Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

АҚ ЖҮРЕК 
 
МЕЙІРІМДІЛІК 
МАХАББАТ
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 
АДАЛДЫҚ
 

111
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Шәкәрім:  
Ақ  жүрек пен  Таза  ақыл,
Қылсаң  Адал  еңбек
Бәрінен  де сол мақұл
Артқыға  жол бермек.
Адамның  өзiн-өзi  тануы  жөнiнде 
Шәкәрім ақын көп тұжырымдарын өлеңдері 
мен поэмаларында және мәнді сөздерінде 
кеңінен  суреттейді.  Адам  тәрбиесі  –  ұлт 
тәрбиесінің  негізі.  Адамы  түзу  қоғамның 
әлеуметтік  жағдайы,  мәдениеті,  тілі  мен 
ділі де  түзу  болары  сөзсіз. Адам мінезінің 
қалыптасып, жетілуінің негізгі тетіктері мен 
көздері  ойшылдардың  толғаныстарында 
басты мәселе ретінде қолға алынады. 
Соның бiрi:
Ойға түстiм толғандым
Өз мiнiмдi қолға алдым.
Мiнезiме көз салдым,
Тексеруге  ойландым  [12],  –  дейдi 
Абай.  Абай    «Отыз  екінші  қара  сөзінде»: 
«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез де-
ген сауыт болады.  Сол  мінез бұзылмасын.  
Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің  
орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа 
шайқалып  қала  берсең,  мінездің  беріктігі 
бұзылады.  Онан  соң  оқып  үйреніп  те 
пайда  жоқ.  Қоярға  орны  жоқ  болған  соң, 
оларды қайда  сақтайсың? Қылам дегенін 
қыларлық,  тұрам  дегенінде  тұрарлық 
мінезде  азғырылмайтын  ақылды,  арды 
сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? 
Бұл  беріктік  бір  ақыл,  ар  үшін  болсын». 
Адам мінезінің  әрекеттен барып әдет ту-
ындайтынын  және  де  одан  кейін  мінез 
қалыптасатынына  әл-Фараби  айрықша 
тоқталған. Абай: 
«Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл-суаты,
Махаббат 
қылса 
тәңірі 
үшін».  
Ойшылдардың  адамның  болмысы  жай-
лы  ой-толғаныстарында  ұқсастық  пен 
сабақтастық айқын көрініп тұр. Адамның 
мінез-құлқының  қалыптасуына  үлкен 
мән  бере  отырып,  ойшылдар  өзін-өзі 
тәрбиелеудің қажеттілігі туралы ойды баса 
айтады. Адамның өз ішіне үңілуі, өзін-өзі 
тануы, өзіне баға бере алуы өте маңызды. 
Бұл  жөнінде  Абай  былай  дейді:  «Егер  де 
есті  кісілердің  қатарында  болғың  келсе, 
күнінде  бір  мәртебе,  болмаса  жұмасында 
бір,  ең  болмаса  айында  бір,  өзіңнен  өзің 
есеп ал? Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі 
өміріңді  қалай  өткіздің  екен,  не  білімге, 
не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде 
өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің. Жоқ, 
болмаса,  не  қылып  өткізгеніңді  өзің  де 
білмей қалыпсың.» Өзінен-өзі есеп алудың 
өзі,  жақсы  мен  жаманды  ажырата  алып,              
«бес  асыл  істі»  тануға,  «бес  нәрседен 
қашық болуға» жетелейді. 
Абайдың    қара  сөздеріндегі  ұлттық 
тәрбиеге  қатысты  қойылған  мәселелердің 
мәні  қазіргі  кезеңде  іс  жүзіне  асырылып, 
тәжірибеге айналдыру міндеттеріне байла-
нысты. Қара сөздеріндегі  адам тәрбиелеу, 
түзету, мінезге айрықша тоқталуы да қазіргі 
тәрбие  мәселесіне  берері  мол.    Тәрбие 
мәселесінің негізі – адам тәрбиесінде. Ен-
деше  тәрбие  мәселесін  барлық  жағынан 
қамтыған  Абай  қара  сөздерінің  жастар-
ды  тәрбиелеуге  бүгінгі  күннен  бастап 
жүзеге  асыру  маңыздылылығы  алды-
мызда  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Абай 
шығармаларында 
өлеңмен 
берілген 
тұстарында  кездесетін  тәрбиеге  байла-
нысты    кездесетін    ойлардың    негізінде 
пайдаланып,  ұлттық  тәрбиеге  қатысты 
тұжырымдарын  алуға  болады  деп 
есептейміз.  Адамның  өзінен-өзі  есеп 
алудың  жолын  он  бесінші  қара  сөзінде 
айтқан  ой-пікірін  мынандай  схемамен 

112
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
бердік:
Абай  ойларынан,  оның  терең  фило-
софиясымен  ой  теңестiрген  Шәкәрiмнiң 
адамның өзiн-өзi тануы жөнiндегi пiкiрлерi 
үнемi  сабақтасып,  жалғасып,  бiрiн-бiрi 
толықтырып отырады.
Белгiлi  ғалым,  абайтанушы  Мекемтас 
Мырзахметұлы былай дейдi: «Абай  адамның 
өзiн  тануы  жөнiндегi  ғылымға,  яғни  адам 
жанының  сырына  өз  шығармаларының 
өне  бойында  мол  тоқталып,  өз  танымы 
тұрғысынан  көптеген  тың  ойлар,  жаңаша 
тұжырымдар  айтқан  дербес  ойшыл  ақын 
[13]». Адамның өзiн-өзi  тану  танымына екi 
ойшыл осылайша пікір айтып, ойлары мен ой 
танымы тоғысып, үндесіп жатады. Екi ақын 
да өз заманының қат-қабат құбылыстарына ой 
жүгiртiп, салыстырып, ой-түйiндер айтады. 
Әрине, әрбiр халықтың рухани мұраларында 
әлемдiк ортақ руханилықты байыта түсетiн 
құнды  ой-пiкiрлер  болатыны  белгiлi. 
Мiне,  осындай  қазiргi  адамзат  қауымының 
өзара  қарым-қатынасындағы  имандылық, 
қоғамдағы  адамгершiлiк  мәселелерiне, 
адамдардың рухани құндылықтарын шыңдай 
түсiп,  тәрбие  мәселелерiн  жақсартуға 
өз  үлестерiн  қосатыны  сөзсiз.  Абай  да, 
Шәкәрiм  де  өздерi  өмiр  сүрген  ортадағы 
зорлық  пен  зомбылықты,  жақсылық  пен 
жамандықты,  сатқындық  пен  адалдықты, 
осылардың ара жiгiн ашып беруге тырысып, 
оған  өз  шығармашылықтарын  арқау  еттi. 
 
 
АДАМ 
ЕСЕП АЛУ 
КҮНІНЕ БІР
 
ЖҰМАСЫНА 
БІР
 
АЙЫНА БІР
 
Абайдың «толық адам» концепциясы
 
Концепция 
Толық адам сапалары 
Сапаны құрастырушы 
элементтер 
ТОЛЫҚ АДАМ 
ЖЫЛЫ ЖҮРЕК 
МАХАББАТ 
РАХЫМ 
ӘДІЛЕТ 
ҰЯТ 
ҚАНАҒАТ 
НҰРЛЫ АҚЫЛ 
ЗЕРЕКТІК 
БІЛІМ 
ТЕРЕҢ  ОЙ 
ЫСТЫҚ   ҚАЙРАТ 
 
ТАЛАП 
ЕҢБЕК 
ШЫДАМДЫЛЫҚ 
 
Абайдың 15-қара сөзінде:

113
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Және де халықтың рухани тiрегiне айналды. 
Шәкәрiм  жеке  адамның  руханилылығының 
қалыптасуы  адамның  үнемi  жетiле,  дамып 
отыруы деп есептейдi.
Мына көздi қалдырып,
Көңiл көзiн көзiң қыл.
Бас көзiмен қаңғырып,
Ұқпай қойсаң, өзiң бiл [14], – дейдi. 
Шәкәрiм  бұл  өлеңiн  70  жасын-
да  жазған.  Шәкәрiм  көбiнесе  адамның 
жетiлуiне iшкi дүниенiң маңыздылығының, 
мазмұндылығына  баса  көңiл  аударады. 
Жеке  адамның  әлеумет,  қоғам  алдында 
адамгершiлiк пен ар-ұяттың, тәрбиелiлiктiң 
көзiн  iске  асырушы  басты  тұлғаға 
айналғанын    көрсетедi.  Ақынның  негiзгi 
ақылдың жемiсi адамгершiлiк деуi содан. Ол 
шығармашылығы арқылы адамдардың көңiл 
көздерiнің, iшкi дүниесiнiң есiгiн ашып, оған 
жақсылық,  iзгiлiк,  адамгершiлiк,  мейiрiм, 
шапағаттың маңыздылығын түсіндірмек.
Адам табиғатының қыр-сыры мол. Адам 
өз бойындағы жақсы қасиеттерiн шығарып, 
нәпсiсiн тыйса, ол өз қолында. 
Шәкәрiм бұл жөнiнде:
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi-жалған,
Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған.
Анық ақыл көзiмен қарағанда,
Өзiн берер қалыңға ол қызды алған [15], 
– дейдi.
Демек,  адамның  нәпсiсiн  тыюы,  оңай 
емес, сондықтан ол былай дейдi:
Нәпсi үйiнде байлаулы ынсап жатыр,
Мұның емiн тегiнде, сол аша алған.
Сопысынып, ақсынып әуре болмай,
Ер болсаң, босатып ал сол зынданнан.
Ақыл, ғылым әр түрлi айтса-дағы
Жиыны осы сөзбен аяқталған [16].
Яғни  нәпсiнi  тұсаулайтын  “ынсап”. 
Өзiнiң  iшкi  жаман  әрекеттерiне  тосқауыл 
қоя алмаған адам нәпсiсiне де тосқауыл қоя 
алмайды.  Ынсап, ұят, ар, сабыр, мейiрiм, та-
лап сияқты тағылымды қасиеттердi дамыту 
нәпсiге жол  бермек  емес. Өз мiнiңдi көре 
бiлсең,  өзiңдi-өзiң  билей  аласың.  «Нәпсі 
үйінде байлаулы Ынсап жатыр, Мұның емін 
тегінде, сол аша алған» деп «нәпсінің» зында-
нында жатқан «Ынсапты» шығару маңызды. 
Адамның  өз  бойындағы  қасиеттерін 
өзі  реттеуге  тиісті.  Шәкәрім  «нәпсіге» 
тәуелділік  адам  баласын  дүниеге  байлаулы 
қылатындығын, сондықтан «ынсаптың» ру-
хани  жетілуімізге  ықпалды  күш  екендігін 
баса көрсетеді. «Нәпсі» адамзат баласын қор 
ететін, оның  рухани жетіліп, кемелденуіне 
кедергі келтіретін кесапат. 
«...Тірлікте қосылысқан,
Шын Жар емес, ойнас ол.
Ондай асық  шынға дұспан,
Ол бейіске бармады.
Жар сипатын  білсеңіз де,
Нәпсің өлмей, деме Жар.
Айла, алдау сөзіңізге,
Шын  хақиқат қанбады...».
Жаратушысына  мұқтаж  адамзат  бала-
сы  нәпсісін өлтірмей, Жарына, Жаратушы-
сына  жақындай  алуы  мүмкін  емес  деген  
тұжырымды ойларын осылай тарқатады. 
Сопы, 
әулие 
Йассауидiң 
“Диуа-
ни  хикметiнде”  адамгершiлiк  қасиеттер 
руханилық, алланы сүю, тағылым-тәрбиелiк 
адамның  жетiлу  сатылары  және  сопылық 
ағымның    басты  арналарымен  таныса  ала-
мыз.  Алланы  сүю,  адамды  сүю,  өзiн-өзi 
жетiлдiру сияқты терең танымға жетелейтiн 
бұл 
сопылық 
шығармашылықтың, 
әсiресе  адамның  iшкi  әлемiн  тануға 
үлкен  әсерi  бар.  Сопылық  әдебиеттiң 
бейнелi де, мән-мағынасы    терең    ойлы 
дүниесi  қазақ  әдебиетiне  ықпал  еткенi 
сөзсiз.  Оның  мақамдарының  Шәкәрiм 
шығармашылығында  да  өзiндiк  орны  және 
әсерi болғаны айқын.
Йассауи:
627. Залымдарда ар-ұят жоқ, бiзде күнә,
628. Дәруiштiң жаны өлiк, өшпес дұға.
629.  Сол  себептен  патша  қылар  бiзге 
жапа,
630. Аят, хадис мағынасын айттым, мiне 
[17], – дейдi.
Немесе:
787. Наданменен өткен өмiрiң тозақ бо-
лар,
788. Надан барса дозақта одан қашар.

114
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
789. Наданменен дозаққа қылма сапар,
790. Наданменен қазан айындай солдым 
мiне [18].
Адамның 
қауiптi 
де 
жағымсыз 
қасиеттерден,  надандықтан  құтылу,  оған 
бой  алдырмау  жолдарын  көрсетiп,  одан 
сақтандырады.  Осындай  ой  тоғысулар 
данышпандардағы 
ой 
сабақтастығы, 
түйiсулерi үнемi қайталанып отырады. Бiрақ 
олардың ойын баяндау тәсiлдерi әр түрлi.
Наданның көңiлiн басып тұр,
Қараңғылық пердесi.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында  бiр-ақ  шаруасы  [19],  –  деген 
Абай сөзiнде терең мән мен байыпты байлау 
жатыр. Абай мен Шәкәрiмнiң поэзиясының 
тағдырластығын 
келтiрген 
мысалдар-
дан  анық  байқауға  болады.  Абай  көтерген 
мәселелердi  Шәкәрiм  жаңаша  талдап, 
жаңаша жырлағаны анық. Шәкәрiм  көптеген  
мәселелердiң шешуiн Абайдан iздеп, оның ой-
ларына сүйенедi. Абай шығармашылығының 
Шәкәрiм  поэзиясының    қайнар  бұлағы  
және    рухани    фундаментi    болғандығы 
ақиқат.  Шәкәрiм  шығармаларының  басты 
ерекшелiгi  адам  болмысы  мен  қасиеттерi 
туралы  дүниетанымды,  философиялық  ой-
пiкiрлерiн  көркем  сөзбен  жеткiзу  болатын. 
Шәкәрiм дүниетанымының тереңiн бойлап, 
ол ой қозғаған мәселелердi саралап, тiзбектеу 
оңайға түспейдi. Ол адам болмысы мәселесiн, 
адам тәрбиесiн, құдай - табиғат - адам про-
блемасын кең аспектiде қарастырады.
Шынында  да,  Шәкәрiм  қоғамды,  адам-
ды барлық қайшылығымен, алуан қырымен, 
артықшылығымен,  әлсiздiгiмен  бiртұтас 
қабылдап,  ақиқат  картинасын  берiп  отыра-
ды. Ақын реализмiнiң және психологизмнiң 
мәндi  ерекшелiгiн  де  оның  осы  ақиқаттық 
пафосының гуманистiк мазмұнмен бiрiгуiнде 
болса керек.
Шәкәрiм  шығармашылығында  әрдайым 
кейiпкердiң бет-пердесiн сыпырып, адамдық 
болмысын  ашып  отырады.  Бұдан  ақын 
өлеңдерiнiң көркемдiгi кемiмейдi, керiсiнше, 
бұрыннан келе жатқан дәстүрлi фольклорлық 
эстетикамен  үндестiрiп,  ақынның  өзiндiк 
поэтикасын қалыптастырған элементтерiнiң 
бiрi  болып  саналады.  Шәкәрiм  өз 
шығармашылығында  психологизмнiң  тура, 
әрi жанама түрлерiнiң мүмкiндiктерiн еркiн 
пайдаланады.
Шәкәрiмнiң  мына  өлең  жолдарына 
үңiлсек:
Құмарлық деген бiр ит бар,
Жаныңа шын жау ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар [20], – дейдi.
Адамның  бойындағы  жат  қылықтың 
бiрi  –  құмарлық.  Құмарлық  бар  жерде 
имандылық  болмайды.  Өйткенi,  бұл  ашкөз 
сезiм. Сондықтан, құмарлықтың қауіптiлiгiн 
ақынның итке балап отырғаны сол. Құмарлық 
арам пиғылдарға жетелейдi. Ондай адам өзiн-
өзi билей алмайды. Онда қанағат болмайды. 
Тек қана тәнге ғана қызмет етедi. Бұл адам-
ды  әр  түрлi  кеселдi  iстерге  апарары  сөзсiз. 
Әл-Фараби : «Таза ниеттілік  құмарлық пен 
ләззәт сезімінің  жоқтығының  аралығы, бұл 
екеуінің    бірі  –  құмарлық,  ысырапшылық, 
екіншісі  тапшылық», – деген пікір айтады. 
Әл-Фараби  «құмарлық»    адамның  жетілуін 
тежейтін жаман күш деп есептейді.
Сондықтан ақын:
Заман өттi, жас өттi,
Қайрат, өнер бос кеттi.
Әбүйір жоқ, сана жоқ
Өз басыңа не жеттi [21]? - дейдi.
Шәкәрiм әрбiр ұғымды, сөздi өз орнын-
да  қолдана  бiледi.  Сонымен  қоса,  ол  әрбiр 
сөзiн    ақылмен  таразылап,  жүйелi    пайым-
дап отырады. Шәкәрiм адам болмысы тура-
лы  айтқанда,  адамның  қоршаған  ортамен, 
табиғатпен  үйлесiмдiлiгiн,  жаратушысын 
сезiнуiн,  сонымен    қоса    адамның  өзiн-өзi 
тануы,  яғни,  оның  өзiнiң  жетiлуiнде  деп 
есептейдi.
Шәкәрiмнiң  адам  түзетпекке  ұмтылысы 
Қазақстан  халқының  бүгiнгi  өмiрi  үшiн 
маңызды.  Тәуелсiз  елiмiздiң    азаматта-
ры    Шәкәрiм    көксеген  адамдық  сапаларға 
қол  жеткiзiп  отырса,  елдiң  рухани  өмiрi, 
шаруашылығы  мен ой-бiлiмi  үлкен  биiктерге 
көтерiле берерi даусыз.  Шәкәрімнің көтерген 

115
«түзу  адам»  концепциясы  бүгінгі  күнгі  ұлт 
тәрбиесі  үшін  маңызды  деп  білеміз.  «Ар 
ілімі» негізін қалайтын  «арлы ақыл», «адал 
еңбек»,  «ақ  жүрек»  парадигмалары  ұлттық 
тәрбиенің тіректеріне айналғаны абзал.
Ұлт    ойшылдарының  адам  тәрбиесі 
жайында  айтылған  ой-пікірлерін    жастар 
тәрбиесін  ұйымдастыру    барысында  нақты 
жүзеге асыруымыз қажет. Ұлттық тәрбиенің 
адамгершілік,  сыйластық,  бауырмалдық, 
қайырымдылық сияқты қарапайым, сонымен 
бірге,  өмірде  аса  маңызды  құндылықтарын 
жас  ұрпақ  ұлт  ойшылдары  шығармалары 
арқылы  жылдам  қабылдайды.  Қазіргі 
халықтың адамгершілік сапалары төмендеп, 
оның санасын материалдық құндылықтар би-
леген заманда ізгілікті насихаттаудың маңызы 
арта түседі. Адами қасиеттерді бүгінгі таңда 
ұлт  ойшылдары  шығармаларындағы  идея-
лар  негізінде    ұйымдастырып  қана    жүзеге 
асыра аламыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар,қара сөздер. -541 б.
2. Құдайбердиев Ш. Иманым. – Алматы: «Арыс», 105 б. – 2000. -105 б.
3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. –Алматы: «Ғылым», 1975. - 445 б. (3)
4.  Құдайбердиев  Ш.  Шығармалары:  Өлеңдер,  дастандар,  қара  сөздер.  –Алматы:  «Жазушы», 
1988. - 541 б. 
5. Бұл да сонда. 92-93 б.
6. Бұл да сонда. 105 б.
7. Бұл да сонда. 86 б.
8. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - 225 б.
9. Құдайбердиев Ш. Иманым. - 86 б.
10. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - 11 б.
11. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том. - 128 б.
12. Бұл да сонда. - 309 б.
13. Мырзахметов М. Абай және Шығыс. – Алматы: «Қазақстан», –1994. - 208 б.
14. Құдайбердиев Ш. Иманым. - 112 б.
15. Бұл да сонда. - 50 б.
16. Бұл да сонда. - 50 б.
17. Йассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы) - 41 б.
18. Бұл да сонда. - 46 б.
19. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том. - 165 б.
20. Құдайбердиев Ш. Иманым. - 190 б.
21. Бұл да сонда. - 191 б.
Резюме
В данной статье автор поднимает вопрос о гуманизме, как в процессе глобализации привить 
его  молодежи, используя национальное воспитание .  С современной точки зрения анализирует как 
через творчество Абая и Шакарима    молодежь усвоила проблемы гуманизма и т.п.
Summary
In this article an author raises a question about humanism, how in the process of globalization to instil 
to his young people, using national education. From the modern point of view analyses as through work of 
Аbaya and Shakarima young people mastered the problems of humanism etc.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

116
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қ.Т.Әтемова –
педагогика ғылымдарының докторы,  
«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, 
Шымкент университеті
ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНЫҢ  ОТБАСЫЛЫҚ  ТӘРБИЕ  ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ 
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ
Қазақ 
халқының 
тәлім-тәрбиелік 
дәстүрлері  отбасында  ұйымдастырылып, 
іске асырылып келгендігін білеміз. Қазақтың 
отбасы  өмірі  мен  қарым-қатынас  талапта-
ры  қашанда  адамның  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты қалыптасып келген. Тәрбиенің 
басында  отбасы  үлкені  ата  мен  әже,  яғни 
әулеттің  үлкені  тұрады.  Тәрбиедегі  ба-
сты  мақсат  –  текті  де  парасатты  тұлғаны 
қалыптастыру.  Ол  өздігінен  іске  аспайды, 
ол  үшін  жастарға  ақыл-кеңес  беріп  отыра-
тын  үлкендер  көмегі  қажет,  ал  ересектер-
ге  қолқанат  болар  жас  балалар  көмегі  де 
маңызды.  Осыдан  көретініміз,  бір  үйде 
бірнеше ұрпақтан тұратын отбасы мүшелері 
топтасып  шаруашылық  ететін  ұжымдық 
сипаттағы  адамдар  тобы  пайда  болады. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  қазақ  отбасындағы 
тәрбие  ұрпақтар  сабақтастығы  қағидасын 
басшылыққа алып жүргізілгендігін байқауға 
болады.
Отбасындағы 
балалардың 
өскенде 
өнегелі  отбасын  құрып  өмір  сүруіне  жа-
стайынан  ата-аналарының  өзара  қарым-
қатынасын көріп өскен өнегесі негіз болады. 
Сондықтан,  түркі  ғұламасы,  ғұлама    ақын 
Жүсіп Баласағұн отбасы тәрбиесінің негiзгi 
мақсаты – ата-аналардың балаларына берген 
жақсы тәрбиесi – жақсы мiнез-құлық пен ру-
хани байлыққа қол жеткiзуі деп біліп, оның 
өнегесi ата-анадан екендiгiн:  «Ұл мен қыздың 
өнегесi ата-ана, Бәрi бiзден - дұрыс па, әлде 
қата  ма»  (1485  бәйіт),  –  деп    сипаттаған. 
Сөйтіп,    ата-аналардың  өзара  сыйластығы 
мен қарым-қатынастағы жарастығы, балала-
рына жақсы тәрбие берудің бiрден-бiр дұрыс 
жолы деп санайды. Өйткені, ата-ана өнегесін 
көріп өскен ұрпақ есейгенде өздері де сон-
дай отбасы іргесін құрады деп қорытынды 
жасайды [1]. 
Кеңестік  дәуірге  дейін  қазақ  отбасы 
тәрбиесі  бүкіл  түркі  халықтары  ішіндегі 
ең  ізгілікті  де  шынайысы  болып  келген. 
Қоғамның дамуында біз еуропалық бағытты 
ұстанып,  ұлттық  болмысымыздан  ажы-
рап  қалдық.      Нәтижеде  қазақ  отбасының 
бейнесі,  тәрбие  болмысы  түбегейлі 
өзгерді.  Бүгінде    жас  отбасыларының  дені 
ата-аналарынан  бөлек,  жеке  тұрғанды 
қалайды.  Бұл  отбасындағы  тәрбиенің 
ұйымдастырылуына  екі  жақты  ықпал 
етеді.  Біріншіден,  жас  отау  иелері  ерте    өз 
бетінше өмір сүруге бейімделсе, екіншіден, 
отбасындағы 
ұрпақтар 
сабақтастығы 
үзіледі.  Отбасындағы  ересектер  неме-
ре  қызығынан  шектеліп,  жас  отбасылары 
бала  күтімі  мен  отбасы  өмірін  дәстүрлі 
тұрғыда ұйымдастыру бойынша көмек алу-
дан шектеледі. Шын мәнісінде халқымызда 
отбасы  тәрбиесі  ұрпақтар  сабақтастығы 
негізінде жалғасын тауып келген. «Қариясы 
бардың қазынасы бар» деп ұққан халқымыз 
ересектер кеңесіне мұқтаж болған жас отба-
сыларына  барынша  ақыл-кеңестерін  беріп, 
олардың өз бетінше өмір сүруге қабілетті бо-
лып кеткенінше бірге тұрған. «Үйлену оңай, 
үй  болу  қиын»  деген  аталы  сөзге  тоқтаған 
бабаларымыз  жастардың  өз  алдына  үй  бо-
лып  кетуіне  көздері  жеткенде  ғана  оларды 
еншісін  беріп  бөлек  отау  етіп  шығарған. 
Жас отау иелерін отбасылық қарым-қатынас 
пен  бала  күтіміне  байланысты  әр  түрлі 
қиындықтар  кездескенде  міндетті  түрде 
ересектер көмегінсіз шешу мүмкін болмай-
ды. Сондықтан, мұндай жағдай бүгінгі от-
басы дәстүрлерінде де тұрақты орын алғаны 
тиімді деп білеміз.
  Сондай-ақ,  қазақ  отбасы  тәрбиесі 

117
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
бір  шаңырақтың  астында  өмір  сүретін 
бірнеше  ұрпақтың  өзара  ынтымақтастығы 
негізінде 
ұйымдастырылатын 
тамаша 
ұрпақтар  сабақтастығы  арқылы  жүзеге 
асырылып  отырған.  Оған  мынадай  мы-
сал  дәлел:  «Өзінің  маңдай  терімен  тапқан 
еңбек  ақысын  үшке  бөліп  отырған  бір 
кісіден  оның мән жайын сұрағанда, ол: «бір 
бөлігін қарызыма берем, ал,  екінші бөлігін 
қарызға берем, үшінші бөлігі ғана өзімдікі» 
деп жауап беген екен. Бұл мысалдың аста-
рында    қазақ  халқының  тарихи  дамуында 
қалыптасқан өмір салтының көрінісі жатыр. 
Үш  ұрпақтың:  «ата-  әке-бала»  арасындағы 
қарым-қатынастың 
біртұтастығы 
мен  
тәрбиелік  өнеге  сабақтастығы  арқылы  от-
басы тәрбиесінің тиімді түрде іске асуы си-
патталып тұр. Өйткені, әрбір ата-ана өзінің 
баласына  берген  тәрбиесіне  қарай  оның 
жемісін көрсе, өздерін өсірген ата-аналарына 
құрмет көрсету балаларының парызы болып 
саналмақ.  Осындай  қарыздар  мен  парыз-
дар арқылы үш ұрпақ арасындағы тәлімдік 
өнеге  қазақ  отбасы  тәрбиесінде  ғасырлар 
бойы    өз  жалғасын  тауып  келді.  Бұдан 
көретініміз,  отбасындағы  бірнеше  ұрпақ 
өкілдерінің  бір-біріне  тәрбиелік  ықпалы 
арқылы тек әлеуметтік тұрғыдан ғана емес, 
тәрбиелік  тұрғыдан  да  көмек  беру  орын 
алады.  Жауапкершілік,  мейірімділік,  өзара 
көмек, үлкенге құрмет, жастарға қамқорлық, 
көпшілдік, сабыр сақтау мен шыдамдылық, 
ұстамдылық  және  т.б.  көптеген  адами 
қасиеттер  осындай  топта,  яғни  әр  түрлі 
жастағы, әр түрлі құқылы адамдар тобының 
арасында өмір сүргенде қалыптасады.
Түрік халқының ұлы ғұламасы әл-Фараби 
бала дүниеге келгенде оның  алдағы өмірінде 
бақытты болуға жетелейтін қасиеттерді иге-
руде өздігінен  жетiле алмайтындығын айта 
келіп,  ол  үшін  арнайы  тәрбие  ортасының 
болуын қажет деп санайды. Ондай ортаның 
негізгісі, әрі баланың бақытқа қол жеткізудегі 
қасиеттерінің  негізі  қаланатын  тәрбие  ин-
ституты  отбасы  ортасы  екендігін:  «Жара-
тылысында  әрбір  адамға  өз  тіршілігі  үшін 
ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін 
көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп 
таба  алмайды  және  бұған  жету  үшін  ол 
қандай да бір адам қауымын қажет етеді. Осы 
қауымдағы  адамдардың  әрқайсысын  оған 
қажетті  нәрселердің  жалпы  жиынтығынан 
қандай  да  бір  затты  тауып  беріп  отыра-
ды.  Оның  бер  жағында  әрбір  адам  өзінен 
басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай 
күйге түседі. Міне, сондықтан да бір-біріне 
көмектесіп  отыратын,  біреуі  екіншісінің 
өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін 
тауып  беріп  отыратын  көптеген  адамдар 
бірлестіктері  арқылы  ғана  адам  өзінің  жа-
ратылысына  сай  кемелділік  дәрежесіне 
жете алады», – деп  отбасында өзара көмек 
пен  ынтымақ  болғанда  ғана  ортақ  мүддеге 
қол  жеткізуге  болатындығын  және  сондай 
ұрпақтар  сабақтастығы  арқылы  ғана  әрбір 
отбасы мүшесі өз мүддесіне, бақытына қол 
жеткізетіндiгiн түсіндіреді [2]. 
Бүгінгі қоғамымызда орын алып отырған 
тәрбиенің  сипаты  мен  нәтижесіне  баға  бе-
руде  біз  Қазақстанда  өзіндік  орны  бар  та-
нымал ғалым Мекемтас Мырзахметұлымен 
сұхбаттасқанымызда  ол  кісі  бүгінгі  от-
басы  тәрбиесіндегі  олқылықтардың  орын 
алуының себебі ұрпақтар сабақтастығының 
үзіліп қалғандығында екендігін айтты. Ме-
кемтас  Мырзахметұлы    ұрпақ  тәрбиесiне 
әсер етушi аға ұрпақтың өнегесiн қоғамдық-
саяси  құбылыстармен  байланыстыра  оты-
рып сипаттады. Олар:
-  бiрiншi  –  аға  буын,  оны  ғалым  75-100 
жастың аралығын қамтитын буын өкілдері 
деп  түсіндіреді.  Оларға    М.Әуезов  және 
оның  замандастарын  жатқызады.  Олар 
қазақтың салт-дәстүрi мен әдет-ғұрыптарын 
бiлiп,  Абай  сынды  iрi  тұлғаларды  көзiмен 
көрiп,  олардың  өсиеттерiн  құлағымен 
естiп,  ұлттық  тәрбиенiң  өнегесiнен  су-
сындап  өскендер.  Әйтсе  де,  олар  келер 
ұрпаққа    ұлттық  тәлiмнiң  өнегесiн  толық 
бере  алмады.  Себебi,  олар  кеңес  өкiметi 
саясатының құрбаны болды. Дегенмен, олар 
жазып  қалдырған  еңбектер  болашақ  ұрпақ 
тәрбиесiнде теңдесi жоқ құнды мұралар бо-
лып қалды;

118
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
-  екiншi  толқын  –  50-75  жастағылар. 
Олар  аға  ұрпақ  өнегесiн  толық    ала  алма-
ды.  Себебi,  өнеге  берер  аға  буын  кеңестік 
саясаттың  құрбаны  болған  соң,  олардың 
бойында қорқыныш пен үрей басым болды. 
Сондықтан олар да кейiнгi ұрпаққа ұлттық 
өнегенiң мәйегiн жеткiзе алмады;
-  үшiншi  ұрпақ  –  25-50  жас 
аралығындағылар деп санап, оларды ғалым 
М.Мырзахметұлы «бақытты ұрпақ» деп ата-
ды. Олар егемен елiмiздiң белдi азаматтары 
болумен  қатар,  сөз  және  ой  бостандығына 
ие  болғандар.  Бiрақ,  аға  буын  өкiлдерiнен 
ұлттық  өнеге  ала  алмағандықтан  олардың 
өмiрдегi  басты  бағыты  рухани  өсуден  гөрi 
материалдық  байлыққа  қол  жеткiзу  болып 
табылатын  батыс  мәдениетiн  алға  қойды 
дейдi;
-  төртiншi ұрпақ – 1-25 жасқа дейiнгiлер. 
Олар  «сынап»  секiлдi  күйде  тұр  деп  си-
паттайды  ғалым.  Олай  дейтiн  себебi,  олар 
тәуелсiз Қазақстанның өркендеуi жолындағы  
Президентiмiздiң саясатын түсiнiп, қазақтың 
тiлiн,  мәдениетi  мен  тарихын  және  салт-
дәстүрiн  бойына  жинап  үйренумен  қатар, 
бүгiнгi  ғаламдық  бiлiм  кеңiстiгiндегi  адам 
мен  маманға  қойылатын  талаптарды  қатар 
игеруде. Осы тұста, бұл жас аралығындағы 
ұрпаққа  ұлттық  құндылықтар  негiзiнде 
отбасы  тәрбиесі  жағдайында  патриоттық 
тәрбие    қалыптастырылатын  болса,  осы 
жастар  ғана  болашақ  Қазақстанды  әлемдiк 
деңгейде  дамытып,  ұлттық  тәрбие  мен 
мәдениеттiң туын жоғары көтеретiндер бо-
лады. Сондықтан, дәл бүгiнгi күнде жастар 
тәрбиесiне ұлттық тұрғыда ден қоя отырып, 
тәлiмдiк  жұмыстарды  жүргiзу  қоғамды 
өркениеттiлiкке, ал елiмiздi 50 дамыған ел-
дер қатарында дамытуға қол жеткiзетiн бо-
лады деп тұжырым жасайды. 
Осы  орайда,  қазақ  ғылымында  танымал 
ғалым,  Мекемтас  Мырзахметұлының  досы 
болған  біртуар  азамат  Құлмат  Өмірәлиев 
те  кезінде  мұндай  ойларды  көтерген  бола-
тын.  Ол:  «Алдыңғы  ұрпақ  жасаған  рухани 
мәдениетті  оған  жалғасып  келген  екінші 
ұрпақтың  берік  иеленіп,  мұраланып  оты-
руы – табиғи  заңдылық, ал бұл мұралардың 
зерттелуі,  насихаталуы,  өз  жағдайына 
жетілдіре,  дамыта  отырып  пайдалануы  – 
екінші  ұрпақтың  келер  ұрпақ  алдындағы 
міндетті  борышын  өтеуі.  Бұл  болмаған 
жерде-ақ,  ол  ұрпақ  алдыңғылар  жасаған 
мәдениетті өзінен кейінгі келесі ұрпаққа асы-
рып салушы түріндегі дәнекерлік қызметін 
тоқтатады.  Дәл  осы  жерде  халықтың 
мәдениеті  дәстүрлерінің  үзілуі  –  ұлттық 
мәдениеттің  кедейленуіне  бастап  әкеледі», 
–  деп  әр  адам  ұрпақтан-  ұрпаққа  рухани 
құндылықтарды  жалғастырып  отыруының 
қажеттілігін  көрсеткен  болатын  [3].  Бұл 
ғалымның  замандастары  алған  тәрбие 
ұлт  пен  елдің  мүддесін  тамырынан  бастап 
ойластырып,  болашақ  ұрпақ  тәрбиесін 
бір  ғылым  саласы  тұрғысында  ғана  емес, 
барлық  ғылымдардың  ұстаным  бірлігі  мен 
тұтастығы  тұрғысында қарастыратындығын 
дәлелдейді. Олай болса, М.Мырзахметұлы, 
Қ.Өміралиев  сынды  қазақтың  маңдайына 
біткен  асыл  азаматтары  ұсынған  идеяла-
ры  бойынша  әрекет  ету  ұлттығымыздың 
болашағы үшін жарқын да маңызды нәтиже 
берері сөзсіз.
Абайдан кейінгі оның ізбасары М.О.Әуезов  
мәдениеттің әрбірі  қол ұстаса, ілесе дамуы 
үшін  әрбір  ұрпақ  өмір  табалдырығынан 
аттағанда 
бұрынғы 
ұрпақтардың 
тәжірибесіне сүйенуі қажет екендігін  айта 
отырып,  «Бұл    адамның  есіне  эстафетаны 
еріксіз еске түсіреді, бірақ бұл ерекше эста-
фета,  өйткені,  ондағы  өнердің  әрбір  жаңа 
кезеңі өзіне жаңаны қабылдап, сол арқылы 
байып,  дамып  отырады»,  –  деген  болатын 
[4].  Бұл    дәстүр  мен  жаңашылдықты  бір-
біріне  қарама-қарсы  қою  мүлдем  болмай-
тынын  көрсетеді.  Өйткені,  жаңашылдық 
бұрынғының  ескі  деген  түсініктен  барды 
жою  емес,  сонымен  бірге,  дәстүрді  сақтау 
деген  бір  орында  ілгерілемей  қалу  да  емес  
екенін  ескертіп,  дәстүр  мен  жаңалықтың 
диалектикалық 
байланыста 
екенін   
дәлелдейді.
Осындай  қасиетті  ата-бабаларымыздың 
құнды  педагогикалық  мұраларын  өскелең 

119
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалануда  қазіргі  от-
басы  өз  деңгейінде  қызметін  атқара  алмай 
отыр. Қоғамдық отбасылық қатынастардың 
жалпы  бағытын  айқындау  мен  үйлестіру 
тек  әлеуметтік-экономикалық  емес,  ең  ал-
дымен  үлкен  маңызы  бар  психологиялық-
педагогикалық  проблема  болып  отыр. 
Өйткені,  жасөспірім  ұрпақтың  ізгілік-
адамгершілік  денсаулығы  бүкіл  қоғамның 
құндылығы.
М.Әуезов  –  өз  халқының  этникалық 
мәдениетін терең түсінудің бірден-бір жолы 
мәдени  мұра  мен  мирастық  мәселесі  деп 
түсінген  зерттеуші.  Ол  қазақ  халқының 
салт-дәстүріндегі  ұнамсыз  қылықтарды 
мінеп-сынаған    әлдебіреулердің  өткен 
уақытты жоқ еткісі келіп, оның бәрі кейінде 
қалған  маңызы  жоқ  дегендеріне  үзілді-
кесілді қарсы болды. Өйткені, ұрпақтардың 
байланысы  үзілетін  болса,  қоғам  бүлінеді. 
Осы тұста М.О.Әуезов  «Мәдениеттің әрбірі  
қолұстаса,  ілесе  дамуы  керек.  Өткендегіге 
менсінбей қарау қашан да болсын орасан зор 
шығындарға әкеліп соқтырады. Әрбір ұрпақ 
өмір  табалдырығынан  аттағанда  бұрынғы 
ұрпақтардың 
тәжірибесіне 
сүйенеді», 
–  дейді  [5].  Мұндай    жалғастық  рухани 
этномәдениетіміздің  барлық  саласына: 
білім,  тәлім-тәрбие,  таным-тағылым  және 
тағы басқалар тән. 
Отбасында  ұрпақтар  сабақтасып  өмір 
сүргенде  ғана  ата-аналар  өз  балалары 
алдындағы парыздарын орындай алады және 
балаларына берген тәрбиелерінің нәтижесін 
көре алады. Ол үшін ең алдымен оларды ата-
аналары жастайынан қоғамда өз бетінше өмір 
сүре алатындай етіп тәрбиелеуі тиіс. Бұл тек 
ата-аналардың балалары алдындағы парызы 
ғана емес, әрбір мұсылманға қоятын шариғат 
талабы. Осы тұста Хазiрет Әли былай деген 
екен:  «Балаларыңды  өздерiң  болмайтын 
уақыт үшiн тәрбиелеңдер, өйткенi, олар сен-
дер  болмайтын  уақыт  үшiн  жаратылған» 
[6].    Мұндай  көзқарас    қазақ  халқының 
зиялыларының  бірегейі    М.Жұмабаевтың  
педагогикалық еңбегiнде ата-аналарға бала 
тәрбиесiнде  берген  кеңесiнде  келтіріледі. 
Онда  ғалым:  «Ата-аналар  балаларын  дәл 
өзiндей  етiп  тәрбиелемеуi  керек,  одан  да 
күштi  етiп  тәрбиелеуi  тиiс,  себебi  олардың 
өмiр сүретiн заманы ата-аналардың заманы-
на  қарағанда  әлдеқайда  талапшаң  болмақ» 
деп айтқан болатын [7].
Міне,  осындай  аталы  өсиеттеріміз  бен 
құнды  мұраларымыздың  отбасы  тәрбиесі 
дәстүрлерінде  маржандай  тізіліп  тұрған 
жолдары  қатарласып  тұрғанда  неге  бүгінгі 
заманда  ескермеске.  Ата-бабаларымыздың 
ізімен  жүре  отырып,  олар  жеткен  тәрбие 
жетістіктеріне  қол  жеткізу  үшін  жоғалтып 
алған  ұрпақтар  сабақтастығы  арқылы 
тәрбиені ұйымдастыруды қолға алу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет