68
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
ман және Ресей империялары мен бұдан да өзге мемлекеттердегілер секілді
түрлі
қысымдарға ілігіп, қудалауларға ұшырап жатса да, уақыт өткен сайын
ізгі мақсаттарын қырнап өңдей де, бұрынғыдан бетер толықтыра берді. Олар
алғашқы алған беттерінен таймады, қасиетті күресті күн өткен сайын күшейте
берді. Егер де қазіргі заманда түркі әлемінің бірлігі үшін саясаттың ең биік
деңгейіне дейін көтеріліп, белгіленген маңызды жобаларды нақты түрде жүзеге
асыра алатын түркі мемлекеттері бүгінгі күндері болатын болса, онда олар тек
осы жолдың негізін салып кеткендерге, яғни
түркизмнің қозғалысына
қарыздар.
Өйткені бұл жұмыс кезең-кезеңмен, ұлттық ойлау қабілеті күшті адамдардың
теңіз құрайтын тамшыдай еңбектерінің, тұтастай ұрпақтың күресінің арқасында
жүргізілді. Бұл жол әлі де болса аяғына дейін жеткен жоқ. Біздердің алдары-
мызда
тұрған жаңа міндеттерге сәйкес, күрестің жаңа кезеңдері әлі ілгеріде.
Әйтсе де, біздің бұл жолда да табысқа жетінімізге сенім мол. Өйткені біздің
бабаларымыз мұның негізін жақсылап қалап кетті. Түркизмнің идеологы
Юсуф Ақшораның (Ақшоралы) бүкіл түркі ұрпағына өте тамаша үлгі болған
«Түркизм тарихы» деп аталатын классикалық кітабында, аталған идеологияның
эволюциялық үдерісі барынша мұқият қадағаланған. Онда, осы тұлғалардың
барлығының да энциклопедиялық орасан білімге ие болғандары, өз халқының
ұлттық мәдениетінің революциясында төңкеріс жасап, жаңа ойлау қабілетінің
негізін салып кеткендері жөнінде жан-жақты көрсетіліп, тарқатыла жазылған.
Ал, Юсуф Ақшораның өзі кім болған? Юсуф Ақшора (1876-1935) ұлты
жағынан қазандық татар болып табылады. Оның
ұлы аталарының бірі князь
Адаш орыс патшасы Иван Грозныймен өте тату дос адам екен. Атақты Ақшора
әулетінің тоқыма фабрикасы болыпты. Ал, Ресей императоры Николай І
Қазанда болған сапарларында Юсуфтің әкесі Гасан бектің үйінде қонақта бо-
лып, олардың дастарханынан дәм татқан. Екі жасында әкесінен айрылған
Юсуфтың барлық өмірі, оның күреске толы жылдары Ыстамбұлда өтті.
«Жас
түркілер» аталатын түркизм қозғалысының
мүшесі бола жүріп ұсталған ол
қамауға алынып, өмірлік бас бостандығынан айрылады. Дегенмен, ол жерден
қашып шығып Парижде бас сауғалайды. Юсуф бек 1899-1903 жылдары Фран-
цуз Академиясы мен атақты Сорбоннда оқып, саяси ғылым жөнінде білім ала-
ды. Юсуф Ақшора орыс революциясы басталмай тұрып, сонау 1916 жылдың
шілде-тамыз айларында Швейцарияның Цюрих қаласында В.И.Ленинмен
кездесіп, төрт сағаттан астам уақыт сұхбаттасады. Сонда Ю.Ақшораның, егер-
де билік басына большевиктер келген жағдайда, онда олардың ұлттық мәселеге
көзқарастары қандай болмақ, деген сауалына В.И.Ленин: «Егер де
біз жер-
гілікті өзін-өзі басқару әдісіне көшер болсақ, онда сіз өзіңіз қойып отырған
талаптарыңызды артығымен қанағаттандыра аласыз», деп жауап береді. Алай-
да, кейіннен белгілі болғандай, большевиктер өз сөздерінен тайып, уәделерінен
айнып кетеді. Түрік Республикасы құрылған соң Юсуф Ақшора Ұлы Ұлттық
Мәжіліске сайланып, Ыстамбұл университетінің
профессоры атанады, ал ең
69
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы
бастысы Түркия Президенті Мұстафа Кемел Ататүріктің ең жақын үзеңгілес
серігіне айналып, оның саясат және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі
қызметтерін атқарады. Түркизм идеологы Юсуф Ақшора 1931 жылы Түркі
Тарихи Қоғамдастығын құруға белсене қатысып, оған 1935 жылға,
өмірінің
соңына дейін жетекшілік етті. Юсуф Ақшораның бай мұрағатына зер салар
болсақ, оның ғылыми, саяси және публицистикалық маңыздарға ие болған
жұмыстарының ішінде әсіресе «Саясаттың үш түрі»
аталатын трактатының
маңызы ерекше. Сипаты мен маңызы жағынан алып қарағанда, армян зерттеу-
шісі Заревандтың өзі мұны Маркс пен Энгельстің әйгілі «Коммунистік
партияның манифесті» еңбектерімен қатар қойып салыстырған. Мысырдың
«Түркі» газетіне басылған шығармасы, сол жарияланған сәттен бастап-ақ, түркі
интеллектуалдары арасында бірден үлкен талқылау көзіне айналып сала берді.
Әли Камал, Ахмед Фарид, әзербайжан Әли бек Гусейнзаде секілді заманының
озық ойшылдары да аталған газетке өздерінің ой-пікірлерін жазды. Юсуф
Ақшора «Саясаттың үш түрі» трактатында, Осман империясы –
Достарыңызбен бөлісу: