ИСПОЛьЗОВАННАЯ ЛИТЕРАТУРА:
1.Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. Алма-Ата, «Жалын», 1979 г.
2. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. Москва, «Просвещение», 1966 г.
3. Белов А,П. Художественно-эстетическое образование в средних школах Казахстана.
Диссертация к.п.н., 2009 г.
4. Матюшкин Г.Н. У колыбели истории. Москва, «Просвещение», 1972 5.Неменский Б.М.
Мудрость красоты. Москва, «Просвещение» 1987 г.
6. Дмитриева Н.А. Происхождение искусства. Всеобщая история искусств.
Москва. «Искусство» 1956 г
7. Лантери Э. Лепка., М. «АХСССР», 1963г.
8. Окладников А. Открытие Сибири. Москва «Молодая гвардия», 1979 г
Түйін
Мақалада автор алғашқы қоғамдық тәлімнің өнегесі ретінде әсемдікке тәрбиелеу мен оқытудың
пайда болуы мен дамуын көрсетеді.
Summary
In the article an origin and development are examined in artistic education and teaching on the example
of primitive society.
150
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Л.У.Нукеева –
роман-герман тілдер кафедрасының
аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ
Г.А.Жанұзақова –
оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ
ТЕРЕҢ БІЛІМ, ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ
Бүгінде
Қазақстан
экономи ка лық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру
жолымен орнықты дамып келеді. Тәуелсіз
еліміз нарық ай дынында іскерлік қауқарын
та ны тып, әлемнің дамыған 50 мем ле кетінің
қатарына енуді көздеп отыр. Дамыған және
мықты қо ғам ның тірегі – білім. Адамзаттың
бола шағы ең алдымен, оның интел лек туалды,
ақпараттық, адамгер ші лік прогресіне тікелей
байла ныс ты.
Терең білім мен ұлттық тәрбие жү йесінің
даму бағдарлары мы надай қағидаттарға
негізделген:
- прогрестің факторы, ұлттық байлық,
тұлғалық және әлеуметтік табыстың кепілі
ретіндегі білім;
- бейбітшілік пен келісімді қам тамасыз
етуге ықпал ететін білім;
- баршаға бағытталған білім;
- өмір және еңбек шеңберінде тір шілік
етуді қамтамасыз ететін білім;
- бүкіл өмір барысында іргелі
қажеттіліктерді өтейтін білім;
- ашық жүйе ретіндегі білім;
- ұлттық ойлауды қалып тас тыратын
тағылымды тәрбиеге тәуелді білім;
- патриотизмнің қайнар көзі, ұлт тар мен
ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүруінің кепілі
болатын ұлттық тәрбие.
Бәсекеге
қабілетті
адамның,
қоғамның,
мемлекеттің,
бәсекеге
қабілетті экономиканың, шығармашылық
әлеуеттің
дамуының
берік
тұтқасы
болып табылатын ұлттық тәрбие. Сон-
дық тан да тарихи тәуелсіздік тағылымы
біз үшін білім мен ұлттық тәрбие ұс-
танымы, әлемдік тұтастықтың, парасатты
және шығармашылық әлеуетінің, адам
ресурстарының негізі ретінде жас ұрпақ
санасын жаңа сапалық даму сатысына кө-
теретіні анық.
Ғасырлар
тоғысындағы
жаһан дану
үрдістері әлемдегі барлық елдер мен
аймақтардың өзара кірігуіне, халықаралық
байланыс тардың кең серпінмен дамуына,
рухани-мәдени,
тарихи
қатыс ым дық
жүйені жетілдіруге алғы- шарттар туғызып
отырғаны жаңа дәуірдің жасампаз қуатын
таны та ды. Білім жер бетіндегі мил лиард-
таған адам баласының негізгі іс-әрекетіне
айналды. Білімнің қоғам өміріндегі рөлі
мен орны, оның әлеуметтік функциялары
мен міндеттері, мәселелері мен қарама-
қайшылықтары, оны дағдарысты жағдайдан
шығарудың және маңызды мәселелерін
шешудің тәсіл дері білім саласын зерттейтін
педа гогика ғылымының әдіс намасын, оның
ішінде білім мен тәр биенің әдіснамасын
түбегейлі қайта қарау міндеті бүгінгі таңда
маңызды мәселе болып табылады.
Білім сапасының белгіленген дең-
гейіне жету білім мен ұлттық тәр биенің
ұстанымдарын негіздеу арқылы жүзеге
асыруға болады. Сондықтан биік мақсатқа
ұмтылу үшін ғұлама әл-Фарабидің: «Адамға
бірінші тәрбие беру керек. Тәр биесіз
берілетін білім адамзат тың қас жауы. Ол
келешекте адам өмі рі не және қоғамға үлкен
апат әкеледі» деген аталы ойын негізге алу
ләзім.
Яғни, білімді сіңірту үшін алдымен дұрыс
тәрбие ауадай қажет.
Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық,
халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас
ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі
бағдарлы идеялары еліміздің Президенті
151
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»
Халыққа жолдауында былай деп жазылған:
«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз
мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға
сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге
ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат – жас
ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық
құндылықтар, рухани-мәдени мұралар
сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік
деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу
үшін:
- жеткіншектердің ұлттық сана-сезімін
қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген
құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін
ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын,
мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-
мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық,
сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық
мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді
орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып
отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата
тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін
жастар, тастанды жетім балалар, «қиын»
балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен
аталар, нашақорлыққа салынған жастар,
тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және
олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі
жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені
сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор,
сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан
да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан
бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан
ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол
рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық
құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық,
кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны
арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге, ұрпақ
тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына
байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлерді: Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа
Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати,
Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асан
қайғы т.б. қазақ ақын- жырауларының
мұраларынан, билер мен шешендердің
тәлімдік сөздерінен көреміз.
Көне заманнан-ақ қазақ халқында
жазбаша педагогикалық еңбек жазып
қалдырмаса
да
білгір
педагогтар,
тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір
дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың
мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп
отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой,
адамгершілік, экономикалық, экологиялық,
құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген.
Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін
жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты
жетілген азамат тәрбиелеу болды. Сондай-ақ,
қазақ отбасында адам зиялылығының негізі –
ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой
тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің
шарты болатын білім қорымен қаруландыру,
негізгі ойлау операцияларын меңгерту,
зиялылық біліктері мен дүниетанымын
қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ
халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық
қасиеттің бірі – ар болып есептеледі. Ары
бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік
пен имандылықта болары сөзсіз.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып,
анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын
туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын,
ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген.
«Жеті атасын білу» заң болған. Ата-
бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді
әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын
білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген
ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы
сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан
тегін білуі оның азаматтық, елжандылық,
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады
деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға
тек жеті атасына дейінгі бабаларының
атын жаттатып қана қоймаған. Олардың
қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп
152
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін
жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі
медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға
дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни
ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден,
қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып,
ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен
бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі
күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ
оқушы бойына сіңе бастайды. Ұлттық
тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін
асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді
зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым
елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық
ақпарат құралдары екені даусыз. Елімізде
тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат
құралдарының (БАҚ) маңызы ерекше. Десек
те, жаңа қазақстандық қоғамда теледидар
мен радионы пайдалануға мүмкіндіктер
болғанымен әлі де жеткіліксіз. Қазақтың
айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай
былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай
рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың
қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы
азамат шықпайды». Елдің туын көтеріп,
тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл
бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық
игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы
армандаған мәдени-рухани мұрағаттары
мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім
жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты
міндетіміз болып қала бермек.
Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз
бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы
үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын
жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп,
сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне
шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының
маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан
ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-
кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух,
ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі
мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру
сезімін ояту – баршамыздың парызымыз.
Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды
жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық
сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ
тәрбиелей аламыз.
Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты
мәселе. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
“Қазақстан – 2030” жолдауында: “Оқушы-
ларды Қазақстандық патриотизмге, шығар-
машылық жағынан дамыған жеке тұлға
ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап
ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік
талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп
қалыптасуымыз керек,” – делінген.
Бүгінгі жаһандану үдерісінде бейбітшілік
пен тыныштықты сақтау мәселесі жас
ұрпақ өкілдерін патриотизмге тәрбиелеудің
ұлттық жүйесімен тығыз байланысты қарас-
тырылады. Сондықтан да “мәдениет-тарих-
білім”
макро па ра дигмасы
патриоттық
тәрбиенің өзегі болғандықтан, Жолдауда
“Қазақстан армиясын жаңғыртуды және
оның жауын гер лік дайындығын жетілдіруді
жалғастыруды”
сыртқы
саясаттағы
және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
басымдықтары қатарында қарас тырылуы,
ұлттық білім мен та ғы лымды тәрбиенің
терең тамырын бекіте түседі.
“Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті,
салт-дәстүрі сақтайды” деген ұғымды бастау
етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу
үрдісін шартты түрде мынадай іс-шараларға
бөлуге болады:
- тілді құрметтеу;
- ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;
- елдің тарихы мен мәдениетін оқып
зерттеу;
- ата-бабалар өсиетін орындау;
- жер байлығы мен табиғатты қасиеттеу.
Патриоттық сезімнің нысаны мен
азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан.
Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның
табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі,
мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған
өлкедегі киелі орындары. Олардың адам
санасына жылылық, жақындық, туысқандық
сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің
бастауына
айналуы
–
патриотизмге
тәрбиелеудің
арқауы .
Адам
бойына
153
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
патриоттық сезімнің қалыптасуына отбасы
тәрбиесі әсер етеді. “Ел болсам десең, бесігің-
ді түзе”, – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов.
Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен
тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар
бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып
үлгілері мен өнегелері соның айғағы.
Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын,
мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы
тиіс. Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі,
бала-шағаның баянды болуы жастардың
тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына
байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге
де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтарды
игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірибе
жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға
болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.
Жастарымыздың бойына елжандылық,
азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік
сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана
Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай
түседі.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің
бағдарлы идеялары еліміздің Президенті
Н.Назарбаев
мемлекеттік
идеология
мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере
келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға
арналған тарихи зерде кешенінде мен
Қазақстандық
отаншылдық
сезімін
тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда
тұратын әрбір адам осы елдің перзенті
ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп,
болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз
ілгері баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз
басты мақсат етіп алдына қойса, оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке
көмек берсе, сонда ғана Президентіміздің
қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50
елдің қатарына кіруге еңбек ететін XXI
ғасырдың азаматын тәрбиелейміз. Осыған
орай, мұғалім (тәрбиеші, сынып жетекшісі,
ата-ана) қазақ жастарының келбетін
қалыптастыруда мектеп, ЖОО тәрбие
жұмысында
төмендегідей
қасиеттерді
қалыптастыру керек:
- өзгеріп жатқан өмір жағдайларына
бейімделе білу;
- әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы
мен сеніміне, идеалына және ізгіліктік
құндылықтарға сүйене отырып, мақсат қоя
білуі керек;
- ұлттық санасы, азаматтылық отангерлік
қасиеттері болып елінің экономикалық және
мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны
бар зиялы мемлекет болып қалыптасуына,
қатысуға талпынуы керек;
- заңды сыйлап және әлеуметтік
жауапкершілікті болуы қажет, азаматтық
ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы
болуы керек;
- өзін объективті бағалайтын және өзін
дамытатын қабілеті болып, өз потенциалын
(қабілеті, мүмкіншілігін) сезініп, оны іске
асыра білуі керек, өздігінен шешім қабылдап,
оны шеше білуі керек, алдына мақсат қойып,
қажет және не нәрсенің алдын ала білуі
қажет;
- өмірде бар жағынан жоғары әлеуметтік
белсенді болуы керек, жаңаны іздеуге өмірлік
және кәсіптік мәселелердің стандартты
емес шешімдерін табуға, әлеуметтік-
экономикалық жағдайда бәсекелестікке
қабілетті болуы керек;
- жанашыр, өнегелі, парасатты, басқа
ұлтты, басқа діндегі, басқаша ойлайтын
адамға шыдамсыздық пен жаугершілік
көрсетпейтін қабілеттері болуы керек;
- өз денсаулыған қалпына келмейтін
өмірлік ресурс ретінде бағалау;
- әлемдік және ұлттық мәдениет
байлықтарын бағалай білуі керек.
Жан-жақты жарасымды дамыған,
мәдениетті,
білімді,
шығармашыл
ұрпақ
тәрбиелеу
халық
арманы.
Шығармашылықтың қайнар бұлағы –
ғылыми білім. Педа го гикалық қызметте
көптеген факторлар өзара байланыста
жүреді. Дегенмен, қайталанбас жағдаяттар да
туындап отырады. Тәрбиелік үдеріс алдымен
жо бада, сосын педагогикалық болмыста қайта
жаңғырады. Оқушының, студенттің тұлғасы
қайталанбас құбылыс. Тәрбие объективті
және субъективті факторлардан тұрады.
154
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Объек тив ті факторларға елдің әлеуметтік-
тарихи ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, ал
субъективті фак торларға педагогтардың тұл-
ғалық қасиеттері, олардың педа го гикалық
шеберлік
деңгейі,
дара-типологиялық,
психоло гия лық
ерекшеліктері,
тәрбие
үде рісіне
қатысушылардың
тұл ға лық
бағдарлары жатады.
Тәрбиелік өлшемдер:
- жалпыадамзаттық, гума нис тік үстем
идеяларды меңгеру дәрежесімен;
- қоғамның этикалық нор ма ла ры мен
эстетикалық құнды лық тарын меңгерумен;
- тәрбие үдерісінде қалып тас қан тұлғаның
сапа-қасиет терінің дең гейі және сатылы
құры лымы мен анықталады.
Тәрбие – нақты мақсат маз мұн мен
әдістердің сәйкестігін керек ететін мақсатқа
бағыт тал ған үрдіс. Тәрбие мақсат пен әдіс тің
бірлігі арқылы анықта ла ды. “Америкалық
сөздікте” тәрбие адамның қабілеттерін, қа-
рым-қатынастарын және мінез-құлықтың
формаларын да мытатын барлық үдерістердің
жиынтығы деп көрсетілген. Тәрбие қоғамның
әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайымен
байланысты нақты тарихи құбылыс болып
табылады. Білім беру мен тәрбиелеудің
мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы
Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған
жөн. Ол “Мектеп бітіріп шыққан соң бала
бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне
білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен
қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін
түпкі мақсаты осы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Тәжібаева С.Ғ., Қалиева Г.И. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру
тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2005.
2. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. –Алматы: “Қазақстан
мектебі” № 3, 2007.
3. Әбішқызы С., Сарманов Ж. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние», 2008.
4. Керімбаева М.С. «Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің рөлі». – Астана,
2007.
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 1999.
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана,
2003.
Резюме
В статье рассматривается необходимость воспитания молодежи в национальном стиле и его
роль в формировании личности.
Summary
The article deals with the necessity of upbringing the youth in the national style and its role in
formation of individuals.
155
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
А.Е.Садықова –
Жаңартпа технологиялар және білім беру
мазмұнын ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері,
Абай атындағы ҚазҰПУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ РӨЛІ
Әрбір халық – тарихтың қайталанбас
жаратылысы. Сондықтан да, ешкімге
ұқсамайтын бет-бейне мен рухани бітімге
ие қазақ мәдениетінің әлемдік өркениет
пен мәдениетке өлшеусіз үлес қосқаны
белгілі. Ұлы далада өмір сүрген түркі
халықтардың ішінде қазақтар да көшпелі
салтын сақтап, көшпелі және қала
мәдениетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Бүгінге дейін жүргізілген тарихи-мәдени
зерттеулер көрсеткендей, аң стилі, жетік
дамыған сәулет өнері, әскери тактика, қару-
жарақтардың түрлері т.б. айтпағанда, От-
ырардан табылған бай кітапхана, бай ауыз
әдебиеті, Қасым ханның қасқа жолы мен әз-
Тәукенің «Жеті жарғысынан» басталатын ел
билеу, басқару жүйесі мен шарттары, көне
Тараз моншалары, генетикалық тазалықты
сақтау, мүшел жас, күнтізбелік жыл қайыру,
айтыс өнер, шығыстың сәулет өнерінің эн-
циклопедиясына баланған, әлі күнге дейін
ешбір құпиясын ашпай отырған кесенелер,
ер қанатына баланған – жылқы малының
қасиетін танып, меңгеруі, бүгіндегі тізімге
алынған 25000 ескерткіштің тіркелуі т.б.
қазақ өркениетінің деңгей-дәрежесін
қаншалықты екендігін дәлелдейді. Ал,
ата-бабаларымыздың шеттерінен ақын-
импровизатор болғаны, табиғатқа үлкен
қамқорлық жасап, өмірге ерекше құштарлық
танытып, батырлық пен ерлік, отансүйгіштік,
адамгершілік, мейірімділік, ізгілік секілді
іңкәр сезімдермен тіршілік кешті. Осының
нәтижесінде адам болмысы дүниетанымдық
пен әлеуметтік мәселенің ортақ негізіне айна-
лып, жақсы өмірге деген құлшыныстар арт-
ты. Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа
ерекше мән берілді [1].
Солар сияқты түркі халықтарының ми-
фологиясында ғарыштың құрылымы да
ерекше бейнеленген: жеті қат Жер бар, онда
Көктебе тұр, Көктебеде Көктерек өсіп тұр,
ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз
үйдің құрылымына да ұқсас. Сондықтан да,
қазақ халқы киіз үйінің жасалуында үлкен
философиялық ой-тұжырым жатыр, және
де қазақ өркениетінің көрінісі де осында жа-
тыр.
Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі
бейненің бірі – алып бәйтерек. Дүниежүзілік
ағаш таңбасы өрлемелік қозғалысы, Жер
мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді.
Осы биік бәйтеректен эпос батырлары аспан
денелеріне өрмелеп жете алатын болған.
Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі
оның жоғары және орта дүниені үшінші
әлем – төменгі дүниемен байланыстыру-
ында. Тірілер әлемі өткен кезбен, әруақтар
аймағымен қатынасын үзбейді. Көктеректің
тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-
желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді
төменгі дүниеден алады. Осы күндері бас
қаламыз – Астанада бой көтерген «Бәйтерек»
– ата-дәстүр мәдениетіміздің символикалық
жаңғыруы десек еш қателеспегеніміз.
Сонымен қатар, түркі халықтарының
мәдениетінде Аспанмен қатар оның
шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті,
қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл
мағынада, әсіресе, Күннің атқаратын
рөлі ерекше. Қазақ миф-аңыздары мен
ертегілерінің кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн
астындағы Күнікей және т.б. деп бекер
атамаған. Бұл мәдениет солярийлік, яғни
күндік деп аталады. Бұл мәдениет күн
мен адамның тығыз байланысты екендігін
156
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
көрсетеді. Мұндай мәдениеттің көріністері
іспеттес жәдігерлеріміз көптеп кездеседі.
Мысалы, ғалымдар тапқан Саймалы-Таш,
Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген
басы күн тәрізді құдайлар мен адамдардың
петроглифтік суреттері. Мұнда Күннің
нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек
басты антропоморфтық кескіндер тасқа
қашалынып салынған. Күнді құдай ретінде
бейнелеу Шығыстағы көне өркениеттерге
тән құбылыс. Сол сияқты Арыс өзенінің
бойындағы
Алтынтөбеде
көптеген
«алтынбастылардың» кескіндері бейнелен-
ген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы – Көк
Тәңірінің негізі болды [2,125 б.]. Күнбасты
адамдарды бейнелегенде олардың рәміздік
мазмұны алдыңғы қатарға шығады: 1) күн
– тіршіліктің бастауы; 2) көшпелілердің
киіз үйіне жоғарыдан төмен қарағанда ол
сәулесін шашқан күнге ұқсас. Бұл туралы
жоғарыда айтып кеттік. Шаңырақ – күн,
уықтары –сәулелер; 3) арбаның дөңгелегі
мен күннің арасындағы құрылымдық изо-
морфизм; 4) көз және күн адам үшін
маңызды, екеуін де шырақ деп атайды. Мы-
салы, халқымыздың арасында сақталған
«шырағым» сөзі – өте ыстық жақындықты
білдіреді; 5) адамдағы басты және терең
сезім – «ыстық махаббат» деп аталады; т.с.с.
Осындай мәдениетіміздің жиынтықтары
Есік қаласы жаңынан табылған «Алтын
адамның» бойында тұнып тұр. Бас киіміндегі
нұрын шашып тұрған күннің бейнесі – сол
кезде ел билеуші әмірші екендігін білдірсе,
жанынан табылған алтыннан жасалған
түрлі тұрмыстық заттар сол дәуірдің
наным-сенімінен хабардар етеді. 1970 жыл
Алматы облысындағы есік қорғанынан
табылған «Алтын адам» IV ғасырда өмір
сүрген сақ ханзадасы деген болжам бар.
Бұл археологиялық олжаны тапқан тарих
ғылымдарының докторы Кемел Ақышев бо-
латын. «Алтын адамның» бойындағы қаруы
да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік ал-
тыннан құйылған. Бұл ең алдымен, киімнің
ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің
дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің
өзінде-ақ түсті металлургияның қыр-сырын
меңгерген тайпалардың өмір сүргенін
куәландырғандай.
Аталмыш
олжаның
көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға
қойылды, кейін қазақ елінің басты символы
ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге
шығарылды. Оңтүстік астананың орталық
алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік
монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын
адам».
Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы
екі «Алтын адам» табылды. Екінші «Ал-
тын адам» 1999 жылы Атырау облысының
Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны
қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының
кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген.
Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жа-
татын осынау алтынмен көмкерілген жан-
ды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар
сарматттардың көсемі деген қорытындыға
келген екен.
Ал, үшінші «Алтын адам» 2003 жылы
табылған. Профессор, тарих ғылымдарының
докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған ар-
хеологтар қауымы бұл олжаны Шығыс
Қазақстан облысының Шілікті жазығынан
қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша,
бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі
VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен ет-
кен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан
жасалған аң-құс белгілеріне қарағанда
сақ патшасына келетін бұл әлі де зерттелу
үстінде.
Яғни, бұл мысалдардан байқайтынымыз,
біздің төл мәдениетіміздің өте бай және тым
арыдан басталатыны.
Күнмен қатар қастерленген аспан шырағы
Ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде
Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы,
көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған.
Қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік, арулық
Аймен теңестіріледі. Мысалы: «Қыз Жібек»
жырындағы «Туған айдай толықсып, бұралып
кетіп барады» жыр жолдары, «Алпамыс»
дастанындағы «Жалғыз қызы Гүлбаршын
– он бесте толған ай еді» т.б. бұл жерде тек
қана эстетикалық мәдениет қана беріліп
157
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тұрған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойын-
да жинақталған философиялық өркениет те
тұнып тұр.
Сондай-ақ,
қазақтың
дәстүрлі
мәдениетінде жұлдызды аспанның алатын
орны да ерекше. Егер, нұрланған Ғарыш Хаос
(ретсіздік) пен Гармонияның (үйлесімдік)
мәңгілік күресі нәтижесінде адамдықтың,
ізгіліктің, тәртіптің ұтуы арқылы қалыптасса,
онда осы тәртіптің, яғни жұлдыздардың
орналасу реттілігінің бұзылуы үлкен
бақытсыздықтың белгісі ретінде есеп-
телген [2,126 б.]. Демек, тұрақтылық пен
тәртіптің таңбасы болған әрбір жұлдыз адам
тағдырына тікелей қатысты болған. Аққан
жұлдыз өшкен шаңырақпен, бұл дүниеден
кеткен тұлғамен теңестірілген.
Әркімнің жұлдызы – бақытының
көрсеткіші. Бұл жерде адам өмірінің
шектілігін аңғарып қайғырудан, мәңгілікке
қарай ұмтылыс мүмкіндігін жариялау басым
тұр. Дәстүрлі мәдениет тұлғасы өлімнен
қорықпаған. Оны ғарыштық күштердің
өзіндік заңдылықтары деп түсінген. Бұл
жөнінде де халық арасында сақталған
«Жұлдызым жоғары» деген ырым сақталған
болатын.
Бұл
мысалдардан
байқайтынымыз,
«көшпелілердің»,
түркілердің,
соның
ішінде, әсіресе, қазақ халқы ғарышты игеру
тәжірибесі адамзаттық рухани қозғалыстың
терең бір арнасы болып саналады.
Өз кезегінде әрбір мәдениет басқа
мәдениеттермен өзара тұтастықта даму
жолын белгілеп, басқа ел, ұлттардың
мәдениетіне үлкен құрметпен қарап,
диалогтық қарым-қатынас жасауы қажет. Бұл
оның өзіндік дамуын жоғарылатумен қатар,
әлемдік мәдениеттегі өз орнын бағамдауға
жағдай жасайды. Кез келген қоғамның
өнегелі бейнесі өзге ұлттар мен басқа
халықтардың мәдениетіне деген қарым-
қатынасынан байқалады. Басқа өркениеттің
құндылығы мен жетістігін құрметтеу, оның
дәстүрлі түрде дамуына мүмкіндік беру-
ден әлем мәдениеті басталады. Міне, өзара
рухани байланысу процесінде рухани-
мәдени эгоизм сеңі бұзылып, өзге мәдениет
құндылықтарын, өркениеттер диалогының
маңыздылығын жетік түсінуге болады.
Жалпы адамзат баласы жасаған мәдениет
негізінен екі түрге бөлінеді. Біріншісі – руха-
ни мәдениет болса, екіншісі – материалдық
мәдениет. Рухани мәдениетке музыка,
әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін
өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа
байланысты күнкөрісінен туған дүниелері
материалдық мәдениетті құрайды екен.
Рухани мәдениетіміз – төл әдебиетіміздің
ежелгі бастаулары б.з.б. ІІІ-І ғ.ғ. пайда болған
«Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Атилла»,
«Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандарын-
да жатыр. Бұл жазбалардағы оқиғалардың
халқымыздың арғы тарихымен тығыз бай-
ланыста өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы
ғылыми iзденiстер барысында толық
дәлелдендi. Мысалы, Орхон-Енисей жазба
ескерткiштерi ұлттық әдебиетімізге тiкелей
қатысты үш түрлi мәселенiң басын ашып
бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң
түп-тамыры Түрiк қағандығы тұсынан баста-
латыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң
кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен
өнерiнiң болғанын айғақтады. Үшiншiден,
жазба жәдiгерлер поэтикалық қуатымен, та-
рихи шежiрелiк сипатымен және ой тереңдiгi,
мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан
түркi тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары
дәрежеге жеткенiн көрсеттi [3, 31 б.].
Кейін түркі тайпалары қауымдастығынан
бөлініп шығып, өз алдына жеке ел бо-
лып, қазақ хандығының құрылуы дәстүрлі
мәдениетіміздің өркендеуіне зор ықпал
етті. Бұл кезендегі мәдениет, өнер, әдебиет
бұрынғы қазақ даласын жайлаған түркi
тайпаларының ғасырлар бойы жасаған руха-
ни қазынасының дәстүрлi жалғасы ретiнде,
көркемдiк дамудың тарихи сабақтастығы
принципiне сай дами бастады. Қазақтың
халық ауыз әдебиетi ұлттық сипат алып,
жанрлық түрлерi көбейдi, әсiресе жаугершiлiк
заманның эстететикалық талап-тiлегiне
сай эпостық жырлар молая түстi. Ұлттық
әдебиеттiң өзiндiк ерекшелiгiн танытатын
158
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ақын-жыраулар поэзиясы кеңiнен қанат жай-
ды. Қазақ жыраулары ертедегi түркiлердiң
жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық,
жанрлық, көркемдiк, образдылық, өлең
құрылысы жағынан байытып, өркендеттi.
Жыраулар поэзиясы философиялық ой-
толғамды,
дидактиктикалық
насихат-
ты жалғастыра отырып, отаншылдық,
патриоттық сарынды, лирикалық, реалистiк
суреттеудiң алғашқы белгiлерi мен әдебиетке
халықтық сипат әкелдi, сөз өнерiнiң халық та-
рихы мен өмiрiне тығыз байланыстылығын,
ел мұңын жырлау идеясын кiргiздi.
Осы тұста баса айтатынымыз дүние
жүзі елдерінің ішінде екі-ақ елде ғана эпос
жанры өркендеп дамыған екен. Оның
бірі – Қазақ елінде және екіншісі – қырғыз
халқында екен. Бірақ, қазақ ұлтының эпос
жанры басқа түркі халықтарының ішінде өте
бай жанр. Оны өзімізге таныс бала күннен
жатқа білетін батырлар жыры (эпостық) мен
лиро-эпостық дастандар, тарихи жырлар
және жыраулар поэзиясынан көре аламыз.
Бұлар қазіргі қазақ әдебиетінің өз алды-
на мол мұрасы болып саналады. Мысалы,
«Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын»,
т.б. батырлар жыры жастарды патриоттық
сезімге баулыса, ал «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» т.б.
лиро-эпостық дастандарымыз ұрпақ бойына
адал махаббат пен сүйіспеншілік сезімдерін
дарытады. Ал, Асан Қайғы, Бұқар жырау,
Үмбетей, Доспамбет, Қазтуған сияқты жы-
раулар поэзиясы гуманистiк, философиялық
ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар
биiгiне шығара алды.
Одан кейінгі жазба әдебиетіміз де өз
биігінен көріне алды. Тұтастай алғанда
қазiргi уақытта қазақ әдебиетiмен қоса, ән-
би, күй, сәулет өнері де әлем өркениетінде өз
орны бар, тарихы бай, жан-жақты жетiлген
дәстүрлi мәдениет болып қалыптасты.
Солардың ішінде әлемдік өркениетке өз
үлестерін қосқан туындыларымыз бен ақын-
жазушыларымыз,
әнші-күйшілеріміздің
саны қанша ма. Олардың қатарына поэзияда
өзіндік өрнек салып, жаңа бағыт әкелген хакім
Абай, тірі кезінде еуропа жұртшылығы «ХХ
ғасыр Гомері» ретінде мойындаған жыр алы-
бы Жамбыл Жабаев, Ұлы Қытай халқымен
қоса бүкіл дүниежүзі елдері поэзия өрнегіне
таңдай қағып тамаша қалып отырған Елібай
ақын (Ли Бо), Париж елінде кең диапозон-
ды даусымен еуропаны дүр сілкіндірген
Әміре Қашаубаев пен небәрі он тоғыз ғана
жасында әлем халқын өз өнеріне бас игізген
жез таңдай бұлбұлымыз Күләш Бәйсейітова,
бұлбыл әнші Бибігүл Төлегенова, он сегіз
жасында «Алтын орфейді» ұтып алған әнші
қызымыз Роза Рымбаева, төкпе күйдің атасы
Құрманғазы, Ықылас, домбырасының үнімен
дүниені күмбірлеткен Дина Нүрпейісова,
қобызымен дүниені күңіренткен Қорқыт,
ұлт табиғатымен ән-жырлары біте қайнасқан
арқаның серілері – Ақан сері, Біржан сал,
Мәди ақын, толықсыған биімен дүниені
дөңгелеткен Шара Жиенқұлова, буынсыз
биші, үкілі аруымыз Шұғыла, скрипкасының
сиқырлы үнімен еуропаны сиқырлаған Айжан
Мұсаходжаева, «Ұлытау» тобы, мұхиттың
арғы-бергі бетін әскери шеберлігімен тәнті
еткен хас батырымыз Бауыржан Момышұлы,
қылқалам өнерінің хас шебері Әбілхан
Қастеев (Ә.Қастеев атындағы МӨМ ЮНЕ-
СКО жанындағы беделді ИКОМ халықаралық
музейлер қауымдастығының мүшесі болып
табылады) және т.б. жатқызуымызға бола-
ды.
Мұндай өркениет сәулет өнерінде де өз
жалғасын тауып келеді. Тым арыға бармай-
ақ, қазіргі күні еліміздің салтанатын арт-
тыратын сәулет өнерінің озық үлгілерін
мысалға келтіруге болады. Бұл ғимараттар
тек әдемі үйлесімділігімен ғана емес, рухани
мәдениетіміздің жалғастығы жағынан тари-
хи құндылығы зор.
Осы тұрғыда біз өткен дәуірдің
мәдениеті мен оның озық үлгілеріне көбірек
тоқталамыз. Мұнымен ғана шектеліп қалмай,
қазіргі күні жүріп жатқан мәдени үлгілерге
тоқталып,
олардың
этика-эстетикалық
қырларын ашып отырған жөн деп ойлаймын.
Сондықтан, жоғарыда аталып өткен рухани
мәдени мұрамыздың асқан үлгілерімен қоса
159
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
материалдық төл мәдениетімізді паш ететін
қазіргі дамыған Қазақстанда бой көтеріп
жатқан жаңа ғимараттарды мысалға ала от-
ырып, оқушы танымын арттыруда тәрбиелік
те, білімдік те пайдасы мол жағынан
қарастырудың маңызы зор. Солардың біразын
атап өтейік. Жоғарыда айтып кеткеніміздей
бұрынғы астанамыз Алматы қаласындағы
«Тәуелсіздік монументі» логотипі мен фар-
фор кәде-сый табағы. Мұндағы қанатты
барыс үстіндегі Алтын адам – Қазақстан
тәуелсіздігінің символы.
Ал, еліміздің жүрегі – Астана қаласының
көк тіреген биік-биік ғимараттары сұлудай
сылаңдап, әйнектері бұлт арасынан
сығалаған күннің көзіне жалтырап, алыстан
манаурап көрінеді. Бас қаламыздың сал-
танатын арттыратын сәулет өнерінің озық
үлгілерін таныстыра отырып, жастардың
танымдық
дүниетанымын
арттыру,
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда
көп септігін тигізбек. Атап айтар болсақ,
«Ақорда», «Астана Триумфы», «Пирами-
да», «Тәуелсіздік сарайы», «Хан шатыры»,
«Бәйтерек», «Қазақ елі» және тағы басқалар
ХХІ ғасырдағы мәдениет пен сәулет өнерінің
ең озық үлгілері болып саналады. Бұл
аталған рухани-мәдени әр сәулет өнерінің та-
мырында тәрбиелік мағына жатыр. Мысалы,
«Астана-Бәйтерек» монументі қазақтардың
рухани мәдениеті мен қазіргі технология-
лар аралығында үйлесімділік таба білген.
«Астана–Бәйтерек»
монументі
жалпы
тек архитектурлық ескерткіш емес, біздің
мемлекеттің өткенінің, қазіргі күнінің және
болашағының айқын көрінісі. «Бәйтерек»
жас, күшті, өсетін ағашты білдіреді ол өзінің
тарихи тамырын сақтап қалған, мықты
тірегі бар және болашақтағы дамуына
бағытталғандықтың символикасы. «Астана-
Бәйтерек» монументі барлық әлемдік
бірлестік үшін тәуелсіз Қазақстанның сим-
волы болып табылады. Ата мәдениетімізді
ұрпақтар жадында жаңғыру мақсатында
салынған «Хан шатыры» – елімізді әлем
жұртшылығына әйдік өркениетімізді паш
етер әдемі ғимараттың бірі. Аса ауқымды
сәулет – тәуелсіз еліміздің дамуы мен
гүлденуінің айғағы, киіз үй пішіндес
салынған сыртқы түр-тұлғасы ертеден
мұра болып келе жатқан қазақ мәдениетінің
жарқын көрінісі. Ал, пирамида үлгісінде
соғылған «Бейбітшілік және келісім» сарайы
болса өзінің ғажайыптығымен адамдарды таң
қалдырады. Ол зорлық-зомбылықтан бас тар-
ту және адамдардың теңдік және сенім сим-
волы діни түсініктің ғаламдық орталығына
айналды. Пирамиданың биіктігі 62 метр, ал
жалпы ауданы 25мың 500 шаршы метрді
құрайды. Пирамиданың алғашқы бірнеше
деңгейін 1500 орындық опера залы алады. Бұл
ғимараттың астында Қазақстан мәдениетінің
ұлттық музейі, өркениет Университеті, көрме
және концерт залдары, кітапхана, сонымен
қатар әлем діндерін зерттеу орталығы
орналасқан. Дәстүрлі дін және конференция
басшыларының басқосуларын өткізу үшін
пирамиданың жоғарғы жағында Қазақстан
байрағының ұлттық түсімен әшекейленген
200 орындықты зал орналасқан. Сондай-
ақ, Елорда төрінен бой көтерген «Қазақ
елі» монументі – ғасырдан-ғасырға, атадан-
балаға мұраға қалатын айрықша рәміз. Ол –
біздің бабалар аманатына адалдығымызды,
ұрпақтар алдындағы парызымызды, аялы да
асыл үмітімізді бейнелейді.
Осы сияқты тамаша сәулет өнерлерінің
бесігі болып отырған Астана бүгінде бүкіл
әлемге – «Орталық Азияның гаухары», «Ар-
ман қала», «Болашақтың – жаңа символы»
ретінде танылды. Астана – Отанымыздың
жүрегі, Халқымыздың – тынысы. Ұлттық
жаңғыруымыздың, рухани өрлеуіміздің
рәмізі, берік негізі. Бас қаламыз – еліміздің
өркендеуінің айқын нышаны, сенімінің ал-
тын бесігі. Астана – шын мәнінде, біздің
ұлттық идеямыз, болашаққа бағдарымыз.
Демек, бұл сияқты мысалдардан
байқайтынымыз, ХХІ ғасырға қадам
басқан Адамзат бүгінгі таңда өркениеттің
өзгеше даму кезеңінде ерекше көңіл бөліп
келеді екен. Ұлы өзгерістер мен қоғамдық
дағдарыстар тұсында кез келген халық
өзінің мәдениеті мен өркениеттің өркендеу
160
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
барысында, оның тарихи тағдыр-талайына
мән беріп, ой-тоғытқаны орынды. Өйткені,
өркениеттің дамуы және олардың өзара
бәсекелесуі қоғамның, мемлекеттің, жеке
адамның өмірі мен тұрмысына жаңалықтың
жаңа лебін әкеліп, жаңаша әлеуметтік аху-
ал қалыптастыруы әбден ықтимал. Қазіргі
таңдағы әлемдік өзгерістер міндетті түрде
қазақ халқына әсер ететіні сөзсіз. Сон-
дай ғаламдық өзгерістер қазақ халқына оң
әсерін тигізу үшін не істеу керек? Іргесі
берік, рухы биік, озық өркениетті мем-
лекетке айналуымыз үшін, бірінші ке-
зекте, өткен ғасырларға әділетті көзбен
қарай отырып, өз ата тарихымызды ой
елегінен қайта қайта өткізіп шығуымыз
қажет-ақ. Өйткені, республиканың бүгінгі
халқы, ертеңгі жас өскіні дұрыс, шыншыл
бағыт ұстануы үшін, өз ата-бабаларының
өнегелі, алғыр қасиеттерімен қатар, өз
мүдесінен гөрі ел мүдессін ойлаған, рухы
шарықтаған тұстарын білуі шарт. Өткен
мұраға көзқарсымызды жаңарту арқылы
халқымыздың философиялық мәдениетін
көтеру – қазіргі заманғы дүниежүзілік өзекті
проблеманың бірі екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |