ӘДЕБИЕТТЕР:
1. «Егемен Қазақстан».– 8-16 желтоқсан, 2010.
Резюме
В статье поднимаются трудности адаптации социогуманитарных дисциплин, традиционных
форм их обучения к инновационным тенденциям современных технологий образования. Предла-
гается возможный вариант сохранения национального начала в информационном пространстве.
Summary
The main meanings of this article are: some adaptation difficulties of the social humanities discipline,
tradional form of the learning to the innovation tendencies of the education modern technology. Offers the
possibilities variants to save the national beginnings in information space.
103
Қазіргі кезде отбасы жағдайындағы
ата-аналар мен ата-әжелердің де мектепке
дейінгі
немесе
мектеп
жасындағы
балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың
басты проблемалары – жылдан жылға
балалармен тәрбие жұмысын жүргізу
қиындығы. Балалар өте мазасыз. Олардың
педагогтармен, өз ата-аналарымен тіл табыса
алмауы салдарынан кикілжіңдер мен дау-
дамайлар жиілейді. Бұрынғы балалармен
салыстырғанда, айырма жер мен көктей.
Мұның себептерін: отбасында балалардың аз
болуы, ақпараттардың көптігі және еркіндігі,
теледидардан
берілетін
хабарлардың
шектеусіздігі, компьютерлік ойындарға
құмартуда балалардың жас ерекшеліктеріне
орай талаптардың қойылмауы, отбасы
жағдайында «жоқ, жетпейді» немесе
«болмайды» деген тыйымдардың болмауы
деп қарастырады.
Шынымен, тек біздің балаларымыз ғана
осындай мазасыз ба? Ерекшеліктер назардан
тыс емес. Тіпті жаңа туған балалардың
өзінен ерекшелік байқауға болады. Бұрын
балаларда туыла сала көз тоқтату ерекшелігі
байқалмайтын. Қазіргі балалардың көпшілігі,
жаңа туылған шақалақ туыла салысымен көз
тоқтатып қарайды, тіпті дыбыс естиді. Бұрын
балалар үш айлығында күлетін, қазір екі
айлығында күледі. Осындай құбылыстарды
байқасақ та байыпты, сабақтасты мән
бермейміз.
Бұл кейбір елдердің ғалымдарын
қызықтырып, зерттеу нысанына айналып
келеді. Қазір ғылымға, оның ішінде
психология мен әлеуметтік педагогика
саласына «Индиго балалар» деген ұғым
енді.
Америкалық психологтар Ли Кэролл мен
Джен Тоубер осындай ерекшелігі бар балалар
туралы зерттеп кітап жазды. Олар Нэнси
Энн Тэпптің «Сенің өміріңді анық түсінуге
түстер қалай көмектеседі?» атты 1982 жылы
жазылған кітабын басшылыққа алды. ХХ
ғасырдың аяғында, нақтырақ 80-жылдардың
соңын ала бере Америка ерекше балаларға
тап болды. Бұларды басқа балалар сияқты
«қалыпқа» сыймағаны үшін, психикалық
ауытқушылығы бар балаларды емдейтін
дәрілерді қолданып, өздері қасірет шекті. Ал,
шын мәнінде, бұл балалар жаратылысынан
өзгеше санадағы балалар. Ойлау жүйесі
біздікінен өзгеше болғаны үшін оларды неге
теріс қабылдауымыз керек? Тіпті, олар осы
заманның сұранысына туылған балалар.
Болашақты сеніп тапсыратын балалардың
неге бізден аумай қалғанын қалаймыз.
Біздер, осы балалардың ата-аналары,
мұғалімдері, бойымызда өзіміз түсінбейтін
бойкүйездік, селқостық, немқұрайдылық,
жаратылыс заңын қабылдай алмаушылық,
ақиқатқа сенбеушілік, рухани жұтаңдық т.б.
қасиеттердің бар екенін білеміз. Біле тұра,
бұл әрекеттерімізді «таптаурын» деп өзімізді
алдаусыратамыз.
Индиго балалар – жаңа заманның
символы іспеттес. «Индиго» қанық көк түс
деген ұғымды береді. Жаңа санадағы осы
балалардың денесінен бөлінген күш пен
шашылған сәуле (аура)
осындай көк түсті.
Сондықтан, «индиго балалар» деп аталады.
Тек көк түсті аураның ғана иесі болып
саналмайды бұл балалар, көпшілігі ақыл-ой,
дарын мен талант иелері.
Көптеген
зерттеушілердің
пікіріне
сүйенсек, қазір 12-14 жасқа дейінгі
балалардың 90%-ы Индиго тобына жататын
балалар. Қазіргі психология үшін әдеттен
С.С.Қоңырбаева –
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Жалпы педагогика кафедрасы, ҚазМемҚызПУ
ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тыс құбылыс саналып келген бұл балалар
бір атаумен аталғанымен, іс-әрекеттері мен
мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі.
Олар:
өзінің басқалардан ерекше екеніне
-
күмәнданбайды (өздерін ерекше ұстауға
тырысады), тіпті өзінің кім екендіктерін
айтып та қояды;
көзге қораш көрінуі де мүмкін, бір
-
көрінгенде таңқалдырарлық ештеңе байқай
алмайсыз;
таңдауын айтуға ұялмайды және өз
-
әрекеттерін түсіндіріп жатпайды;
әдеттегі көпке ортақ талаптарды
-
орындағысы келмейді немесе шыдамдылығы
жетпейді (мысалы, кезекте тұру т.б.);
оның шығармашылығына қатты қысым
-
жасай бастасаңыз, жаңылыса бастайды;
оны басқалар түсінбейді, «дәстүрлі
-
өмір сүруді» қаламай тұрғандай көрінеді;
өзінің басқаша мүмкіндіктері бар
-
екендігін біледі, соған сенеді;
егер оның қолына 3-4 жаста компьютер
-
түссе, оны егде жастағылардан артық
меңгеріп кетеді (мұндай ерте компьютерге
деген құлшыныстың оянуы оларды адамдар
арасындағы жақындықтан айыра бастайды);
үлкендерден жиі көңіл бөлінбесе,
-
кейде олар ешкім түсінбестей өзгеріп, тіпті
тіл табысуға қабілетсіз болып тұйықталып
та қалады;
тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар
-
мен ескертулерге көңіл аудармайды;
көңілінің қалауын айтудан ұялмайды;
-
бұл балаларға көбінесе, көңіл бөлудің
-
тапшылығы, гипербелсенді деп диагноз
қойылған, ішінара вундеркинд деп аталуы
мүмкін.
Индиго
балалардың
гуманистер,
суретшілер,
концептуалистер,
барлық
жағынан ерекше өмір сүрушілер – төрт
түрі белгілі және соған сай өмірлік
бағдарламалары бар.
Гуманистер – бұлар болашақ дәрігерлер,
заң қызметкерлері, мұғалімдер, бизнесмендер
мен саясаткерлер. Олар қазіргі заман және
келешек туралы ойларын кіммен болсын
бөлісе алады. Ішкі сенімдері мықты. Бір
ғана ойыншықпен ойнауға қанағаттанбайды,
шашып, беріліп ойнайды. Олардың ойлары
шашыраңқы: бір ескертуді бірнеше рет
айтқызады.
Концептуалистер – болашақ инженерлер,
дизайнерлер, архитекторлар, ұшқыштар
мен әскери қызметкерлер. Олар отбасында
басқарғанды жақсы көреді. Ұлдар анасын,
қыздар әкесін басқару нысанына айналдыра
бастайды. Егер, балалар ата-анасынан безе
бастаса, мұның ақыры үлкен қиындыққа
соғуы мүмкін. Ата-анасынан сырт айналған
балалар теріс ортаға тез бейімделеді.
Сондықтан, ата-аналар олардың іс-әрекетіне
өте байыпты қарағаны жөн.
Суретшілер – болашақ мұғалімдер,
әртістер, суретшілер, сондай-ақ, дәрігерлер.
Олар
басқалармен
салыстырғанда
сезімталдығымен ерекшеленеді. Барлық
іске шығармашылық тұрғысынан қарайды,
өнерге жақын. 4-10 жастың аралығында
өнердің барлық түрімен бірінен соң бірімен
немесе қатар айналысып көріп, өзінің неге
аса құштар екенін біле бастайды.
Барлық жағынан ерекшеленетіндер
– әлемге жаңа философиялық және діни
өзгеріс әкелуі мүмкін. Сотқар, төбелескіш
болатындары көп. Олар өз басқа
Индиголардан ірілігімен ерекшеленеді және
қоршаған ортаға бейімделуі қиын. Олар
1-2 жас кезінде-ақ «Өзім білем», «Тиіспеші
маған» деген жауап беріп үйренген.
Расында, көпшілігіміз осылардың
ішінен өз баламызды танып отырмыз. Демек,
балаларымыздың бұрынғы балалармен
салыстырғанда ойлары да, даму деңгейлері
жоғарырақ. Егер, сіз мұны дұрыс емес немесе
ауытқушылық деп санап келсеңіз, енді
түсінуге, олардың еркін дамуына мүмкіндік
беруге тырысыңыз. Бұлар жаратылысынан
ерекше дарынды балалар. Оларды басқаша
жасаймын десеңіз, дарынын өшіріп аласыз,
тіпті бұзып алуыңыз мүмкін. Бұл менің
ғана пікірім емес, бұл жөніндегі ғалымдар
көзқарастары көңілге қонады.
Ресей ғалымдары да (тек педагог-
105
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
психологтары ғана емес) бұл мәселеге жан-
жақты қарап, ең бір көкейкесті мәселе ретінде
көтеріп, конференциялар, мен семинарлар
т.б. іс-шаралар өткізгендеріне он жылдан
астам уақыт өтті. Педагогика кең өрістеген
Ресейлік әріптестеріміз «Индиго балалар
– қоғам байлығы» деп, оларды дамыту
мәселелеріне аса күш салуда. Ресейдің
болашағы сенімді ұрпақ қолында боларына
сенетіндіктен индиго балалардың кез келген
ортада әлеуметтенуі мен дамуы мәселесін
жоспарлағанда, жалпы олардың тәрбиесінде
басшылыққа алар қағидалар бар:
Индиго балаларды көпке ортақ, дәстүрлі
-
тәрбиенің түрлерімен тәрбиелеу нәтиже
бермейді. Бұл дүние байлығына тәуелді емес,
Жаратушының ерекше жаратқан тұлғалары.
Бұл балалардың ата-аналары дінсіз
-
болса, одан өткен қасірет жоқ. Индиго
балалардың асқан дарындылығы арқылы
ата-ана өмірді қабылдауға өзі тәрбиелене
бастайды. Өз жасынан оза туып, ой айтқан
балалар мына өмірдің әділетсіздігі мен
ащы шындығын айтып қарсылық білдіре
бастайды.
Бұл балаларға үлкендер өз көзқарасы
-
мен дүниетанымын таға алмайды. Егер,
ондайларға жол берілсе, есейе келіп қоғамға
жат өмір салтын ұстанып: ішімдік пен
есірткіге салынып, т.б. теріс жолға түсіп кету
қаупі бар.
Отбасында, мейлі мектеп немесе
қандай да тәрбиелік қызметі бар әлеуметтік
институттарда болсын, Индиго балаларды
тәрбиелеуде ұстаным болар басты қағида –
оған құрметпен қарау, сенім білдіру!
Тәрбиеші педагогтар мен ата-аналарға
туындап отырған қажеттілік олардың бала
тәрбиесіндегі қызметіне жаңаша көзқарас,
серпіліс әкелуі тиіс. Сондықтан, баланың
жанын түсінуге тырысыңыз: сырласы, досы
болыңыз. Үлкен адаммен қарым-қатынас
жасағандай, ұстанымыңызды сезінуі керек.
Жалпы, барлық ата-ана, тәрбиеші
білуге тиісті:
таңдауға ерік беріңіз;
-
бұйрық райда сөйлемеңіз;
-
қарсыласпаңыз;
-
уәдеңізді орындаңыз;
-
ешқашан оны кемсіте сөйлемеңіз;
-
жақсы көретініңізді білдіре жүріңіз;
-
оны «сендіру» қажет болса, оңаша
-
түсіндіріңіз;
оның ерсі қылығы жөнінде оңаша
-
талқыласаңыз, ол дұрыс түсінеді;
оны мазақтап, намысына тимеңіз;
-
ұрып-соғуға, әлсіздігін пайдалануға
-
болмайды;
қарғыс айтудан аулақ болған жөн, бұл
-
аса қатерлі саналады;
ашулану орнына көмек сұраңыз (сенің
-
көмегің керек болып тұр, киімді шкафқа
салып жіберші!).
жоспарыңызды алдын ала айтып
-
қойыңыз;
оның көмегі мен жетістігін шынайы
-
мадақтап отыруды ұмытпаңыз т.б.
Қатал болсаңыз да әділеттілікке
сүйенсеңіз – индиго балаларды тәрбиелеудің
басты шарты. Олармен әрқашан жасына
қарамастан, сөйлесе біліңіз. Бірге ойнаңыз.
Барлық нәрсені жасауға рұқсат беру керек
деген ойдан аулақ болған жөн. Әділ төрелік
жасаңыз.
Бала – басты құндылығымыз. Қандай
баламыздан да сырт айнала алмаймыз. Ал,
ерекшелігі бар балалар – еліміздің ертеңі,
баянды болашақ кепілі. Сондықтан да елімізде
дарынды балаларға арналған мектептер
ашылып, байқаулар, көрмелер жиі өткізіліп
тұрады.
Қазақстан
Республикасының
президенті
Н.Назарбаевтың
дарынды
балаларға айтқан өсиеті педагогика
ғылымында ғана емес, баланы тәрбиелеуді
мақсат еткен кез келген тұлғаның қарым-
қатынас барысындағы ұстанымдарына
айналуы тиіс .
Елбасының
дарынды
балаларға
айтқан бес ғибраты:
Алдыңа мақсат қоя біл. Талмай ұмтыл.
1.
Мақсатыңа қолың бірден жете қоймаса да,
мойыма, алған бетіңнен қайтпа!
«Қолымнан келмейді» деген ұғымды
2.
санаңнан біржола өшіріп таста. Ылғи да
106
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Қолымнан келмейтін іс жоқ, мен аспайтын
асу жоқ!» деген сенімде бол! Бұл сенім
жігеріңді жанып, жеңіске бастайтын бірден-
бір жол.
Санаңда үрей, қорқыныш, өшпенділік
3.
пен күншілдік сезімдері үстемдік құрып
жүрсе, олардан тез арыл. Үрей мен қорқыныш
алға басуыңа бөгет болып, аяғыңды тұсайды.
Біреуге деген өшпенділігің, оның да саған
деген өшпенділігін қоздатады. Ешкімді
күндеме, күншілдік – дерт, айықпас ауру.
Қанша білімді болсаң да ешқашан
4.
білімдімін деп мақтанба!
Әрқашан денсаулығыңды сақтап,
5.
нығайтып отыру – парызың. Тәніңді таза
ұста. Бейауыз болма, былапыт сөз айтудан –
аузыңды, тыңдаудан – құлағыңды сақта!
Елбасының дарынды балаларға арнаған
ғибратты өсиетін әр отбасында ата-ана жете
ұғындыра білсе, ортақ ойдың сабақтастық
тапқаны. Әр ата-ана – өз отбасының ұстазы.
Ең бастысы, баладан асқан байлық
жоқ. Оның тағдырына немқұрайлы қарау
педагогикалық қауымға сын. Қоғамдағы
өзгерістер мен құбылыстарды есепке ала
отырып, қажеттілікке лайық әрекет ету –
парызымыз.
Резюме
В статье говорится о нынешних детях индиго, об особенностях их развития, предусматривает
проблемы воспитания. Автор делает научные выводы по возможности социализации детей в семье,
показывает пути воспитания.
Summary
In article it is told about present indigo children, about features of their development, provides education
problems. The author does scientific conclusions whenever possible socialisation of children in a family,
shows education ways.
Қазіргі әлемдік үдерістер өте күрделі.
Ақпараттар тасқыны, ғылыми техникалық
жаңалықтардың үдеуі, адамзаттың өмір
сүру
формалары
мен
салттарының
ұқсас болуы, түрлі халықтардың ой-
лау жүйелерінің жақындасуы, ғаламдық
қауіптер мен қайшылықтардың болуы
халықтардың ұлттық өміріне үлкен ықпалын
тигізуде. Жаһандану құбылыстарының
басымдылығына ұлттық құндылықтардың
көмескіленуі орын алуда, әсіресе, аз сан-
ды халықтардың этникалық тағдыры қыл
үстінде, кейінгі елу жылда жүздеген ұсақ
халықтардың жойылып кеткендігінің куәсі
болдық. Ұлттық құндылықтардың жоғалуы
жағдайында әлем халықтарының басым
көпшілігі өздерінің этникалық белгілерін
сақтауға ұмтылыс жасауда. Қазақ ұлты да
тарихи тағдырдың осындай сынына төтеп
беру үшін күресуде. Халықтардың әлемдік
бәсекелестік заманында қазақ ұлты жойы-
лып кетпеуі үшін, ұлттық тілін,тарихи са-
насын, бай ауыз әдебиеті құндылықтарын
сақтап қалу және дамыту міндеттерін ше-
С.Д.Ізтілеуова –
филология ғылымдарының докторы,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Абайтану»
ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері
АБАЙ, ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ ТӘРБИЕСІ
107
шуге тиісті. Аталмыш міндеттерді шешу
Қазақстан жастарына ұлттық тәрбие беру
ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыра білуге
байланысты. Жастарды ұлттық құндылықтар
рухында тәрбиелемесек, ұлтты сақтаудың
тағдырлық мәселесін шеше алмаймыз.
Мәселені айту оңай, ұлттық тәрбиені,
ғылыми негізде ұйымдастыру, оның
әдістемелік негіздерін жасау - өте күрделі
педагогикалық міндет. Ұлттық тәрбие беру
мәселесі қазақ халқының өткен рухани жо-
лын түсіндірумен шектелмейді. Ұлттық
құндылықтар, жақсылықтар, ізгіліктер
бүгінгі күнгі адам тәрбиесі мәселелерімен
ұласуы қажет. Халықтың тарихи гуманистік
потенциалы қазіргі заманға адамгершілік
тәрбиесі мәселесімен синтезделінуі шарт.
Өкінішке орай, ХХІ ғасырда жер
жаһанда материалдық құндылықтарға адам-
зат өзін тәуелді етіп, рухани дүниенің
маңыздылығына мән беру мәселесін кейінге
ысырды. Ұлттар мен ұлыстардың рухани
бет бейнесін, этникалық ерекшеліктерін
«жаһандану диірмені» жаныштап, талқан-
дауда. Бұл құбылыс Жаратқанның адамзат-
ты нәсілге, ұлт пен ұлыстарға бөліп, тілімізді
сан түрлі қылып сөйлетіп, солай бола тұра,
бір ғана мазмұнмен ұғыстырған бұлжымас
заңдылығына қарама-қайшылық болып
көрінеді. Қазіргі заманда ұлтты сақтау оның
тілінің, тарихи жадының, ділінің көсегесін
көгерту ең маңызды міндет болып санала-
ды. Өзекжарды осы міндетті шешуде ой-
шыл, ақын Шәкәрімнің рухани мұрасының
берері мол. Шәкәрім: «Сөз – құдайдан
шыққан бу», - деп, құдіретті сөздің Жара-
тушыдан бастау алатынына маңыз береді.
Барлығының бір бастауы мен заңдылығы
бар екендігін ескертеді. Тегінде данышпан-
дар осы заңдылықтарды адамзаттың рухани,
мәдени дамуында түп қазыққа айналдыруды
ғибрат етеді. Кезінде Шәкәрім: «ХХ ғасырда
адамзат баласынан ізгілік... көрмедім» деп
назалануында үлкен мән бар. «Жиырмасын-
шы ғасырдың адамынан, Анық таза бір елді
көрмей өттім - деп- Ар түзейтін бір ғылым та-
былмаса, зұлымдықты тегінде әділ жеңбес»,-
дейді. Солай тарқатып: «Адал еңбек, ақ
жүрек, арлы ақыл бар жерде адам нәпсiсiне
ие болады, әдiлетсiздiкке, арамдыққа,
өтiрiкке, алдауға тосқауыл қояды. Осы үш
құндылық арқылы адам түзу жолға түседi.
Адам жөнделсе – қоғам мен өмiр жөнделедi,
жаратушыны шын сүю басталады», – деп
тұжырымдайды ойшыл ақын. Шәкәрім:
«Ар ілімі» деген ілім оқытылуға керек. Бұл
ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән
ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында
жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу
керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе,
өзгерісі оңай...». Ұлтымыздың болмысын,
санасын арлылық пен ақ жүректілікке, адал
еңбекке баулудың маңыздылығын нұсқайды.
Шәкәрім ұлағатын басшылыққа алсақ, адам-
ды түзетіп, тәрбиелеудің ең тиімді жолын
табатынымыз ақиқат. Бүгінгі адамзаттың
зиянды және қауіпті белгілеріне тек қана
адал еңбек, арлы ақыл және ақ жүрек қана
тосқауыл бола алады. Осы үш құндылықты
басшылыққа алса адамзат түзеледі. Бірақ та
олардың жеңіске жетуі оңай емес. Себебі,
адамның тойымсыз нәпсісіне ынсап тұсау
бола алады. «Нәпсі үйінде байлаулы Ынсап
жатыр, Мұның емін тегінде, сол аша алған»,
– дейді ақын. «...байлаулы Ынсапты»
қапастан босата алатын «Ар ілімі» арқылы
келетін адал еңбек, арлы ақыл, ақ жүрек.
Осы үш құндылық адам тәрбиесінің, ұлт
тәрбиесінің мызғымас іргетасы іспеттес.
Үш құндылықты берік ұстанымға айнал-
дыру қанша қиын болса да түбінде олардың
өркениетке тірек болатыны ақиқат. Шәкәрім
осы күрделі байланысты дөп баса отыра:
Ескiден қалған сөз терiп,
Өз ойымнан өң берiп,
Үйретудi жөн көрiп,
Түзетпек едiм адамды [2], - деп өзiнiң
iзгiлiктi мақсатын ашып айтады. Шәкәрiмнiң
өмiрдегi ұстанған басты принциптерiнiң бiрi
– “адамды түзету” екендiгi айқын. Шәкәрiм
шығармашылығында
“адамды
түзету”
идеясының бiртұтас жүйелi концепциясы
айқындалады. «Адам түзеу» жайлы ойла-
рын жетпіс екі жасында жазған:
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
108
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса, – деп негізгі бағытын
түйіндеп, қортындылайды. Шәкәрім: «Мен
жетпіс екі жасқа келгенше өмірде бола-
тын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі
жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың
көпшілігін, керекті керексіздерін өзім де
істеп, басымнан өткізгендерім көп. «Алдын-
да өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдым-
да Абай марқұм болған соң, содан ғибрат
алып, мен де адамдықтың, адалдықтың
жолын қуғаным жөн деп басымды шы-
тырман шатақтан ерте босатып алып білім
жолына түстім. Негізгі алған білімім бол-
маса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазушы,
ғалымдардың жазғандарын оқып, ойлары-
мен танысып, білгендерден сұрап, өз ойым-
нан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық
өмірімді жазумен өткіздім». «...Алдындағы
Абай марқұмнан ғибрат алған» Шәкәрім
Абайдың «толық адам» ілімінің мәнін ашып,
оны тереңдетіп, «түзу адам», «шын таза
жан», «ұждан» мәселелерін негіздеп, «Ар
ілімі» концепциясын жүйелейді. Шәкәрім
бұл мәселелерді Абай ойларына сүйене
отыра көтереді.
Абайдың «толық адам» іліміндегі өзекті
мәселе «нұрлы ақыл», «ыстық қайрат»,
«жылы жүрек» ұғымдары Шәкәрімде «арлы
ақыл», «адал еңбек», «ақ жүрек» негізінде
тереңдетіледі. Екі ойшылдың адамды
түзету идеясындағы ортақ мазмұн мен
түрдің өзгешелігі айрықша көрініп тұрады.
Бұл ерекшелік Абай көтерген адамға
қатысты жүйенің Шәкәрімде жалпылық,
халықтық немесе ұлттық мәселеге айналу-
ында. Жалқы ұғымнан жалпылық, көпшілік
мәселесіне ұштастыра білудің мәнісі
күшті. Абайдың адамтану ілімін, Шәкәрім
жетілдіріп, «түзу адам», «шын таза жан»
тұлғасын қалыптастырады. Адамның ру-
хани тәрбиесінің қоғам үшін маңыздылығы
айрықша.
Шәкәрім: Шын таза жан тазалықпен,
Тәңірісіне бармақ ол, – дейді.
ШЫН ТАЗА ЖАН
МЕЙІРІМ
ЫНСАП
ӘДІЛЕТ
109
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Ақынның көптеген өлеңдерiнде адам-
ды тәрбиелеу, адамды түзету, адамды
жақсылыққа баулу сияқты идеялары үнемi
кездесiп отырады. Осы өлеңдердi ортақ
мазмұн мен ортақ идея – адамды әдiлет,
ынсап, ақиқат, махаббат, жаратушыны сүю,
еңбек, бiлiм, талап сияқты құндылықтарға
баулу арқылы дұрыс адам, түзу адам
қалыптастыру. Шәкәрiм адам мiнезiндегi
жағымсыз қасиеттердi жоя отыра, адамның
өзiн-өзi жетiлдiру идеясын ұсынады.
Жоғарыда аталған құндылықтар адам бой-
ында өзiнен-өзi бола алмайды. Оларға
адамның өзi ынтық болып ұмтылуы керек.
Шәкәрiмнің пiкiрiнше, түзу адам үнемi өзiн-
өзi жақсылық жолымен жетiлдiруге ұмтылған
адам. Шәкәрiмнiң осы ойлары ғұлама әл-
Фараби ойларымен тоғысып жатқандығын
айта кету жөн. Әл-Фараби: “Адамның өзiн-
өзi жетiлдiруi туралы жетiлушiлiктiң кез-
келгенi адам талпынатын мақсат, өйткенi
жетiлу дегеннiң өзi бiр игiлiк және оның өзi
күмән жоқ адамның қалауы”, – деп көрсетедi
[3].
Әл-Фараби танымындағы рухани
жетiлудi, дамуды Шәкәрімде адамның
өзiнiң iшкi қалауымен байланыстырады.
«Дұрыс өмiрге ұмтылған адам өзiн-өзi
ұдайы жетiлдiруге ұмтылып отыруы ке-
рек», – деп бiледi ойшылдар. Әл-Фараби де,
Абай да, Шәкәрiм де халықтың, мемлекеттiң
жөнделуi адамның жөнделуiне тәуелді
деген пiкiрде. Ірі ойшылдар қоғамның
шаруашылығындағы,
саяси-әлеуметтiк
дамуындағы қайшылықтар, кемшiлiктер
мен қателiктердi адам сапаларының
нашарлығымен байланыстырады. Қазiргi
қоғамда айтылып жүрген “адам факторы”,
“адам капиталы”, “адам ресурстары” ту-
ралы әлеуметтiк концепцияларды ойшыл-
дар өз шығармаларында әлдеқашан бұрын
көтергендерiн айта кеткен жөн.
Ғұлама
ойшыл
әл-Фараби
адам
бойындағы жаман мiнез-құлықтарды руха-
ни жұтаң, яғни, кесел деп есептеген. Және
сонымен қоса адамшылық дегенiмiз адам-
дарды өзара байланыстыратын бастама
деп санаған. Шәкәрiм де адам мiнезiндегi
қарама-қарсы келетiн жақсы мен жаман
қасиеттер жайында:
Адамның ең асылы –
Қиянатсыз ақ бейiл.
Ең зиянкес, жасығы –
Тайғақ мiнез, екi тiл [4], –дейдi.
Осындай салыстырулар арқылы жаман iс-
әрекеттердi баса көрсетiп, одан сақтандырып
отырады.
Мiнiңдi тапса кiм сынап,
Аяғына бар жығыл,
“Қап бәлем” деп кектi ұнап,
Сақтай көрме ойға зiл [5], яғни бұл
жолдардың адамның өзiмшiлдiгiнен арылып,
iшкi дүниесiн қалыптастыруға өзiн-өзi тануға
тәрбиелейтiн танымдық дүние екенiнде дау
жоқ. Ақын үнемi адам психологиясының
қат-қабат сырларына терең бойлап, қандай
да болмасын қиыншылықтарда, жағдайларда
да жақсы қасиеттердi дамыту керектiгiн алға
тартып отырады.
Ақынның:
Адамшылық мiндетiм
Айт дейдi адам iндетiн
Ерiксiзбiн, шын ниетiм,
Алды деме мазамды [6], – деп Шәкәрiм
адамшылықты адам өмiрiндегi негiзгi қағида
деп есептеп, оны адам мен қоғамды өзара
байланыстыратын жолдың бiрi деп санаған.
Ол өзінің азаматтық, ақындық миссиясын
қазақ елінің кемшіліктерін түзеумен байла-
ныстырады. Ұлтты жақсарту негізі тәрбиеде
деп есептейді.
Айла, күш айуандықтың ең жаманы,
Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес.
Ар түзейтiн бiр ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әдiл жеңбес [7].
1915 жылы жазылған бұл өлеңiнiң мәнiсi
тереңде. Бұнда адамның бойында әдiлет,
мейiрiм, ынсап, ақ жүрек, таза ақыл болмай-
ынша, зұлымдық, әдiлетсiздiктер, соғыстар,
зиянды қару-жарақтар, мейiрімсiздiктер,
озбырлықтың жойылмайтынын дәлелдеп
көрсетедi. Сөйтiп, ол әлемдегi елдерде болып
жатқан соғыстар, зұлымдықтың барлығының
адамзатқа еш пайда әкелмейтiнiн көрсетiп,
110
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
оның зиянды табиғатына талдау жасайды.
Сонымен, ақын өз ойларын пайымдай келе,
«ақ жүрек» пен «таза ақыл» адам баласының
рухани игiлiгiне, басты құндылықтарына ай-
налу керек деген тұжырымға келедi.
Шәкәрiмнiң осы ойлары әл-Фарабидiң
мынандай ойларымен үндеседi: “Алдау,
айла және екi жүздiлік дегенiмiз – игiлiк
сияқты болып көрiнетiн пасықтық әрекеттер
iстеу, пасықтықпен пайда табу немесе
пасықтықпен ләззат алу үшiн ненiң қолайлы
және дұрыс келетiнiн мiнсiз ашу», – дейдi
ғұлама әл-Фараби [8].
Шәкәрiм адам өмiрiн түзетерлiк әдiлет,
ынсап, мейiрiм сияқты қасиеттердiң
маңыздылығы қиянатқа жол бермейтiн
бiрден-бiр құрал деп есептейдi. Сонымен
қоса, iшкi дүниенiң мазмұндылығын адамды
нәпсi сияқты тән құмарлығын тыюға, одан
бойды алшақ ұстауға тиiмдi жолдың бiрi
деп, мына өлеңiнде былай дейдi:
Адамның сыртқы жаралысы,
Нәпсiсi айуанмен анық теңдес,
Бөлектігi-жалғыз-ақ таза ақылда,
Әлiң келсе, жол тап та осыны емдес [9].
Шәкәрiм «ақыл» ұғымына терең мән бере
отыра, «таза ақыл» ұғымын ұсынады. Ақыл
ұғымына шығыс поэзиясында ақындар мен
ойшылдар да терең мән берген. Бұл мәселенің
маңыздылығы жөнінде әл-Фараби, Низами,
Науаи және Абай шығармашылықтарында
өз ой-пiкiрлерiмен талай даналық ой айтқан.
Шәкәрiм өлеңдерiнде ақыл ұғымы туралы
осы ойлар өз сабақтастығын табады.
“Жақсы мiнез-құлық пен ақыл күшi бо-
лып, екеуi бiрiккенде бұлар адамшылық
қасиеттер болып табылады, қасиеттер де-
генде бiз әрбiр нәрсенiң игiлiктi жағы,
соның өзiнiң және оның әрекеттерiнiң
абзалдығында және жетiлгендiгiнде деген
мағынада айтамыз [10] ,- дейдi әл-Фараби.
Абай:
Әуелде бiр суық мұз-ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, бiлсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста
Сонда толық боласың елден бөлек [11].
Абай “толық адам” жөнiнде өз ойларын
осылай бiлдiрiп отырады.
Абай
шығармашылығында
«ақыл»
ұғымын «суық ақыл», «нұрлы ақыл»
ұғымдары жиі кездесіп отырады. «Суық
ақыл» мәселесін бір жақты қарастырады.
«Суық ақыл» жаманшылыққа жақын, «суық
ақылдан» салқындық лебі еседі. «Толық
адам» бейнесін суреттегенде «нұрлы ақыл»
ұғымына айрықша мән береді.
«Нұрлы ақылды» адам руханилық пен
имандылықтың әбден биік деңгейіндегі
Жаратушысын сүйген, адамзат пен әділетті
сүйген адам. Ал, Шәкәрім «арлы ақыл», «таза
ақыл» ұғымдарына баса назар аударады.
Шәкәрімнің «арлы ақыл», «ақ жүрек», «адал
еңбек» ұстанымы, «шын таза жан», «түзу
адам» болмысын айшықтайды. «Ақ жүрек»
мейірімділік, махаббат, қайырымдылық,
адалдықты қажетсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |