Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Желілік бөлікті пайдалану кезінде апаттардың, өрттің,жарақаттанушылықтың



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата31.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

7-параграф. Желілік бөлікті пайдалану кезінде апаттардың, өрттің,жарақаттанушылықтың 
алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
      208. ГТҰ-да өрт-жарылу қаупі бар әр объекті (цех) үшін, сондай-ақ барлық бөлімше немесе 
филиал үшін апатты жою жоспарлары әзірленеді.
      209. Апатты жою жоспарын ГТҰ бастығы бекітеді. Олар хабарландыруды ұйымдастыру, апат және
(немесе) өрт орнындағы жинау мен шоғырландыру бойынша өндірістік және объектілік бөлімшелердің 
лауазымды тұлғалары әрекеттерінің, қажетті күш пен құралдар санының, бірінші кезектегі 
апаттық-құтқару және (немесе) өрт сөндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ осы мақсаттар үшін 
тартылатын басқа да бөлімшелермен өзара іс-қимылдың толық мазмұнын енгізеді. Апаттарды жою 
жоспары уақтылы түзетіледі, қарастырылған күштер мен құралдарды тарту практикасында жыл сайын 
пысықталады. Апатты жою бойынша барлық жұмыстар осы Қағидалар талаптарын ескере отырып құрылған

осы объектіге (учаскеге) арналған апатты жою жоспарына сәйкес орындалады. Тәуліктің қараңғы 
уақытында апатты жою кезінде жұмыс орнын жарықтандыру үшін жарылыс қаупі бар қоспа санаты мен 
тобына сәйкес келетін жарылудан қорғаныс деңгейімен бірге кернеулігі 12 В аспайтын шамдар 
қолданылады.
      210. Апаттық жұмыстарды жүргізу орындарында өрт сөндіру құралдары және алғашқы 
медициналық көмек көрсету құралдары қарастырылады. Апатты жоюмен айналысатын барлық жұмысшылар 
бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана алады және алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) 
көмек көрсетеді.
      211. Аса қауіпті жағдайларда ерікті өрт сөндіру жасағының немесе өртке қарсы қызмет жеке 
құрамының қызмет көрсетуші персоналынан өрт сөндіру бекеттері қойылуы қажет. Газ құбыры 
саңылаусыздығының зақымдалу, бұзылу орындарын табу мақсатында газ құбыры трассаларын тексеру 
үшін көлік құралдарын пайдалану кезінде мына шарттарды сақтау қажет:
      1) трассаның жақсы көрінуі кезінде (тәуліктің жарық уақытында) көлік құралдарын газ 
жылыстау орнынан 100 метрден кем емес қашықтықта тоқтату қажет (желді емес жағынан); бұдан 
кейінгі барлауды құрамы екі адамнан кем емес газ қауіпті орындарда жұмыс қағидаларын білетін 
және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтайтын желілік-пайдалану қызметінің персоналы жүргізеді;
      2) нашар көрінетін уақытта (тәуліктің қараңғы уақытында және тұман кезінде) құрамы үш 
адамнан кем емес патрульдік топ әрекет етеді. Топ және көлік құралдарының арасындағы қашықтықты
топ басшысы белгілейді, барлық жағдайда 100 метрден кем емес ара қашықтықты құрайды;
      3) газдың жылыстау белгілері табылған кезде патрульдеу тобы көлік құралдарына дереу 
тоқтау және газдың кему аймағына одан әрі барлау жүргізуге белгі береді.
      212. Ауа кеңістігінің газдылығын қозғалмалы газталдағышпен бақылау қажет. МГҚн қайта 
тексеру және зерттеуді жүзеге асырушы патрульдеу тобы трассаның жағдайы туралы диспетчерлік 
қызметке үнемі баяндап отырады. Газ жылыстауы болмаған жағдайда патрульдеу тобы диспетчерлік 
қызмет рұқсат бергеннен кейін ғана қайтады. Газдың жылыстау орны табылған кезде оған тек желді 
емес тараптан жақындау қажет. Егер ол жергілікті сипаты немесе жұмыс барысы бойынша мүмкін емес
болса, онда сүзгі ғазтұтқышын кию қажет.
      213. Апаттық көлік, арнайы техника және жабдықтар жел жоқ жақта орналасады. Қауіпсіз 
арақашықтықты газ кему орнындағы жұмыс басшысы осы газдылықтың, жану және газ кемуінің таралу 
қаупі негізінде белгілейді. Бұл ретте, адамдар мен көлікті шұғыл көшіру мен маневр жасау 
қамтамасыз етіледі. Газ кемуі табылған аймақты қызыл белгі беру жалаушаларымен, ал қараңғы 
уақытта – жарылыстан қорғалған шамдармен, сондай-ақ «Газ. Отқа жақындамаңыздар!», «Отқа 
жақындамаңыздар!», «Темекі шекпеңіздер!» жазулары бар белгілермен қоршау қажет.
      214. Елді мекендерге, темір, тас және жаяу жүру жолдарына жақын газ кему орнын арнайы 
қойылған бекеттермен күзету қажет. Қажет болған жағдайда көліктердің газ кему орнына жақын жол 
учаскелеріне көлік айналмасын ұйымдастыру, сондай-ақ туындаған қауіпті жағдай туралы ГТҰ, 
филиалдың немесе бөлімшенің диспетчерлік қызметіне тез арада хабарлау қажет. Қарастырылған 
қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде, сондай-ақ жұмыс аймағындағы ауада газ пайда болған 
жағдайда газ қаупі бар жұмыстар дереу тоқтатылады, ал жұмысшылар қауіпті аймақтан шығарылады. 
Газдардың қауіпті шоғырлануы анықталған жағдайда:
      1) тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын даярлау және пайдалануға келтіру;
      2) газдалған аймақтан шығу;
      3) қауіпсіздік бойынша талап етілетіндерден басқа барлық жұмыстарды тоқтату;
      4) бұл туралы тікелей жұмыс басшысына немесе диспетчерге хабар беру;
      5) желдің бағытын ескере отырып, газдалған аймақты қауіпсіздік белгілерімен белгілеу;
      6) газдылықты жоюға арналған шаралар қолданылуы қажет.
      215. Жұмыстар газдану мен кему себептері жойылғаннан кейін қайта басталады. Бұл ретте газ
құрамы санитарлық норма бойынша рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайды. МГҚ объектілеріндегі 
жөндеу және апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде әрекет етуші персонал шекті рұқсат 
етілген мөлшердің жұмыс аймағындағы ауадан арту қауіптілігі кезінде тыныс алу органдарын жеке 
қорғау құралдарын қолданады. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының түрі мен маркасы 
тікелей жұмыс басшысындағы жұмыстың жүргізілу орнында болатын жұмыс жоспарларында және 
апаттарды жою жоспарында көрсетіледі. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына 
сәйкестендіретін объектілердің уақтылы қамтамасыз етілуіне жауапкершілік әкімшілікке жүктеледі, 

ал болуына, дұрыс сақталуына және олардың уақтылы қолданылуына – жөндеу және апаттық-қалпына 
келтіру жұмыстарына жауаптыларға жүктеледі.
      216. Апаттарды жою кезінде жауапты басшы қауіпті аймақта бригада жұмысының кезектілігін 
белгілейді. Қауіпсіз аймақта құрамы төрт адамнан кем емес және тиісті қорғанысты және 
газдылықты бақылау құралдарымен қамтамасыз етілген ауысымды бригадалар дайындалады. Қауіпті 
аймақтағы персоналдың жұмысын үздіксіз қадағалау ұйымдастырылады. Белгі берілген жағдайда 
запастағы бригада зардап шегушілерді қауіпті аймақтан шығару бойынша алғашқы көмек көрсетеді 
және қажет болған жағдайда жұмысты жалғастырады. Газ қауіпті объектілердегі апаттарды жою 
бойынша жұмыстар арнайы нұсқаулықтарды және апаттарды жою жоспарын сақтаумен орындалады. 
Патрульдеу тобының қозғалмалы газдылықты бақылау аспаптары, тыныс алу органдарын тиісті жеке 
қорғау құралдары, байланыс немесе дабыл беру құралдары, қауіпті аймақтарды белгілеу үшін 
қауіпсіздік белгілері болады. Ұйым, объектілер және шығу бригадалары (бөлімшелер) ұйым басшысы 
бекіткен тізбе бойынша дәрі-дәрмекпен және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен 
қамтамасыз етіледі. Жедел жәрдем шақыру және персоналды жақын медициналық мекемеге жеткізу үшін
байланыс жүйесі орнатылады.
      217. Барлық персонал ұйымға қызмет көрсететін медицина қызметкерімен немесе арнайы 
дайындығы бар тұлғамен дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін үйренеді. Оттан және 
жарақаттан, уланудан және басқа да қездейсоқ оқиғадан зардап шегушіні тапқан кез келген жұмысшы
зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді және болған жағдай туралы объектінің 
әкімшілігіне немесе медицина пунктіне хабарлайды. Апаттық жағдайларды жою және шектеу бойынша 
апаттық бригадалардың қызметі апаттарды жою жоспарында белгіленеді.
      218. Апаттарды жою жоспарын құру, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу уақтылығы, 
оларды қайта қарау және қайта бекіту үшін (3 жылда 1 реттен сирек емес) жауапкершілік Апаттарды
жою жоспарларын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ГТҰ, филиалдың немесе бөлімшенің бас 
техникалық бастығына жүктеледі.
      219. Әр кәсіпорында апаттық бригадалар апаттарды шектеу және жою жоспары бойынша 
персоналдың әрекеттерін кейіннен бағалау арқылы әр тақырып бойынша әр бригада үшін 3 айда 1 
реттен жиі емес жаттығу сабақтарын өткізеді. Апаттық бригада радиостанциялармен жабдықталған 
арнайы апаттық машиналарда шығады. Жерүсті және жерасты газ құбырларындағы апаттарды шектеу 
және жою үшін кіру кезінде апаттық бригаданың маршруттық картасы мен қажетті 
орындаушылық-техникалық құжаттары болады.
4. Тоттанудан қорғау
1-параграф. Электрхимиялық қорғаныс жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру
      220. Барлық құрылыстар қорғаушы жабындылар мен электрхимиялық қорғау құралдарымен 
тоттанудан кешенді қорғауға жатады. МГҚ ішкі тоттанудан қорғау оның қауіптілігі туралы деректер
пайда болғанда жүзеге асырылады. Тоттануға қарсы қорғау жобаларын мамандандырылған 
ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары дайындайды. Байланыс кабельдері мен күштік кабельдерді тот
басудан қорғау кезінде нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.
      Байланыс кабельдері мен қуат кабельдерін тоттанудан қорғау кезінде қолданыстағы 
нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет.
      221. МГҚн топырақтық тоттанудан электрхимиялық қорғау құралының түрі мен құрылымын жоба 
бойынша анықтайды. Қорғау құралдары төсем жағдайларына, тоттану қаупі (топырақтың, жердің және 
басқалардың сипаттамасы) туралы және МГҚ қызметінің мерзімін талап ететін деректерге байланысты
таңдалады.
      222. Пайдалану процесінде МГҚн тоттан тиімді қорғауға:
      1) қорғау құралдарының құрылысын және қайта құрылуын кіріс және операциялық бақылау 
бойынша өткізумен;
      2) электрхимиялық қорғаудың жеке құрылғыларын және жалпы оның жүйесін пайдаланудың 
оңтайлы параметрлерін қолданумен;
      3) газ құбырының ішкі және сыртқы бетінің, оқшаулағыш жабындысының тоттану жағдайын, 

электрхимиялық қорғау құралдарының жағдайын уақтылы диагностикалау және диагностика 
нәтижелерінің негізінде қорғауды күшейту бойынша шаралар қолданумен;
      4) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы жүргізумен қол жеткізіледі.
      223. МГҚн тоттанудан қорғау құралдары көршілес құрылыстар мен қоршаған ортаға теріс 
әсерін тигізбейді.
      224. Құрылыстарды және барлық объектіні тоттанудан электрхимиялық қорғау жүйесі құрылысты
пайдалануға тапсырғанға дейін іске қосылады. Уақытша электрхимиялық қорғау жүйесі құбыры 
топыраққа төселіп, көмілгеннен кейін бір айдан кешіктірмей салынады және іске қосылады.
      225. Газ құбырлары жерүсті төсемдері кезінде олардың топырақтың бетіне шыққан аймағын 
қоса алғанда жобаға сәйкес немесе металл және/немесе бейметалл қорғау жабындыларымен 
атмосфералық тоттанудан қорғауға жатады.
      226. МГҚ учаскелерінің аяқталған құрылысымен (немесе жөнделген) қорғау жабындысы зақым 
іздеуші аспаппен газ құбыры төселгеннен және көмілгеннен соң екі апта өткеннен кейін ғана, 
сондай-ақ жобаға сәйкес тұрақты (катодты поляризациялау әдісі) және/немесе айнымалы токта газ 
құбырының ауыспалы кедергісін анықтау арқылы бақыланады.
      227. Электрхимиялық қорғау жүйесіне мыналар кіреді:
      1) жылжымалы зертханалар;
      2) электрхимиялық қорғау құралдары: ТҚҚ, дренаждық қорғау станциясы, гальваникалық (
протекторлық) құрылғылар, біріккен қорғаудың электрлік тұйықтағыштары;
      3) электртехникалық жабдықтың, өлшеуіш аспаптар мен құралдарының жиынтығы;
      4) электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша 
жұмыстарды жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
      5) МГҚ жағдайына тоттану зерттеуін бақылау мен жүргізу үшін техникалық құралдар (
жылжымалы электр өлшеуіш аспаптар, жылжымалы зертханалар, бақылау және өлшеу пункттері, 
салыстырудың жабдықталған электродтары және тоттанудан пластина топтамасымен);
      6) газ құбырында тазарту және оқшаулау-төсеу жұмыстарын жүргізу сапасын бақылау құралдары
.
      228. Электрхимиялық қорғау қызметтерінің өндірістік бөлімшелерінде мыналар:
      1) электрхимиялық қорғау құралдарын базалық жөндеу үшін үй-жайлар;
      2) аспаптар, айла-бұйымдар және құрал-саймандар;
      3) арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдары;
      4) электрхимиялық қорғау қызметі басшысы үшін ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру және 
құжаттаманы сақтау үшін үй-жай қөзделеді.
      229. Электрхимиялық қорғау құралдарын тоттанудан қорғау жүйесін пайдалану кезіндегі 
негізгі міндеттер:
      1) электрхимиялық қорғау құралдарын тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз 
ету;
      2) «Жер асты құрылыстары. Тот басудан қорғауға қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ 9.602-2005
мемлекетаралық стандартына сәйкес электрхимиялық қорғау құралдарының және МГҚ объектілерін 
тоттанудан электрхимиялық қорғаудың ұзақтығы бойынша және уақыт шегінде оңтайлы пайдалану 
режимдерін қамтамасыз ету;
      3) МГҚ объектілері мен оларды қорғау құралдарының тоттану жағдайын электрхимиялық және 
құралмен зерттеуді, осы құралдарды жоспарлы алдын ала жөндеуді және күрделі жөндеуді 
ұйымдастыру және уақтылы жүргізу;
      4) МГҚ құрылыстарын жерасты тоттанудан қорғаудың қазіргі әдістері мен құралдарын 
пайдалануға қолдану, тоттанудан қорғау құралдарының кінәратсыздығы мен тиімділігін арттыруға, 
осы әзірлемелердің нәтижелерін қолданыстағы МГҚ объектілеріне енгізуге бағытталған 
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстардың орындалуына жәрдемдесу;
      5) газ құбырларының тоттану жағдайы мен қорғалуына жүйелі талдау жүргізу, тоттанудан 
қорғау құралдарының жұмысын жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу және осы іс-шаралардың іске 
асырылуын қамтамасыз ету;
      6) электрхимиялық қорғау қызметінің қызмет көрсетуші персоналының техникалық деңгейін 
арттыру, жаңа жабдықпен жұмыс жасауға үйрету, қызметтің барлық бөлімшелеріндегі жұмысшылардың 
тәжірибесімен алмасуын ұйымдастыру;

      7) тоттанудан қорғау құралдарын жөндеу мен қайта құру бойынша жұмыстардың ағымдағы және 
келешектегі жоспарлануы, соның ішінде газ құбырларының оқшаулағышын ауыстыруды жоспарлауға 
қатысу;
      8) пайдаланатын негізгі жабдықты паспорттауды жүзеге асыру, пайдалану және есеп беру 
құжаттамасын жүргізу.
2-параграф. Электрхимиялық қорғаныс құралдарының техникалық қызмет көрсетуі
      230. Электрхимиялық қорғаныс құралдарының жұмысын тексеру мен техникалық тексеруді:
      1) алыстан бақылау құралдарымен жабдықталмаған катодтық қорғанысты қондырғыларында айына 
2 рет;
      2) құрғату қорғаныс қондырғысында айына кем дегенде 4 рет;
      3) құрғату қондырғысында 6 айда 1 рет кезеңділігімен жүргізіледі.
      231. Алыстан бақылау құралы орнатылған катодтық қорғаныс қондырғысын тексерудің мерзімін 
кәсіпорын белгілейді. Техникалық қарау және тексеру кезінде катодтық қорғаныс қондырғысының 
жұмыс режимін бақылауды орындау қажет; контактілік біріктіргіштердің, анодтық 
жерлендіргіштердің, орнату тораптары мен блоктарының профилактикалық қызмет көрсетуі, 
мотоесептегіш немесе электр энергиясын есептегіш бойынша катодтық қорғаныс қондырғысы жұмысының
үзілмеуін бағалау қажет. Тексеру мен жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде электрхимиялық қорғаныс
қондырғыларын катодтық және құрғататын қондырғылар үшін бір тоқсанда 80 сағаттан (бұдани әрі - 
с) аспайтын мерзімге ғана және құрғататын қорғаныс қондырығысы үшін бір тоқсанда 24 с. аспайтын
мерзімге ғана тоқтатуға болады; катодтық, құрғататын, протекторлық қорғаныс қондырғылары үшін 
электрхимиялық қорғаныс құралдарын жыл бойынша есептегенде 10 күннен аспайтындай мерзімге, ал 
құрғату қорғаныс қондырғысы үшін 3 күнге ғана тоқтатуға болады.
      232. Электрхимиялық қорғаныс құралдары мен қорғаныс бүркеуінің жағдайы журналға тіркеледі
немесе актімен ресімделеді.
      233. Катодтық қорғаныс қондырғыларының (құрғату қорғаныс қондырғыларының) электр өлшеу 
аспаптарының көрсеткіштері мен құрғату нүктелерінде өлшеу нәтижелері дала және эксплуатациялық 
журналдарда тіркеледі. Жоғары омдық аз ылғалданған және еріген топырақта құбыр-жер 
әлеуеттеріндегі түрлілігін өзгерту кезінде кіретін жеріндегі кернеуі 100 Мега Ом-нан (бұдан әрі
- МОм) аспайтын аспаптарды пайдалану қажет. Басқа жағдайларда кіретін жеріндегі кернеуі 10-20 
МОм аспаптарды қолдануға жол беріледі. Барлық бақылау-өлшеу пункттерінде қорғау әлеуеттерін 
бақылауды қолданыстағы стандарттарға, нормативтік құжаттарға сай жүргізу қажет. Қорғалатын 
құрылыстардың барлық ұзақтығына арналған әлеует алғашында үзбей алып шығатын салыстыру 
электродымен немесе пайдаланудың бірінші және екінші жыл аралығындағы кезеңде 10 м аспайтын 
өлшеу қадамымен өлшеу қажет. Одан әрі кем дегенде жылына бір рет бір-бірімен көрші катодтық 
қондырғылардың арасында ең төмен әлеуеттер учаскесінде кем дегенде екі нүктеде омдық кернеу 
құрамынсыз әлеуетті бақылау орындалады. Әлеуетті өлшеуді электрхимиялық қорғаныс жүйесін, 
жерасты коммуникация желілерін қайта құрғаннан, кезбе токтың қарқындылығын өзгерткеннен және 
ғимаратты күрделі жөндеуден кейін жүргізу қажет. Ғимараттың учаскелерінде қорғаныс 
әлеуеттерінің ең төменгі және ең жоғарғы рұқсат етілген мәндері (абсолюттік шамасы бойынша) 
және барынша топырақтың электр өткізгіштігі кезеңінде жылына кем дегенде 2 рет алып шығатын 
электрод әдісімен қосымша әлеуеттерді өлшеу жүргізіледі. Мұндай өлшеуді катодтық қорғаныс 
қондырғысының жұмыс режимін өзгертуге байланысты кезбе ток көздерінің пайда болуымен, жаңа 
ғимараттарды салумен және электрхимиялық қорғаныс жүйесін дамытумен орындау қажет.
      234. Құбырлардың тотыққан-қауіпті учаскелерінде және кем дегенде үш жылда бір рет 
қорғаныс әлеуеттерінің ең төменгі мәнімен учаскелерде қорғаныс әлеуеттерін «салыстырудың алып 
шығатын электрод» әдісімен 10 м аспайтын қадаммен қосымша өлшеу жүргізіледі. Ғимараттың тоттану
жағдайы бақылау шурфтарының көмегімен, ең алдымен, қорғаныс шамасының үздіксіз катодтық 
поляризациялаумен қамтамасыз етілмеген және тотығу-қауіпті учаскелерде орналасқан қорғаныс 
жабынының қанағаттанарлықсыз жағдайымен учаскелерді көзбен шолып анықтайды. МГҚ тотығу-қауіпті 
учаскелеріне – температурасы 40 С жоғары газ тасымалдайтын учаскелер, сондай-ақ тұзды, батпақты
, суарылатын жерлерде, суасты өтпелерде, су жайылатын жерлерде, сондай-ақ темір мен автомобиль 

жолдары арқылы өтпелерде, компрессорлық станциялар аймағында, газ тарату, газ өлшеу 
станцияларында, жерасты газ сақтау қоймаларында, түрлі құбырлармен қиылыстарында, өнеркәсіптік 
немесе тұрмыстық орлар учаскелерінде, қоқыс пен шлак тасталған жерлерге және кезбе ток 
учаскелерінде төселген газ құбырлары жатады. Басқа құрылыстардың тотыққан-қауіпті учаскелерінде 
кезбе токтың болуы бойынша және топырақтың тотығу белсенділігі бойынша, топырақты және басқа да
сулардың қолданыстағы стандарттары нормативтік құжаттардың негізінде белгіленеді.
      235. МГҚ электрхимиялық қорғау қызметінің барлық жұмыс кешенін орындау үшін қажетті 
арнайы техникамен, жабдықтармен, диагностикалық аспаптармен және құрал-саймандармен, 
айла-бұйымдармен жарақтандырылады. Энергиясумен жабдықтау қызметтері мен электр химиялық қорғау 
қызметтері арасындағы электр берудің электр жабдықтау желілерін пайдалану кезіндегі 
жауапкершілік бөлімінің шекарасы МГҚ желілік-өндірістік басқармасымен, жерасты газ сақтаумен 
бөлімше бойынша бұйрықпен белгіленеді.
      236. Газ қысымында тұрған газ құбырына катодты шығаруды (өткізгішті) электрлі және газды 
дәнекерлеу көмегімен дәнкерлеуге жол берілмейді. Қолданыстағы газ құбырына термитті дәнекерлеуді
, арнайы оқытудан өткен білікті жұмысшы Электрхимиялық қорғаудың катодтық-дренаждық 
шығарылымдарын МГҚ-ға бекіту жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып жүзеге асырады. Қолданыстағы 
газ құбырына өткізгіштерді жанамалап дәнкерлеуді, арнайы оқытудан өткен білікті жұмысшы 
жабдықты дайындаушы-зауыттың нұсқаулығын сақтай отырып жүзеге асырады.
      237. Катодты қорғаныштың өткізгішін дәнекерлеуді, тұрақты бақыланатын шурфта газдануды 
болдырмаған кезде жүргізу қажет. Қолданыстағы газ құбырында катодтық және дренаждық шығаруды 
орнату ЕҚжҚТ жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Құбырға өткізгіштерді біріктіру 
орны мен өткізгіштің өзі пісірілгеннен кейін қауіпсіздік шараларын сақтаумен коррозияға қарсы 
оқшаулағышпен қорғалады. Өткізгіштерді дәнкерлеу қорғанышты көзілдірікпен, арнайы киіммен және 
басқа да тиісті қорғаныштың құралдарымен жүргізіледі. Электрлендірілген темір жолдардың сүйрете
тартқыш кіші станцияларының сору фидерлерінің (фидер шинасының «минусы») әлеуетін өлшеу кезінде
аспаптарды (ампервольтметрлерді) қосу кіші станция персоналының қатысуымен жүргізіледі. Темір 
және автомобиль жолдары арқылы өтпелердің қорғанысты қаптамдарында өлшеулер орындауды: бірі – 
аспаппен жұмыс істейтін, екіншісі - электродты қоятын және көлік қозғалысын қадағалайтын 2 адам
жүзеге асырады.
      238. Егер қатарласа - 110-500 кв (25-100 м қашықтықта) электр беру желісі жүргізілсе, газ
құбыры трассасында ұзын өткізгішпен (0,5-1 км) өлшеу жүргізуге жол берілмейді. Токтың шамасына 
қарамастан, кернеудегі ток жүргізу бөлігінде қандай да бір жұмысты орындауға жол берілмейді. 
Коррозияның ингибиторын қолдану үшін олармен қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша арнайы нұсқаулық 
әзірленеді және бекітіледі. Коррозияның ингибиторымен жұмыстар мынадай қауіпсіздік шараларын 
сақтаумен орындалады:
      1) жұмысшы олармен қауіпсіз жұмыс істеуге арнайы оқытылады;
      2) жұмыстар тиісті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
3-параграф. Электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызметкөрсету кезінде 
қолданылатын техникалық құжаттама тізбесі
      239. Электрхимиялық қорғау құрылғыларының жоспарланған техникалық пайдалану іс шараларын 
жүзеге асыратын (соның ішінде күрделі жұмыстар жүргізу) электрхимиялық қорғау қызметінің 
техникамен жабдықталу нормативтері осы Қағидаларға сәйкес анықталады. Электрхимиялық қорғау 
қызметінің жабдықтау табелі жергілікті жағдайды ескерумен әзірленеді және оны ГТҰ бекітеді.
      240. Электрхимиялық қорғау құрылғыларын пайдалануға беру кезіндегі құжаттама құрамы:
      1) электрхимиялық қорғаудың барлық құралдарына арналған атқару құжаттамасы;
      2) жасырын және құрастыру жұмыстарын, жеке және кешенді сынақтан өткізу, электрхимиялық 
қорғау құралдарын пайдалануға қабылдау актілері;
      3) электрметрикалық өлшеулердің нәтижелері;
      4) бекітілген жобалық құжаттама барлық кейінгі өзгертулерімен;
      5) өндіруші зауыттың паспорттары және электрхимиялық қорғау құралдарын пайдалану бойынша 
нұсқаулықтары;

      6) ГТҰ белгілеген басқа құжаттама.
      241. Пайдалану құжаттарының құрамына мыналар кіреді:
      1) электрхимиялық қорғау қызметі туралы ереже;
      2) әр жұмыс орны бойынша лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтар;
      3) газ құбырының тоттанған аймақтарының картасы;
      4) бұйрықтар, өкімдер журналы, ГТҰ, ведомстводан тыс бақылау органдарының актілері;
      5) электрхимиялық қорғау қызметінің жұмыс жоспары, жоспарлы және алдын алу жөндеулерінің 
кестесі, электр-химиялық қорғау қызметінің жұмыс жөніндегі есептері;
      6) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;
      7) қызметкерлердің электр қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру және медициналық 
куәландыру кестесі;
      8) электрхимиялық қорғау құралдарын пайдалану журналы;
      9) катодтық қорғау станциясы (бұдан әрі – КҚС) пен электрмен қамтамасыз ету жүйелерінің 
істен шығуын есепке алу журналы;
      10) КҚЗ және дренажды қорғау станцияларын пайдалану жөніндегі дала журналдары;
      11) шурфтардағы оқшаулауды тексеру актілері;
      12) ақау ведомостары;
      13) газ құбырларының ең төмен мәннен төмен және ең жоғары мәннен жоғары әлеуеті бар 
учаскелерінің тізімдемесі;
      14) анодты және қорғайтын жерлендіруді өлшеу хаттамалары;
      15) электрхимиялық қорғау құрылғыларының профилактикалық сынақтарының хаттамалары;
      16) электрхимиялық қорғау құралдарының және қоректендіретін электр тарату желілерін 
орнатудың негізді электр схемалары;
      17) аварияларды жою жоспары.
      242. Кәсіпорынның электрхимиялық қорғау қызметі жасайтын құжаттама тізіміне мыналар 
кіреді:
      1) кәсіпорын белгілеген есептілік нысандары;
      2) тоттануға қарсы шаралар жоспары;
      3) шурфтардағы газ құбырларын қарау жоспары;
      4) электрхимиялық қорғау құралдарының жұмысы және тоқтап тұруы жөніндегі есебі;
      5) қорғайтын әлеуеттерді көктемде және күзде километрлік өлшеу және электрметрикалық 
өлшеу қорытындыларының тізімдемелері мен талдаулары;
      6) электрхимиялық қорғау құралдарын пайдалану және жөндеу жұмыстары жөніндегі жылдық есеп
.
      Электрхимиялық қорғау құралдарының және газ құбырларының қорғау жабыны жағдайын бақылау 
жөніндегі құжаттама пайдаланудың және мұрағатты дерекқорды қалыптастырудың бастапқы материалы 
болып табылады және МГҚн пайдалану кезеңі барысында сақталуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет