндылықтар  мен  әдет-ғұрып  арқылы 
адам  бойына  сіңіп,  рухани  тұлға  болып 
қалыптасатынын  төмендегі  мысал  арқылы 
сипаттап өтеді: «Қатарымызды толықтырар 
жаңа  күш  келіп  қосылып  жатады,  олардың 
кейбіреулеріне қарасақ бет әлпеті біздікі, ал 
кеудесіне  үңілсек,  аяғы  аспаннан  салбырап 
түскендей.  Бұл  қалай  деп  ойлайсың?  Оған 
орысша  айтсаң  ұқпайды,  қазақша  айтсаң 
да түсінбейді. Оның бойында не қазаққа, не 
орысқа тән ешнәрсе жоқ. Бұл жағдай менің 
зығырданымды қайнатты, неге бұлай болды 
деп мұның себебін іздеуге мәжбүр болдым, 
сөйтсем, бұл сорлы бейбақ өзінің халқының 
игі дәстүрлерінен мүлдем бейхабар мақұрым 
екен. Дәстүр тәрбиенің басты қайнарларының 
бірі  болып  табылады,  әрі  оның  өте  үлкен 
мәні бар». 
Баукеңнің бұл жан айқайы бүгінгі қоғамда 
болып жатқан тәрбие берудегі деградацияны 
дөп  басып  тұрған  жоқ  па?!  Одан  кейін 
батыр  «ұлтшылдық»  пен  «ұлтжандылық» 
сөзінің  төркінін  былай  ажыратып  береді: 
«Кейбіреулер  ұлттық  рухты 
немесе 
ұлттық  патриотизмді  ұлтшылдықпен  оп-
оңай  шатастырып  алады.  Ұлттық  рух 
тамаша  қасиеттерге  ие,  өз  ұлтыңды  тануға 
көмектеседі,  ал  бізге  осы  асыл  қасиеттерді 
дамыта  түсу  қажет,  осындай  адам  ғана  өз 
халқының  алдындағы  борышын  терең  де 
жоғары сезінеді». 
Бұдан  кейінгі  айтқан  ой-толғамдары  да 
осы мағынада өрбиді.
«Тәрбие жұмысының мақсаты – адамның 
бойында жауынгерлік қасиетті, жауынгерлік 
өнегелілікті  қалыптастыру.  Бұған  адамды 
иландыру 
арқылы 
қол 
жеткізіледі, 
отбасыңа,  халқыңа,  Отаныңа,  мемлекетке 
берілгендік, үлкенді сыйлау, заңды, тәртіпті, 
салт-дәстүрлерді  сақтау,  жеке  адамның 
игілігімен  етене  байланысты,  қоғамдық 
игілік  жөнінде  қамқорлық  жасау  өмірлік, 
әрі рухани қажеттілік болып табылады. Бұл 
ұғымдар  тәрбиелеу  арқылы  сана  сезімге 
сіңіріледі  де  адамның  бойында  саналы 
іс-әрекет  жасау  үшін  дербес  мінез-құлық 
қалыптастырады, жауынгердің адамгершілік 
келбетіне қорқыныш пен құлдық ұрушылық 
жат болуға тиіс, мұның өзі шексіз сүюшілік 
пен  мемлекетке,  халқыңа  шын  жүректен 
сенушіліктің мән-мағынасын білдіреді». 
Бауыржан  Момышұлы  бұдан  өзге 
ақыл,  ойлау,  сенімділік,  күдік,  ес,  зерігу, 
селқостық,  армандаушылық,  қулық,  сезім, 
әсер,  парыз,  абырой,  ұят,  жігерлендіру, 
өзара  көмек  көрсету  және  коллектившілдік 
сезім,  үрей,  қорқыныш,  сасу,  өжеттілік, 
қайсарлық,  патриотизм  сияқты  сөздерді 
жеке-жеке  талдап,  мәні  мен  мағынасына 
толық тоқталып өткен.
Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм  –  бұл 
ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі 
мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, 
жеке  адам  өз  халқымен  қан  жағынан  да 
шыққан  тегі,  территориясы,  тілі,  тұрмыс-
тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және 

129
ҰЛТТЫҚ НАМЫС
этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан 
тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын, 
әрі дербес ерекшеліктерімен байланысты. 
 
Бауыржан  Момышұлы  «Жігітті 
жауынгерлік  қасиеттерге  тәрбиелейтін 
қазақтың  игі  дәстүрлері»  деген  жоспар 
жазып  қалдырған.  Оны  1.  Әдет  және  Әдеп 
бөлімінде  «Жаным  арымның  садағасы», 
«Өлімнен  ұят  күшті»,  «Ұяда  не  көрсе, 
ұшқанда  соны  алады»,  «Ерді  намыс 
өлтіреді»  мақалдарының  түбірі  мен  мән-
мағынасын  баяндауға  көңіл  бөледі.  Оның 
пікірінше, тәрбиелік /әдеп/ ана сүтімен бірге 
сана-сезімге  сіңіп  дағдыға  /әдет/  айналуы 
қажет. Үлкенді сыйлау, парыз бен ар-ұятты 
қасиет тұту, адамды ардақтау, адам бойында 
адамгершілік,  Отанға,  елге,  отбасыңа, 
адамға,  өмірге  деген  сүйіспеншілік  сияқты 
жақсы  қасиеттерге  тәрбиелейді.  Өнегелі 
тәрбие  алған  адам  Отанға  берілгендік, 
әділдік,  тәртіптілік  сияқты  жауынгерлік 
қасиеттердің негізін бойына сіңіреді. 
2.  Асық,  шілік,  жасырынбақ,  жарыс, 
күрес,  ақсүйек  ойнау  жастарды  ептілікке, 
шеберлікке,  айлакерлікке,  мергендікке, 
ширақтыққа, табандылыққа т.б. жақсы әскери 
/жауынгерлік/ қасиеттерге тәрбиелейді. 
Қазақ  халқының  өткен  тарихындағы 
барлық жақсы дәстүрлер бүгінгі таңда қайта 
салтанат  құруы  тиіс.  Халық  даналығының 
алтын  қазынасы  біздің  жетістігімізге 
айналып,  біліміміз  бен  тәжірибемізді 
байытып, істерімізге қолғабыс жасауға тиіс. 
Тарихымызда  даңқты  қазақ  жігіттері 
Исатай,  Махамбет,  Амангелді  т.б.  ерлік 
істері  қазіргі  заманғы  жігіттеріміздің 
дәстүріне айналуы керек – жастарымыздың 
оларды  нашар  білетіні  қандай  өкінішті  деп 
қынжылады батыр. 
3.  «Сөз  тапқанға  қолқа  жоқ».  Бәдік 
айту,  айтыс  тез  ойлануға,  тапқырлыққа 
тәрбиелейтін  өнер  саласы.  Ал,  тапқырлық 
пен пайымдағыш қасиет солдаттың бойында 
үнемі болуға тиіс. 
4. Көкпар, бәйге, аударыспақ, батылдыққа 
ептілікке,  бұлшық  етті  шынықтыратын, 
есеппен  тәуекелге  бел  байлауға,  тіпті, 
өзінің ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге 
дейін  баратын  дәстүрлі  ұлттық  спорттық 
ойындар.  Бұл  ойындар  игілікті  екендігіне 
ешқандай күдік болмауы тиіс. Бұл ойындар 
ер  жігіттің  бойында  игілікті  рыцарлық 
қасиет  сыйлайды.  Бауыржан  Момышұлы 
ойын  жалғастыра  келе  осы  игі  дәстүрлерді 
мемлекеттік тұрғыда ойлай алмайтын кеңсе 
адамдарының  жете  түсінбей,  менсінбей 
«күні өткен» нәрсе деп қарауына ашу-ызасы 
келетінін жасырмайды.
Мұның  өзі  сөзсіз  артын  ойламағандық, 
ақылсыздық  іс  деп  күйінеді.  Тәрбие 
жұмысындағы осындай сорақы жансақтық-
тың  салдарынан,  жастардың  кейбір  бөлігі 
адам танымастай әдепсіз, жеңіл ойлы, нашар, 
епсіз, қопал болып өсіп келеді, тіпті су жүрек, 
қажырсыз,  бас  қамын  ғана  ойлайтындар 
ұшырасады. 
Кейбіреулер  атқа  мініп  жүре  алмайды, 
жылқыдан қорқады, ондайларды тіпті, қазақ 
деп  айтуға  ұяласың.  Мен  тек  жастарды 
тәрбиелеуде  өзім  байқаған  кемшіліктерді 
тізіп  көрсеттім,  жігіттерді  игі  қасиеттерге 
тәрбиелеудегі 
біздің 
заманымыздың 
тәрбиелеу  жүйесі  жұмысының  оңды 
жақтарының алдында сенімді түрде басымды 
қара жерге жеткенше иемін. 
Махаббат туралы өте көп кітап жазылады, 
алайда  ұрыс,  ерлікке  тәрбиелеу  жайында 
жазылған кітап аз. 
Шындық  –  бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең 
бір құнарлы құрал.    
Енді  батырдың  ұрыс  кезіндегі  мәтеліне 
айналған  бірқатар  фразаларына  тоқталып 
көрелік. 
Сын  ерді  шыңдайды,  қорқақты 

қинайды.
Азаматқа  өмірден  де  ар  қымбат, 

өлімнен ұят күшті. 
Екіжүзділіктің  балын  татқаннан 

әділдіктің ащы уын ішкен артық.
Мақтаныш – ерлік анасы.

Айбарлы  адам  жасық  жанға  дос 

емес.
Барлық  халық  барлық  ұлы  және 

тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.

130
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Өзінің  ұлтын  сыйламаған,  ұлтын 

мақтаныш  тұта  да  алмайды,  ол  сөз  жоқ 
арамза, тексіз, әрі қаңғыбас.  
Соғысуға  кедергі  келтіретін  ұлттық 

дәстүрлер жоқ, қайта соғысуға көмектесетін 
ұлттық  дәстүрлер  бар:  ұрлық,  опасыздық  – 
бұл  ұлттық  дәстүрлер  емес,  ұлттың  ішінде 
көркеуделік. Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың 
адам үшін қасиетті, әрі бұзылмас заң.
Енді  майдангер  жазушының  ерлік  ісі 
туралы айтқан сөздеріне мән беріп көрелік. 
Бұл  туралы  да  «Ерлік  дегеніміз  не?  Бұл 
адамға  туа  біткен  қасиет  емес,  дұрыс 
жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі» деген 
ұлағатты сөзді оқимыз. «Батылдық – қимыл 
әрекет  есебін  тәуекел  етумен  үйлестіре 
алушылық. Тәуекелді есеп ақтайды. Есепсіз 
тәуекел  –  тұл»  десе,  ойланбай  жасалған 
көзсіз  батырлық  –  есерсоқтық  деп  бұлай 
қимыл жасауға сын көзбен қарайды. Ептілік 
– адамның ақыл-ойын ұшқыр ойлай білуге, 
дене қимылын икемділікке, бұлшық еттерінің 
шиыршық  ата  қозғалыс  жасауға  қатаң 
жүйелі түрде тәрбиелеудің /жаттықтырудың/ 
нәтижесі деген қорытындыға келеді. 
Міне, 
Бауыржан 
Момышұлының 
жоғарыда 
берілген 
тұжырымдарынан 
оның  тәрбие  беру  ісі  туралы  толғанысын 
анық  аңғаруға  болады.  Бұған  қоса  ұлттық 
құндылықтарды,  дәстүрді  биік  қоя  білу 
дәрежесі  де  оның  ішкі-жан  дүниесін  ашып 
көрсетеді.  Баукеңнің  жоғарыда  берілген 
тәрбие жөніндегі ой-толғамдары бүгінгі жас 
ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде теориялық негіз 
болары анық. 
ӘДЕБИЕТТЕР:
Момышұлы Б.
1. 
 Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2001. 1, 2 том. - 480 б.
Момышұлы Б.
2. 
 Ұшқан ұя. – Алматы, 2005. - 224 б.
Момышұлы Б.
3. 
 Біздің генерал. – Алматы, 1966. -160 б. 
  
Резюме
В статье автор рассматривает важность мысли Бауржана Момышулы о воспитательной работе.
Summary
In this article the author examines valuable specifics of Bauirjan Momishuly`s ideas of education.
Қазіргі кезде білім, тәрбие беру саласында 
ежелден  келе  жатқан  халық  тарихының, 
дәстүрінің,  рухани  ата-баба  мұраларының 
алатын  орны  зор.  Ежелгі  түркілік  тектен 
тараған  халқымыздың  інжу-маржандары, 
қазақ  халқының  ұлы  ойшылдары    Қорқыт 
ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, 
Қожа  Ахмет  Яссауи,  Махмұт  Қашқари, 
Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы,  Мұхаммед 
Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Асан 
Г.Т.Қажиева – 
тәрбие жұмысы кабинеті меңгерушісі,
 Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық
кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП РУХАНИ-
АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

131
Қайғы,  Бұқар  жырау,  Жиренше  шешен, 
бергі  замандағы  Абай,  Ыбырай,  Шоқаннан 
мұра боп қалған асыл сөздер халқымыздың 
бойына,  жастардың  жүрегіне  өшпес  із 
қалдырумен келеді. Ұлы қолбасшы, ержүрек 
батыр  Бауыржан  Момышұлынан  қалған 
қазынаның  өзі  тәрбиенің  терең  тағылымы 
емес пе?!
«...Теорияда  да,  іс  жүзінде  де  барлық 
халықтарға  ортақ  тәрбие  жүйесі  жоқ.  Әр 
халықтың  тәрбие  жүйесі  өзінше  ерекше 
түзілген.  Сондықтан  да  бір  халық  екінші 
халықтың тәрбие жүйесін пайдалана алмай-
ды. Соншама тартымды да үлгілі болғанымен 
бір  халықтың  тұрмыс  тіршілігіндей  екінші 
халық  өмір  сүре  алмайтыны  тәрізді  жақсы 
ойластырылып  ұйымдастырылған  бөтен 
педагогикалық  жүйеде  басқа  халықтың 
тәрбиеленуі  мүмкін  еместігі  анық...»,  -  деп 
жазды  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский.  Қай 
халық та өзінің ұлттық психологиялық және 
халықтық  тәлім-тәрбие  қазанында  қайнап 
жетілуі  тиіс.  Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттік  ұлттық  тәрбие  жүйесінің 
мазмұны  да  қазақ  этнопсихологиясы  мен 
қазақ 
этнопедагогикасының 
тәлімдік 
ұстанымдары  мен  тағылымдық  қағидала-
рына сәйкес түзілуі қажет. 
Ата  Заңымызда  және  басқа  да  маңызды 
құжаттарда айқындалғандай, жеке тұлғаның 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар 
негізінде  қалыптасуы  мен  дамуы,  оның 
кәсіби  жетілуі  үшін  қажетті  жағдайлар 
жасау, білім алуы және жан-жақты жетілуі, 
ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтауы, 
ақпараттану,  ден-саулығын  нығайту  сияқты 
құқықтарын  іске  асыру  –  мемлекеттік 
саясаттың негізгі тармағы болып табылады.
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
шешімімен 
қабылданған 
Қазақстан 
Республикасындағы  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  тұжырымдамасында:  «Ұлт-
тық  мектепті  жаңартудың  аса  маңызды 
стратегиялық  бағыттары:  оны  ұлттық 
және  дүниежүзілік  мәдени  мұраның 
диалектикалық  бірлігі  негізінде  дамыту, 
демократияландыру,  ізгілендіру,  сондай-
ақ,  мәдени  жасампаздық  қызметін  қалпына 
келтіру арқылы рухани жағынан қайта түлету 
болып  табылады»,  -  деп  білім  мен  тәрбие 
берудің  ұлттық  идеологиялық  бағыттары 
белгіленген.
Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін, 
1994  жылы  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің   жанындағы   мемлекеттік     саясат     
жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан 
Республикасындағы  гуманитарлық  білім 
беру» 
тұжырымдамасының 
мақсаты 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
мен 
Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере 
отырып,  өтпелі  кезеңде  гуманитарлык 
білім  саласындағы  мемлекеттік  саясат 
стратегиясын  ұсыну,  оның  серпінді  дамуы 
мен  қызмет  атқаруына  жағдай  жасаудағы 
мемлекеттің рөлін көрсету болды.
Тұжырымдаманың  басым  бағыттары 
−  гуманитарлык  білім  бағдарламаларын 
жүзеге  асырудағы  мемлекеттік  және 
мемлекеттік  емес  құрылымдардың,  оқу 
және ғылым, ағарту мекемелері мен басқа да 
субъектілердің рөлін анықтау еді.
Ұлттық мәдениет пен білім беру дәстүрін 
әдіснамалық  тұрғыдан  жан-жақты  дамыту 
және  ұйымдастыру  мақсатында  Қазақстан 
Республикасында этномәдени білім берудің 
арнаулы 
тұжырымдамасы 
әзірленіп, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
1996  жылы  15  шілдедегі  №3058  өкімімен 
мақұлданды.  Аталған  тұжырымдамалардың 
білім  беру  жүйесіндегі  тәрбиенің  ұлттық 
идеологиялық  ұстанымдары  мен  тәрбиені 
ұйымдастырудың  тактикасын  анықтауда 
маңызы  зор  болғанымен,  білім  беру 
мекемелерінде толыққанды жүзеге асырылып 
жатыр деп айта алмаймыз.
Тәрбиенің  ғылыми-теориялық  негіздегі 
аспектілерін  объективті  түрде  танытатын 
қоғамдық  орын  –  мектеп.  Тәрбиелік 
таным  –  отбасында  ата-ананың  тәрбие 
мәдениеті  мен  әлеуметтік  жағдайына, 
өмірге деген көзқарасына қарап танылатын 
болса,  қоғамдық  ортада  мектепке  дейінгі 
мекемелерден 
бастап, 
жоғарғы 
оқу 
орындарына дейін әдептілік, әдемілік, этика-
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

132
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
эстетикалық танымы, салауатты өмір салты, 
ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас 
мәдениетінің  таным  көздері  тағылымтану 
мен тұлғалық таным аясында меңгертіледі. 
Алайда, бүгінгі білім беру жүйесі аясында 
жас ұрпақты өмірге даярлау бойынша қызмет 
етіп  келе  жатқан  тәрбие  саласы  бірқатар 
тоқыраушылықтарды  бастан  кешіруде. 
Бұған  әлеуметтік  құрылымдар:  қоғамдық 
институттар,  діни  ұйымдар,  бұқаралық 
ақпарат құралдары, мектеп, отбасы т.б. өзіндік 
әсерін тигізуде. Сондай-ақ, тәрбиеленушілер 
мен  ұстаздар  арасындағы  тәрбие  қарым-
қатынасындағы  бірізділіктің  жоқтығын 
байқаймыз. Зиялы қауым өкілдері арасында 
білім  беру  жүйесінің  проблемаларына 
қарағанда  тәрбие  беру  үрдісінің  дағдарысы 
туралы  жазып,  дабыл  қағып  жатқандары 
көп.  Бұл  әлеуметтік  деградация  туралы 
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасында 
шешімі 
табылмаған 
проблемалардың  
негізгілері  ретінде  тәрбиенің  мақсатын 
және 
басым 
бағыттарын 
белгілеуге 
мүмкіндік  беретін  нақты  идеологиялық 
бағдар толық жасалмауы, ұлттық құндылық 
бағдарларының  жоғалуы,  ұлттық  мәдени 
қабаттардың  бұзылуы,  әлеуметтік  институт 
ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі, 
бұқаралық  ақпараттар  құралдарының  жеке 
тұлғаны  қалыптастырудағы  теріс  ықпал 
етуі  тәрізді  көптеген  факторлары  атап 
көрсетілген.
2004  жылдан  бастап  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың 
тікелей 
басшылығымен 
ұлттың  рухани  ағартушылық  және  мәдени 
интеллектуалдық 
деңгейін 
көтеруге, 
өскелең  ұрпақты  туған  халқымыздың 
ұлттық құндылықтарымен, салт-дәстүрімен, 
қолөнерімен  т.б.  таныстыра  отырып,  асыл 
қазыналарымыздың 
мұрагері 
болуға, 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  иде-
ялар  рухында  тәрбиелеуге  бағытталған 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы 
қолға  алынып,  қыруар  шаралар  тындыры-
лып жатқанын жақсы білеміз.
«Мәдени 
мұра» 
мемлекеттік 
бағдарламасының  іске  асуы  ұлттық 
мәдениетімізді қайта жаңғыртуға ғана емес, 
ғаламдану  кезеңінде  жас  ұрпағымыздың  
бойында         шынайы     адамгершілік    пен  
парасаттылық  қасиеттерін,  төл  мәдение-
тімізге  деген  асқақ  құрмет  құндылықтарын 
сіңіру 
мүмкіндіктерін 
кеңейтеді. 
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысында  
ұлттық    мәдени  мұраларды  үздіксіз  білім 
мазмұнына  енгізудің  ғылым-әдістемелік 
мәселелерін  шешу  проблемалары  бүгінгі 
күні  өте  құнды  да  маңызды  мәселелердің 
қатарында.
Ұлттық  тәрбие  саласындағы  қазақ 
этнопедагогикасы  мен  этнопсихологиясына 
еңбегі  сіңген  белгілі  ғалымдарымыз 
Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  Ә.Табылдиев, 
С.Ұзақбаева,  Қ.Бөлеев,  К.Қожахметова, 
Ж.Наурызбай,  С.Ғаббасов,  Р.Дүйсенбинова, 
Ш.Беркімбаева  т.б.  ғылыми  еңбектері, 
монографиялары 
мен 
әдістемелік 
оқулықтары  білім  беру  жүйесіне  қосылған 
рухани құндылықтар болып табылады. 
Алматы облысының «Қарасаз» мектебінде 
халықтық  педагогиканың  нұрлы  шамын 
тұтатқан  Жұмаш  Өтеевтің  есімі  «Алтын 
көмбе»  бағдарламасы  арқылы  республика 
жұртшылығына  таныс.  М.Құрсабаевтың 
«Атамекен», 
З.Ахметованың 
«Кәусар 
бұлақ», 
Ә.Садуақасовтың 
«Дәстүр», 
А.Қыраубаеваның  «Сенім»  сынды  сан 
алуан  халықтық  педагогикаға  негізделген 
бағдарламалардың 
ұлттық 
тәрбиені 
ұлықтауға  арналған  рухани  құндылықтар 
екендігі анық.
Бүгінгі  күні  де  жақсы  дәстүрді 
жалғастырушы, 
ұлттық 
педагогикаға 
негізделген 
тәрбие 
бағдарламалары 
республикамыздың  түкпір-түкпірінде  бар-
шылық.  Мысалы,  Рамазан  Жәшиұлының 
жекелеген  аймақтарда  қолданылып  жүрген 
(Атырау  облысы,  Алматы  қ.  мектептері) 
«Ұлттық мектеп: Қазақ тілінде білім алудың 
беделін  көтеру»  компьютерлік  жобасы 
аясындағы ««Алақай» топтамасы» мектепке 
дейінгі  балалардың  ой-өрісін  дамытып, 
тілін  жетілдіріп,  әріп  тануға  үйрететін 

133
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
болса,  «Ой  алғырлығына  баулу»  курсы 
көру,  есту  қабілетін  дамытады,  ақындық 
икемін 
қалыптастырады, 
жағымсыз 
қасиеттер  мен  әрекеттерден  сақтандырады. 
Ал,  «Ұлы  дала  тарихы»  электрондық  оқу 
құралы  рух  пен  жігерге  баулиды.  «Үлкен 
ойын»  циклі  компьютерлік  интерактивтік 
бағдарламасы арқылы пән материалы ұлттық 
құндылықтармен  байытылады,  шәкіртті 
ойға жетелеп, білімді болуды қызықты іске 
айналдыру көзделеді және ол іске асырылып 
отырады.  Бұл  бағдарламаның  мақсаты 
—  халқымыздың  бай  тілі  мен  терең  өмір 
ұстанымын  шебер  пайдалану  арқылы  білім 
мен тәрбиенің ажырамас тұтастығын сақтау.
Жекелеген білім беру ұйымдарында «Жеті 
жетекші»,  «Жеке  тұлғаны  қалыптастыру», 
«Тағылым»,  «Қазақ  халқының  салт-
дәстүрлеріне  саяхат»,  «Ұлы  Жібек  жолы», 
«Шаңырақ»  тәрбиелік  жүйесі,  «Әдептілік 
әліппесі»,  «Халық  тағылымы»  т.б.  ұлттық 
құндылықтарға  негізделген  бағдарламалар 
бойынша 
оқу-тәрбие 
жұмыстары 
жүргізілуде.  Білім  беру  жүйесінің  басшы 
және  ғылыми-педагогикалық  кадрлары 
біліктілігін  арттыратын  Республикалық 
институты 2009 жылы жоғарыдағы аталған 
бағдарламалардың  бірқатарын  жинақтап, 
республиканың  білім  беру  ұйымдарына 
ұсынды.  Аталған  институтта  тәрбие 
мәселелеріне  қатысты  курстар,  курсаралық 
шаралар 
конференциялар, 
семинар-
кеңестер  жүйелі  түрде  ұйымдастырылып 
тұрады.  Институт  мамандары  «Қазақстан 
Республикасы  азаматына  тәрбие  беру 
үлгісі»  және  «Оқушының  ұлттық  келбетін 
қалыптастыру» тұжырымдамаларын әзірлеп, 
«Мектептің  тәрбие  үрдісінде  оқушының 
ұлттық  келбетін  қалыптастыру»  атты 
әдістемелік құралды жарыққа шығарды.
2009  жылғы  облыстардың  біліктілік 
арттыру  институттарының  мәліметтері 
боынша 
республикамыздағы 
білім 
мекемелерінде  тәрбие  ісімен  айналысатын 
7777  астам  директордың  тәрбие  істері 
жөніндегі  орынбасарлары,  2982  әлеуметтік 
педагог,  6895  психолог,  11813  қосымша 
білім  беруші  педагогтар  еңбек  етеді.  Бұл 
көрсеткіш күн санап өсе түсуде.
Соңғы статистикалық деректер бойынша 
Қазақстан  халқының  70  пайызға  жуығы 
қазақтар  болса,  мектеп  оқушылардың  73 
пайызы қазақ балалары. Өзге ұлт өкілдері – 
27 пайыз, оның 14 пайызы орыс, 13 пайызы 
өзге ұлт балалары. 
Бұл факт еліміздегі тәрбие беру жүйесін 
ұлттық  құндылықтар  негізінде  жүргізуге 
қолайлы жағдай жасап, ұлттық құндылықтар 
негізінде  жүргізілетін  тәрбиенің  біртұтас 
жүйесін жасау қажеттілігін тағы да дәлелдеп 
отыр. 
Ал,  Қазақстан  Республикасында  мекен 
етіп  жатқан  өзге  диаспора  өкілдері  де 
ұрпақ  қамын  өздерінің  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрлері  негізінде  жүргізе  отырып, 
қазақ  халқының  тілі  мен  өзге  де  рухани 
тұстарын  қабылдағаны  жөн.  Бұл  үдеріс 
қазақ қоғамында бірте-бірте жүріп те жатыр. 
Бұған  бүгінгі  күні  өзге  ұлт  өкілдерінің 
бүлдіршіндері  қазақ  балабақшалары  мен 
мектептерінде  тәрбиеленіп,  тіл  ұстартып 
жатқанын мысалға алуға болады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының 
тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  былай 
деген болатын:
«Бес  арыстарымызға  арналған  тарихи 
зерде 
кешенінде 
мен 
қазақстандық 
отаншылдық  сезімін  тәрбиелеуге  көңіл 
бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам 
осы  елдің  перзенті  ретінде  сезінбейінше, 
оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше 
біздің жұмысымыз алға баспайды...».
Демек, Елбасымыздың анықтағанындай, 
бұл өлшеуіш тек қана жергілікті ұлтқа ғана 
емес, қазақ жерінде тұрып, өсіп-өнген, еңбек 
етіп  жүрген  барша  халықтарға  да  қатысты 
екені даусыз.
Айтылған  ойды,  қағидатты  одан  әрман 
тереңдете  отырып  Елбасымыз:  «Болашақ 
ұрпағымызды 
тәрбиелегенде 
оларға 
жастайынан  имандылық  пен  салауаттылық 
қасиеттерді  сіңіре  білсек,  сонда  ғана  біз 
ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне 
өз  үлесін  қоса  алатын  азамат  етіп  өсіре 

134
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
аламыз»,  –  дейді.  Бұл:  «Тәрбиесіз  берілген 
білім адамзат баласына апат әкеледі», - дейтін 
әл-Фараби  бабамыздың  өсиетнамасымен 
толық қабысады.
Қазақстан  Республикасы  зайырлы,  әрі 
көп  ұлтты  ел  ретінде  ұрпақ  тәрбиесінің 
мазмұндық  құрылымына  бір  жақты  қарай 
алмайды, екінші жағынан мемлекеттің иесі 
ретінде қазақ халқының атқарар қызметінің 
мемлекеттік  дәрежеде  мойындалуының 
маңызы  зор  және  барша  жұрттың  қазақ 
халқының  ұлттық  тәрбие  ұстанымдарын 
басшылыққа  алуы  заңды  құбылыс.  Осыған 
орай, қоғамға қажетті ұлттық тәрбие моделін 
қазақ  этнопедагогикасын  басшылыққа 
ала  отырып  құру  –  еліміздің  өркениетті 
елдер  қатарына  қосылуында  руханияттық 
кепілдігінің алғышарты болып табылады. 
Халықтық педагогика мәселелерін ұлттық 
тәрбие  мақсатымен  ұштастыру  белгілі  бір 
ұстанымдылықты,  жүйелілікті  қажет  етеді. 
Ұстаным дегеніміз (латын сөзі) – басшылыққа 
алатын идея, негізгі талап, қағида. Тәрбиелеу 
жүйесі  мынадай  ұстанымдарды  (тәрбиенің 
қоғамдық бағытта болуы, тәрбиенің өмірмен, 
еңбекпен байланысы, тәрбиедегі дұрыстыққа 
арқа сүйеу, тәрбие ізгілігі, тәрбиені тұлғалық 
тұрғыдан  қарау,  тәрбиелік  ықпалдардың 
бірлігі т.б.) басшылыққа алынады.
Ал,  ұлттық  тәрбие  моделі  алдымен 
ұлттық  тәрбие  мазмұнының  стратегиясы 
мен  тактикасының,  ұлттық  қоғамдық-
әлеуметтік  мүддеге  сәйкестігінің,  мақсаты 
мен 
мұратының, 
басымдық 
тәрбие 
бағыттары  мен  тәрбие  қағидаларының, 
мемлекеттік 
дәрежеде 
орындалуға 
тиісті  тәрбие  міндеттерінің,  пайдалану 
парадигмаларының 
құзыреттілігімен 
анықталады. 
Әр 
халықтың 
өзіндік 
генетикалық,  этнопсихологиялық,  тарихи-
әлеуметтік  қалыптасу  ерекшеліктеріне  тән 
туындап отыратын проблемелары мен ұрпақ 
тәрбиесіне  арналған  моральдық,  этикалық 
ережелері бар. 
Қазақ  халқындағы  тәрбиенің  қай  түрін 
алсақ  та,  өскелең  ұрпақтың  ұлттық  сана 
сезімінің  өршіл  болып  қалыптасуына  әсер 
етеді. Мысалы:
-  рухани  адамгершілік  тәрбие  –  этика, 
әдептілік, ар намыс, шындық пен әділеттілік, 
ынтымақ  пен  бірлік,  жолдастық,  достық, 
мейірімділік,  қайырымдылық  ізеттілік, 
қонақжайлылық, парасаттылық.
-  эстетикалық  тәрбие  –  өнер  /ән-күй 
мен  би/,  білім,  сымбаттылық,  сұлулық  пен 
әсемдікті сезінуге, қабылдауға баулу.
-  ақыл-ой  мен  сезім  тәрбиесі  –  аңыз 
ертегілер, батырлар жыры, ғашықтық жырла-
ры, айтыс-өлеңдер, шешендік өнер үлгілері 
сияқты ауыз әдебиетінің бай қазыналары.
-  еңбек  тәрбиесі  –  қолөнерге  үйрету, 
ептілік, 
шеберлік, 
жауапкершілік, 
ұқыптылық, табандылық пен төзімділік.    
- имандылыққа тәрбиелеу – әдет-ғұрып, 
салт-дәстүр, наным-сенім, ырымдар мен ти-
ымдар,  мақал-мәтелдер,  нақыл-сөздер  т.б. 
қасиеттерді бала бойына дарытады.
Әрбір  мектеп  –  мемлекеттің  шағын 
жанды  бөлшегі,  әрбір  бала  –  қоғамның 
дербес  мүшесі.  Мемлекеттің  бүгінгі  даму 
саясатындағы  басты  бағдары    –  азаматтық 
қоғам  құру  идеясын  мектептегі  тәрбие 
жүйесінің  өзегіне  айналдырған  жағдайда 
ғана  мемлекет  пен  қоғамның  қажеттілігіне 
сай адам ресурстарын өз елі үшін мақтаныш 
сезімдері  қалыптасқан,  өз  елінің  мүддесін 
қорғау  жөніндегі  азаматтық  борыш  пен 
конституциялық  міндеттерді  орындауға 
дайын  патриот  тұлғаларды  тәрбиелеуге 
қол  жеткіземіз.  Мектептегі  әрбір  балаға 
елдің  ертеңгі  тұтқасын  ұстайтын  келешек 
отансүйгіш азамат деп қана емес, ол бүгінгі 
сәттен бастап-ақ,  өзінің және айналасындағы 
өзгелердің  өмірін,  білім  мен  тәрбие  алуын, 
құқығын,  міндетін,  т.б.  құндылықтарды 
реттей алатын белсенді тұлға деп қарауымыз 
керек.
Қорыта айтқанда, білім беру жүйесіндегі 
тәрбие беру ісін дәстүрлі қазақ қоғамындағы 
ұлттық  құндылықтар  негізін  басшылыққа 
ала, ізденісімізді ұлғайта отырып, іс тетігін 
шешуге тиіспіз.

135
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет