5. Газ тарату станциясы
1-параграф. Газ тарату станциясын пайдалануды ұйымдастыру
243. ГТС газды тұтынушыларға белгілі бір қысыммен, тазарту деңгейімен, одоранттаумен және
оны өлшеумен беруге арналған ГТС. ГТС шығуда ГТҰ мен тұтынушы арасында жасалған шартқа сәйкес
жұмыс қысымын ұстап тұрумен газдың белгіленген санын беру ± 10% дәлдікпен қамтамасыз етіледі.
ГТС қызмет көрсетуші персоналының саны екі жүзден кем болмайтын ГТҰ-да ГТС пайдалану бөлімі
ұйымдастырылуы мүмкін. Қызмет көрсету персоналының 200-ден кем болмайтын ГТС пайдалануды
ұйымдастыру бойынша басқаруды өндірістік бөлімнің МГҚ және ГТС пайдалану жөніндегі инженерімен
жүзеге асырылады. ГТС-те арнайы құралдардың (байланыстың, электрхимиялық қорғаудың, энергиямен
жабдықтау, телемеханика, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматиканың) жай-күйі, оларды жөндеу
және ұстау үшін жауапкершілік осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тиісті қызметтердің
мамандарына жүктеледі. ГТС технологиялық желісін МГҚ желілік-өндірістік басқармасының бас
инженері немесе бастығының орынбасары бекітеді және ол ГТҰ бөлмесінде көрінетін жерде ілінеді.
ГТС аумағының қоршауында станцияның атауы және кімге тиесілі екендігі, сондай-ақ ГТС
пайдалануға жауапты тұлғаның аты көрсетілген белгі болады. Қоршаудың периметрі бойынша және
кіру қақпаларының алдында қауіпсіздік белгілері және «Газ!», «Бөгде адамдарға кіруге болмайды!»
деген жазуы бар плакаттар орнатылады.
244. Бекіту арматурасы (крандар) ГТС ғимаратынан 10 м кем болмайтын қашықтықта ГТС
алдында және артында орнатылады. ГТС-та кіру газ құбырларын газ қысымының жоғарылауынан
қорғайтын автоматты қорғау қарастырылады. Кіру және шығу газ құбырларында оқшаулағыш фланецтер
орнатылады. ГТС ғимараты найзағайдың тура түсуінен қорғалады. Сыртқы қондырғылар (шаңтұтқыштар,
май шаруашылығы, білтелер) жерлендірілген қондырғыға жалғау арқылы найзағайдың қайталап
түсуінен және статикалық электр қуатынан қорғалады. ГТСперсоналдың тұрақты кезекшілігінсіз
пайдаланатын бөлмелеріндегі температура +5 градустан төмен емес белгіленеді. ГТС мына еселі ауа
алмасуды қамтамасыз ететін желдету қондырғыларымен жабдықталады: реттеу бөлмесі мен
бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бөлмелерінде – 3; одоранттау бөлмесінде – 10.
245. ГТС және ГТП жарылысқа қауіпті бөлмелеріндегі электр жарығы жарылыстан қорғалған
болып жасалады. ГТС сумен жабдықтау және диспетчерлер мен тұтынушылармен жедел байланысу жүйесі
орнатылған. Жабдықтар мен ГТС және ГТП жүйесін қауіпсіз пайдалану үшін осы Қағидалардың 27-
сәйкес көлемде және мерзімдерде техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызмет көрсетуші
қосымшасына
персонал технологиялық жүйелер мен ауыстыру қондырғыларының, газды тазарту, гидраттың пайда
болуының алдын алу, газдың қысымын кеміту, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика, бекіту,
реттеу және қорғау арматурасы, желдету, жылыту, сумен жабдықтау және канализация жүйелері,
электр қуатымен жабдықтау, найзағай түсуден қорғау және статикалық электр қуаты разрядтарынан
қорғау, байланыс, телемеханика, электрмеханикалық қорғау технологиялық жүйелері мен
құрылғыларының жай-күйін, ГТС және ГТП бөлмелерінде ауадағы газдың құрамын бақылайды, сондай-ақ
анықталған ақаулықтарды жояды.
246. ГТС пен ГТП бөлмелерінде от жұмыстарын жабдық сөніп тұрғанда және газы шығарылған
жағдайда кемінде үш адамнан тұратын бригада жүргізеді. ГТС бөлмелеріндегі ауа құрамында зиянды
және жарылысқа қауіпті газдардың шоғырлануы мезгілді түрде өлшеніп отырады. Ауада газдың болуын
бақылау вахталық қызмет көрсетумен – ауысымда бір рет, мезгілді (үйде) қызмет көрсетуі бар
ГТС-те – тәулігіне бір рет (түскі ауысымда) және орталықтандырылған (айналып өтетін) қызмет
көрсетуі бар ГТС-те – ГТС келу кезінде, бірақ аптасына бір рет жүргізіледі. ГТС-те және ГТП-де
газды редукциялау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ақауларды жою, жабдықты ауыстыру және
апатты жағдайлар үшін қажетті уақытқа газды байпаста жапқышпен қолмен кемітуге рұқсат етіледі.
Газ шығатын жерлер сабын ерітіндісінің, индикаторлық қағаздың немесе құбыр мен арматура
қосылыстарындағы тасымалданатын газ саралауыштың көмегімен анықталады. Газ импульстік жүйеден
және берілген қысымды реттеу қондырғыларынан реттеу ғимаратынан тыс шығарылған білтеге
лақтырылады. ГТС және ГТП-нің ГТҰ кезекші диспетчерге бұзылулар мен ақаулықтарды, оның ішінде
ГТС жабдықтары мен құбыр бекіткіші туралы хабарлайды, сонымен бірге онымен өзінің іс-қимылдарын
келіседі. Блокты автоматты ГТС-те қызмет көрсетуші персоналға арналған, жобамен көзделген жеке
жылытылатын бөлме қарастырылады.
2-параграф. Газ тарату станциясына техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын техникалық
құжаттаманың тізбесі
247. ГТС қызметінде (желілік-пайдалану қызметі) мына құжаттама көзделеді:
1) мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссияларының актілері;
2) ГТС жабдықтар құрамына кіретін бұйымдарға арналған паспорттары;
3) жобаға сәйкес толық көлемдегі орындау құжаттамасы;
4) осы Қағидалардың
сәйкес нысан бойынша ГТС техникалық паспорты.
16-қосымшасына
248. ГТС қызметінің (желілік-пайдалану қызметінің) немесе жөндеу-техникалық тобы
инженерінің, ГТС пайдалануға жауапты тұлғаның мынадай құжаттамасы болуға тиіс:
1) жабдықтың барлық түрлерін, коммуникация және ГТС жүйесін пайдалану бойынша
нұсқаулықтар;
2) өлшеу және автоматика құралдарын жоспарлы-ескерту жөндеу туралы ереже;
3) болуы мүмкін ақаулықтардың тізбесі және оларды жою әдістері;
4) ГТС жабдығы мен жүйесінің барлық түрлерін пайдалану бойынша нұсқаулықтар;
5) қолданыстағы МГҚ от және газ қауіпті жұмыстарды жүргізудің үлгілік нұсқаулығы;
6) одорантты және метанолды жеткізушілерден алу, тасымалдау, сақтау, жіберу және қолдану
тәртібі туралы нұсқаулық;
7) ГТС қызмет көрсету қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
8) газ, жарылыс және өрт қаупі бар объектілерде ауа ортасын бақылау бойынша нұсқаулық;
9) еңбекті қорғау жағдайын тексеру журналы;
10) жұмыс орнында нұсқаулықты тіркеу журналы;
11) ГТС-те жөндеу-алдын алу жұмыстарына арналған уақыт нормалары;
12) әрбір ГТС-те жоспарлы-ескерту жөндеуді жүргізудің жоспар-кестесі;
13) материалдардың азаймайтын қор тізбесі;
14) ГТС қызметі және жөндеу-техникалық тобы автомашинасының жабдықталу табелі;
15) жоғары қысымды ыдыстарды тексеріп қарауға және сынақтарға ұсыну кестесі;
16) бақылау-өлшеу аспаптарын мемлекеттік және ведомстволық тексеруге тапсыру кестесі;
17) МГҚ еңбекті қорғауды басқару жүйесі;
18) МГҚ техникалық пайдалану қағидалары;
19) МГҚ пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары;
20) өрт қауіпсіздігінің қағидалары.
249. ГТС операторында мынадай құжаттама болуы керек:
1) ГТС жабдықтары мен коммуникацияларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар;
2) технологиялық коммуникациялар мен импульстік құбыр жолдарының негізді желісі;
3) ГТС операторының лауазымдық нұсқаулығы;
4) қорғау және дабыл жүйесіне қызмет көрсету бойынша нұсқаулық;
5) желдету жүйелеріне қызмет көрсету бойынша нұсқаулық;
6) газдың шаң тазарту жабдығына қызмет көрсету бойынша нұсқаулық;
7) газ құбырына метанолды және одоранттар енгізу қондырғысына қызмет көрсету бойынша
нұсқаулық (қондырғы болған жағдайда);
8) газ шығынын өлшеу және өздігінен жазатын жабдықтардың диаграммаларын өңдеу жүйесіне
қызмет көрсету бойынша нұсқаулық;
9) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану бойынша нұсқаулық;
10) сынаппен және сынап аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік бойынша
нұсқаулық (осындай аспаптар болған жағдайда);
11) жылыту қазандары мен газ жылытқыштарын пайдалану бойынша нұсқаулық;
12) электрхимиялық қорғау станциясында қызмет көрсету бойынша нұсқаулық;
13) жүккөтергіш тетіктерді пайдалану бойынша нұсқаулық;
14) найзағайдан қорғау қондырғыларын және газ құбыры объектілерін статикалық электр
қуатынан қорғау қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулық;
15) ГТС өртке қарсы қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық;
16) автоматтандыру жүйесінің негізді пневматикалық желісі;
17) қолда бар байланыс құралдары мен жүйелерін пайдалану бойынша нұсқаулық;
18) қалдықтардың (ластанған жердің, конденсаттардың) пайда болуы, қозғалуы және кәдеге
жарату көлемдерінің жиынтық журналы;
19) ГТС-ке келіп кету журналы;
20) қызмет көрсетуші персоналға арналған кәсіптер мен жұмыс түрлері бойынша еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар.
250. ГТС-те орнатылған және пайдаланылатын жабдықтар мен коммуникациялар жобалау
құжаттамасына сәйкес келеді. ГТС жабдықтарындағы кез келген өзгерістер келісіледі және
техникалық құжаттамаға уақытында енгізіледі. ГТС өнеркәсіптік және қосалқы бөлмелерінің
жарылысқа және өртке қауіптілігі бойынша жіктелуі осы Қағидалардың
сәйкес
17-қосымшасына
қабылданады. Әрбір ГТС-те жедел құжаттама жүргізіледі:
1) ГТС жұмыс тәртібінің бақыланатын параметрлерін, технологиялық схемаларындағы
ауыстыруларды, жабдықтың жай-күйі мен жұмыс тәртібін, сонымен бірге алынған нұсқаулықтар мен
бұйрықтарды хронологиялық тәртіппен жазуға арналған жедел журнал;
2) коммуникацияларды және оларда орнатылған арматуралар мен сақтандыру құрылғыларын
көрсетумен ГТС газ құбырының бекітілген негізді желісі (ГТҰ бөлмесіндегі көрінетін жерге
ілінеді);
3) жабдықты, коммуникацияларды, жабдықты, құрылғыларды, аспаптарды жоспарлы-алдын ала
жөндеу кестесі;
4) аумақтық газбен жабдықтау кәсіпорындарының, негізгі тұтынушылардың, өрт сөндіру
командасының, жедел жәрдем және жергілікті билік органдарының телефон нөмірлері жазылған
тақтайшалар.
Жедел құжаттаманы (кем дегенде тоқсанына бір рет) ГТС пайдалануға жауапты тұлға қарайды
және осы құжаттаманы жүргізу кезінде табылған кемшіліктерді жою бойынша тиімді шараларды
қабылдайды.
3-параграф. Газ тарату станциясын пайдалануға қабылдау
251. ГТС құрастырудан кейін бірінші рет іске қосу алдында жабдық пен станция
коммуникацияларын престеуге, сақтандыру қақпақтарын, қорғау және апаттық-ескерту дабылы
жүйелерін баптауға жасалған актілерінің болуы тексеріледі. ГТС пайдалануға беру алдында станция
жайларында және ГТС жабдық кешеніне қызмет көрсету бағытында бөгде заттардың тұрмауына көз
жеткізу қажет. Бөлменің газдануын, жанғыш материалдар, оттегі газ баллондарының болмауын мұқият
тексеру. Өрт сөндіру құралдарының дайын болуын қадағалау. ГТС тексеру алдындағы тексеріп қарау
станция мен оның жүйелерінің жинақталуын ескерумен ГТС инженері жасаған бағытпен жүргізіледі.
252. Тексеріп қарау кезінде мыналар орындалады:
1) жабдықтың жай-күйін және болуы мүмкін кемшіліктерді бақылау (тығыздама, фланецті және
бұрандалы қосылыстардағы саңылаулар);
2) серіппелі сақтандыру клапандарында, қоршау арматурасында пломбаның бар болуын тексеру;
3) бақылау-өлшеу аспаптарының іске жарамдылығын тексеру;
4) крандарды қорғау автоматикасы жүйесінен және крандарды басқару тораптарынан, сондай-ақ
апаттық-ескерту дабылы жүйесінен қашықтан басқару жұмысын және қосылуын тексеру;
5) бекіту арматурасының жағдайын (іске қосу кезінде ашылып және жабылып отыратын қысымды
реттейтін крандардың вентильдерін, ысырмаларын), сондай-ақ жеңіл және бірқалыпты жүруін тексеру
;
6) шаңтұтқыштардағы май деңгейін тексеру;
7) крандарды ауыстыру үшін жоғарғы қысымды импульстік газдың болуын тексеру;
8) метанолды құрылғыда метанолдың болуын бақылау;
9) газды жылыту жүйесінің жұмысын тексеру;
10) өндірістік технологиялық байланыстың іске жарамдылығын тексеру.
253. ГТС мына жағдайларда:
1) қабылдау-тапсыру актісі толтырылмаған болса;
2) ГТС жүйелерінің біреуі істен шығып, жөндеуге келмейтін жағдайда (газды редукциялау,
қорғау, одоранттау, авариялық ескерту дабылы, газды есепке алу аспаптары);
3) газды тазалау мен құрғату деңгейі пневмоавтоматика жүйесін қоректендіру үшін салалық
стандарттарға сәйкес келмесе;
4) диспетчермен және тұтынушымен өндірістік технологиялық байланыс болмаса;
5) өрт сөндіру құралдары жоқ болса;
6) ГТС технологиялық газ құбырлары мен коммуникацияларының электрхимиялық қорғанысы
болмаса;
7) төменгі жүйелерінің газды қабылдауға дайын болуының жазбаша растауы және мемлекеттік
қадағалау органдарының рұқсаты болмаса;
8) дайындықтан өткен операторлары жоқ болса іске қосу жүзеге асырылмайды.
4-параграф. Газ тарату станциясын пайдалану кезіндегі ерекше талаптар
254. Газ қысымы 1,5 МПа (15 кгс/см2) ге дейін төмен болуы мүмкін МГҚ учаскелерінен
жоғарғы қысымды газ алатын ГТС-те осы ГТС бекітілген тұтынушыға берілетін газ қысымын қолдауды
қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жасалады (қорғау автоматикасы жүйесін өшіру, кранды қолмен
басқару түріне ауысу және қысымды бақылау клапандары арқылы реттеу). Газды бірдей мөлшерде
тұтынбаған жағдайда және газ ағыны қағысы кезінде импульстік және өлшемдік тізбектерді қосымша
үрлеу арқылы зиянды әсерлерді болдырмай, газдың параметрлерін тіркеу мүмкіндігі қамтамасыз
етіледі. Газ шығынын 30%-дан төмен және 80 %-дан жоғары диапазонда өздігінен жазатын
құралдармен өлшеу негізгі шығын өлшегішке параллельді қосылған газ есептеу аспаптары арқылы
қамтамасыз етіледі. Шығыс газ құбырының тұтынушыға аз тартылуы кезінде қорғау автоматикасы
меналдын алу құрылғыларының жұмысы сенімділігіне қойылатын талаптар көтеріледі, қорғау
автоматикасы қуаттану газын алу ГТС кірісінен жүзеге асырылады.
255. Күз бен қыс мезгілдерінде тұрақты суық ауа райы жағдайында ГТС жүйелері мен
құралдарының қалыпты жұмысы үшін төмендегі шаралар қолданылады:
1) құралдарды жылытылған шкафтарда орналастыру және оларды қоршаған ауаның температурасы
+20 ±2оС болғанда іске қосу;
2) кеміту бөлмесіндегі температурасын +5оС-тен төмен емес деңгейде сақтау;
3) бекіту крандары, ажыратып қосқыш және кеміту тораптарының іске жарамдылығын; газ
жылытқыштың жұмысын; одорантты қатып қалу мүмкіндігін болдырмауды бақылауды күшейту.
256. Станция арқылы өтетін газда ылғал жоғарғы деңгейде болса, коммуникациялар мен
жабдықтан сұйықтықты және конденсатты автоматикалық түрде жинау және жою шаралары қамтамасыз
етіледі. Конденсатты жерге төкпеу, сондай-ақ өзенге, су қоймасына шашпау. Пайда болған
конденсатты кейін кәдеге жарату үшін арнайы сыйымдылықтарға құяды. Егер конденсат жерге төгілсе
, аумақты тазаламай тұрып, өрт пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады.
Конденсатпен ластанған жерді әрі қарай кәдеге жарату үшін уақытша арнайы жерге оқшаулайды. Өз
қажеттіліктеріне жұмсалатын газ есепке алынады және ол одорантталады. От, қауіпті газ
жұмыстарын жүргізген кезде немесе ГТС-те авария болған жағдайда, газды редукциялау және
тұтынушыға жеткізу станцияның айналма желісі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте тұтынушыға газды
редукциялау қолмен iске асырылатындығы туралы алдын ала хабарланады. Айналмалы желіде жұмыс
істегенде оператор кіру және шығу қысымын, станцияның шығу жағындағы температураны 30 минут
сайын тіркейді және иісқосқыш қондырғыны бақылауды қамтамасыз етеді.
5-параграф. Газ тарату станциясының жабдығы. Блоктар, тораптар, құрылғылар
257. ГТС ауыстырып қосу торабы жоғары қысымды газ ағынын айналма желі бойынша автоматты
реттеуден қолмен реттеуге көшіруге, сондай-ақ газды сақтандыру арматурасы арқылы тұтынушыға
тарату желісінде қысымның артуын болдырмауға арналған. Ауыстырып қосу торабын жауын-шашыннан
сақтау үшін жеке ғимаратта немесе қалқа астына орналастырады. Бекіту арматурасының қалыпты
жағдайы – жабулы күйі. Айналма желі крандарын ГТС қызметi пломбалайды. Сақтандыру клапандарының
алдында орнатылатын үш кодты кранның жұмыс жағдайы - ашық. Жұмыс кезінде қысымның сақтандыру
клапаны (тек қол жетегімен) жұмыс жағдайын тексеру жедел журналға жазумен айына 1 рет, ал қысқы
мерзімде 10 күнде 1 рет тексеріледі. Сақтандыру клапанын қысымның артуынан тексеру және реттеу
кестеге сәйкес кем дегенде жылына 2 рет өткізіледі. Тастаулы серіппелі сақтандыру клапандарын
және серіппелі сақтандыру клапандарын баптау шектері - 10%-дан жоғары номиналды қысым. Қысымның
сақтандыру клапандарын тексеру және реттеу тиiстi актімен ресiмделеді, клапандар пломбыланады
және тексеру датасы мен реттеу деректері бар биркамен жабдықталады. Қысқы мерзімде арматураға,
аспаптарға, ауыстырып қосу тораптарына өтетін жерлер міндетті түрде қардан тазаланады.
258. ГТС-те газ тазарту торабы технологиялық құбырларға, жабдыққа, станция мен
тұтынушылардың бақылау және автоматика құралдарына механикалық қоспалар мен сұйықтардың
төгілуінен сақтау үшін қолданылады.
259. ГТС газды тазарту үшін газды дайындайтын әр түрлі шаң – ылғал тұтқыш құралдар
қолданылады. ГТС-те газды конденсаттан және ылғалдан тазалайтын сұйықтықты ыдысқа автоматты
түрде құятын құрылғылар орнатылады. Бұл сұйықтықтар жиналған бойда ГТС аумағынан шығарылып
отырады.
260. Қорғау, автоматты реттеу және басқару жүйелерiнiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету
үшiн импульстік және командалық газ кептiріліп, тазаланады. Бақылау және өлшеу құралдарын және
автоматиканы өлшеу жүйелерінде газды кептіру мен тазалауға арналған құралдарды пайдаланған кезде
қолданылатын шаралар:
1) үрлеу арқылы аспап пен жабдықтың қуысын үнемі бақылау және тазарту;
2) газ дайындау құрылғыларының жұтқыш және сүзгіш элементтердің күйін көзбен шолып
бақылау;
3) резервтегi жабдықты іске қосу және жұтқыштарды қалпына келтіру арқылы құрылғының
сүзгiш және жұтқыш элементтерiн үнемi ауыстырып отыру.
261. Дренажды және ағызып жiберу желілері, бекіту арматурасы қатып қалудан сақталады.
Сұйықтық жиналатын сыйымдылықтар жерлендіріледі. Аппараттардың iшкi қабырғаларын жару, тексеру
және тазарту бойынша газ қаупi бар жұмыстар, пирофор қалдықтары болған жағдайда тазарту олардың
жануына мүмкiндiк бермейтiн шараларды көздейтін нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Пирофор
қосылыстары өздiгiнен жанып кетпеу үшін тазалау аппараттары алдын ала сумен немесе бумен
толтырылады. Аппарат қабырғаларын ашу, тексеру және тазарту кезінде оны көп сулау керек.
Құрамында пирофор темірі бар аппараттан алынатын шөгінділер металл су құйылған ыдысқа жиналады,
ал жұмыс аяқталғаннан кейін ГТС аумағынан дереу шығарылып, өрт және экологиялық жағынан
қауіпсіз, арнайы бөлінген жерге көміледі.
262. Гидрат түзілімдерін болдырмау торабы арматураны қатып қалудан және газ құбыры
коммуникациялары мен арматурада кристалды гидраттардың түзілуін болдырмауға арналған. Гидрат
түзілімдерін болдырмау үшін мына шаралар қолданылады:
1) газды жалпы немесе ішінара жылыту;
2) қысым реттегiштердiң корпустарын жергiлiктi жылыту;
3) газ құбыры коммуникацияларына метанолды енгiзу.
263. Газ жылыту тораптарын пайдалану немесе қысым реттегіштер корпустарын жергілікті
жылыту өндіруші-зауыт нұсқаулықтарына және осы Қағидаларға сәйкес орындалады. Газ жылыту
тораптары бар болса, жылу алмастырғыш, құбырлар және арматура жылу оқшаулағышымен қорғалады.
264. ГТС коммуникациясына метанолды енгізуді МГҚ басқармасының желілік-өндірістік басқарма
диспетчерінің бұйрығымен диспетчер немесе ГТС қызмет көрсету жұмысшылары жүзеге асырады.
265. ГТС-те газды редукциялау төмендегідей жүзеге асырылады:
1) бір үлгілі тіреу-реттеу арматурасымен жабдықталған өнімділігі бірдей екі кеміту желісі
арқылы (бір жібі - жұмыс істейтін, екіншісі - қосалқы);
2) бір үлгілі тіреу-реттеу арматурасымен жабдықталған үш кеміту желісі арқылы, оның 2
жібі (әрбіреуінің өнімділігі - 50%) жұмыс және бірі - қосалқы (өнімділігі - 100%);
3) үш кеміту желісін пайдаланумен, бұл ретте 3 желінің әрқайсысына өнімділігі 35-40% (3
желі), реттеуге келмейтін дроссель құрылғысы және реттеу кранымен жарақталған айналмалы желі
қолданылуы мүмкін.
266. Қысым реттегіш немесе реттеу клапанының шартты диаметрі кеміту желілерінің санын
ескерумен нақты өнімділікке сәйкес келеді. Реттегішті қосу және ажырату осы қысым реттегішті
пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі. Реттегіштің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін
берілген қысымды, командалық газдың тазалану дәрежесін, реттегіште бөгде шудың болуын,
сондай-ақ реттегіш қосылыстарында саңылаудың болмауын бақылап отыру керек. Қорғау автоматикасы
жүйесін қолданған жағдайда әрбір кеміту желісі пневможетегі бар крандармен жабдықталады, олар
атқару тетіктері ретінде қолданылады. Газды редукциялау желілері ажырату біліктерімен
жабдықталады.
267. Газды есепке алу торабы газды коммерциялық есепке алуға арналған. Газ шығынын
өлшеуде тораптың техникалық орындалуы нормативтік құжаттамаларға сай келеді. Газ шығынын өлшеу
торабына қызмет көрсету кәсiпорынның басшылығы бекiткен нұсқаулықтар арқылы iске асырылады. Газ
шығынын нақты өлшеу үшін көрсеткінің қайта қойылған диаграммасының нөлдік деңгейіндегі қалпын
бақылап, газды есепке алу торабының өлшеу және қосылу желілері конденсатынан үрлеу жұмыстары
жүргізіледі. Газ шығынын өлшеу торабын пайдаланған кезде барлық бақылау-өлшеу құралдары кезекті
метрологиялық тексерістен өтеді. Шығынды өлшеу пунктінің (бұдан әрі – ШӨП) ғимаратының бірінші
реттегі датчиктер және екінші реттегі құралдар жайында ±5 градус ауытқумен +20 градус ауа
температурасын қамтамасыз ететін жылыту жүйесі болады. ШӨП жайында ағынды-тарту желдеткіш
жүйесі, қажет болса, ауа баптау жүйесі қарастырылады. ШӨП электржабдықтау жүйесінің үйлестіру
аймағы жарылысқа қауіпсіз болып табылады.
268. Газды одаранттау торабы тұтынушы иіс арқылы газдың ағып жатқанын сезіну үшін
қолданылады. Газ тұтынушыларға «Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және
тасымалданатын жанатын табиғи газдар» ҚР 1666 М сәйкес беріледі. Газды одоранттау үшін ГТС-те
орнатылған одоранттау құралдары қолданылады. Одорант ретінде этилмеркаптандар (16 г/1000 м )
3
немесе олардың басқа қоспаларын қолдануға болады. Бұл қоспаларда газда аз шоғырланғанда
жағымсыз исі болады және қалыпты температурада жеңіл буланады. Одоранттар 2-сыныпты қауіпті
заттарға жататындығын, ал одоранттау құралдары бар бөлмелер мен қоймалар жарылуға қауіпті
екендігін ескеру қажет. Газды одоранттау және оны сақтау жайларының едені сұйықтықты
сіңірмейтін материалдан жасалады. Одоранттау қондырғылары орналасқан бөлмелерде және одорант
сақтайтын жабық қоймаларда МГҚ желілік-өндірістік басқармасының басшылығы бекіткен кесте бойынша
ауа құрамында көмірқышқылды газ бен одорант буының болуына талдау жүргізіліп отырады. Одорант
күн сәулесінен және жылыту құралдарының қыздыруынан сақтайтын герметикалық жабық ыдыстарда
сақталады.
Одоранттау жайына және одорант қоймасына газтұтқыш киіп кіреді. Егер бұл бөлмелерде
желдеткіштер үнемі істеп тұрмаса, қызметкерлер кірер алдында 15 минут бұрын механикалық тартпа
желдеткіші қосылады және ол қызметкерлер бөлме ішінде болған кезде қосылып тұрады. Одорантпен
байланысты жұмыстарды газтұтқыш, резеңке етіктер, резеңке қолғаптар және резеңке қосылған
алжапқыштарды киіп қана жүргізу керек. Одорантпен жұмыс істеу газ қауіпті болып саналады.
Одорант бар бөшкелерді ұшқын ұшырмайтын құралмен ашқан жөн. Жабық бөлмеде одорант бар бөшкені
ашпауға және басқа бөшкеге құймауға. Бөшкенің сыртқы қақпағын ашқаннан кейін қақпақ арасында
пайда болатын пирофордың жануын болдырмау үшін ішкі қақпақ айналасына дымқыл мата төселеді.
Одорантты бөшкеден жерасты сыйымдылыққа кем дегенде үш адамнан тұратын топ жабық күйінде құяды.
Одорантты құю үшін ашық майқұйғыштарды қолдануға тыйым салынады. Еденге немесе жерге төгілген
одорант, міндетті түрде хлормен, гиплохлорид натриймен, марганқышқыл калиймен
бейтараптандырылады. Жерді бейтараптандыратын сұйықтықтармен өңдегеннен кейін, оны қайтадан
күреп, бейтараптандыратын сұйықтықпен екінші рет өңдейді. Одорант жанбау үшін түйіртпексіз
хлорлы әк ерітіндісі дайындалады. Одоранттан босатылған ыдысты (бөшкелерді) герметикалық жабық
күйінде сақтап, тасымалдайды. Электр құралдары, электр шамдары, бақылау-өлшеу құралдары және
одаранттау қондырғысы автоматикасы жарылыстан қорғалып жасалады. Одоризатордың ішін қарау немесе
жөндеу кезінде оны одоранттан босатып буландырады. Аппарат толық буландырылғаннан кейін ашылады
. Пирофор темірі этилмеркаптанның кіруінен жанып кетпеу үшін жабдықтың, қосылу сызықтарының,
крандардың, вентильдердің сырты тексеріліп, сүртіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |